- •2.Салықтың экономикалық белгілері.
- •3. Салықтың құқықтық белгілері:
- •4.Салық қызметтері.
- •15.Салық жүйесіне қойылатын негізгі талаптар мыналар:
- •16. Салық реформалары:
- •17. Салық саясаты және оның жіктелуі.
- •18. Көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері және оларға жатпайтындар.
- •19. Көлік құралдары салық салу объектілері және оларға жатпайтындар.
- •22. Жер санаттары және олардың қайсыларына жер салығы салынбайды.
- •23. Жер салығы бойынша салық салу объектісіне нелер енбейді.
- •24. Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар.
- •25. Қандай төлеушілерге жер салығын есептегенде коэффициент қолданылады.
- •26. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығын есептеу тәртібі.
- •27. Өнеркәсіп жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі.
- •28. Елді мекен жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі.
- •29.Автотұрақтар, базар жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі .
- •30. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүліктеріне салық салу тәртібі.
- •31. Жеке тұлғалар мүліктеріне салық салу тәртібі.
- •32. Қосылған құн салығы (ққс) артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •33. Ққс салу объектілері.
- •34. Ққс босатылған айналым мен импорт.
- •35. Ққс бойынша шот-фактура.
- •36. Акцизделетін товарлар және акциз салығын төлеушілер.
- •37. Акциз ставкалары.
- •38. Акциз салынатын объектілер және одан босатылғандар.
- •39. Корпоративтік табыс салығының төлеушілері.
- •40. Табыс салығының салық салу объектілері.
- •41. Жылдық жиынтық табыс және оған енетіндер.
- •42. Жылдық жиынтық табысты түзету
- •43. Салықтық шегерістер
- •44. Төлем көзінен салық салынатын табыстар
- •45. Корпоративтік табыс салығы ставкалары
- •46. Қандай табыстар төлем көзінен салық салуға жатпайды
- •47. Салық салу тарихында адамдар табысына салық салудың қандай жүйелері болған
- •48. Жеке табыс салығының төлеушілері және одан босатылғандар
- •50. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтын кірістер
- •51. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың қандай түрлері алып тасталады
- •52. Жеке табыс салығының ставкалары
- •53. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны кімдер табыс етуге міндетті
- •54. Әлеуметтік салық төлеушілері
- •55. Әлеуметтік салықтың салық салу объектілері мен оларға жатпайтындар
- •56. Әлеуметтік салық ставкалары
- •57. Әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •58. Міндетті зейнетақы жарналары: есептелу мен төлеу тәртібі
- •59. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды есептеу тәртібі
37. Акциз ставкалары.
Акциз ставкалары заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.
Спирттің барлық түріне және шарап материалына акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын тұлғаларға өткізілетін спиртке және шарап материалына белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.
Акциз сомасын есептеу мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
38. Акциз салынатын объектілер және одан босатылғандар.
1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
акцизделетін тауарларды өткізуі;
акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі;
алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;
жарғылық капиталға жарнасы;
заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;
өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;
өндірушінің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;
2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;
3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;
4) конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;
5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;
6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.
Мыналарға:
1) егер Салық Кодексінiң 288-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;
2) этил спиртi мен алкогол өнімін өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн квоталар шегiндегi:
өндiрушiнің аталған өнiмдi өндiру құқығына арналған Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдiк және фармацевтiк препараттарды дайындау үшiн;
тиісті лицензиясы болған кезде мемлекеттiк медицина мекемелерiне босатылатын этил спиртiне;
3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, Салық Кодексінiң 643-бабының 2-тармағында аталған акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;
4) 0,1 литрден аспайтын тұтыну ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз салынбайды.
39. Корпоративтік табыс салығының төлеушілері.
Корпоративтік табыс салығын төлеушілеріне ҚР Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚР резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.
Заңды тұлға дегеніміз- ҚР-ның не шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған дербес мүлкі бар, сол мүлікпен құқықтар мен міндеттерге мүліктік және мүліктік емес қатынастарды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Резидент заңды тұлға –ҚР-ң заңдарына сәйкес құрылған немесе оның нақты басқару органдары Қазақстанда болатын заңды тұлға.
Резидент емес заңды тұлға –ҚР аумағында кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай ҚР-нан табыстар алатын шетел заңды тұлғалары.
