Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gulnaz.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.9 Кб
Скачать

2.Соңғы жылдары табылған еңбектерінде тілдің шығуына қатысты пайымдаулары

Сонымен бірге Қ.Жұбанов «Соңғы жылдары табылған еңбектерінде» тілдің шығуына қатысты пайымдауларында халықтың ес білмес ерте заманғы түсініктеріндегі тілдің қалыптасу, даму ерекшеліктерінің магиялық сипатына тоқталады. Ғалым «Ежелгі дәуір адамдары әр заттың, нәрсенің не жақсы, не жаман иесі бар деп түсінген. Сондықтан жақсы жақтағыларды құдай, періште, пайғамбар, әулие деп атап, жаман жақтағыларды шайтан, албасты, пері (мұның да екі түрі бар) деп сенген. ...Төрт түліктің пірі, қолдаушысы ретінде сиыр атасын – Ойсылқара, түйе атасы – Зеңгі баба, жылқы иесі – Қамбар ата, қой малының иесі – Шопан ата, ешкінің пірі – Шек-шек ата деп атау сол кезден қалған. Ол заманда құдайдың аты Ұмай болған. Кейіннен сөз басындағы қысаң ұ дыбысы түсіп қалып, май деп айтылып кеткен. Қазақтың: «От ана, май ана, жарылқа!» дейтін және «Май әулие, майсыз жарылқайтын қай әулие?» деген мақалдары да осы ұғымнан туған(Ұйғыр мақалы)» [1,493], - деген пікірін талдар болсақ, ол ежелгі халықтық дүниетанымға негізделген мифологиялық негіздемелерді жасайды. Бұған қосымша ғалым ежелгі құдай Ұмай ана турасында, төрт түліктің пірлері турасында сөз қозғайды. Жоғарыда аталған ұғым-түсініктердің барлығы да белгілі бір тылсым күшке еліктеу, бағынудан басталған дүниелер. Өйткені әр нәрсенің күшті бір иесі, жаны, арқауы бар есептеген таным сферасы осындай нәрселерге тиемел болады десе керек. Бұл жерден магияны көрмейміз.

Бекіту сұрақтары:

Қ.Жұбанов тілдің магиялық сипаты жайындағы пікірлеріне мысал келтіріңіз.

2.Тілдің шығуына қатысты еңбектерін атаңыз.

4 слайд.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі мифопоэтика көріністері (қосымша)

Дәріс №2. Қ.Жұбанов және атаулар магиясы

Дәріс жоспары:

  1. Атаулар магиясы

  2. Қ.Жұбанов еңбектеріндегі космонимдік атаулар арқылы жасалған кісі есімдері

1. Атаулар магиясы

Кiсi есiмдерiне қарап отырып-ақ, өзiмiзге дейiн өмiр сүрген ата-бабаларымыздың тарихы, мәдениетi, тұрмысы, әдеп-ғұрыптары мен салт-санасы, дүниеге, дiнге көзқарасын, неге қол созып, неден үмiт күткендiктерiн бiлуге болады. Телғожа Жанұзақтың ой-желiсiне сүйенсек, қазақ халқының балаға ат қоюының өз заңдылығы, өз үлгi-нұсқалары бар. Бұрын ұл болса болды, оның есiмiне «бай», «бек», «хан» сөздерiн қосақтайтын болсақ, қазiргi кезде бұл қосымшалардың мән-мағыналары ескiрдi деп есептеп, оларды қоспайтын, қоссақ та аз қосатын болдық.       Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», - деген наным-сенім бар. Адам есімі келешек тағдырына қаншалықты ықпал етеді? Аттас адамдардың көбісінің мінез-қылығы неліктен бір-біріне ұқсас? Бұл ХХ ғасырдың басынан бері ғалымдардың зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстарының бірі. Соның нәтижесінде кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.       Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүрі. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиықысыз есімдерді де қойған. Мұндай дәстүр қазақтарда ғана емес, орыстарда да бар. Орыс халқында: Клавдия (ақсақ), Ардалион (лас), қазақ халқында: Жаман, Қиқым, Шоқпыт, Сасық секілді есімдер сондай ырыммен қойылған. Жалпы, Шоқан Уәлиханов ырымды әдет-ғұрыпқа жатқызса, Сейіт Кенжеахметұлы «Ырым – халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып, халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы»,- дейді. Олай болса, ырымдап ат қоюдың айыбы жоқ. Қайта ол – жақсы дәстүр.

Бір ғажабы, кейбір елдерде «тағдыр» деген сөз ат қою деген мағынаны білдіреді екен. Бұл сөздің жаны бар. Өйткені, ертеректе адамдар атын өзгертуді өз өмірін басқа арнаға бұру деп қабылдаған. Өмірінде күрт өзгеріс болған, мысалы, күйеуге шыққан қыздардың тегін өзгертуі де осындай түсініктен шыққан дейтіндер де бар. Бәрі мүмкін. Ал, Латын Америкасында бір адамға қосарланған аттың сыртында бірнеше есімді, яғ- ни, 8-9 атты бірақ қою дәстүрі қалыптасқан. Оны Бразилия мен Мексиканың телевизиялық сериалдарынан айқын аңғаруға болады. Бұл теледидарлық хикаяттарда Луис – Карлос – Фернанда – Аугусто – Мария – Хосе - Игнасио деген шұбалаңқы есім айтылмайды ма? Бұл жақта өзіне осындай шұбалаңқы есім қойылған бала өсе ке-ле солардың ішінен бір атты таңдап алып, туған-туыс, жолдас-достарына сол есіммен өзін атауды өтінетін көрінеді.

Есімдерді ырымдап қою бірнеше топқа бөлінеді. Олар негізінен, мынандай: атақты, белгілі, ғұлама, жақсы адамдарға тартсын деп олардың есімін қою, бала тілеп, тілеуі қабыл болғанда шүкіршілік айтып, соған лайықты атау (Ондай есімдер: Тілеуқабыл, Аллаберген, Құдайберген, Тілеуберген, Тәңірберген). Шаңырақта сәби шетіней бергенде сәби тұрсын деп, жағымсыз аттарды қою. Ат ұстар ер бала тумай, қыз өмірге ке-ле бергенінде қыздың есіміне «ұл» сөзін тіркес етіп, сәбиді, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан тә-різді есімдермен атап, ұл күту. Егерде баланың бойында меңі, қалы бар болса, қазақтар ұл-қызын соған сәйкес Қалдыбай, Меңді-гүл, Меңсұлу деген тәрізді есімдермен де атаған. Тіпті, қазақ халқында ырымға да қатысты мынандай есімдер бар: Ырымкүл, Ырымбала, Ырымтай, Ырымжан. Баласы қайтыс болғаннан кейін шаңырақта тағы да бір сәби дүниеге келсе, біздің ата-бабаларымыз оны өлген ұл-қызының орнына келген санап, сол баланың өтеуі деп, ұлдарын Төлеген, Төлеу, Төлеубек, Төлеуқадыр деп атауды ырымға айналдырған. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]