Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиникалық тексеру әдістері!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.51 Кб
Скачать

Тері асты май қабатының дамуы.

Тері астының май қабатының даму дәрежесі туралы науқастың салмағын өлшегеннен кейін, пальпация көмегімен май қабатының қалыңдығын анықтағаннан кейін мәлімет алуға болады. Тері асты май қабатыныңөтежақсы дамуы семіздікке тән. Семіздік экзогендік жэне эндогендік факторлар салдарынан дамиды. Экзогендік факторларға; құрамында холестерині көп тағамды жиі қолдану, гиподинамия жатады. Эндогендік факторларға ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы жатады. Тері асты қабатының нашар дамуы гипотрофия деп аталады. Гипотрофияның 3 дәрежесі болады;

I дәрежесінде терітургоры төмен, тері түсі ақшылданады

II дәрежесінде кеудедегі май ұлпасы жойылған, тері бос, құрғақ және тез қатпарланады, терінің созылғыштық қасиеті төмендеген.

III дәрежесінде тері асты май қабаты толық жойылған, тері құрғап әжім басқандықтан тез қатпарланады, бет әлпетінде қартайғандық байқалады, терінің түсі ақшыл сүр түстес болады. Гипотрофияның ең соңғы даму дәрежесі кахексия деп аталады, ол қатерлі ісіктерде, созылмалы инфекцияларда (туберкулезде) кездеседі жэне қалқанша без, ұйқы безі, гипофиз безі ауруларыпың негізгі симптомы болып табылады. Гипотрофияның I -II дәрежесі толық, жақсы тамақтанбағандықтан және ас қорыту жүйесі аурударында, ұзақ үздіксіз ққсқанда байқалады.

Жеке мүшелерді қарап зерттеу.

Жеке мүшелерді тексергенде науқастың бет әлпеті, басының көлемі мен бітімі, көзінің, құлағының, мұрнының мойын тұсындағы және ауыз қуысындағы өзгерістер мен ерекшеліктерге мән беріледі. Көптеген аурулардың салдарынан адамның бет әлпеті өзгереді.

Патологиялық жағдайларда кездесетін бет – әлпеттер.

1.Акромегалия ауруына тән бет әлпет; науқастың бет сүйегі мен мұрны үлғайып, қас үсті доғалары мен иегі шығыңқыланып, тістері бір бірінен алшақтап, аяқ қолдары ұзарады.

2.Микседема ауруына тән бет-әлпет; - қалқанша бездің қызметі төмендегенде науқастың терісі сарғыш тарта, бет әлпеті дөңгеленіп, көз жанары сөніп, топас селқос кейіпте болады.

3.Иценко-Кушинг ауруына тән бет - әлпет; науқастың беті дөңгеленіп, қызарып, терісі жылтырап, әйелдерде сақал мен мұрт өседі.

4.Арыстан бет - алапес ауруына тән; көз астындағы тері мен қас үстіндегі терісі түйіп тәрізді қалыңдап, мұрны жалпайып тұрады.

5.Балауыздай сүр бет; науқастың Аддисон Вирмер анемиясымен терісі ісініп, ақшыл сарғыштанып тұрады.

6.Паркинсон ауруына тән бәт; энцефалитке (мидың қабынуы) науқастың бетінде амимия байқалады. Амимия бұл бет бұлшық етін қимылдата алмаушылық.

7.Митральдық бет әлпет; митральды қақпақша ақауында кездеседі, науқастың бетінің ұшы көкшіл қызғылттанып тұрады.

8. Гиппократ бет әлпеті; өткір хирургиялық ауруларда (перитонитте) кездеседі, науқастың жағдайы өте нашар кейіпте болады, денесі қатты бозарып, суық тер шығады, беті қушиып, көзі шүңірейіп, жүзінен енжарлық байқалады.

9. Бүйрек ауруына тән бет әлпет; науқастың беті ісінеді, әсіресе көзінің айналасы мен қабағы, беті ісінгендіктен көзі сығырайып, терісінің түсі ақшыл бозғылт болады.

10. Базедов ауруына тән бет әлпет науқастың бетінен шыдамсыздық, шапшаң әрекетке бейімділік көрінеді, бетінің өңі кетіп, екі көзі шарасынан шығып бадырайып кетеді .

11. Корвизор бет әлпеті; созылмалы жүрек ауруларында кездеседі. Науқастың терісінің түсі ақшыл сары, беті көгеріп, ісінген, ісінгеннен солпиған қызғылттау еріндерін ашып, үнемі ауа қармағандай болып отырады.

12 . Сіріспеге тән бет әлпет; сіріспемен науқастың беті жиырылып, тырысады, өңі күлгін тартады.

13.Туберкулезбен ауырған науқастың бет әлпеті; беті қушиған, езі арық, терісінің түсі ақшыл, кірпіктері ұзын, екі бетінің ұшы қызарып тұрады.

14.Крупозды пневмониямен науқастың бет әлпеті; көзінің ақ қабағы аздап сарғайған, мұрын мен еріндерінде ұшық, бетінің ұшы қызарып, үстіртін жиі дем алғанда оның танауы делбеңдеуі мүмкін.

Науқас басының көлемін тексеру.

Науқас басының көлемінің ұлғаюы - гидроцефалияда (ми шеменінде) бас көлемінің кішіреюі - микроцефалия деп аталады. Ол тумыстан болған ақыл ес кемістігінде болады.

Ми кемтарлықтарының түрлері;

1.анэнцефалия - мисыз кемтарлық

2.микроцефалия - бассүйегі өлшемінің кішіреюі.

3.гемицефалия - ми жартысы дамуының жетіспеуі.

4. ми жарығының анықталуы (мозговая грыжа- цефалома, менингоцеле). Бұлар адамның ақыл есінің дамуына әсер етеді.

Олигофрения тумыстан болған ақымақтық. Олигофренияның даму дәрежесіне қарай 3 түрі болады:

I дәрежесі - дәрменсіздік (дебильность) бұл жеңіл формасы.

ІІ дәрежесі - ақымақтық немесе жарыместік (имбецильдік) бұл ауырлығы орташа формасы.

ІІІ дәрежесі - нақұрыстық (идиотия) жарыместіктің ауыр формасы.

Көзді тексеру. Көздің көлемі, көз қарашығының жағдайы, көз склерасының, көздің ақ қабығының түсі, қабақтағы өзгерістер тексеріледі.

Көздің шарасынан шығып кетуі - бадырақ көз «экзофтальм» Базедов ауруында байқалады. Экзофтальм бір жақты болса, ол ісік, қабыну процесстерінде және көз түбіндегі қан айналу бұзылғанда байқалады.

Энофтальм микседемада, перитонитте кездеседі. Қабақтың салбырап ісінуі - птоз деп аталады. Көздің қарашығы морфинмен уланғанда, ісіктерде, уремияда, ми ұлпасына қан құйылғанда тарылады. Көз қарашығының кеңеюі атропинмен уланғанда, геморрагиялық инсультте, коматозды жағдайда байқалады. Анизокария - көз қарашығьшың әр түрлілігі жүйке жүйесі мерезбен зақымданғанда байқалады.

Мұрынды тексеру- мұрынның формасы, терісінің түсі, көлемі және патологиялық элементтер ескеріледі.

Мұрын сүйегінің некрозы салдарынан мұрынның пұшық болуы мерез ауруында кездеседі.

Мұрын терісінің астынан ұсақ қан тамырлардың айқын көрініп, мұрын терісінің қызыл қоңыр түске енуі созылмалы маскүнемдікте байқалады.

Мұрын, бет пен жақ сүйектерінің үлғаюы акромегалия ауруына тән. Мұрын, ерін қатпарларының бір жақты тегістелуі геморрагиялық инсультте байқалады.