Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК тарихнама.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353.79 Кб
Скачать

2. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы, nurapai@mail.ru, 9.00 – 18.00

3. Пререквизиттері: Тарихнама ғылымының мәселелері зерттелу тарихының негізгі кезеңдерін оқып білу шарт. Тарихнамалық шығармаларға, тарих ғылымына сын көзбен қарауға үйрену тарихи әдебиеттермен жұмыс істеу әдісін қалыптастыру. Орта ғасыр, жаңа дәуір, қазіргі заман мәселелеріне арналған тарихнаманы оқып үйрену. Тарихнама өзінің тарихын зерттеу ғылымы тұжырымдамасын талдау. Қазақстан тарихшыларының тарихи еңбектерін оқып білу. Қазақстан тарихнамасы арнайа пән және оның міндеттерін қарастыру.

4. Постреквизиттері: осы пәнді оқып білу негізінде «Алғашқы қауымдық құрылыс», «Қазақстан археологиясы», «Қазақстанның ежелгі тарихы», «Қазақ этнографиясы», «Әлемдік өркениеттер», «Қазақтардың рухани мәдениеті», «Қазақстанның ортағасырлардағы тарихы», «Қазақстанның жаңа замандағы тарихы» сияқты пәндермен жалғасады. Алған білімі жалпы теориялық және арнайы пәндерді жақсы игеруі үшін көмектеседі.

5. Пәннің қысқаша мазмұны: тарихнама пәні – тарих ғылымының қалыптасуы және дамуы. Тарих ғылымының әр кезеңдердегі дамуының әлеуметтік жағдайы зерттеледі. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, ұлт-азаттық қозғалысты, ежелгі және орта ғасырлар тарихы, еуропа елдері және Америка тарихының қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан тарихының әр кезеңдерін сараптайды.

Бағдарламада пәннің теоретикалық және тәжірибелік бөлімдерінің мазмұны ұсынылған әдебиеттер тізімі қамтылған.

Тарихнама пәнінің мақсаты тарих ғылымының қалыптасу, даму кезеңдерінің, орта ғасыр, жаңа дәуірдегі шетелдік тарихнаманың негізгі мәселелерін оқып білу. Қазақстан тарихнамасын зерделеу, негізгі тарихи мәселелер бойынша жарық көрген монографияларға талдау жасау.

Тарихнама пәнінің міндеті студенттерге тарихнама ғылымы туралы негізгі теориялық, методологиялық концепцияларды таныстыру. Шетелдік тарихнаманың қалыптасуы және даму тарихын, негізгі тарихи ой-пікірлерді оқыту. Қазақстан тарих ғылымының негізгі басымдықтары, проблемалары, тарихи білім берудің келешегі, Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарасты қалыптастыру.

6. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

Жұмыс түрі

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Бақылау түрі (рейтингтік шкалаға сәйкес)

Балдар (рейтингтік шкалаға сәйкес)

Есеп беру түрі

Тапсыруу уақыты

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Күнделікті сабаққа дайындық

Мақсаты: 1. Бағдарламалық материалдарды меңгеру;

2. Теориялық білімді бекіту;

3. Сыртқы саясат туралы ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру.

Тапсырманың мазмұны:

1. Дәріс конспектісін оқу;

2. Оқулық, оқу әдістемелік әдебиеттерді оқу;

3. Жеке және топтық жобалардың презентациясын жасау.

Дәрістің, семинар сабақтарында көрсетіл-ген әдебит-тер.

ағымдық

Min – 10

Max – 20

Ауызша сұрау, жобалардың презентациясы, бақылау жұмысы сұрақ-жауап

Оқу үрдісінің кестесіне сәйкес

2.

Үй тапсырмасын орындау

Мақсаты: 1. Теориялық және нақты тарихи материалды игеру;

2. Өз бетімен тарихи материалды оқып, игеру, талдау сараптау әдістерін меңгеру. Өз көзқарасын қорғауды үйрену.

Тапсырманың мазмұны: оқулықтағы, арнайы зерттеулердегі материалдарды оқып түсіну, талдау. Сұрақтарды семинар сабағында оқу, СОӨЖ және СӨЖ берілген тапсырмаларды меңгеру.

Семинар сабағының жоспарында СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларында берілген әдебиеттері

Үй жұмысы

Min – 5

Max – 10

Конспект тексеру және СОӨЖ тапсырмаларын тексеру

Оқу үрдісінің кестесіне сәйкес

3.

Аралық бақылауға дайындық және тапсыру

Мақсаты: 1. Тарих ғылымындағы номадизм мәселелері курсының тақырыптарының мазмұны мен мәнін түсінгендігін, игергендігін тексеру;

2. Нақты материалдарды білу деңгейін анықтау;

3. Өз бетімен жұмыс істеу, ойлау қабілетінің деңгейін анықтау;

Тапсырманың мазмұны:

1. Дәрістердегі, семинар сабағындағы, СОӨЖ және СӨЖ материалдарды оқып білу.

Семинар сабағының жоспарында СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларында берілген әдебиеттер

аралық

Min – 15

Max – 30

Коллоквиум, тест, бақылау жұмысы

Оқу үрдісінің кестесіне сәйкес

4.

Қорытынды бақылауға дайындық және тапсыру

Мақсаты: 1. Теориялық және нақты материалдарды меңгеруді тексеру

Тапсырманың мазмұны: Дәрісте берілген және оқулықтағы материалдарды оқу, талдау. Семинар конспектілерін оқу.

Дәріс, семинар СОӨЖ мен СӨЖ тапсырмаларында көрсетілген әдебиеттер

қорытынды

Min – 20

Max – 40

Тест немесе ауызша емтихан

Оқу үрдісінің кестесіне сәйкес