Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиникалық тексеру әдістері!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.51 Кб
Скачать

Дәрістің тақырыбы:Субьективті тексеру әдісі.Сұрастыру,анамнез жинау. Обьективті тексеру әдістері:жалпы қарау,пальпация,перкуссия,аускультация.

Дәрістің жоспары.

1. Анықтамасы

2. Сұрастыру,анамнез жинау.

3.Пальпация.

4.Перкуссия.

5.Аускултация.

Клиникалық тексеру тәсілдері екі түрге бөлінеді;

І. Негізгі тексеру әдістері.

ІІ. Қосымша тексеру әдістері.

Негізгі клиникалық тексеру әдістеріне: субьективті тексеру жәнеобьективті тексеру жатады.

Қосымша тексеру әдістеріне зертханалық және аспаптар жатады.

Субьективті тексеру әдісі (Сұқбаттасу).

Сұқбаттасу науқас туралы жалпы мәлімет жинаудан басталады жане ол төменде көрсетәлген кесте бойынша жүргізіледі.

1. Науқас туралы жалпы мәлімет (науқастың паспорттық мәліметі).Науқаспен сұқбаттасқанда науқастың аты-жөні, тегі, туылған жылы, айы, жынысы, мамандығы, жұмыс істейтін орны, тұратын мекен жайы, ауруханаға немесе емханаға келген күні туралы мәліметтер алынады.

2.Науқас шағымы. Науқас шағымын жинағанда ауруға тән негізгі және қосымша немесе жалпы симптомдарды бір бірінен ажырата білу керек.

3.Ауру анамнезі (anamnesis morbi - ауру анамнезі). Науқас ауруының тарихы. Науқаспен сұқбаттасу барысында төмендегі мына сұрақтарға жауап алу керек; науқас сырқаты қашан, қалай, не себептен кейін басталған, аурудың даму барысында байқалған өзгерістер, ауруға байланысты қандай тексерулер жүргізілді және олардың нәтижесі қандай, қандай ем шаралар қолданған, оның әсері нәтижесі қандай болды, сырқаттанғанға дейін осы аурудың белгілері байқалдыма, байқалған болса қалай, жиілігі және не себептен кейін байқалды. Науқастың дем алу, тамақтану тәртібі, тұрмыс жағдайы мен жұмыстағы жағдайы туралы мәлімет алу. Науқас бұрын қандай аурумен ауырған, ауруының өршуі қандай жағдайда, не себептен кейін қайталаған, жүргізілген тексеру тәсілдері мен қабылдаған емдік дәрілері, олардың әсері. Науқасты емдеу мекемесіне келуге мәжбүр еткен себеп .

4.Өмір анаменззі (anamnesis vitae) немесе науқас өмірінің тарихы.

Науқастың өмірбаяны туралы мәлімет жинау негізгі аурудың пайда болу себептерін анықтауға көмек береді. Ол үшін төмендегі сұрақтарға мәліметтер жинау керек: Науқастың туып өскен жері мен оның ерекшелігі, ата анасының жасы, денсаулығы мен отбасына байланысты деректер; науқас қандай отбасында, қандай жағдайда, нешінші перзент болып дүниеге келді, қалай өсіп жетілді, неше жастан мектепке барды, өмірінің әр кезеңіндегі яғни нәрестелік, балалық, жасөспірімдік, ержеткен кезіндегі денсаулығы, дене құрылысының қалытасуында байқалған ерекшеліктер. Білім деңгейі, еңбекке кіріскен жылы, жасы, жұмыс орнындағы зиянды факторлар. Егер науқас әйел болса, етеккір циклінің басталған уақыты, оның ерекшіліктері, жыныстық қатынаста, жүктілік кезінде, босанған және босанғаннан кейінгі кезеңде байқалған өзгерістер. Науқастың өзінің отбасының жағдайы; тұрмыс құрған уақыты, неше балалы, балаларының денсаулығы, тұрмыс жағдайы, тамақтану, дем алу ерекшеліктері. Науқастың зиянды әдеттері; маскүнемдік, темекі шегу, нашақорлық жэне организіміндегі инфекция ошақтары. Науқастың балалық, жасөспірім кезде ауырған инфекциялық аурулары және ата анасындағы, туған туыстарындағы, өзінің отбасындағы аурулар; мысалы: туберкулез, жыныс ағзаларының жұқпалы аурулары, ер адамдармен әйелдерге тән аурулар және тұқым қуалайтын аурулар. Науқастың табиғатпен, үй жануарларымен байланысы қандай жэне қандай шет елдерге щыққаны туралы сұрау.

Аллергиялық анамиез.

Науқастың қандай тағамға, тағам құрамындағы заттарға, дәрі дәрмектерге аллергиясы бар екендігін сұрап анықтау.

Обьективті тексеру тәсілі (status praesens).

Обьективті тексеру төмендегі жоспар бойынша жүргізіледі:

1.Науқасты жалпы қарау.

2.Пальпация (сипау) .

3.Перкуссия (тықылдата тыңдау).

4.Аускультация (тыңдау).

Жалпы қарап тексеру реті:

Науқастың жалпы жағдайын бағалау. Науқастың жағдайықанағаттанарлы, ауырлығы орташа, ауыр, өте ауыр түрде болады.

Науқастың ес- санасын тексеру. Науқастың ес санасы анықяғни дұрыс немесе анық емес болуы мұмкін. Егер науқас қойылғансұраққа толық анық әрі нақты дұрыс жауап берсе, есі анық, дұрыс болып бағаланады. Егер науқас қойылған сұрақтарға толық, анық әрі нақты жауап бермесе, бұл ес сананың бұзылысы болып табылады, ол мына түрлерде бағаланады;

Абыржу - науқас өз жағдайын дұрыс бағаламайды, тынышы кетіп мазасызданады, немқұрайлы қарап, сұрақтарға селқос жауап береді.

Ступор (мелшею) - қоршаған ортамен қарым -қатынасы қалыпты емес, сұрақтарға кешігіп, қиындықпен өте жай жауап береді.

Сопор (топастану) - науқас адам үйқыда болады, қойылған сұраққа қатты дауыспен айқайлап, жұлқылағанда ғана жауап береді де, қайтып ұйықтап кетеді, барлық рефлекстері сақталған болады.

Естен тану (кома) - науқас адам есінен танып, терең үйқыда болады, сыртқы тітіркенгіштерге жауап бермейді, рефлекстері жойылған. Кома төмендегі патологиялық процесстер салдарынан дамиды; олар қант диабеті, мидағы қан айналымның бұзлысы, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, алкоголь және морфинмен улану, безгек, эпилепсия, менингит. т.б.

Патологияларға байланысты коматүрлері төмендегідей:

1. Алкогольді кома.

2. Апоплексиялық кома. Команың бұл түрі ми ұлпасына қан құйылғанда дамиды.

3. Гипо және гипергликемиялық кома - қантты диабетте.

4. Бауыр комасы - өткір, созылмалы бауыр дистрофиясында, бауыр циррозында дамиды.

5.Уремиялық кома - өткір бүйрек улануында дамиды.

6. Эпилепсиялық кома - эпилепсия ұстамасы кезінде байқалады.

Ес сананың бұзылуы түрлі инфекциялық және психикалық ауруларда галлюцинациялар (көзге әр нәрсенің елестеуі, жалған есту, жалған сезім, сандырақтаудар) түрінде байқалады. Тексерубарысында науқастың психологиялық жағдайын бағалау (апатия-көңілсіздік, қозу, сандырақтау.т.б. керек).

Науқастың төсектегі жағдайы.

1. Активті жағдай; науқас өзі жүріп, тесекте ыңгайлы жағына қарай жатады.

2. Пассивті жағдай; науқас төсекте қозғалмай .

3. Мәжбүрлі жағдай немесе ортопноэ.

(КХЮ. Елисеев, 1999ж.) Науқастың төсектегі жағдайын мына түрлерде бағалауга болады. (Т.Сейсембеков. 1993 ж.).

1.Жеңіл күй қалып; науқастың өзін- өзі күту іс әрекетін еркін орындауға мүмкіндігі сақталған болады.

2.Амалсыз күй қалып; науқастың жағдайы ауыр, сондықтан науқас денесін төсекте белгілі бір қалыпта ұстауға мәжбүр болады.

3.Енжар күй қалып; науқас жағдайы өте ауыр, созылмалы ауруынан арықтап, әлсіреген немесе ессіз халдегі науқастар да байқалады.

Мойын тұсындағы көк тамырлары кеңейген жүрек ауруымен науқастың мәжбүрлі жағдайы.

Науқастың жалпы тұлғасын (habitus) зерттеу. Науқастың конституциясын зерттеуде патологиялар салдарынан өзгерген кеуде формалары, бойының ұзындығы, салмағы, қимыл қозғалысының сипаты, жүрісі тексеріледі. Генетикалық, экзогенді, эндогенді факторлар негізінде әр адамның тұлғасындаморфологиялық және функциональдық ерекшеліктер болады. Адам тұлғасын ешқандай өзгеріске ұшырамайды деп қарастыруға болмайды, себебі тұлға тұрмыс және жұмыс жағдайына, тамақтану тәртібі мен сыртқы орта әсерінен өзгерістерге ұшырайды.

М. В. Черноруцкий адам конституциясын - тұлғасын 3 түрге бөлінетінін ұсынды: 1. Нормостениялы, 2. Гиперстениялы, 3. Астениялы .

Астениялы тұлғалы адамдар; адамның бойы мен көлденең өлшемін салыстырғанда бойының өлшемі басымдау, мойны мен кеудесі ұзынша, бет пішіні сопақтау, йықтары салбырыңқы, қолтық шұңғылдары терең, аяқ-қолдары ұзын, құрсақ үсті бұрышы 90 градустан кем, кеуде іш көк еті төмендеу орналасқан, қабырғалары омыртқа жотасымен сүйір бұрыштана жайғасқан, қаңқа бұлшық еттері нашар жетілген, денесі арық болады. Асқазан ішек, бауыр шекаралары төмен түскен, жүрек көлемі гиперстениялы тұлғалы адамдармен салыстырганда кішкене болады. Астениялы адамдарда қан қысымы төмен және асқазан -ішек аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, өкпе ауруы (туберкулез) жиі кездеседі.

Гиперстениялы тұлғалы адамдар; бойы аласа, денесі толық, етжеңді, басы мен құрсақ көлемі үлкен, аяқ-қолдары мен мойны қысқа, кеудесі шалқақтау, йықтары тік, құрсақ үсті бүрышы 90 градустан артық, доғал, қолтық шұңғылдары таяз, жауырыны жалпақ, кеуде іш көк еті жоғары орналасқан, астениктермен салыстырғанда өкпеден басқа ішкі ағзаларының көлемі үлкен, қабырғалары омыртқа жотасымен тік бұрышқа жуықтана жалғасқан, бет әлпеті дөңгелек. Гиперстениялы тұлғалы адамдарда жиі қан қысымы жоғары, зат алмасу процесі астениктермен салыстырғанда баяу әрі төмен болады. Гиперстениктерде атеросклероз,семіздік,гипертония, өт қабы мен бүйрек тасы ауруы жиі кездеседі.

Нормастениялы тұлғалы адамдарда; бойы мен көлденең өлшемдері сәйкес, қолтық тереңдігі орташа, құрсақ үсті бұрышы тік бұрышқа жуық, йықтары тіктеу, бұлшық еттері қуатты әрі серпімді. Тұлғаның өзгерісі әр түрлі сырқаттықты бейнелейді: мысалы - туберкулез процесі омыртқа жотасын қисайтады, іш шеменінен кеуде тым көтеріліп, асқақтап кетуі мүмкін.

Науқастың қимыл қозғалысының сипаты түрлі неврологиялық патологияларда, қимыл тірек аппараты зақымданғанда өзгереді. Сұңғақ тұлға, еркін және жеңіл қимыл қозғалыс көңіл күйдің жақсы екендігін көрсетеді.

Ми ұлпасына қан құйылғанда адам аяғын сүйретіп басады, дене қызуы жоғарылағанда науқас теңселіп жүреді, орта жіліктің ұршығы шыққан бала үйректің балпаң жүрісімен жүреді.