- •1. Әлемнің тілдік бейнесі және мифология
- •Мифтің қоғамдық белгі-бедерін Мирча Элиаде былайша өреді: «Жалпылама ортақ мәнінде ілкі қоғамдардағы миф жөнінде былайша түйін жасауға болады:
- •Дәріс №2. Тіл және ойлау.Тіл және миф.
- •2.Мифопоэтикалық әлем моделі
- •Дәріс №3. Символ және оның мифологияға қатыстылығы
- •2.Тіршілік символдары және символдар өмірі
- •Іі.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі мифопоэтика көріністері
- •2.Соңғы жылдары табылған еңбектерінде тілдің шығуына қатысты пайымдаулары
- •2.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі космонимдік атаулар арқылы жасалған кісі есімдері
Дәріс №1. Әлемнің тілдік бейнесі және мифология
Дәріс жоспары:
1. Әлемнің тілдік бейнесі және мифология
2. Миф – дүниетаным
1. Әлемнің тілдік бейнесі және мифология
Поэтикалық тіл (поэтический язык) –поэтикалық, көркемдік,эстетикалық қызмет атқаратын тіл. Поэтикалық тіл ұғымы алғашында поэзия тіліне қатысты болғанымен, кейін жалпы көркем әдебиет тілінің ерекше сатысын білдіру мәнінде «көркем тіл» тұрғысында жұмсала бастады. Поэтикалық тіл әрі өнертану,, поэтика, әдебиет теориясымен әрі тіл білімінің стилистика, лингвистикалық поэтика салаларымен байланысты (Қалиев, Тіл білімі сөздігі, Алматы, 2012, 219 б.).
Қазақтың ұлттық таным көкжиегінде мифологияның алар орны зор дейтін болсақ, ол ғылым саласы ретінде бүгінгі таңда енді-енді бойын тіктеп келе жатыр. Біз бүгінгі ғылым арнасында мифологияны, соның ішінде дербес ғылым саласы ретінде танып, оған жаңаша көзқарас танытып отырғандықтан, түп тамырында үш бірліктің жатқанын айта кетуіміз жөн. Олар: наным, дін, философия. Осы аталған тұжырымдарды таратып айтар болсақ, адам баласы дүниеге алғаш келіп, оң мен солын енді танып, қоғам мен табиғатқа өзінше бейімделе бастаған кезде, жеке көзқарасын бекітті. Яғни табиғат пен адамның өзара бірлігін, ажырамас дихотомиялық күш екенін өздері-ақ бағамдап берді.
Бірақ соңғы онжылдықта қазақ мифологиясы ғылымда болмаған үлкен жаңалыққа ие болды. Яғни басқа, жоғарыда аталған ғылым салаларынан бөлініп, дербес сала болып қалыптасып, өз отауын бөлек шығарды. Бұл құбылыс бүгінгі мәдени мұрамызды игеріп, жоғымызды түгендеп, өшкенімізді жандыратын, өлгенімізді тірілтетін аса бір маңызды бір функцияға ие. Біздің бүгінгі қоғамға керегі де осы. С.Қондыбай осындай қазақ мифологиясын бұрынғы «құлдықтан» шығарудың ең басты мақсаты мынада деп таниды: «Арғықазақ мифологиясын реконструкциялау. Бұл – қазақтың тілі мен ауыз әдебиетіндегі, әдет-ғұрпы мен рәсім-жоралғыларындағы, сенім-нанымындағы, қолөнеріндегі, т.б. өмірлік ұстанымдары мен тәлім-тәрбиелеріндегі «мифтік» деп есептеуге болатын тетіктерді, қарым-қатынастарды қарапайым схема түрінде реконструкциялап көрсету. ... Жеке сөздер мен тұтас мәтіндердегі (күнделікті тілдегі, ауыз әдебиетіндегі, есімдер мен жер-су атауларындағы, т.б.), этнографиялық материалдарды (әдет-ғұрып, салт-жоралғы, сенім-наным, т.б.) ұмыт болған мифтік болмысты көрсетумен қатар «мифтік табиғасы бар» деуге болатын дербес ұғымдарды, сөздерді, атауларды мүмкін болғанынша толық түгендеп, жүйелеп, бүгінгі қазққа қайта таныстыру деген сөз».
Қазақ мифологиясы – шеті-қиыры жоқ, түпсіз терең тұңғиыққа бойлаған әлем, кеңістікті дүние. Қазақ мифі типологиялық сипаты жағынан әлем халықтарында, әсіресе, түркі елдерінде кездесетін мифтерге ұқсас. Тәңір, Ұмай, Бабай Түкті Шашты Әзиз, Еміре, қырық шілтен, үббе т.б. кейіпкерлердің әралуан нұсқада түркі халықтарының көпшілігінің мифологиясынан ұшырасуы – Түркі қағанат қалыптаспаған бағзы заманаларда-ақ ортақ танымдық кеңістік болғандығының айғағы. Тәңірлік діннің, тәңірлік танымның таралуы, оның қазақ дүниетанымында кеңінен орын алуы сол түркілік діннің халық арасында нық, берік сақталуында, сенім-нанымдардың тапжылмай ретімен жетуінде. Қазақ мифологиясы - өзіндік диалектикалық-логикалық жүйеге ие синкретті жанр. Халықтық таным мен сана, ойлау мен пайымдау жиынтығы, ұлттық талғам мен зерде тоғысқан арна ел жадына сіңісіп, символикалық не логикалық тәсілге айналады. Мифопоэтикалық ойлау жүйесіне сәйкес, халықтық таным мен болмыс қай өнер түрінде болмасын, бейнеленеді. С.Қондыбайша айтсақ: «Киелі Қазақтың Мәңгі елі – реалды географияда емес, біздің санамыз бен түйсігімізде, яғни әрбір қазақтың ішінде орналасқан, әбден тұмшаланып, шаң басып, танылмай жатқан «ішкі елімізде». Міне, мифология – осындай кеңістікті қайтадан танып білуге жол ашып беретін кілттердің ішіндегі негізгісі. Қазіргімізді, өздеріміздің кім екенімізді (яғни, мұсылмандығымызды) естен шығармай, өткен заманның ұмыт болған қабаттарының бетін аршып алуға, естен шыққан Рухты, Киені, Ділді, Танымды еске түсіруге мүмкіндік беретін әдіс те – осы мифология».
Ерте дәуір адамдарының өмір, қоғам, табиғат, дүние туралы түсініктері, көзқарасы, түсіну, таным ерекшелігі сәбилік сана-сезімі ғасырлар бойы ауызекі тарап келген аңыз-әңгімелер мен халық санасына сіңісті болған мифологиялық үлгілерден анық білінеді. Миф ұғымына С.Қондыбай мынадай анықтама береді: «Миф – нақты бір тарихи уақытта, нақты бір географиялық кеңістікте (жертарапта), нақты бір саяси, әлеуметтік, мәдени, шаруашылық жағдайында тірлік етіп жатқан адамзат қоғамының (социумның) өзі өмір сүріп отырған орта (уақыт пен кеңістік) туралы, ғалам туралы, оның қалай пайда болғандығы, адамға ықпал ететін ішкі-сыртқы күштер туралы, өз қоғамының ғаламдағы орны, дәлірек айтқанда, «түсіндім» деген стереотипі».
