Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gulnaz.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.9 Кб
Скачать

2.Мифопоэтикалық әлем моделі

Әлем моделі жалпы алғанда бүкіл әлем туралы түсініктердің қысқартылған және қарапайымдалған бейнелеуі, яғни әлемнің ішкі дәстүрлерінің жүйеленген, барлық оперативтік аспектілеріндегі көрінісі.

«Әлем» деген ұғымның өзін, яғни сипаттап отырған модельді өзара іс-әрекеттегі адам мен қоршаған орта деп түсіну қажет. Бұл өз кезегінде әлем – адам мен орта туралы ақпараттардың қорытылған нәтижесі, оның үстіне «адамдық» құрылым мен (кестелер) сызбалар жиі ортаға экстрополизацияланып, тілде антропоцентристік ұғым ретінде сипатталады.

Әлем тілінің мифопоэтикасы үшін табиғатпен өзара әрекет маңызды болып табылады. Өйткені онда табиғат сезім органдарының (органикалық рецепторлар) алғашқы мәліметтерді қорытуының нәтижесі емес, таңбалар жүйесінің көмегімен алғашқы мәліметтерді екіншілік қайта кодтау нәтижесі ретінде көрініс табады. Басқаша айтқанда, әлем моделі алуан түрлі таңбалар бейнесінде жүзеге асырылады. Мифопэтикалық сана үшін олардың бірде біреуі (таңбалар) толықтай тәуелсіз емес, өйткені олар өзара ұйымдастырылған біртұтас әмбебап жүйеге бағындырылған.

Мифопоэтикалық әлем моделі алуан түрлі дерек көздері арқылы жанданып, қалпына келіп отырады. Олар палеонтологиялық және биологиялық мәліметтерден бастап, қазіргі архаикалық ұжымдардың этнографиясы мәліметтеріне дейін қазіргі адам санасында қайта жаңғыруы (түс көру символикасы мен көркем шығармашылығына қатысты т.б.) мүмкін.

Әлем моделінің шартты түрде бірдей және тұрақты кезеңін космологиялық немесе мифопоэтикалық деп атайды. Оның ең жоғарғы шекарасы ретінде Таяу Шығыс, Орта теңіз, Үнді және Қытайда өркениеттің пайда болуына негіз болған дәуірді жатқызуға болады. Осы кезеңдегі әлем туралы түсінік пен қарама-қайшылықтарды шешудің басты тәсілдері миф, мифология болып табылады.Мұнда ол – мифтердің жүйесі ғана емес, хронологиялық тұрғыдан тарихи және жаратылыс ғылымдарының түрлеріне қарсы тұра алатын және үздіксіз тұтастыққа бағытталған ритуал ретінде түсінілді.

Космологиялық дәуірдің мәтіндерінің бастапқы және негізгі хүйесін үш түрлі сызбада көрсетуге болады:1) космологиялық сызбалар (космогоникалық мифтер), 2) туыстық және некелік қатынастар жүйесін сипаттайтын сызбалар; 3) мифотарихи дәстүрлер сызбасы. Соңғы сызбалар мифтер мен шартты түрде атауға болатын «тарихи» аңыздардан тұрады.

Мифопоэтикалық ойлауда (Қалай жасалған? Қайдан пайда болған? Неліктен? ) объектілерді анықтауда әлемнің актуалды бейнесі міндетті түрде космологиялық сызбалармен және «тарихи» аңыздармен байланысады. Өйткені ол- бастапқы кезеңде пайда болған қабылдаудың басты үлгісі ретінде қызмет ететін – басты үміткер (претендент).

Соған орай «тарихи» аңыздар генеалогиялық сызбалармен, туыстық және некелік қарым- қатынас сызбаларымен бірігіп, аталған социумның уақыт диапазонын жасайды, яғни «ұрпақ» терминінде көрінетін – ұрпақтан ұрпаққа, бабадан келешек ұрпаққа, атадан балаға т.б. Сондықтан миф, яғни мифологиялық «тарихи» аңыздар бойына екі аспектіні біріктіреді- диахронды (өткен дәуір туралы әңгіме) және синхронды (қазіргіні, кейде келешекті түсіндіру туралы) .Мұндай диахрония мен синхрония арасындағы ажырамас байланыс - мифопоэтикалық әлем моделінің ажырамас бөлшегі.

Мифопоэтикалық әлем моделі көп жағдайда тепе-теңдікті (немесе ерекше байланыстылықты, бағыныштылықты) макрокосма мен микрокосма табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдікті білдіреді. Бұл тепе-теңдік кеңістік пен бүтіндей жердің антропоморфтық модельденуінің көптеген мысалдарын түсіндіріп қана қоймай, тұрмыстық саланың – үй-жай, тұрмыстық заттар, ыдыс-аяқ, киім-кешек, дене мүшелеріне қатысты тілдік және тілден тыс деңгейдегі қолданыстырды (таудың басы, үстелдің аяғы, жиналыстың аяғы т.б.), тілдегі жансыз объектілердің антропоморфтану жағдайларын (бейнелі жүйелерде, бейнелеу өнерінде т.б.) көрсетеді.

Мифопоэтикалық әлем моделі космосқа бағытталған, сонымен байланысты әлем моделі, ең алдымен, ғалам– кеңістік – уақыт (кеңістік пен уақыттың байланысы, біртұтас континиумға сәйкес бейнелер – аспан және әлемдік шежіре(мировое древо) және т.б. анықтап сипаттауды, кеңістік пен уақытты ұйымдастыруды мақсат етеді.Оның ішінде неғұрлым сакральды орындарды көрсету, максимальды космологиялық нүктелер – әлемнің орталығын және оның абстракты және конкретті бейнелерін, уақыттың басы, яғни жердегі уақыттың басы, яғни жасаушының пайда болуы, тіршіліктің пайда болу уақыты, кеңістіктің сакралды белгіленген нүктелері – «әулиелер», «әулие жерлер» және уақытты – «қасиетті күндер», мейрамдар, энтропикалық ағымдарға қарсы күресу үшін (хаосты игеру үщін), кеңістік пен уақытты «космологияландыру» құралы, себеп-салдарды( космологияланған ғаламдағы жалпы жүйелерді анықтау: «қалыптасып жатқан, қалыптасатын, өзгеретін, яғни бәрін анықтауға болатын», бәрі сәйкес келетін қайсыбір өлшемдерді анықтау (Ежелгі Индиядағы әлемдік заңдар, ежелгі гректердегі Дике және логос, ежелгі Мысырдағы Маат және т.б.), этикалық (жақсы және жаман,жағымды және жағымсыз, шектеулі және шектеусіз, міндетті және міндетті емес т.б. салаларды анықтау және оларда адамгершілік ұстанымдарды практикалық іс-әрекеттерде белгілеу, этикалық «жасау» және т.б.), сандық (ғаламның сандық сипаттамасы және оның жекелеген бөлшектері, сакралды сандарды, адам өмірінің ең маңызды жауапты сәттерін анықтау (үш, жеті, тоғыз, он екі т.б.), хаостың бейнесі ретіндегі жайсыз сандарды анықтау т.б.

Мифопоэтикалық әлем моделіне бриколожа логикасы тән (фр. brocoler « играть отскоком», яғни « мақсатқа жетуде жанама жолдарды пайдалану»). Мифопоэтикалық сананың ең түпкі қойнауларында әр түрлі бейне-сипаттардың бинарлы (жұп, қосар) жүйесі қалыптасады да, оның жиынтығы әлем моделі семантикасын сипаттаудың неғұрлым универсалды құралы болып табылады.Әлбетте, бір-біріне қарама-қарсы қойылған 10-12 жұп белгілердің соған сәйкес жағымды-жағымсыз мағыналары болады.Бұл кеңістік құрылымын сипаттауға байланысты аталған қарама- қарсылық (аспан-жер, жоғары-төмен, оң-сол, батыс-шығыс,солтүстік-оңтүстік), уақыт координатымен байланысты (түн-күн,көктем (жаз) –қыс(күз), түсті сипаттауға арналған (ақ-қара немесе қызыл-қара), сондай-ақ табиғи- харатылыс пен мәдени-әлеуметтік бастаулар шегіндегі қарама- қарсылықтар (дымқыл- құрғақ,шикі- піскен, от-су), әлеуметтік сипаты анық көрініп тұратын (ер- әйел, қарт- сәби), әр түрлі мағыналарда – жас ерекшелігі, генеалогиялық (баба-ұрпақ), қоғамдық (жат- жақын, алыс- жақын, ішкі- сыртқы): бұған жалпы кең ауқымдағы қарама- қарсылықтар да жатады- сакралды- пенделік(профаникалық) : бақыт-қайғы,өлім-өмір және неғұрлым абстрактілі сандық белгілер: жұп-тақ.

Осындай жұптық белгілердің жинағы негінде алғашқы сананың қоршаған дүниені, әлемді игерудің тиімді құралы, әмбебап белгілер жиынтығы құрастырылады.

Мифопоэтикалық әлем моделі үшін кеңінен тараған символдардың қатарына сапалық жағынан (семантикалық қарама-қарсылықтар жүйесі арқылы), әрі сандық жағынан сипатталатын әлемдік ағаш (мировое дерево) түрі жатады. Егер мифолоэтикалық сана үшін сандар таза сандық қатынаста ғана емес, көп жағдайда субстантивтілік «сапалық» аспектіде көрінетіндігін ескеретін болсақ,онда сандар әлемнің сыртқы өлшемдерін немесе оның бейнесін (әлемдік шежіренің), оның бөлшектерінің қарым-қатынасын ғана анықтап қоймайды, сондай-ақ әлем моделінің сапалық белгілерін де анықтайды.Олай болса, сан әлемге еніп қана қоймай, оның жоғары мәнін анықтаушы,тіпті болашағына болжам жасаушы болып шығады. Ендеше, сан бриколожа құралы ретінде қолданылады.

Бекіту сұрақтары:

1.Тіл және ойлаудың арақатысын анықтаңыз.

2.Тіл және миф, олардың өзіндік сипатынта түсінік беріңіз.

3.Мифопоэтикалық әлем моделі дегеніміз не?

2 слайд.Тіл және ойлау.Тіл және миф. (қосымша)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]