Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық зерттеу әдістері!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.2 Кб
Скачать

Дәріс тақырыбы:Зертханалық зерттеу әдістері: қан, нәжіс ,қақырық, несеп ,плевра сұйықтығы.

Жоспар:

1. Жалпы клиникалық зерттеу.

2. Гематологиялық зерттеу.

3. Биохимиялық зерттеу.

4. Микробиологиялық зерттеу.

5. Микробиологиялық зерттеу.

6.Иммунологиялық тексеру.

7. Гемостаз жүйесін зерттеу.

Адам организмдегі патологиялық процессті анықтауда зертханалық - аспаптық зерттеу әдістерінің рөлі өте үлкен. Зертханалық - аспаптық зерттеу әдістерінің негізгі тексеру әдістерінен айырмашылығы бұл әдістер физика, биология, биохимия ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып жүргізіледі. Адам организіміндегі кейбір патологиялық процесстердің дамуын зертханалық-аспаптық әдістерді қолданбай анықтау өте қиын. Қазіргі уақытта зертханалық - аспаптық зерттеу әдістерінң түрлері күннен күнге көбеюде және медициналық тәжірибеде кеңінен қолдануда.

Зертханалық - аспаптық зерттеу әдістерін жүргізуге арнайы дайындықтан өткен медицина қызметкерлері тағайындалады.

Науқастарға зертханалық - аспаптық зерттеулер дәрігер тарапынан тағайындалған көрсетілімдер бойынша тағайындалады.

Зертханалық зерттеу әдістері.

Зертханалық зерттеу әдісі науқастарды тексеруде қолданатын тексерулердің ерекше бөлігі және клиникалық тәжірибеде кеңінен қолданылатын зерттеу түрі. Зертханалық зерттеу науқас ауруын анықтап диагноз қою, жалпы жағдайын бағалау, науқасқа тағайындалған ем барысын бақылау, жедел жағдайларда зерттеу жүргізуде маңызы үлкен. Зертханалық зерттеу төменде көрсетілген бағытта жүргізіледі:

1.Жалпы клиникалық зерттеу: жалпы зерттеуде несеп, нәжіс, асқазан сөлі, ұлтабар сөлі, ликвор, экссудат, транссудат және басқа биологиялық сұйықтықтар зерттеледі.

2. Гематологиялық зерттеу : (қан, сүйек майы зерттеледі. )

З.Биохимиялық зерттеу:

4. Цитологиялық зерттеу :

5.Микробиологиялық зерттеу: оларбактериологиялық,вирусологиялық, паразитологиялық зерттеулер.

6.Иммунологиялық тексеру: бұл серологиялық диагностика.

7.Гемостаз жүйесін зерттеу.

Зертхана жағдайында қан, несеп, нәжіс, асқазан және ұлтабар сөлі, қақырық, плевра сүйықтығы, өт, бронх секреті және ағза ұлпалары мысалы: бауыр, талақ, бүйрек, сүйек майы тексеріледі.

Зертханалық зерттеу нәтижесінің көрсеткіштері зерттелетін материалды жинау технологиясына, сақталу тәртібіне, реактивтердің сапасына, зертханалық тәсілдердің дұрыс жүргізілуіне байланысты.

Қанды зертханалық зерттеу.

Қан - бұл тірі организмдегі ағзалар мен ұлпалардың қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, және ағзалар қызметінің бұзылудеңгейін көрсететін ішкі орта. Қан барлық ағзалардағы түрлі процесстерді көрсететін айна болып табылады. Қанның организмде атқаратын қызметі:

1 .Тасымалдау: ұлпаларды оттегімен т.б. қажетті заттармен қамтамасыз ету, олардан көмір қышқыл газын тасымалдау.

Экскреторлық қызметі: ағзалардан алмасудың соңғы өнімдерін бауыр, бүйрек, өкпе, ішек, тері арқылы шығару.

Басқару қызметі - гормондар, медиатрлар, метоболиттер арқылы жүзеге асырылады.

4. Қорғаныс қызметі - бұл организмде жасушалық гуморальді иммунитетті қамтамасыз етуі.

5. Организмдегі физика - химиялық процесстерге қатысуы.

Қан (ұлпа) пішінді элементтерден және (жасуша аралық зат) плазмадан тұрады. Плазма түссіз сұйықтық, құрамында 90-93 процент су, 7-10 процент құрғақ заттар (олар; белоктар, майлар, көмірсутегілер, аминқышқылдары, минераль заттар) болады. Плазма құрамында бұлардан басқа қанның пішінді элементтері; эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер болады. Қанды зерттеудің түрлері: 1.Гематологиялық 2.Биохимиялық 3.Иммунологиялық 4.Микробиологиялық 5.Гемостаз жүйелерін зерттеу.

І.Гематологиялық зерттеу. Жалпы клиникалық зерттеудің мақсаты - қан құрамындағы пішінді элементтердің саны мен сапасын, гемоглобин мөлшерін, эритроцитгердің тұну жылдамдығын анықтау. Сау адамның қан құрамы тәулік бойында қабылдаған тағамқұрамына немесе ішкен сұйықтық мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан зертханадық зерттеу нәтижелеріне осы факторлардыңәсері болмау үшін, қанның зерттеуге ашқарынға, белгілі бір уақьпта алынғаны дұрыс. Зерттеуге қан шынтақ тұсындағы көк тамырдан немесе саусақұшынан алынады.

Сау адамда қан құрамы жағынан тұрақты болады, қан құрамындағы өзгеріс организмдегі патологиялық процессті білдіреді.

Эритроциттер (ЭР)-қанның қызыл түйіршіктері, 100 -120 күн өмір сүреді, негізгі қызметі оттегіні тасымалдау.

Қалыпты жағдайда ер адамдарда ЭР 4-5,6 млн, әйелдерде 3,4 - 5млн. Эритроцит мөлшерінің көбеюі - эритроцитоз, азаюы эритроцитопения деп аталады.

Абсолюттік эритроцитоз эритропоэз күшейгенде, салыстырмалы эритропоэз қан қоюланғанда байқалады. Мысалы: сүйықтық азайғанда, қан жоғалтқанда ісіктер ұлғайғанда тыныс алу жетіспеушілігі байқалған кезде. (ұшқыштарда, су астына сүңгуші адамдарда).

Патологиялық эритроцитоз қан ауруларында (эритремия), тумыстан болған ақауларда, өкпе эмфиземасында кездеседі. Эритроцитопения гемоглобиннің азаюымен бірге анемияларды байқалады.

Эритроциттің диаметрі қ / ж. 7 - 8 мкм.

Эритроциттердің өлшемінің (көлемінің) өзгеруі - анизоцитоз деп аталады. Эритроцит диаметрі 6,5 мкм-н кем болса (микроцит) «микроцитоз» деп аталады және ол гемолитикалық анемияда, ал диаметрі эритроциттің 8,5 мкм көп болса (макроциг) «макроцитоз» деп аталады, ол Аддисон Бирмер анемиясында кездеседі. Эритроциттердің формаларының өзгеруі «пойкилоцитоз» деп аталады, жиі анизоцитозбен бірге анемияның ауыр түрлерінде кездеседі. Эритроциттердің түсі құрамындағы гемоглобиннің қалыты мөлшеріне байланысты Романовский тәсілімен сау адамдарда біркелкі түске боялып, қалыпты жағдайда алқызыл қызғылт түсте болады, ал анемияның ауыр формаларында эритроциттердің түсі әр түрлі болады, ол «анизохромия» деп аталады.

Ретикулоциттер - бұлар жас эритроциттер, қалыпты жағдайда қан құрамында 2-12 процент, яғни қандағы 1000 эритроцит ішінде 6-8 ретикулоцит кездеседі. Ретикулоциттер мөлілерінің кемеюі анемияда байқалады.

Гемоглобин - қалыпты жағдайда ер адамдарда 130-170 г процент, әйелдерде 120-160 г процент. Гемоглобин бұл құрамында темірі бар эритроцит, цитоплазмасындағы белок оттегіні тасымалдайтын қан пигменті - «хромопротеид», ол ұлпалар аралық тыныс алу қызметін атқарады. Гемоглобин мөлшерінің кемеюі; қан ауруларында; лейкоздарда, Аддисон-Бирмер ауруында, гемолитикалық анемияда, қатерлі ісіктерде кездеседі. Гемоглобин мөлшерінің көбеюі көп мөлшерде қан жоғалтқанда (өткір анемияның бірінші тәулігінде) және эритремия ауруында кездеседі.

Гематокрит саны. Қан кұрамындағы пішінді элементтер көлемі мен жалпы қан көлемі арасындағы қатынас гематокрит саны деп аталады. Қалыпты жағдайда ер адамдарда 40-54 процент, әйелдерде 36-42 процент.

Қанның түстік көрсеткіші. Гемоглобин саны мен эритроцитгердің саны арасындағы қатынас «түс көрсеткіш» деп аталады. Түс көрсеткіш 0,8 - 1,10 аралығында ауытқиды, қалыпты жағдайда 0,98 - 0,99. Гиперхромия бірэритроцитте гемоглобиннің көп мөлшерде болуы. Гипохромия бір эритроцитте гемоглобин мөлшерінің төмендеуі. Түс көрсеткіштің 1,2 -1,3 жоғары болуы гиперхромды анемияда кездеседі. Мысалы; Аддисон Бирмер анемиясы мен Витамин В-12 тапшы анемиясында. Егер түс көрсеткіш 0,5 - 0,6 төмен болса гипохромды анемияда кездеседі. Мысалы; темір жетіспеушілігі анемиясында.

Лейкоциттер қанның ақ түйіршіктері, эритроциттенайырмашылығы оларда гемоглобин жоқ, бірақ ядросы бар қозғалғыш жасушалар. Лейкоциттер қалыпты жағдайда ер адамдарда 1 мкм қанда 4300-11300, әйелдерде 1 мкм қанда 3200-10200.

Лейкоциттер 2 топқа бөлінеді:

1.Цитоплазмасы түйіршікті лейкоциттер-гранулоциттер. 2.Цитоплазмасы түйіршіксіз лейкоцитгер-агранулоциттер. Гранулоциттер бұлар - нейтрофильдер, эозинофильдер,базофильдер. Агранулоциттер бұлар - моноциттер, лимфоциттер.

Нейтрофильдер. Нейтрофильдер 3 топқа бөлінеді; жас, таяқша тәрізді, сегмент тәрізді нейтрофильдер. Лейкоциттер организмде қорғаныс қызметін атқарады яғни фагоцитоз процесіне қатысады. Лейкоциттердің көбеюі - лейкоцитоз деп аталады, лейкоциттердің азаюы лейкопения деп аталады. Лейкоцитоз түрлі қабыну процесстерінде, инфекциялық процесстерде, іріңді ауруларда, еткір және созылмалы лейкоздарда,лимфосаркомаларда,лимфогранулематозда кездеседі. Лейкопения уланғанда, қан ауруларында, бауыр циррозында, Аддисон - Бирмер анемиясында, рентгенотерапия (сәулемен емдеу) нәтижесінде, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер мен сульфаниламидті дәрілерқабылдағанда, іш сүзек, грипп, Боткин ауруы сияқты инфекциялық патологияларда байқалады.

Лейкоцит формаларының жалпы лейкоциттер санына проценттік қатынасы лейкоцитарлық формула деп аталады. Қалыпты жағдайда лейкоцитарлық формула төмендегідей: Нейтрофильдер 65 - 75 процент, эозинофильдер 0,5 - 5 процент, базофильдер 0 - 1 процент, лимфоциттер 19-37 процент, моноцит 3 - 11 процент. Нейтрофильдер қанда лейкоциттердің басым бөлігін құрайтын ақ түйіршіктер, олардың 3 түрі бар; жас нейтрофильдер 0-1 процент, таяқша тәрізді нейтрофильдер 1 -6 процент, сегмент тәрізді нейтрофильдер 47-72 процент. Нейтрофильдер өлшемі (көлемі ) 12 мкм, құрамында ферменттер; амилаза, трипсин, оксидаза, пероксидаза, лейкопротеаза болатындықтаннейтрофильдер организмде зат алмасу процесіне қатысады және қорғаныс қызметін атқарады. Нейтрофильдердің көбеюінейтрофилез деп аталады , ол қабыну процесстерінде әсіресе іріңді инфекцияларда байқалады. Инфекциялық процесстерде жас, таяқша тәрізді нейтрофильдердің көбеюі (нейтрофильдердің солға ығысуы) организмде қорғаныс реакциясының күшті екендігін көрсетеді. Нейтрофильдердің азаюы ауыр патология «агранулоцитозға» әкеледі.

Эозинофильдер. Эозинофильдер түйіршікті лейкоциттер, қалыпты жағдайда 0,5-5 процент, өлшемі 12 - 15мкм. Эозинофильдерде темір, гистамин, ферменттер бар, (оксидаза, антигиалуронидаза, антигистамин, пероксидаза ) сондықтан, эозинофильдердің көбеюі эозинофилез деп аталады, ол аллергиялық ауруларда (бронх демікпесі), коллагеноз, гельминтоз,лимфогранулематоз және жедел жұқпалы ауру -скарлатинада байқалады. Эозинофильдердің азаюы эозинофилия деп аталады, ол іш сүзек ауруында, туберкулезде, висцеральді лейшманиозда кездеседі.

Базофильдер. Базофильдер түйіршікті , лейкоциттер, қалыпты мөлшері 0-1процент, өлшемі 8-10 мкм. Базофиль қанның ұюын кемейтетін, қабыну процесін тудыратын биологиялық белсенді зат бөлетіндіктен гепариннің пайда болуына, иммундық реакциялар мен қабыну және аллергиялық реакцияларға қатысады.

Базофильдердің көбеюі - базофилез деп аталады, ол созылмалы миелолейкозда, гипотиреозда, нефритте кездеседі. Базофильдердің азаюы - базофилия деп аталады, ол гипертиреоз, өткір лейкоз, бруцеллез ауруында кездеседі.

Лимфоциттер. Лимфоциттер түйіршіксіз лейкоцит, өлшемі 7-9 мкм, қалыпты жағдайда 19-37 процент, лимфоцитерде ферменттерден липаза, амилаза, нуклеаза және гамма глобулиндер бар екендігі анықталған. Лимфоцит астың қорытылуына, иммунитет процесіне қатысады. Лимфоциттердің көбеюі - лимфоцитоз деп аталады, ол созылмалы лимфолейкоз, гипертиреоз, туберкулез ауруында байқалады. Лимфоциттің азаюы - лимфоцитопения деп аталады, ол ісік процесінің соңғы сатысында, қан аурулары лимфосаркома менлимфогранулематозда кездеседі.

Моноциттер.Моноцит түйіршіксіз лейкоцит, қалыпты жағдайда 3-11 процент, өлшемі 12 - 20 мкм, фагоцитоз процесіне қатысып, организмде қорғаныс қызметін атқарады.

Моноциттердің көбеюі - моноцитоз деп аталады, ол туберкулез, безгек ауруында, сепсистік эндокардитте, созылмалы сепсисте, инфекциялық мононуклеозда кездеседі. Моноциттің азаюы -моноцитопения деп аталады, ол іш сүзек ауруының ауыр формасында, сепсистің өте ауыр формасында кездеседі.

Тромбоциттер. Тромбоцит қан пластиналары, өлшемі (көлемі ) 2 -3,5 мкм, қалыпты жағдайда 1 мкл қанда мелшері 180000-320000 .Тромбоциттер қанның ұюына және тромбтың пайда болуына қатысады. Тромбоциттер мөлшері физиологиялық жағдайларда өзгеріске ұшырайды; мысалы - жүктілік кезеңде, етеккірден алдын, ас қорытылуда.

Тромбоциттердің көбеюі - тромбоцитоз деп аталады, ол қан жоғалтқанда, спленэктомиядан соң, қан ауруы эритремияда, қатерлі ісіктерде, ал тромбоциттердің азаюы - тромбоцитопения деп аталады, бұл Верльгофа ауруында, Аддисон Бирмер ауруында, өткір және созылмалы лейкозда, бензолмен уланғанда, инфекциялық ауруларда кездеседі.

Эритроциттердің тұну жылдамдығы. ЭТЖ-н анықтауда Панченкова аппараты қолданылады. Қалыпты жағдайда ЭТЖ (ЭШЖ ) 5-10 мм.сағ. Әйелдерде 3-15 мм.сағ, ер адамдарда 2-10 мм.саг. ЭТЖ көрсеткішіне қанның құрамындағы белок фракцияларының қатынасы әсер етеді. Қан құрамындағы белок фракцияларының өзгеруімен сипатталатын патологияларда ЭТЖ жоғары болады. ЭТЖ-ң жоғарылауы қабыну процесстерінде, инфекциялық ауруларда, ревматизмнің белсенді фазасында, туберкулез және бүйрек ауруында, әсіресе нефротикалық синдромда, миокард инфарктының 2-3 күнінде, миеломды ауруда, қатерлі ісіктерде байқалады. ЭТЖ баяулауы жүрек ауруларында, эритремияда (полицитемияда), азық түліктермен уланғанда және оба ауруында байқалады.