Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК тарихнама.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353.79 Кб
Скачать

4 Тақырып. Марксизм пайда болғанға дейінгі тарихи ой және тарих ғылымы.

Тапсырма: Еуропа мен Америкадағы буржуазиялық революциялардың тарихымен таңысу керек.

СӨЖ өткізу түрі: слайд-презентация.

СӨЖ орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Бұл сұрақтарды түсіну үшін оқулықты, лекция материалдарын қараңыз. Романтикалық тарихнаманың негізгі принциптерін талдап, О.Тьерридің көзқарасын сипаттау керек. В.Гюго, О.Бальзак, А.Пушкин еңбектеріндегі тарихи сюжетті талдау қажет. Реставрация кезеңіндегі либералдық-буржуазиялық тарихшылар мектебінің идеялық бағытын талдау қажет. Утопиялық социализмнің тарихи идеяларының мәнің анықта. Неміс классикалық философиясының тарихи тұжырымдарын түсіну үшін Гегельдің объективтік идеализм идеясымен таңысу керек. Герцен және Белинский еңбектерін оқу қажет.

Негізгі әдебиеттер: [8, 9, 13, 14, 15]

Қосымша әдебиеттер: [8, 10, 18]

5 Тақырып. XIX ғасырдың екінші жартысындағы тарихнама.

Тапсырма: К.Маркс, Ф.Энгельстің өмірбаяның оқып танысу қажет.

СӨЖ өткізу түрі: коллоквиум.

СӨЖ орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

XIX ғасырдың 60 жылдарындағы тарихнамадағы революциялық-демократиялық бағыт. Н.Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов еңбектерін талда. Англиядағы позитивтік тарихнаманың мәнің көрсет (О. Конт, Дж. Ст. Милль). Маркстік тарихи мектептің пайда болуын себептерін сипаттау қажет. К. Маркс, Ф. Энгельс, Г.В. Плеханов туралы өз пікірінді білдір. Тарихи үрдістің материалистік теориясын оқу керек. Социалистік идея тарихы және Ағылшын буржуазиялық тарихнамасын оқып талдау. Герберт Спенсер – қоғамдағы тепе-теңдік теориясын мәнің талда. Ағылшын тарихнамасындағы экономикалық бағыт – Торольд Роджерс. Арнольд Тойнби туралы әдебиеттерді оқып танысу.

Негізгі әдебиеттер: [6, 11, 13, 14, 16]

Қосымша әдебиеттер: [5, 8, 14]

6 Тақырып. Еуропа және Америка тарих ғылымы (1917-1985).

Тапсырма: Дәрісте көрсетілген әдебиеттерді конспектілеу.

СӨЖ өткізу түрі: пікір-талас.

СӨЖ орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін қазан төңкерісінің ықпалы. М.Н. Покровский, Е.В. Тарле. Кеңестік тарихнама қалыптасуы. Батыс елдеріндегі буржуазиялық тарихнама. Либералды тарихшы – А.Дж. Тойнби «өркениеттің даму және ауысу теориясы». Француз буржуазиялық тарихнамасы. Анналдар мектебі туралы тарихи материалдарды оқу қажет.

Негізгі әдебиеттер: [7, 16, 20, 23, 25]

Қосымша әдебиеттер: [5, 7, 9]

7 Тақырып. Қазақстан тарихы тарихнамасының негізгі мәселелері.

Тапсырма: тарихнама ғылымының теориялық мәселелері көрсетілген еңбектерді оқып, тарихнамалық әдістердің тізімдемесін жазып, әрқайсысының атқаратын функциясын түсіну қажет.

СӨЖ өткізу түрі: слайд-презентация.

СӨЖ орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Тақырыпты оқып білу үшін ең алдымен Қазақстандағы ЖЭС-ның мәнің түсіндіру қажет. Көшпелелерді жаппай жерге қоныстандыру және ұжымдастыру саясатының салдарын талдау керек

Негізгі әдебиеттер: [27, 28]

Қосымша әдебиеттер: [14]

8 Тақырып. Алаш зиялыларының Отандық тарихқа көзқарасы (1920-1930 ж.).

Тапсырма: С. Өзбекұлының «Арыстары алаштың» деген еңбегін оқып таңысу керек.

СӨЖ өткізу түрі: бақылау жұмысы.

СӨЖ орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Әдістемелік нұсқаулар:

Бұл сұрақтарға дайындалу үшін, қазақ зиялыларының еңбектерін оқып, олардың тарихи көзқарастарын анықтау арқылы Отандық тарихқа берген бағасын сипаттау қажет. Олар туралы арнайы зерттеулерге баға беру керек.

Негізгі әдебиеттер: [3, 4, 10, 28]

Қосымша әдебиеттер: [6, 12, 13, 19]