Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі секреция!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.75 Кб
Скачать

Дәрістің тақырыбы:Ішкі секреция бездері ауруларымен зат алмасуында патологиясы бар науқастарды тексеру тәсілдері. Негізгі белгілері.Лабораториялық және аспаптық тексерулер.

Дәрәстің жоспары:

  1. Субьективті тексеру әдістері.

  2. Обьективті тексеру әдістері.

  3. Зертханалық зерттеу.

  4. Аспаптық зерттеу.

Сұқбаттасу.

Науқас шағымдары; әлсіздік, тез шаршау, тітіркенгіштік, ызақорлық, ұйқының бұзылуы, тез қажып, абыржып, кею, жадтың төмендеуі, дене қызуының жоғарылауы, тершеңдік, жүректің жиі соғуы, ентігу, буын және бұлшық еттердегі ауырсыну, апатия (көңілсіздік), интеллектің төмендеуі, бұлшық еттердегі тонустық тырыспа, шөлдеу, тәбеттің ерекше жоғарылауы, полиурия, ауыздың құрғауы, бас ауру мен бас айналу, құлақтың шулауы, көздің көруінің нашарлауы, дене салмағының кемеюі; жүдеу, терінің қышынуы, әйелдерде етеккір циклінің бұзылуы.

Ауру анамнезі.

Науқастың ауруы қашан, қалай, не себептерден кейін басталғанын және қандай инфекциялық аурулармен жиі ауырғандығын, созылмалы инфекция ошақтарының бар жоқтығын, қалқанша без ауруына байланысты қашан, қандай ота жасалғанын анықтап сұрау керек.

Өмір анамнезі.

Науқастың автобиографиясын жинау барысында отбасында қатты күйзелу, қорқу, қажу т.б. факторлардың орын алғандығын анықтау, дамуының барысында мысалы: жыныстық жетілу, климакс, босанғаннан кейінгі кезеңінде науқаста аурудыңқандай симптомдар байқалғанын мұқият талдап сұрау. Отбасы мүшелерінде, туған туыстарында созылмалы аурулардың (сусамыр, туберкулез, мерезд.б.) бар жоқтығын анықтау.

Қарап тексеру.

Науқастарды ішкі секреция бездері ауруларымен тексергенде

  1. Науқастың бет әлпетіндегі өзгерістер,

  2. Тері және тері асты қабатының өзгерістері,

  3. Денедегі шаш пен түктің өсу сипаты,

  4. Сүйек, буын және бұлшық еттердегі өзгерістер тексеріледі.

Қалқанша бездің қызметі жоғарылағанда, (тиреотоксикоз ауруында) науқастың көзі шарасынан шығып, бадырайып, кірпіктері сирек қағылып, бет әлпеті қорыққан адам кейпіне ұқсас болып, мойын тұсында қалқанша бездің көлемі ұлғайған болады. Қалқанша бездің қызметі төмендегенде (микседемада, гипотиреозда) науқастың бет әлпеті дөңгеленіп, көз жанары сөніп, науқас топас, селқос кейіпте болады. Гипофиз безінің патологиясы акромегалиямен науқастың қас үсті доғалары, иегі шығыңқыланып, мұрны мен аяқ - қолдары ұлғаяды.

Гипофиздің алдыңғы бөлігінде ісік пайда болып (макроаденома немесе микроаденома) қызметі жоғарылағанда акромегалиялық алыптық

(гигантизм) дамиды, ал қызметі төмендегенде өсу мен даму процесінің артта қалуы - ергежейлілік, инфантилизм әрі

гипогонадизм дамиды яғни жыныс ағзалары дұрыс қалыптаспаған және жыныстық белгісіз болып келеді, ер адамдарда түктің өсуі өз жынысына сай болмайды (бул евнухойдизм деп аталады). Осындай клиникалық симптомдар қалқанша бездің қызметі төмендегенде дамитын микседема ауруында да көрініс береді. Жыныс бездерінің қызметі төмендегенде әтектік (евнухоидтық гигантизм) байқалады.

Терідегі өзгерістер.

Микседема ауруымен науқастың беті ісініп, бозарып, сарғыш тартады, терісі дымқыл әрі салқын болады. Гипофиз безінің ауруы Иценко-Кушинг синдромында науқас беті қан кернеп, қызарады, саны мен ішінің терісі семіп, онда қызғылт күлгін түсті жолақтар пайда болады. Бүйрек үсті безінің жұмысы әлсіреп - Аддисон ауруы дамығанда, тері және кілегей қабықшалар қоңыр қола түсті болады. Қалқанша бездің қызметі жоғарылап тиреотоксикоз ауруы дамығанда, терісі жылтыр, жұқа, жылы, тершең болады. Акромегалиямен науқастың терісі қалыңдап дөрекіленеді, ал сусамырға шалдыққан науқастың терісі құрғақ, терісінде қасыған саусақ сызаттары, іріңдіктер (фурункулдер, карбункулдер) және холестерин шөгінділері пайда болады.Гипопаратиреозбен науқас терісінің түсі ақшыл бозғылт, ылғалды, беті ісіңкі және терісінде дерматоздар мен экземалар байқалады.

Шаш пен түктің өсу сипаты.

Жыныс бездерінің қызметі төмендегенде шаш пен түктің өсуі, ер адамдарда оларды әйелдерге ұқсастандыра өседі.

Акромегалиямен науқастарда шаш пен түк жылдам әрі көп өседі, микседема ауруында науқастардың керісінше қасы, мұрты, кірпігі, шашы түсіп қалады.