- •2.Салықтың экономикалық белгілері.
- •3. Салықтың құқықтық белгілері:
- •4.Салық қызметтері.
- •15.Салық жүйесіне қойылатын негізгі талаптар мыналар:
- •16. Салық реформалары:
- •17. Салық саясаты және оның жіктелуі.
- •18. Көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері және оларға жатпайтындар.
- •19. Көлік құралдары салық салу объектілері және оларға жатпайтындар.
- •22. Жер санаттары және олардың қайсыларына жер салығы салынбайды.
- •23. Жер салығы бойынша салық салу объектісіне нелер енбейді.
- •24. Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар.
- •25. Қандай төлеушілерге жер салығын есептегенде коэффициент қолданылады.
- •26. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығын есептеу тәртібі.
- •27. Өнеркәсіп жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі.
- •28. Елді мекен жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі.
- •29.Автотұрақтар, базар жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі .
- •30. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүліктеріне салық салу тәртібі.
- •31. Жеке тұлғалар мүліктеріне салық салу тәртібі.
- •32. Қосылған құн салығы (ққс) артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •33. Ққс салу объектілері.
- •34. Ққс босатылған айналым мен импорт.
- •35. Ққс бойынша шот-фактура.
- •36. Акцизделетін товарлар және акциз салығын төлеушілер.
- •37. Акциз ставкалары.
- •38. Акциз салынатын объектілер және одан босатылғандар.
- •39. Корпоративтік табыс салығының төлеушілері.
- •40. Табыс салығының салық салу объектілері.
- •41. Жылдық жиынтық табыс және оған енетіндер.
- •42. Жылдық жиынтық табысты түзету
- •43. Салықтық шегерістер
- •44. Төлем көзінен салық салынатын табыстар
- •45. Корпоративтік табыс салығы ставкалары
- •46. Қандай табыстар төлем көзінен салық салуға жатпайды
- •47. Салық салу тарихында адамдар табысына салық салудың қандай жүйелері болған
- •48. Жеке табыс салығының төлеушілері және одан босатылғандар
- •50. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтын кірістер
- •51. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың қандай түрлері алып тасталады
- •52. Жеке табыс салығының ставкалары
- •53. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны кімдер табыс етуге міндетті
- •54. Әлеуметтік салық төлеушілері
- •55. Әлеуметтік салықтың салық салу объектілері мен оларға жатпайтындар
- •56. Әлеуметтік салық ставкалары
- •57. Әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •58. Міндетті зейнетақы жарналары: есептелу мен төлеу тәртібі
- •59. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды есептеу тәртібі
1.Бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түрлері.
ҚР-дағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:
Салықтар:
1. Корпоративтік табыс салығы;
2. Жеке табыс салығы;
3. Қосылған құнға салынатын салық;
4. Акциздер;
5. Экспортқа рента салығы;
6. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
7. Әлеуметтік салық;
8. Жер салығы;
9. Көлік құралдарына салынатын салық;
10. Мүлік салығы;
11. Ойын бизнесіне салынатын салық;
12. Тіркелген салық;
13. Бірыңғай жер салығы.
Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
мемлекеттік баждар;
Алымдар:
1. тіркеу алымдары
2. автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін алым
3. аукциондардан алынатын алым
4. жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым
5. телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
Төлемақылар:
жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы
қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы
жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы
радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы
кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы
сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.
2.Салықтың экономикалық белгілері.
Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі
Салық – қайтарылмайтын төлем
Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады
Салық- ақшалай нысанда төленеді
Салық – баламасыз сипатта болады
Салық- тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
3. Салықтың құқықтық белгілері:
Салықты – мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді
Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады
Салық – мәжбүрлеме сипатта болады
Салық – құқықтық нысанда жүзеге асады
Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды.
4.Салық қызметтері.
Салықтардың негізгі қызметтері (функциялары):
Салықтың қазыналық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады, мемлекеттік бюджет саясаты жүзеге асырылады;
Бақылау (реттеу) қызметі. Мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады. Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады.
Қайта бөлу қызметі.Бюджетке түскен салық түсімдерін қаржыландырудың қажет ететін бағдарламалар жобасын сәйкес және әр салалаға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақытысында жұмсалуына қадағалау жасайды.
15.Салық жүйесіне қойылатын негізгі талаптар мыналар:
салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;
салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;
салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;
салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.
Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.
16. Салық реформалары:
1-кезең. 1991 жылғы 9-шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрлері болды.
2-кезең. 1995 жылы 24 сәуірде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты. Салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Оның ішінде 5-і мемлекеттік, 6-ы жергілікті салықтар.
3-кезең. 2001 жылы 12 маусымда ҚР-ның жаңа Салық Кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Салықтың 9 түрі болды.
17. Салық саясаты және оның жіктелуі.
Салық саясаты – мемлекеттің салық саласында жүргізіп отырған іс-шаралар жиынтығы. Кезеңнің ұзақтығы мен шешілетін міндеттердің сипатына қарай салық саясаты салық стратегиясы мен тактикасына бөлінеді.
Салық стратегиясы салық саласындағы мемлекеттің ұзақ мерзімді бағытын қамтиды және ірі масштабты мақсат-міндеттерді шешуді көздейді.
Салық тактикасы салық жүйесі мен салық механизміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы жақын арадағы міндеттерді шешуге бағытталады.
Масштабы мен әсер ету өрісіне қарай салық саясаты ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі салық саясаты бір мемлекеттік немесе аймақтың ішіндегі жүргізіліп, ішкі мәселелерді шешуді қарастырады.
Сыртқы салық саясаты екіжақты салық салуды болдырмауға, әртүрлі елдердің салық жүйелерін унификациялауға жақындатуға бағытталады.
Салық саясаты мен салық механизмі көрнекті ірі экономистермен жасалып шығарылады. Оның дұрыстығы практикамен тексеріледі. Егер салық саясаты қолдау таппаса және оны жүзеге асыру теріс нәтижелер әкелетін болса, онда оны жаңасымен ауыстырады.
ХХ-ғасырдың 80–90жж. нарықты экономикасы дамыған өнеркәсіптік елдер тура және жанама салықтарды жетілдіруге, кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған салықтық реформалар өткізді.
90-жылдардың басы – ҚР-ның салық жүйесін құру және қалыптастыру кезеңі. Салықтар кәсіпорындардың пайдасын жоспарлы түрде бөлу жүйесін алмастырды. Мемлекет қоғамдағы процестердің дамуына салық салу арқылы әсер ете бастады. Бірақ бүгінгі күнге дейін ойдағыдай салық жүйесі жоқ.
Барлық мемлекеттерде салық саясатының ғылыми негізделген теориялық зерттеулері мен тиімді және әділетті салық салу әдістемелері практикалық ізденістері жүріп жатыр. Бұл мақсаттарға жету үшін бірінші кезекте салық теориясын білу керек.
