Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық зерттеу әдістері!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.2 Кб
Скачать

Бүйректің несеп сұйылту қызметін тексеру.

Тексерілетін адамға таңертең аш қарынға 30-45 мин ішінде ішуге 1,0-1,5 л. су немесе шай береді. Несепті әр 30 мин сайын 4 сағат бойы жинайды. Әр порцияның көлемі, салыстырмалы салмағы тексеріледі. Сау адам 4 сағатта ішкен судың 75% бөліп шығаруы керек. Осыған сәйкес несептің салыстырмалы тығыздығы 1003-1001-ге дейін төмендейді. Бүйректің қызметі нашарлай бастағанда 4 сағат ішінде бөлінетін диурездің мөлшеріде азаяды, салыстырмалы салмағы монотонды әрі 1006-1007-ден жоғары болады. Бүйрек қызметі анағұрлым нашарлағанда барлық порциядағы несептің салыстырмалы салмағы 1009-1011 шамасында болады. Бүйрек қызметінің жағдайын анықтайтын тікелей әдістер: І.Бүйрек клиренсін анықтау; 2.Реберг сынама тәсілі;

Бүйрек клиренсі (тазалау коэффициенті) бұл 1 минутта бүйректің белгілі бір заттан толық тазарған қан плазмасының мөлшері. Мочевинадан тазару клиренсі 75 мл минутқа тең.

Реберг сынама тәсілінде шумақ фильтрациясын (бүйрек клиренсі деп те қарауға болады), креатинин бойынша анықтайды. Науқас таңертең кіші дәретке отырғаннан кейін, уақытын белгілейді. Арада 1 сағат өткен соң, науқас арнаулы ыдысқа жиналған несебін зертханаға жібереді. Несеп құйылған ыдыстың қағазына «реберг тәсілі - 1 сағат ішіндегі несеп» деп жазылады, осымен қатар осы 1 сағат ішінде науқастың көк тамырынан қан алынады. Зертханада қан және несеп құрамындағы креатинин мөлшері анықталады.

Копрологиялық зерттеу (нәжісті зерттеу).

І.Нәжісті тексеру жолдары :

1.жалпы клиникалық.

2. химиялық,

3. микроскопиялық,

4. паразитологиялық.

5.бактериологиялық.

Нәжіс күрделі биохимиялық процесстердің нәтижесінде тағам құрамындағы заттардың ішекте ыдырап, соңғы өнімдерінің сіңуі салдарынан пайда болатын соңғы өнім. Копрологиялық зерттеу асқазан - ішек ауруларының диагностикасында қолданылады және асқазан ішек трактісінің қызметін бағалауға мүмкіндік береді.

Нәжісті жалпы клиникалық зерттеу. Зерттеу мақсаты; нәжістің физикалық қасиетін (мөлшері, консистенциясы, түсі, формасы, реакциясы, иісі), химиялық қасиетін (құрамындағы белок, қан, стеркобилин, билирубин) және микроскоппен қарағанда нәжіс құрамындағы шырыш, лейкоцит, эритроцит, эпителий, гельминт жұмыртқаларын т.б. тексеру.

Нәжісті зерттеуге алудан алдын науқасқа нәжіс түсін өзгертетін дәрі дәрмектерді мысалы; темір препараттарын қабылдамауын және ішке физиотерапиялық процедуралар жасауға болмайтынын және етеккір циклі кезінде нәжіс зерттеуге алынбайтынын ескерту керек. Нәжіс зерттеуге өзіндік дефекациядан кейін, және алынған нәжісті 12 сағат суықта тұрғызып жаңа, таза қалпында зертханаға тапсырылады. Жасырын қан кету себебін анықтау үшін науқасқа зерттеуден 3 күн алдын қатарынан балық, ет, көк өністер, темір препараттарын қабылдауына тиым салады. Зертханалық зерттеуге нәжіс таза, құрғақ, мөлдір зарарсыздандырылған ыдысқа алынады, сыртына науқастың аты жөні, бөлімнің аты, палата нөмірі, зерттеу мақсаты жазылады.

Нәжістің физикалық қасиеттері. Қалыпты жағдайда зерттеуге алынатын нәжіс мөлшері 100-250 гр. болуы керек. Нәжіс мөлшерінің 1,5 кг-ға дейін көбеюі созылмалы энтеритте, панкреатитте байқалады. Ал ашыққанда немесе белокқа бай тағамдарды қабылдағанда нәжіс мөлшері азаяды.

Түрі мен консистешдиясы. Нәжістің қалыпты формасы шұжық тәрізді , біркелкі, патологиялық жағдайларда түрі өзгереді. ( пастикалық колит кезінде нәжіс қой қомалағы тәріздес, тік ішек обырында лента тәріздес, энтеритте сұйық, іш сүзегі кезінде күріш қайнатпасы тәріздес болады.

Нәжістің өзіндік иісі болады және ол құрамындағы скатол мениндолға байланысты. Өте мүңкіген иіс шіріген диспепсия кезінде, обыр ыдырағанда байқалады.

Кілегей.Кілегей нәжісте әрең байқалатын қабат ретінде болады. Энтеритте кілегей ұсақ тамшы ретінде, ал колитте, сигмоидитте түйір ретінде байқалуы мүмкін.

Гельминттер.Нәжіс құрамында түрлі гельминттердің жұмыртқалары көзге көрінуі мүмкін мысалы; (аскарида, ішек құрты (власоглав), бәсір (острица).

Нәжісті химиялық жолмен зерттеу.(химиялық қасиеті).

Нәжіс реакциясы ішектегі микрофлораға байланысты қалыпты жағдайда нәжіс реакциясы нейтральды немесе әлсіз сілтілі. Ашу процесі басым болғанда реакциясы қышқыл болады, шіру процесі басым болғанда реакциясы сілтілі болады.

Нәжіс құрамында қалыпты жағдайда белок және қан анықталмайды.

Белок. Нәжісте ерітілген белоктың табылуы ішектегі қабыну процесінің белгісі болып табылады.

Аммиак.Аммиак қалыпты жағдайда 2-4 бірлікке тең. Нәжісте аммиак мөлшерінің көбеюі жуан ішектегі шіру процесінің қарқындылығын көрсетеді, ал 10 бірлікке жоғарылауы шіру процесінің күшейгенін дәлелдейді.

Жасырын қанды анықтау.

Жасырын қанды анықтау әдісінің мақсаты асқазан ішекте ойық жараның немесе обырдың бар жоғын анықтау. Ол үшін бензидин, перамидин, ортотолуидин байқауларын жүргізеді. Байқау оң болса нәжісте қан бар екендігі дәлелденеді.

Өт пигменттері. Қалыпты жағдайда нәжіс құрамындағы өзгермеген билирубин 3 айға дейіңгі емшектегі балалар нәжісінде кездеседі, ал баланың 9 айлық жасынан бастап стеркобилин анықталады. Нәжісті стеркобилинге тексеру нәжіс түсі қоңыр болмаган жағдайда жүргізеді. Стеркобилиннің нэжісте болмауы жалпы өт өзегі таспен немесе обырмен бітелгенде яғни механикалық сарғаюда, бауыр қатты зақымданғанда кездеседі. Стеркобилиннің көбеюі эритроцит гемолизі күшейгенде байқалады.

Нәжісті микроскопиялық жолмен тексеру.

Микроскопиялық тексеру тағам компонентерінің қорытылу дәрежесін терең анықтауға көмек береді.

Қалыпты жағдайда нәжісте шамалы крахмал түйіршіктері, нейтральды май, бұлшық ет талшықтары болады. Жуан ішек қабынғанда нәжісте лейкоцит, эритроцит, кілегей мөлшері көбейсе, жіңішке ішек қабынғанда лейкоцит пен кілегей мөлшері көбейеді, созылмалы панкреатит кезінде нейтральды май, қорытылмаған бұлшық ет талшықтары кездеседі. Гельминтоз кезінде гельминт жұмыртқалары кездеседі.

Нәжісті бактериологиялық зерттеу.

Бактериологиялық зерттеу көмегімен нәжіс құрамындағы дизентерия, сальмонеллез қоздырғыштары, стафилакокк энтерококк, иерсин, саңырауқұлақ, клостриальды немесе басқа анаэробты бактерия және дисбактериоз анықталады, оба ауруы дамуына күдік пайда болғанда нақты диагноз қою үшін, нәжіс арнайы қоректендіру орталары көмегімен зерттеледі.

Паразитологиялық зерттеу.

Паразитарлық патологиялар арасында ішек протозоозы жиі кездеседі және ол симптомсыз дамиды. Диагноз қою тек зертханалық зерттеу көмегімен жүзеге асырылады.

Зерттеу көмегімен нәжіс құрамындағы гельминт түрлері, олардың жұмыртқалары тексеріледі. Ең тиімді әрі қарапайым әдіс бүл «Фюллеборн әдісі». Зерттеу үшін арнайы әйнек таяқшамен 3-5 гр. мөлшерде нәжіс алынып оны 15-20мл 35% натрий хлор ерітіндісімен араластырып, металл елекпен сүзіп, оған натрий хлор ерітіндісін қосып, 50 мл ыдыста 1 сағатқа қойып бақылаймыз. Бір сағаттан кейін арнайы затпен беткейіндегі қабат және тұнбаның жартысы алынып микроскоп көмегімен зерттеледі.

Қақырықты зерттеу.

Қақырық бұл тыныс жүйесі ауруларында науқас жөтелгенде бөлінетін патологиялық өнім. Қақырықты зерттеу жолдары;