Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық зерттеу әдістері!.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.2 Кб
Скачать

3.Иммунологиялық зерттеу.

Иммунологиялық зерттеу әдістеріне :қан топтарын және резус факторды анықтау, «Т» жэне «В» лимфоциттерді анықтау, қандағы иммуноглобулин мөлшерін анықтау, «С» реактивті белок мөлшерін, «ревматоидты факторды» анықтау кіреді. Осылармен қатарсерологиялық зерттеулер мерез, т.б. инфекциялық аурулар диагностикасында жүргізіледі.

4. Микробиологиялық зерттеу.

4. А. Бактериологиялық зерттеу.

Кез келген микроорганизм сепсис ( жұқпалы ауру микробы зардабының денеге жайылуы ), бактериемияға әкелуі мүмкін. Зерттеуге қанды науқас қызбасы басталған күні, арнайы антибактериялық ем тағайындалмастан бұрын асептика ережелерін сақтай отырып алу керек. Зерттеуге алынған қан мөлшері 10 мл-н кем болмау керек.

4. Б.Паразитологиялық зерттеу.

Қан құрамындағы паразиттерді зерттеу безгек ауруын анықтау мақсатында жүргізіледі. Міндетті түрде паразитологиялық зерттеуден өтетіндер;

1. Эндемиялық аймақта жасайтын немесе сол аймақтан келген ыстығы жоғары науқастар.

2.Ыстығы 5 күннен бері көтеріліп диагнозы анықталмаған науқастар.

3. Қан құйғаннан (гемотрансфузия) кейін 3 ай іші көлемінде ыстығы жоғарылаған науқастар.

4. Анамнезінде соңғы 3 жыл ішінде безгекпен ауырған науқастар.

5 . Қазақстан мен шет ел азаматтары Африка, Азия, Орталық және Оңтүстік Америка елдерінен келген соң 3 жыл қатарынан тексеруден өтеді.

Бауыр мен талағы ұлғайған, тері мен шырышты қабықшалары сарғайған адамдар.

Этиологиясы анықталмаған анемияға шалдыққан науқастар.

5. Гемостаз жүйесіндегі патологияны зерттеу.

Акушерия, гинекология, хирургия саласында кездесетін түрлі асқынулар диагностикасында гемостаз жүйесіндегі патологияны зерттеудің маңызы үлкен. Гемостаз жүйесіндегі патология геморрагиялық диатез ауруларында, қант диабетінде, атеросклероз, гипертония ауруында тромбоцитопенияда кездеседі. Зерттеудің мақсаты қанның қанау уақытының ұзақтығын, қанның ұю уақытын, протромбин уақыты мен протромбин индексін, қанның ұю факторларын анықтау.

Қанның ұюына қарсы жүйедегі патологияны бағалау үшін антитромбин, гепарин мөлшерін анықтау жүргізіледі.

Қалыпты жағдайда қан ағу уақыты 4 мин-н кем болмау керек. Бұл көрсеткіш тромбоцитопенияда, гемофилияда, геморрагиялық синдромда өзгереді, яғни қан ағу уақыты ұзарады. Қанның ұю уақыты қалыпты жағдайда 4- 10 мин. Гемофилия кезінде қанның ұю уақыты жоғарылайды.

Дәрігерлік манипуляциялар мен дианостикалық операциялар.

Гематологияда қолданылатын дәрігерлік манипуляцияларға сүйек миының, лимфа түйінінің талақтың пункциясы (пункционды биопсия) жатады.

Лимфа түйінді пункция жасау. Лимфа түйінінің пункциясы лимфа жүйесінің аурулары, қан аурулары мен туберкулез ауруының диагностикасында күрделі жағдайларда қорытынды диагноз қою үшін қолданады. Ол үшін ұлғайған лимфа түйінді пункция жасайды. Лимфа жүйесінің аурулары жөнінде толық мәлімет лимфа түйінінің биопсиясы жасалғаннан кейін алынады. Лимфогранулематозда «Березевский-Штернбергтің алып жасушалары» табылады. Лимфолейкоз, лимфосаркомада жасушалар полиморфизмі анықталады. Лимфа түйіндердің туберкулезінде «Лангханс жасушалары» деп аталатын алып жасушалар анықталады.

Сүйек миын зерттеу.

Клиникалық тәжірибеге сүйек миының пункциясын (стернальды пункция) 1928 жылы М.И. Аринкин енгізді. Сүйек миын гистологиялық зерттеуге алу үшін (пункция жасау үшін) біздің елімізде И.А Кассирский инесі қолданылады. Ол қабырғасы қалың, ішінде мандрені бар ине. Керекті тереңдікте ғана енгізуге мүмкіндік беретін инеде әдейі істелінген қалқанша бар. Пункция алдыңғы орта сызық бойынша төс сүйегінің 3-4 қабырға аралығында жасалады. Алынған биоптат (пунктат) цитологиялық зерттеуге жіберіледі. Миелограмма деп сүйек миындағы қан элементтерінің арасындағы проценттік қатынасты атайды. Миелограммаға қарап қан элеменггерінің пісіп жетілуінің бұзылуын, дифференцияца өтпеген элементтердің көбейгенін, ақ жэне қызыл қан түйіршіктері арасындағы қарым қатынастың бұзылғанын, қан жасушаларының жалпы санын, қан жасушаларының патологиялық түрлерінің пайда болғанын т.б. ажыратуга болады. Қалыпты жағдайда лейко-эритробластық катынас 4:1 тең. Шеткі қанда анемия белгілері неғұрлым күшті болса, функциональды ең жарамды сұйек миында эритроцит жасушалары соғүрлым көп болады. Зерттеуге сүйек миын тек төс суйегінен ғана емес, басқа сүйектерден де алуға болады; мысалы- мықын сүйегінің қырынан.

Сүйек миын мықын қырынан алуды «трепанобиопсия» деп атайды. Миелограмма гематологиялық аурулардың диагностикасында атап айтқанда; өткір және созылмалы лимфолейкоз, миеломды ауру, гемолизді анемия, Аддисон Бирмер ауруы, Верльгофа ауруы т.б. патологияларда көмек береді.

Төсті пункция етуге арналған ине.

Алынған стернальды пунктаттың морфологиялық құрамы (миелограмма) төмендегідей. (Соколов.В.В. Грибов.И.А. 1979.Ж.)

Талақты пункция жасау.

Талақты пункция жасау науқастың сырқаты анықталмаған жағдайда ғана жүргізіледі. Талақты тері арқылы биопсия ету жергілікті жансыздандыру көмегімен жүргізілетін қауіпсіз және тиімді әдістердің бірі. Зерттеу әдісі мына жағдайларда жасалады: этиологиясы белгісіз гепатоспленомегалия, холестаз, бауыр мен көк бауыр қызметінің бұзылуы, бауыр мен талақты зақымдайтын жүйелі аурулар.

Зерттеу әдісін жүргізуге қарсы көрсетілімдер: гемостаз жүйесіндегі өзгерістер, сепсистік холангит, асцит және холестаз.

Несепті зерттеу.

Несепті зерттеу бүйрек және несеп шығару жолдарының диагностикасында маңызы үлкен. Несепті зерттеу жолдары: