- •Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларын зерттеуде қолданатын функциональды тексеру тәсілдері. Электрокардиография.
- •Электрокардиограмманы тіркеу әдістері.
- •Қалыпты электрокардиограмма.
- •Оң қарыншаның гипертрофиясы.
- •Сфигмография.
- •Артерия қан тамырларын зерттеу әдістері.
- •Венакантамырларжүйесінзерттеу. І.Веноздық қысымды анықтау.
- •2.Ультрадыбысты допплерография.
Қалыпты электрокардиограмма.
Р - тісшесі жүрекшелердің деполяризациясын білдіреді. Қозумен бірінші оң жүрекше, одан кейін сол жүрекше қамтылады. Р тісшесі жоғары қарай бағытталған жэне ұзақтығы немесе ені 0,06-0,11с. биіктігі 1-2 мм.-ге тең.
Р - Q аралығы бұл қозу импульсінің жүрекшелерден қарыншаларға өтуін көрсетеді және ұзақтығы 0,12 - 0,2 с.
QRS - қарыншалар деполяризациясы. Сау адамдарда ұзақтығы 0,06-0,1с.
Q - оң қарыншаның, қарыншааралық қалқаның, жүрек ұшының қозуын білдіреді, төмен қарай бағытталған, ұзақтығы 0,03 с, биіктігі 0-ден 3 мм-ге дейін болады кейде білінбейді.
R - қозу сол қарыншаны, кейін екі қарыншаның барлыққабырғаларын қамтиды, биіктігі 10 мм-ден 20 мм -ге дейін, жоғары қарай бағытталған.
S - екі қарыншаның қозуын білдіреді, төмен қарай бағытталған, кейде білінбеуі мүмкін, биіктігі 0-ден 6 мм-ге дейін болады.
S - Т аралығы қарыншалардың қозу қарқындылығының төмендегенін білдіреді. Аралықтың ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты және ол 0-ден 0,15 с. аралығында болады. Қалыпты жағдайда S - Т аралығының жоғары немесе төменге ығысуы 1 мм-н аспайды.
Т - қарыншалар реполяризациясы. Ұзақтығы (ені) 0,05с - 0,25 с. аралығында, ал биіктігі 2-6 мм аралығында болады. (II стандарттық меншіктеуде)
U - тісшесі қарыншалар өткізгіш жүйесінің төменгі бөліктерінің реполяризациясын білдіреді.
Т - Р аралығы жүректің диастолалық фазасы. ЭКТ түзу сызық (изоэлектрлік) жазылады.
QRST аралығы қарыншалардың толық қозу кезеңіне сәйкес келеді яғни жүректің систолалық кезеңі. Аралықтың ұзақтығы жүректің жиырылу жылдамдығына байланысты, орташа ұзақтығы 0,24 - 0,55 с аралығында.
R - R , жэне Р - Р аралығы жүректің толық жұмыс циклін білдіреді. Қалыпты жағдайда аралықтардың ұзақтығы бірдей болады.
ЭКГ талдау белгілі бір жоспармен жүргізіледі. ЭКГ талдағанда жүрек жұмысының ырғақтығы, жүректің жиырылу жиілігі, вольтаж, жүректің электрлік білігінің орналасуы (элек.ось сердца) тісшелер мен аралықтардың ұзақтығы мен биіктігі ретімен тексеріліп, өлшенеді. Нақты талдау векторлық теорияны қолдана жасалады. Потенциал айырмашылығы вектор болып табылады оның бағыты, биіктігі жүрек цикліне байланысты тұрақты өзгеріп отырады.
Жүректің электрлік білігінін орналасуына байланысты ЭКГ-ң өзгерүі.
Жүректің электрлік білігімен ЭКГ арасындағы қатынасты төменде көрсетілген Эйнтховен үшбұрышы арқылы түсіндіруге болады. Жүрек кеудеде қалыпты орналасса, жүректің электрлік білігі бағытының проекциясы II стандарттық тіркемеде үлкендеу болады, сондықтан ЭКГ -да тісшелердің биіктігі әсіресе R тісшесініңбиіктігі II стандарттық тіркемеде жоғары.R II >R I > R ІII.
Көкет жоғары көтеріліп, жүрек көлденең жайғасқан жағдайда потенциалдар айырмашылығы I стандарггық тіркемеде жазылады яғни тісшелердің биіктігі I стандарттық тіркемеде, III стандарттық тіркемемен салыстырғанда биік болады. RI> RII> RIII
Жүрек тік жайғасқан жағдайда потенциалдар айырмашылығы III стаңдарттық тіркемеде жазылады, сондықтан тісшелер биіктігі III стандарттық тіркемеде биік көрінеді. RIII > RII> RI
Жүрек бөлімдері гипертрофиясының ЭКГ -қ белгілері.
Сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы.
Р тісшесі I және II стандартты тіркемелерде кеңіген жэне жарықшақтанған (қос өркешті). Р тісшесінің ұзындығы 0,1 сек-н көп, оның екінші жартысының биіктігі бірінші жартысының биіктігінен биік. Сол жүрекшенің гипертрофиясы жиі митральді қақпақша ақауларында кездесетіндіктен Р тісшесінің мұндай түрі (P-mitrale) деп аталады.
Оң жақ жүрекшенің гипертрофиясы .
Р тісшесі ІІ және III стандартты тіркемелерде биік және сүйір болып келеді. Оң жүрекшенің гипертрофиясы көбінесе өкпе текті жүректе (тыныс тапшылығында) кездесетіндіктен Р тісшесінің мұндай түрі (Р -Pulmonale) деп аталады.
Сол қарыншаның гипертрофиясы.
Жүрек ауруына байланысты жүрек бұлшықеттеріндегипертрофия дамып, жүректің электрлік білігінің орны өзгеріп, терең S тісшесі анықталады. Артериалық гипертензияда, қолқаақауларында сол қарыншаның гипертрофиясы дамып, жүректің электрлік білігі солға ығысады. Сол қарынша гипертрофиясындағы ЭКГ:
ЭКГ -да ең биік тісше R1 ж2не AVL, V5-V6 тіркемелерінде, ал биіктігі төмен тісше RIII, ең терең тісше SIII жэне AVF, V1-V2 тіркемелерінде анықталады. Rl + SIII> 25 мм , (Губернер индексі.), Rv5 + Svl>35 мм. (Соколов-Лайон индексі.) Жүректің электрлік осі (білігі) солға ығысқан.
Осындай ЭКГ левограмма сол типті электрокардиограмма; сол қарыншаның электрлік белсенділігінің басым болуы деп аталады.
