Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gulnaz.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.9 Кб
Скачать

2.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі космонимдік атаулар арқылы жасалған кісі есімдері

Космонимдік үғымдар арқылы туындаған кісі есімдерінін молдығы халықгық дүниетанымда орныққан түсініктің тереңдігін танытса керек. Осы тұргыда Қ.Қ.Жұбановтың “Из истории порядка слов в казахском языке” /1999/ атты макаласында біріккен түлғалы кісі есімдерінің синтаксистік күрылысына ерекше назар аударып, жан-жакты талдау жасай келіп, казіргі гілімізде кездесетін Күнсүлу, Таңсүлу, Таңжарьщ, Айжарық т.б. сиякгы сездердің т іркесу қабілетіне назар аударуын алға тарткан болар едік. Мұндағы күн, шаң, ай создері зат есімдер де, сұлу, жарық сөздері сын есімдер. Тіркесу зандылығы бойынша, сұлу күн,жарық ай болуы тиіс еді. Ғалым былай деп жазады: “Личные имена Күнсүлу, Айсүлу, Таңсүлу, Күнжарык;, Айжарық, Таңжарықне могут быть синтаксически расшифрованы в пределах современнных норм, т.е. как сочетание определения с определяемым, предшествование первого второму, потому что существительные теперь не употребляются в качестве определений, когда определяемым должно быть прилагательное. Исключение составляют образования типа қойіиы торы, букв, пастух гнедая, т.е. пастуший гнедко, бәйгі күрең,букв, скачка рыжая, т.е. скаковая рыжая” /416 /. Күнге, айга катысты кісі есімдерінің мүндай колданысы олардың жасалу жүйесінің ертеден қалыптасканын аңгаргса керек.

Осы ойды ғалымның мынадай мысалдармен толықтыра түсуге болады. Ол «тіл тарихында сөздің дамуы үшін ескі сөзге жаңа мағына (атқаратын қызметіне карап) берушілік бар. Орыстың перо- дегені қалам,Алтайдың түндікдегенітерезеекендігі бұған дәлел.

Сөз мағынасын жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге тарту да тіл тарихында көп кездеседі (бұрын «үй ауданындай» деп ауданға нақты конкрет бермей сөйлесек, қазір районды аудандейміз (яғни әкімшілік жер бөлінісі).

Жаңа мағына демекші, бірқатар айуан, аң-бұрынғы құдайымыз. Қасқырбай, Түйебай, Құлыншақдеп ат қоюымыз соларды - ардақтап, қастерлегенімізден. Мұндай қылық орыстарда да бар - Собакеевич, Волков,т.б. Мұндай сөздердің өзі қалғанымен, мазмұны жаңарып, өзгеріп отырады. Өйткені адамның өмірге көзқарасы, ұғымы үнемі өзгеріп отырады. Америка елінде кесірткеге тимейтін халық әлі бар. Адам табиғаттағы танып, білген нәрсесін актив, пассив деп жорамалдаған. Орыстардың түрлі заттарды, жан-жануарларды кім, недеп түрліше сұрайтын себебі сол ескі көзқарастардың өзгергендігінен. Ал бүгінгідегі заттардың міндеті сөйлемдегі сөздерді бір-біріне байланыстыратын грамматикалық амал болып қана қалған.

Кейбір елдерде кұлды кім?демей, не?деп сұрайды екен. Бұл оларды пассив нәрсе ретінде қарап, кемсітуден туған.

Тіл адам баласының барлық табыстарын білдіреді. Адам баласының өрлеу жолындағы ізінің тілге беделі түскен. Бұл жоғарыдағы айтылғандардан да белгілі. Қазақтың «балам»деуі матриархат заманының қалдығы, өйткені бұл сөз ру деген сөзге байланысты: ұру-ұрық-ұрығ-ұру. Бүл хасыл (асыл)- тек. Көрінген баланы «балам» деуі - некесіз заманнан қалған мұра. Ол заманда әйелдің жасы үлкені ана, апаболған. Бұлар да ру аты сияқты аталған. Еркектің үлкені атаболып аталған, қыз- кішкене әйел дегенді білдіретін сөз, оны моңғолша - кеукім. [1,492-493]» тілдегі сөз мағыналардың дамуын адамдардың дүниетанымымен, ежелгі тілдегі ескілік наным-сенімдердің ықпалымен түсіндіреді.

Адам ойлауының сан қырлы терең иірімдері шексіз жұмбақ, тылсым дүние екенін, оның әдеттегі толып жатқан тілдік құрылымдар мен нормаларды өзгертуге бейім тұратынын айғақтайды. Ендеше анықталушы+анықтауыш тіркестерін де ерте замандардан сақталған, уақыт сынынан өткен, қырналып таразыланған, заманы озған синтаксистік құрылымдардың бірі деп есептеуге болады.

“Мүмкін, Күнсұлу, Айсұлу, Таңжарық секілді айырым тіркестер кезінде зат есім+сын есім сөздерінің орналасуының үлгісі болған болар, - дейді Қ. Жұбанов. – Мұнда да анықтауыштар (сұлу, жарық) анықталушы (күн, ай, таң) зат есімдерінен кейін келіп тұр. Мұндай жорамал шындыққа әбден жанасымды, себебі соңғы компоненттерді (сұлу, жарық) баяндауыш деп, ал біріншілерін (күн, ай, таң) бастауыш деп қарауға еш мүмкіншілік жоқ: жалқы есімді тіркесім жасаушы жыл келді, қожам берді т. б. тәрізді синтагмалар сөйлем тұлғасында өте сирек қолданылады. Көп жағдайда жай немесе күрделі жалқы есімдер не қайсыбір субстанцияның атрибуты, не қайсыбір субъектінің предикаты болып келеді. Бірінші жағдайда – субстанция, екінші жағдайда – субъект ретінде осы атауды иемденуші жеке адам меңзеледі. Жоғарыдағы мысалдардағы негізгі ойдың берілу формуласы былай болуы мүмкін. (Мынау) – әдемі күн. (Мынау) – жарық күн және т. б. [46].

Қ. Жұбановтың пайымдауы бұл жерде: Күнсұлу, Айсұлу, Айжарық, Таңжарық деген кісі аттары тіліміздің қазіргі нормалары бойынша синтаксистік құрамдарға бөлшектеуге, ажыратуға келмейді, себебі қазір зат есімдер анықталушы сын есім болып тұрғанда анықтауыш қызметінде жұмсалмайды, керісінше анықтауыш – сын есім, анықталушы – зат есім болуға тиісті деген тұжырымға саяды.

Қ. Жұбанов Күнсұлу, Таңжарық тіркестерінің бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем бола алмайтындығына дәлел ретінде предикаттық қатынастағы Жолғұтты, Көзжақсым, Атжақсы, Есалаң, Жылкелді есімдерінің қалыптасуына тән фонетикалық заңдылықтарды айтады.

Осыған орай,жоғарыда аталған тіркесті синтаксистік құрылымның қай түріне жатқызамыз? – деген сауал туындайды. Алайда бұған бір жақты жауап беру қиын. Мысалы, әзірбайжан ғалымы Н. З. Гаджиева Айжарық, Настя сұлу (Айсұлу, Күнсұлуға ұқсас) тіркестерін изафеттің І түріне жатқызады. Ол көптеген түркі тілдерінде (бәрінде емес) анықтауыш изафеттің І түрінде тұрып, субъектінің кәсібін, мамандығын, ресми атақтарды, титулды, ғылыми дәрежені, қоғамдағы орнын, лақап атын, жеке кісі аттарын, топонимдерді т. б. білдіреді дей келіп, мысалға: Наста маттур – Настя сұлу тіркесімін келтіреді. Бұдан басқа түркі тілдерінің біразында постпозициялық анықтауыштық тіркесімнің бірінші компонентімен адъективтеніп кеткені соншалық, құрылымы жағынан қарапайым анықтауышты сөз тіркестеріне ұқсап кеткен изафетті тіркестер бар. Мысалы, азерб. чәкмә тикен “етік дүкен”, қаз. ай жарық, түркм. мораль тәрбие, ұйғ. (хамит наречиесі) адам тіл, тува. күш ажыл (күш, еңбек)” деп көрсетеді [30].

Әрине, изафеттік тіркестердің ертеде сөзден сөз тудырудың тарихи жағынан ең көне және негізгі амалдарының бірі болғанына шек келтірмейміз. Бірақ, Айжарық, Таңжарық, Күнсұлу, Айсұлу т. б. тіркестерді осы синтаксистік (изафеттік) құрылымның жемісі деп те айта алмаймыз. Себебі мұны дәлелдеуге қажетті деректер әлі өте аз, әрі барларының өзі де күмәнді. Сондай-ақ, Қ. Жұбанов жоғарыда атап кеткендей: “Күнсұлу, Айсұлу, Таңсұлу, Күнжарық, Айжарық, Таңжарық сияқты күрделі есімдердің қазіргі синтаксистік нормалар аясында бөлшектеуге келмейтіні, қазіргі тілімізде сын есім анықталушы мүше орнында тұрғанда, зат есім ешқашан анықтауыш қызметінде жұмсалмайтыны да даусыз [1,173].

Академик Ә. Қайдар жалпы эпос пен фольклор антропонимдерінде анықтауыштың кейіпкер есімдерінен бұрын да, кейін де (препозитивті, постпозитивті) қолданыла беретіндігін “көне дәстүр” дейді.

Зерттеуші Т. Жанұзақов қазақ антропонимдерін олардың даму тарихына және ерекшеліктеріне сәйкес: адамдардың айға, күнге, хайуанаттарға, отқа, суға т. б. табиғат құбылыстарына табыну дәстүріне асыл металл, қымбат тастар мен дәулет, байлықты дәріптеуді, көк тәңіріне, көп құдайға, әр түрлі иелі-киелі күштерге, мифологиялық құбыжықтарға бас ие, араб, парсы, монғол тілдерінен енген діни, әскери, мәдени ұғымдарды қастерлеу салтына т. б. қарай – төрт дәуірге бөліп қарайды. Бірінші дәуір – көне түркі заманы, яғни Ү-ҮІІІ ғғ. (Айжарық, Күнсұлу, Қаршыға), екінші дәуір – орта ғасыр (Айнабек, Жоламан т. б.), үшінші дәуір – жаңа заман (ХҮІІ-ХІХ ғғ.), төртінші дәуір – Қазан төңкерісінен кейінгі уақытта пайда болған кісі аттары [43]. Демек, біз сөз етіп отырған кісі есімдері де көне түркі заманында, яғни Ү-ҮІІІ ғасырларда қалыптасып, сол кезеңнің синтаксистік заңдылықтарына сай құрамдалған.

Тілдік материалдар мен оларды талдау қорытындылары сын есімнің субстантивтенуі оны лексика-семантикалық (күрделенуі – заттық мағынаның қосылуы, керісінше сындық мағынаның қысқаруы), морфологиялық (категориялық мағыналардың өзгеріп, жіктелу, септелу, көптелу т. б. тұлғалық өзгерістерге икемделуі) және синтаксистік (типтік синтаксистік қызметінің өзгеруі) өзгерістерге алып келетінін көрсетіп отыр” дейді А. А. Аймурзаева қарақалпақ тіліне байланысты еңбегінде [45]. Соған қарағанда сын есімдердің субстантивтенуі жалпы түркілік сипатқа ие болған.

Қазіргі тіліміздегі лексикаланған тіркестердің тұлғалык кұрылымынан мүндай өзгерісті ангара алмаймыз. Әдетте, лексикаланған тұлғаларды кұраушы түлғалар өздерінің әуелгі сөз тіркесі қалпындағы қүрылымын өзгертпейді.

Әр дәуірде койылған кісі есімдерінің де өзіндік ерекшеліктері бар, себебі ол сол кезеңнің рухани мәдениетінің деңгейін ғана көрсетіп коймай, сол дәуірде болған ұлы окиғалар мен өзгерістердің, халыктың занымы мен түсініктерінін, әлеуметтік жағдайының көрсеткіші де бола алады. Халықтар өміріндегі болып жаткан әлеуметтік-саяси, ғылым, техника, экономика және мәдениет саласындағы әр түрлі көптеген күрделі өзгерістер тілдің сөздік корындағы лексикалық кабаттарының, соның ішінде антропонимдердің де қалыптасып, дамып, тілді байытуына игі әсер етеді.

Аспаннан кейінгі орында тұратын халық танымындағы қасиетті бейнелер – Ай мен Күн. Қазақ мифологиясында Күн мен Жер дихотомиялық құбылыс ретінде көрініс табады, яғни күн – күйеу, жер - әйел образында келеді. Ал космологиялық мифология тұрғысында Күн – күйеу, Ай – ару кейпінде сақталған. Сонда Жер - Әйел образында келіп, отбасын, ана мен баланы қорғаушы ретінде сақталса, ал Ай – мәңгілік жастықтың, аспан- арулықтың символы. Күн – қай кезде де, қай жерде де тұрақты мәнде келеді, ал Ай оның көктегі серігі, Күннің қосыла алмай кеткен ғашығы ретінде сипатталады.

Қазақтар Айды қасиетті деп санап, жеке планета, оны жеке бір дербес әлем деп есептеген. Тәңірлік діннің қалдығынан болу керек, әлі күнге дейін үлкен кісілер жаңа туған айға сәлем беріп, иіліп, ізет етеді. Бұның барлығы – Айдың қасиеттілігін мойындайтын белгілер. Енді Күнге келсек, халық арасында күннің Ай секілді қадір-қасиеті көл-көсір емес, тек бірен-саран белгілері бар. Атап айтсақ, күн нұры мәселесі.

Сөйтіп, ежелгі халық түсінігі аспан мен оның аясындағы Ай, Күн, Жұлдыздар бейнесін тәңірлік дінннің ықпалымен түсіндіріп бақты. Өйткені қай нысанды алсақ та, бәрі де жерден қуғын көріп, аспанға жұлдыз болып орнайды. Немесе жердегі қыз Айдың бетіне қонақтайды. Бұдан түйетініміз – ежелгі адамдар мақаламызда айтып өткендей, аспанда да әлем бар, аспанда Тәңір бар, соған жақын болайық, аспан – қасиетті мекен деп есептегендіктен, осы оқиғаларды жанынан шындыққа жанасымды етіп шығарған. Сонда барлығында дерлікке кездесетін лейтмотив – жерден аспанға нысан ретінде орнау. Ескі наным-сенім кешегі күнге дейін арқау болып келгені рас, халық жазу-сызу жоқ кезде бағытын, келесі күннің ауа-райын, болашақтағы табиғат құбылыстарын аспан денелеріне «үміт артты». Қазақ халқының танымында «күн» образының символдық мәні ерекше деуге болады. Себебі ежелгі наным-сенімнің сарқыншағы ретінде бүгінгі күнде де өз деңгейінде танымдық шеңбер құрған.

Қазақ өте жақын, жақсы көретін адамына «күнім», «айым» дейді. Ай – қараңғылықтың жарығы болса, Күн - әлемнің жарығы ретінде алғашқы шепке шығатыны да белгілі. Адамзат баласына судың да, ауаның да, жердің де қажеттілігі ерен, бірақ соған сәйкес халық «суым», «ауам», «жерім» деп ештеңені баламайды. Сонда Күн мен Айдың астарында ежелгі сенімнің көрінісін байқаймыз.

Күн – ең алдымен, түркілік танымда жасампаз қаһарман. Ол – жерді жаңартушы, әлемді түрлендіруші, жаңа көрік беруші, жылулық нәрін себуші, яғни бір сөзбен айтқанда, жер жүзін «реконструкциялаушы». Фольклордың алдында «өмір сүрген» мифтік танымға сәйкес, алғашында Күн – анимистік түсінік бойынша құдай ретінде көрінді. Тәңіршілдік діні келмей тұрған кездің өзінде, халық жаратушы, ғаламды жасаушы жасампаз күш, жасампаз қаһарман ретінде Күнді есептеді.

Күнді – жасампаз, сонымен қатар Ер адам кейпінде көрінетін «әке» деп ұғынып, оның қосағы, серігі Жер («ана») деп түсінді.

“Құгты біліктің” негізгі кейіпкерлері Күнгуды, Айтолды, Ұғдылмыш, Озғырмыш болып аталуының да мәні зор. Күн — әділдіктін символы. Түркі халқының әділдік пен акикаты да, тэңірлік бірлік ретінде табынғаны да - Күн. Түркілік тәнірлік діндегі негізгі жебеушісі - Күн мен Ай екені тастағы таңбалардан белгілі. Ендеше, Айтолды — бакыт символы болуы да халыктыя танымымен сабактасады. Үғдылмыш — акыл бейнесі. Мүндағы түбір сөз — үк, ұғым. Акыл — мида, санада, оны түйсініп, акылды менгеретін жүрек.

Жүсіп Баласағұнидін өзі: “Ацылды угады, білімді біледі, Білімді, угымды тілегіне жетеді. Білімсіздік - сор, білімділік - бақыт. Ацыл - мұрындық оны жетелеген ер тілегіне жетеді — деп жазады (Ежелгі дэуір әдебиеті, 1991).

'Біпімді - биік, ацылды - үлық деп есепте”деген макалдың мағынасы "Білікті бірді жыгар, білімді мыцды жыгар”деген мақалмен орамдас. "Ақыл қаііда болса ұлықтық сонда болар немесе Егер болсаң сен бек, халыққа улық, көңіл, тіліңді кішік тут, өзінді жұмсақ уста " деген сиякты сөйлем түрінде келген макалдар автор тілінде жиі кездеседі. Тура мағынасында айгылатын макалдар анык өмір шындығының өзінен кұралған. Адам өмірінде кездесетін барлык жаксылыкты айтып, адамгершіліктің ең жоғарғы касиеттерін иемденуге шақыра отырып, жамандыктан сактандырады.

Акыл мен білім көрінісі әркашан тілде таңбаланады. Тіл арқылы өріліп, өзінін негізгі материалдык сипатын табады. ЖүсіпБаласағұни ілімі де осынымеңзейді.

Бекіту сұрақтары:

1.Қ.Жұбановтың атаулар магиясы жайындағы еңбектеріне тоқталыңыз.

2.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі космонимдік атаулардың лингвистикалық сипатына түсінік беріңіз.

5 слайд.Қ.Жұбанов және атаулар магиясы(қосымша)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]