- •I тарау Кәсіби іс-сана өткен орынның сипаттамасы
- •2 Тарау Аймақтың климаты, шаруашылық орналасқан жердің топырақтары
- •3 Тарау. Өсімдік шаруашылығы, мал азығын өндіру, өнімді сақтау технологиясы. Жалпы сипаттамасы
- •4 Тарау. Сүрлемдік дақыл жүгерінің өсіру технологиялары. Агротехника деңгейін талдау
- •7 Тарау. Өткен іс-санаға сапалық жағынан бағдарлама сұрақтарын қамти отырып, іс-сана үрдісінде үйренгендеріне өзінің жеке бағасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
|
|
Бет |
|
Кіріспе |
2-3 |
1 |
Кәсіби іс-сананы өткен орынның сипаттамасы |
4-6 |
2 |
Аймақтың климаты,шарушылық орналасқан жердің топырақтары |
7 |
|
2.1 Климаттық және метерологиялық жағдайлар |
7-9 |
|
2.2 Топырақ |
9-10 |
3 |
Өсімдік шаруашылығы,мал азығын өндіру,өнімді сақтау технологиясы. Жалпы сипаттамасы |
11 |
|
3.1 Жыртынды жерлер және егістік аумағы |
11-12 |
4 |
Сүрлемдік дақыл жүгерінің өсіру технологиялары. Агротехника деңгейін талдау |
13 |
|
4.1.Зерттелінген дақылға қысқаша сипаттама |
13 |
4.2. Сүрлемдік дақыл жүгерінің өсіру технологиясы |
13-15 |
|
4.3. Сүрлемдік жүгері танабының арамшөптермен ластануы |
15 |
|
4.4. Өнімнің қалыптасуы |
15 |
|
|
4.5. Өнімді жинау |
16 |
5 |
Мал шаруашылығы және мал азығын өндіру |
17 |
6 |
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы. |
18 |
|
6.1 Еңбек қорғау |
18-20 |
6.2 Қоршаған ортаны қорғау |
20-22 |
|
7 |
Өткен іс-санаға сапалық жағынан бағдарлама сұрақтарын қамти отырып, іс-сана үрдісінде үйренгендеріне өзінің жеке бағасы. Нақты қорытындылыр мен ұсыныстар |
23 |
|
Қорытынды |
24 |
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
25 |
|
Қосымшалар |
26 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кіріспе
Қазақстан ертеден аграрлы ел ретінде дүние жүзіне танымал. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі міндеті – республика халқын медициналық мөлшерге сәйкестендірілген тамақ түрлерімен толықтай қамтамасыз ету. Бірақта қазіргі кезде негізгі тамақ түрлері, оның ішінде мал шаруашылығының өнімдері, жеткілікті мөлшерде өз елімізде өндірілмей отыр. Eт, сүт өнімдері, өсімдік майлары, қант 30-40 % дейін шет елдерден әкелінуде. Осындай олқылықтарды жою үшін ауыл шаруашылығының негізгі саласы мал шаруашылығын қарқынды дамыту бүгінгі күннің жауапты міндеті.
Aуыл шаруашылығы - ел экономикасының басты бағыттарының бірі. Aуыл шаруашылығы өндірісінің міндеті – халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мал шаруашылығына тиісті жем-шөп қорын дайындау.
«Қазақстан – 2050» стратегиясында Қазақстан Республикасы Президенті әлемдік және аймақтық деңгейде азық - түлік өндірушіге айналу үшін, жақын келешекте ауылшаруашылық кешенді дамытуды тапсырды. Бұл тек қана арзан, жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін шығарғанда ғана жүзеге асатыны анық болып отыр [1].
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту – аграрлық саясаттың маңызды бағыты. Себебі ел экономикасын дағдарыс жағдайынан алып шығатын негізі күш дәл осы ауыл шаруашылығы саласы болып табылады.Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде әлемдік көшбасшылардың қатарында бола алады десек, қателеспейміз. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынды өсуі – бұл саланы тиімді бизнес көзіне айналдырып, оған инвестициялық ағымдарының құйылуына септігін тигізеді. Ол үшін әрине өндірілетін өнімнің көлемі мен сапасын арттыру да керек болады. Бұл процесс өндіріске инновацияны, ғылымды енгізгенде ғана жүзеге асатыны белгілі.
Сүрлемдік дақыл - сүрлемге салынатын дақылдар. Сүрлемдік дақыл құрамында сүтқышқылды бактериялар ашытып, қажетті қышқылдық көрсеткішіне, яғни рН=4-4,2, дейін сүт қышқылының жиналуын қамтамасыз ететін қант мөлшері, азықтандыру терминімен айтқаңда - қант минимумы болуы керек. Кант минимумы бойынша дақылдар үшке бөлінеді: 1. Жеңіл сүрлемделетін дақылдар -құрамындағы қант мөлшері сүрлемдеуге қажетті қант минимумынан артық болады (жүгері, күнбағыс жатады); 2. Қиын сүрлемделетін дақылдар - құрамыңдағы қанты қажетті қант минимумына шамалас болады (бұршақ тұқымдастар көгі жатады); 3. Сүрлемделмейтін дақылдар - құрамындағы қанты қажетті қант минимумына жетпейді (қамыс, сабан секілді азықтар). Оларды сүрлемдеу үшін қантты азықтармен араластыру немесе сірне-мелясса секілді қант көзін қосу қажет.
Жүгері (лат. Zea mays) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі.
Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот, фосфор тыңайтқыштары қажет.
Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді,оның құрамында: көмірсу, ақуыз, калий, фосфор, магний , кальций т.б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әртүрлі жарма, ал жүгері жармасынан — жүгері үлпілдегі, үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі , үлпек дәні және қытырлауық «таяқша » — қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, шырын, кисель т.б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді). Қант себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық «таяқшаны» ет-женді және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды. Жүгері үлпілдегін, «таяқшаны» үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. Егер үлпілдек жұмсаңқырап кетсе оны духовкаға салып келтіреді. Дымқыл тартқан үлпілдек тез көгеріп, жеуге жарамайды.
I тарау Кәсіби іс-сана өткен орынның сипаттамасы
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті –Орталық және Солтүстік Қазақстанның ең ірі аграрлық ЖОО, Астана қаласының бірінші жоғары оқу орны.
Солтүстік Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру кезінде ауыл шаруашылығы саласында мамандар қажет болғандықтан осы оқу мекемесі ашылды. Солтүстік және орталық Қазақстан облыстарына ауыл шаруашылығы өндірісі үшін мамандарды кеңінен дайындау мақсатында КСРО Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы 3 қазандағы Қаулысы және СССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1957 жылғы 9 қазандағы бұйрығы бойынша Ақмола ауыл шаруашылығы институты келесі факультеттерімен құрылды: агрономиялық, ауыл шаруашылығын механикаландыру және жерге орналастыру. Алғашқыда үш факультеттен құрылған институт зерттеу университетіне айналып, тек солтүстік өңірдің ғана емес, сонымен қатар елдің ғылыми және оқу орталығы болып қалыптасты.
Қаншама даму кезеңдерінен өткен университетіміздің 2012 жылдан бастап дамудағы негізгі басым қызметі - ғылым болды. Университеттің стратегиялық мақсаты: ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи зерттеу университетіне кезең-кезеңімен көшу.
2013 жылда 23 мамырында шетел инвесторларының Пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғаш рет ҚАТУ қабырғасында «Назарбаев Университеті» үлгісі бойынша ауыл шаруашылығы саласында халықаралық деңгейдегі зерттеу университетін қалыптастыруға ұсыныс берген еді. Сол уақыттан бастап ҚАТУ-ды реформалау жұмыстары басталып кетті.[9]
Осы мақсаттардың бірі болып 2015 жылы «Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ АҚ ғылыми-тәжірибелік кампусы» өзінің іргетасын қалады. «Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ АҚ ғылыми-тәжірибелік кампусы 2016 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Алғашқы болып агрономия факультетінің агрономия мамандығының 3 курс студенттері өндірістік іссанадан өтті. «Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ АҚ ғылыми-тәжірибелік кампусы Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр ауылдық округінде орналасқан. [қосымша А].
Шаруашылықтың негізгі өндірістік бағыты бидай, дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдардың көптеген түрлері болып табылады. С.Сейфуллин Қазақ агротехнкалық университетінің ауылшаруашылық кампусының барлық ауылшаруашылық жерлері 1237 гектарды құрап отыр. Оның ішінде: жыртынды жерлер 359 га, шабындықтар мен жайылымдар 800 га, тоғандар мен су қоймалары 16 га, батпақты жерлер 55 га, танаптық жолдар 6 га, басқа жерлер 1 га-ды құрайды [1-кесте].
1 Кесте - 2016 жылғы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті АҚ Ауыл шаруашылық кампусының жер пайдалану жағдайы (жерлерді мемлекеттік есептеу деректері бойынша)
Жерлер |
га |
% |
Барлық ауылшаруашылық жерлер |
1237 |
100 |
Оның ішінде: жыртынды |
359 |
29 |
Шабындықтар мен жайылымдар |
800 |
64,6 |
Тоғандар мен су қоймалары |
16 |
1,2 |
Баптақты жерлер |
55 |
4,4 |
Танаптық жолдар |
6 |
0,4 |
Басқа жерлер |
1 |
0,4 |
Шаруашылық жаңартылған машина-трактор паркіне, жер өңдеуші құралдар мен заманауи агрегаттарға ие [ 2-кесте].
.
2 Кесте – 2016жылы «Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ АҚ ғылыми-тәжірибелік кампусындағы» техникалар.
Машиналар мен құралдар |
Саны |
Тракторлар |
4 |
Оның ішінде маркалары бойынша |
МТЗ-80, МТЗ-3522, МТЗ-2022,3, Т-150
|
Комбайн |
Енисей -950 |
Картоп қазғыш |
КСТ-1,4А |
Кешендер |
2 |
Оның ішінде маркалары бойынша |
СЗ-5,4А, УПС-6-02 |
Ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдар |
20 |
Бүріккіштер |
ОП-2200 |
Культиватор |
КОН-2,8, КРНВ-5,6-0,4 |
Тырмалар |
БДТ-7К-01 2дана, БЗГТ-9 Победа 2 дана |
Грабли |
ГКП-6,1М |
Тығыздығыштыр |
ККЗ-9,2Н |
Жүк көліктер |
Газ-53-2 |
Прицептер |
2ПТС-4 |
Жатка |
ЖВП-4,9 |
Шөпті тығыздап жинағыш |
ПТ-165, ПР-Ф-145 |
Тұқым дәрілегіш |
ПСК-15 |
Техникалық көмек |
Камаз техсервис |
Миксер |
Metal Fach T-659 |
Машиналар мен құралдар |
Саны |
Жеңіл автокөлік |
Уаз-4 |
Терең қопсытқыш |
ПЛН-8-35, ПГ-3-5 |
Топырақ тырмалауға «БЗГТ -9», тұқым себетін СЗ-5,4, «John Deer себу кешендері, себуден кейін тығыздайтын ККЗ-9,2Н. Терең қопсытқыш ПЛН-8-35, ПГ-3-5. Тұқым дәрілейтін ПСК-15. Кешенді Джон-дирлерге келер болсақ тұқым себуге арналған кешеннің құрылысы 2 бункерден тұрады, бір бункер тыңайтқышқа арналған жалпы көлемі 7,5 тонна. Алым ені 13,2 м сепкіштен тұрады. Алдымен жазық тілгіш, одан кейін дискілі сепкіш, одан кейін дөңгелекті тығыздағыш.
