- •1. Әлемнің тілдік бейнесі және мифология
- •Мифтің қоғамдық белгі-бедерін Мирча Элиаде былайша өреді: «Жалпылама ортақ мәнінде ілкі қоғамдардағы миф жөнінде былайша түйін жасауға болады:
- •Дәріс №2. Тіл және ойлау.Тіл және миф.
- •2.Мифопоэтикалық әлем моделі
- •Дәріс №3. Символ және оның мифологияға қатыстылығы
- •2.Тіршілік символдары және символдар өмірі
- •Іі.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі мифопоэтика көріністері
- •2.Соңғы жылдары табылған еңбектерінде тілдің шығуына қатысты пайымдаулары
- •2.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі космонимдік атаулар арқылы жасалған кісі есімдері
Іі.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі мифопоэтика көріністері
Дәріс №1.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі тілдің құрылымы мен құрылысының магиялық сипаты жайында
Дәріс жоспары:
1. Қ.Жұбанов еңбектеріндегі тілдің құрылымы мен құрылысының магиялық сипаты жайында
2.Соңғы жылдары табылған еңбектерінде тілдің шығуына қатысты пайымдаулары
1. Қ.Жұбанов еңбектеріндегі тілдің құрылымы мен құрылысының магиялық сипаты жайында
Қ.Жұбанов еңбектеріндегі тілдің құрылымы мен құрылысы мәселесін сөз еткенде, оның магиялық қызметіне де тоқталады. «Тіл дыбыстарының да қазіргі дәрежеге жетуі үшін көп себептер керек болған.Арбау, айқайлау, құс шақыру, аң үркіту, қырман басында жел шақыру, табиғатты балталау, күн жайлату- магия. Магиядан келіп әдебиет, пәлсапа туады.Ал тоқтатқанда дырр деуіміз – арбау.Дыбыстардың диффуздіктен, сөздердің ымнан ажырап шығуы да бірден бола қалмаған.Бұндай ажырау процесінің өн бойында әлденеше стадия болған[1,513],» деген пікірінде тіл дыбыстарының эволюциялық жолында магияның ықпалы зор болғанын айтады.
Ғалым осы еңбегінде «Қол бір кезде аяқ міндетін атқарып, кейін ол міндеттен босаған. Бірақ бұл босауы қоғамдық мақсаттан емес. Акад. Н.Я.Марр бұрынғы кезде дыбыс тілінің алдында ым тілі (қол тілі) болғандығын айтады. Бірақ ол тіл де еңбектен ажырамаған, сондықтан ол өндіріс тілі болған. Марр дыбыс болмады дегенді кай тілдің басымырақ қолданылу, қолданылмауы ретінде айтады. Әйтпесе ол заманда да дыбыс тілі болған. Бірақ ол дыбыстар пайдаға асырылмаған. Қурайды кейінгі заманда сыбызғы қылдық қой, тіл дыбыстарын да кейінірек пайдаландық. Дыбыстарды қатынас құралы еткенде де, алғашында дефузды түрде пайдаланғанбыз. Дыбыстар дауысты, дауыссыз болып тапқа бөлінген кезде де, дауыстыларды соңырақ пайдаланғанбыз. Дене мүшелеріміздің ішіндегі, ең алдымен, біздің дегенімізге көнген мүше - қол. Қол бәрін істейді, бұл мүше бәрінен бұрын жетіледі. Сондықтан кол сөйлеу кұралы да болды. Сөйлеу тілінің кеш шыққандығы соншалық, адам баласы қару істеп үйренгеннің өзінде де жақсы сөйлесе алмаған. Ол кезеңде сөйлеудің пайдасынан қолдың пайдасы көп болған. Адам табиғатты арбаған: ысқырса жел келеді (шығады); ежелгі қауым мүшелері табиғаттың жасырын сырымен астарласып, соны жеңем деген; айқайласаң киік қашады екен деп түсінген (магическое действие). Ол күнде дыбысты тіл ретінде емес, дабыл, шақыру есебінде, келе-келе дұғаға пайдаланған.
Осы заманда Африкада да, Австралияда да қол тілі бар, сонымен бірге сөйлеу тілі де қолданылады. Сондықтан бір ауыл әрі кол,тілін, әрі сөйлеу тілін пайдаланады; екі тіл қатар жүреді. Олардың айырмасы сол - қол тіл ауыл-ауылға ортақ болса, дыбыс тілі әр ауылдың өзінде ғана түсінікті. Әуел қол тілімен түсініскендігі осы күнгі дыбыс тілінен де көрінеді. Мәселен, орыста сказать пен указатьсөздерінің түбірлес болуы - көрсету мен айтудың бір функция міндетін атқарғанына дәлел болады.
Дыбыс тілі шығып сараланғаннан кейін де, кейбір дыбыстар бірінің орнына бірі жүре берген, көп заманға шейін олар дефузды болған (бұған ч-дж құбылысы дәлел, сондықтан суға «жүз»деп те, «дүз»деп те атаймыз)» [1,513] деп көрсетеді.
Шындығына келсек, ескі танымның астарынан біз тылсымдық күштерді байқаймыз. Өйткені тілдің алғашқы пайда болуында магияның күші өте зор. Тілді жеке қарастыру тіпті мүмкін емес. Оған жетекші болатын бір түрткі немесе жағдай (фактор) болады. Сондықтан бұл жерде біз тілден тарихты іздеуімізге болады. Тілде тарихи қатпар мен қоғамдық құбылыс, халық түсінігі мен ұғым-бітімі, болмысы қатар суреттеледі. «Адам баласының табиғатында әуелі басқаны біліп алып, өзін кейіннен білу қасиеті бар. Мысалы: адам фотографияны танып білгеннен кейін ғана өзінің көру аппаратын (көзін) білген. Ежелгі дәуір адамдарының алдымен өзінен басқа заттарға ат қоятыны, өзін сол басқаларға үқсата атайтыны - өз басын кіші дүние деп біліп, оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы таным тілге де әсер еткен [1,492-493], - деген пікірі де сөзімізді дәлелдегендей.
Осы дәлелге «таң» деген сөзді алып, оның өзгерілу сипатына тоқталады. Мысалы, орысша небо - аспан, неба- таңдай; қазақ тіліндегі таң - аспан әлемінің аты, яғни жоғарғы жаққа тән қасиеттің иесі» таңдай - адам денесінің жоғарғы Яғни ежелгі адамның өз-өздерін кемсітіп, кіші дүние деп санап, оны тек үлкен дүниеге балаған. Жалқылықтан жалпылыққа өтетін танымдық түсінікті ғалым тілдік белгілер арқылы нақты көрсетеді.
