- •1. Әлемнің тілдік бейнесі және мифология
- •Мифтің қоғамдық белгі-бедерін Мирча Элиаде былайша өреді: «Жалпылама ортақ мәнінде ілкі қоғамдардағы миф жөнінде былайша түйін жасауға болады:
- •Дәріс №2. Тіл және ойлау.Тіл және миф.
- •2.Мифопоэтикалық әлем моделі
- •Дәріс №3. Символ және оның мифологияға қатыстылығы
- •2.Тіршілік символдары және символдар өмірі
- •Іі.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі мифопоэтика көріністері
- •2.Соңғы жылдары табылған еңбектерінде тілдің шығуына қатысты пайымдаулары
- •2.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі космонимдік атаулар арқылы жасалған кісі есімдері
2.Тіршілік символдары және символдар өмірі
Тіл және сөз –адамзат мәдениетінің апофеозы. ... Адамзат ежелден-ақ тілдің өмірі мен өлімін реттеп отыратын жасырын механизмдердің (тетіктердің) көзін ашуға талпынып келеді.Соның ішінде тілдің негізгі «жұмбағы»: аталған сөз (алғашында – сакралды формула), яғни кеңістікте өзара белгілі қарым-қатынаста орналасқан, бір-бірімен өзара көршілес келетін жекелеген дыбыстардың жинағынан тұратын тұлға тілдің қандай заңдылықтары негізінде белгілі бір семантикалық спектрге негізделеді? Басқа мағыналар оларды мағыналық жағынан қалай «жандандырып», әрлендіре түседі? Аталған сұрақтың жауабы әлі күнге табылған жоқ деуге болады.
Адам тіл туралы көбірек білген сайын лингвистер, социологтар, антропологтар, этнографтар соғұрлым тамаша жаңалықтар жасауда. Жаңа күрделі мәселелердің көзі ашылып,тіпті кейде даусыз шешілген мәселелердің кейбірі күман туғызатын жағдайларға алып келуде.
Тіл дегеніміз бір өлшемде, бір сызықтың бойында қатып қалған нәрсе емес: тіл –бұл жүйе және антижүйе.Тіл өзін-өзі реттеп, өзі жасап отыратын және өз ресурсы өзіне жететін құбылыс болумен қатар, оны қолданушылардың болмысы мен мінез-құлқын бейнелеуші әлеуметтік жасалым.
В.Н.Топоров тілдің шығуын ритуалмен байланыстырады (Топоров,1988,22)таңбалаушы мен таңбаланушылар арасындағы байланысқа негізделген дыбыстар жүйесінің қалыптасуына ритуал негіз болған деген пікір білдіреді. Ритуал- тілден де ежелгірек.Ритуалдық іәрекет ойлаудың бейнелі түрінің шығуына негіз болған.Генезисі жағынан іс-әрекеттің ритуалды түрінің пайда болуы сакралдану процесімен, чғни топтың ұжымдық тәжірибесін бір-біріне жеткізуде міндетті түрде белгілі бір іс-әрекеттердің орындалуын талап ету шарттарымен байланысты.В.Топоровтың пікірі бойынша,мифолоэтикалық көзқарас тұрғысынан сакралданатын құбылыс ғаламның (космос) бір бөлшегі, соған қатысты болып келеді. Кеңістік пен уақыт құрылымына жататын сакралданған әлемде ғана оны ұйымдастырудың ережелері белгілі болады.Одан тыс – хаос, кездейсоқтықтар патшалығы.Сондықтан тілге шектеулер қажеттіліктен, яғни сакралды канондардың іс-әрекетін бұзатын адамдарды хаосқа алып келетін жаңа парадокстардың пайда болуынан сақтандыру мақсатынан туындайды. (Топоров,1973,114).
Қандай көркемөнер болса да, оның өзіндік символикалық жүйесі болады. Поэтикалық ойлау жүйесі мен көркем танымның шешуші байланысынан пайда болатын символ өз дәрежесінде күрделі даму жолын өткереді. Осылайша, символ өн бойына лейтмотив, тірек, стереотип, айшықтау секілді ұғымдардың философиялық астарын жинастырады. Қазақ тіліндегі символдық жүйе өз ауқымын ежелгі таным-түсініктен алады. Өйткені символ – тарихи нәрсе дейтін болсақ, ол жылдар бойы өз құрылым-құрылысына қарай дамып, жетіледі. Тіл білімі– қоғамдық сананың рухани айнасы дейтін болсақ, сонда символдар – поэтикалық ойлау жүйесіндегі белгілі бір ұғым-түсініктің, құбылыстың заттанған модель күйіне айналуы. Символды шеңбер ретінде қарастырып, оның айналасына түрлі: танымдық, жинақтаушылық, ақпараттық, руханилық, коммуникативтік, образдылық секілді факторлармен шектестіруге болады.
Сонда символ поэтикалық өнердің бір бөлшегі немесе эстетиканың бір категориясы ретінде қарастырылмауы керек, оның әмбебаптық, көп мәселеге өзек болатын берне, яғни жеке құьылыс ретінде қарасуымыз керек. Әр символ өзіндік бір әлем. Символдану процесі өнердің барлық түріне тән. Қай өнер түрін алсақ, олардың қарастырып отырған символы бір арнадан, бір негізден тараған.
Символды ең алдымен мифологияның астарынан іздеу қажет. Адамзаттың ойлау санасындағы ең алғашқы саты мифтік сана болғандықтан, халықтың ең алғашқы пікір-пайымы осы адамдарды хаосқа алып келетін жаңа парадокстардың пайда болуынан сақтандыру мақсатынан туындайды. (Топоров,1973,114).
Назар аударарлық нәрсе: моделдеу қызметтерін орындауға қабылетті семиотикалық жүйелерсіз (отандық әдебиетте «екінші модельді жүйелер» деп аталатын) қандай да бір ерекше көлемде ақпаратты жинақтап, жеткізу мүмкін емес. Ритуалдану саласының тәртібі семиотикалық жүйелердің реттеу қызметімен байланысты.Мұндайда ең маңыздысы ғана сакралданады.
Кейбір символдар жалпыадамзаттық ойлау жүйесіне, яғни барлық халықтар түсінігіне ортақтық. Аталып отырған екі түрлі символдардың да өзіндік ерекшелігі бар. Екінші айтып отырған жалпыадамзаттық символдардың астарындағы мән – олардың танымдық жүйесіндегі мифтік сананың ортақтығының, кейбір туыс емес халықтар арасындағы рухани туыстықтың аражігінің ажыратылмағандығында және «көшпелі сюжеттердің» кезінде етек алауында деп қарағанымыз жөн. Жалпы символ – мифтен кейін тұратын, яғни екінші реттегі құбылыс. Символ - әлем халықтарына ортақ немесе белгілі бір топтарға (территориясына, тіл туыстығына, дініне) арнайы тән болуы мүмкін. Символды тарихи құбылыс дейтін болсақ, ол нешебір заматтардың қатпарын бойына сіңіре отырып, жалқы, тұтас дүние құрайды. Сол символдар – мифті жеткізуші, мифті «тасушы», келесі бір дәуірге, әлемге қайта «жаңғыртушы» құбылыс ретінде қызмет атқарады. Символ ретінде қалыптасқан ұғымдардың астарынан біз мифті қарастыруымызға болады. Бұл жерде барлық символдық жүйенің астарында миф жатыр деген ұғымнан аулақпыз әрине. Яғни мәдени-көркемдік, әдеби-тарихи процестер тұрғысынан алар болсақ, әр символ – күрделі құбылыс.
Бекіту сұрақтары:
1.Символ ұғымына түсінік беріңіз.
2. Символдың мифологияға қатыстылығын анықтаңыз.
2.Тіршілік символдары қандай?
№3 слайд.Символ және оның мифологияға қатыстылығы (қосымша).
