Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМҚ-503 ЕДШ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.89 Кб
Скачать

Өміртай Сымбат

1. Салауатты өмір салты дегенімз не?

3. Бүйрек аурулары және зәр шығару жүйесінің аурулары кезіндегі емдік тамақтану?

3.Дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатындардың дәрігерлік бақылауын ұйымдастыру?

Жауаптары:

1) Бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жастарда өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген, дұрыс дене дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыруға, қозғалыс білік-дағдыларын физикалық жетілдіруіне ықпал етеді, қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз етеді, тиімді кәсіби қызмет үшін функционалдық, әлеуметтік бейімделу және психикалық орнықтылықты қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын іске асырады, салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салауатты өмір салтын дамытуды қалыптастырады.

2) Жіті нефрит сауығу кезеңінде, созылмалы нефрит, пиелонефрит, гипертониялық ауру және басқа да жағдайларда, қажет болған жағдайда, жүкті әйелдерде нефропатия кезінде №7 емдік тамақтану столы ұсынылады. №7 тұссыз диета қалыпты ақуызда . Құрамында ас тұзының өнімдерінде шамамен 2 г; С, Р және В витаминдердің дозасы ұлғаяды.Нефротикалық синдромы бар науқастарда және бүйрек функциясы сақталған науқастарға № 7 диета тағайындалады құрамында ақуыз көтеріңкі , липотропты факторлардың, жартылайқаныққан майлы қышқылдар және витаминдер. Рұқсат етілетін тағамдаркелесідей: шай, ащы емес кофе, жеміс және көкөніс шырындары,итмұрын қайнатпасы, компот. Жұмыртқа 2 дана, тәулігіне. Қайнатылған күйінде немесе омлет күйінде. Майсыз сорттары, ет және құс еті сиыр еті, бұзау еті, шошқа еті майы жоқ жерінен, қой еті, қоян еті, үндік еті және тіл. Етті қайнатамыз, содан кейін қыздырып пешке пісіреміз немесе қуырамыз. Майсыз сорттары балық. Балықты қайнатып болған соң пісіруге де болады, қуырыпта дайындауға болады. Әр түрлі жарма және макарон өнімдері кез келген түрінде тағайындауға болады.

3) Спорттық медицина ұйымдарының құрылымына мыналар жатады: Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері, спорт медицинасы және оңалту орталығы, спорт объектісінің медициналық пукті жұмыс атқарады.Бұл ұйымдардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етуді, дәрігерлік бақылауды, емдік дене шынықтыруды және оңалтуды жүзеге асыру; 2) спорттық жарыстарды медициналық қамтамасыз етуді, сондай-ақ, және оқу-жаттығу сабақтарын, оқу-жаттығу жиындарын қамтамасыз етуді жүзеге асыру; 3) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз ету бойынша жалпы емдік желілер ұйымдарының қызметін үйлестіру; 4) халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы халықтың әртүрлі жастағы және кәсіби топтарын сауықтыру.

Незамидинов Алтынбек