- •Жоспар:
- •Кеуденің алдыңғы жағынан перкуссия ету реті:
- •Өкпенің төменгі шегін анықтау.
- •Өкпенің төменгі шекаралары.
- •Өкпе жылжымалылығының екі түрі бар:
- •1. Везикулярлық тыныс.
- •Везикулярлық тыныстың бәсең естілуі.
- •2. Бронхылық тыныс.
- •Патологиялық бронхылық тыныс түрлері:
- •Кеуде қуысында пайда болатын қосымша тыныс шулары.
- •Сырыл.(ronсні)
- •Плевра үйкелісінің шуы.
- •Плевра үйкелісінің шуына тән ерекшеліктер:
- •Бронхофония.
- •Бронхофонияның күшеюі.
1. Везикулярлық тыныс.
Тыныс алған кезде альвеолалар ауаға біртіндеп толады, сондықтан альвеолалар іргесінің тербелісінен түзілген дыбыстар қосылып, ұзақ әрі жұмсақ, біртіндеп үдейтін үрмелі шу қалыптасады. Везикулярлық тыныстың ерекшелігі:
везикулярлық шу сипатына қарай жумсақ шу, және «ф» әрпін айту үшін ауаны ішке тартқанда туындайтын дыбысқа ұқсас.
везикулярлық тыныс алу фазасының толық қамтиды, тыныс шығару фазасының басында ғана естіледі.
везикулярлық тыныс кеуденің алдыңғы жағында, қолтық аймағында, жауырын ұшы аймақтарында жақсырақ естілсе, ұлпасы жұқалау өкпенің ұшы мен ең төменгі бөліктерінде нашарлау естіледі.
Везикулярлық тыныстың естілуі күшеюі де, бәсеңдеуі де мүмкін. Мұндай өзгерістер физиологиялық және патологиялық жағдайларда байқалады.
Везикулярлық тыныстың бәсең естілуі.
Физиологиялық жағдайда кеуденің бұлшықеттері немесе тері асты май қабаты қалыңдағанда, тынысты ақырын алғанда бәсендейді. Пато
логиялық жағдайда везикулярлық тыныстың бәсеңдеуі өкпе эмфиземасында (алвеолаларда ауаның мөлшерден артық шоғырланып, өкпенің жылжымалы лығы мен серпінділігі төмендегенде); обтурациялық ателектазда (бронх саңлауы ісікпен немесе бөгде зат түскенде бекітіледі); бронхопневмонияда; крупозды пневмонияның алғашқы сатысында (өкпе ұлпасы қабынып, алвео лалар қызметі бұзылады); плевра қалыңдағанда; кеуде қуысында бірікпелер қалыптасқанда; плевра қуысында ауа немесе сұйықтық пайда болғанда (гем оторакс, гидроторакс, экссудативті плеврит, пневмоторакс); тыныс жол дары ның саңлауы тарылганда (көмей, кеңірдек немесе бронхылардың тарылуы, ісінуі, түйілуі) байқалады. Везикул ярлық тыныстың бәсендеу себебі тек өкпе ұлпасынан ғана емес, басқа ағзалардың зақымдануымен де байланысты. Мысалы: кеуденің бұлшықеттері немесе нерв талшықтары қабынса, науқас аяншақтап, ақырын дем алады, ал қабырға сынғанда немесе жарылған да ауырсыну салдарынан науқас үстіртін тыныс алатындықтан везику лярлы тыныс бәсең естіледі.
Везикулярлық тыныстың күшеюі.
Физиологиялық жағдайда везикулярлық тыныстың күшеюі ауыр жұмыс істеп немесе жүгіргеннен кейін, жиі әрі терең тыныс алғанда, ересектермен салыстырғанда алвеолалары мен алвеолааралық перделері өте серпінді, кеудесінің қабырғасы жұқа жас балаларда байқалады. Жас балаларда естілетін везикулярлық тыныс пуэрильді (puer - бала, мальчик) деп аталады.
Патологиялық жағдайда везикулярлық тыныстың күшею себептері: дене қызуының көтерілуі, жемсау ауруынан зат алмасу процесінің күшеюі, пневмоторакс, гидроторакс, гемоторакс, экссудативті плеврит, қатерлі ісіктер, абсцесс, ателектаз сияқты өкпенің көлемді өзгерістері, Куссмауль тынысы. Везикулярлық тыныстың патологиялық сипатта өзгеруінін, түрлері төмендегідей:
1. везикулярлық тыныстың қатаюы (жесткое везикулярное дыхание)
2. везикулярлық тыныстың саккардты үзілмелі немесе дем шығарғанда үзаруы (саккадированное или прерывистое дыхание).
3. бронхылы - везикулярлық немесе аралас тыныс. Везикулярлық тыныстың қатаюы бронх саңлаулары тарылғанда
немесе ісінгенде яғни бронхитге, трахеитте, бронхопневмонияда, демікпеде байқалады. Бұл кезде везикулярлық тыныс бір тегіс емес, дөрекі, қатты естіліп, тыныс шығару фазасы ұзарады. Везикулярлық тыныс күшейгенде қатаюдан айырмашылығы ол жұмсақ, бір тегіс, күшті болып естіледі.
Үзілмелі, саккардты везикулярлық тыныс науқас салқын бөлмеде тоңып, оның тыныс алу бұлшықеттері біркелкі ырғақты жиырылмай дірілдегенде немесе жүйке жүйесінің әсерінен қалтырағанда, ұсақ бронхылардың саңлауы шырышпен немесе кілегей қабығы ісінгендіктен тарылып, ауаның тыныс жолдары арқылы таралуына кедергі пайда болғанда кездеседі.
Егер осы саккардты, үзілмелі тыныс өкпе ұшы аймағында естілсе, бұл осы аймақта туберкулез процесінің дамығандығын білдіруі мүмкін.
Бронхылы - везикулярлық немесе аралас тыныс өкпенің оң жақ бөлігінің ұшынан, бұғана үсті аймағынан және кішігірім нығыздалған ошақ аймақтарын тыңдағанда естіледі. Аралас тыныстың өкпенің оң жақ белігінің ұшынан естілу себебі оң жақ бөлік ұшының бронхы көлденендеу әрі сыртқа қарай жақындау жайғасқан. Тыныстың бұл түрі іріңге жартылай толған абсцесс, өкпе бөлігін толық қамтымаған қабыну процесі т.б. осысынды патологиялық жағдайларда естіледі.
