- •Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларын зерттеуде қолданатын функциональды тексеру тәсілдері. Электрокардиография.
- •Электрокардиограмманы тіркеу әдістері.
- •Қалыпты электрокардиограмма.
- •Оң қарыншаның гипертрофиясы.
- •Сфигмография.
- •Артерия қан тамырларын зерттеу әдістері.
- •Венакантамырларжүйесінзерттеу. І.Веноздық қысымды анықтау.
- •2.Ультрадыбысты допплерография.
Дәрістің тақырыбы:Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларындағы зертханалық және аспаптық тексерулер.
Дәрістің жоспары:
Ангиокардиография.
Электрокардиография
Фонокардиография
Тәуліктік мониторинг жүйесі.
Артерия қан тамырларын зерттеу әдістері.
Жүрек және ірі қан тамырларды ультрадыбыспен зерттеу.
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларын зерттеуде қолданатын зертханалық және аспаптық тексеру тәсілдері.
Қанды жалпы клиникалық зерттеу.
Қаңды биохимиялық зерттеу: холестерин,ұшглицериттер, в липопротеиттер, АСЛО, СРБ, билирубин және ферменттер т.б. заттар мөлшері тексеріледі.
Қан қысымын өлшеу.
Электрокардиография.
Фонокардиография.
Рентгенологиялық тексеру әдістері: флюорография, рентгеноскопия, рентгенография (кардиография) ФонокардиографияСфигмография.
Артерия мен вена тамырларын зерттеу: ультрадыбысты допплерография мен сканерлеу, рентгенологиялық тексерулер (аортаграфия), флебография, фотоплетизмография.
Эхокардиография.
Радионуклидті зертеу.
Компьютерлік томография.
ЯМРТ.
Ангиокардиография.
Ангиокардиография әдісіарнайыкардиологиялық және кардиохирургиялық емдеу мекемелерінде жасалады. Ангиокардиографияны арнайы аппаратура көмегімен жоғары санатты маман дәрігер жүргізеді. Жүрек және ірі қан тамырларға рентгеноконтрасты затты жіберіп, жүректің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері туралы мәлімет алынып, кардиологиялық науқастарды хирургиялық емге дайындайды. Ангиокардиография жүректі катетеризация етумен біргежүргізіледі.
Коронарография.
Біздің елімізде соңғы кезде коронарография Жүрек Ишемиясы ауруымен ауыратын науқастарға хирургиялық ем тағайындау мәселесін шешу мақсатында кеңінен қолдануда; аортокоронарлық шунт салу (аортокоронарное шунтирование или баллонная дилятация коронарной артерии). Коронарография жасауда науқастың сан артериясына енгізілген катетер арқылы жүректің әр бір тәж артериясның сағасына 5-10 мл контрасты зат (эргоновин) жіберіп, рентгенограмаларда тәжартерияларының өткізгіштігі мен анатомиялық ерекшелігі туралы толық мәлімет алынады.
Жүрек қан тамырлар жүйесін КТ -н тексеру.
Жүрек қан тамырлар жүйесін тексергенде компьютерлі томография қолқа аневризмасы мен гематомасын, жүрек пен перикардтағы патологиялық ісіктерді, миокард инфарктының көлемін анықтау үшін қолданады. Сәулелік жүктеме рентгенологиялық тексеруге қарағанда жоғары болады.
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларын зерттеуде қолданатын функциональды тексеру тәсілдері. Электрокардиография.
Электрокардиография жүректе пайда болатын электрлік процестерді немесе биотоктарды тіркеуәдісі.Жүрек биотоктарын графикалық тіркеуді 1903 жылы Эйнтховен енгізді. Жүректегі электрлІк процесстер негізінде миоциттер мембранасы арқылы жүзеге асатын иондар қозғалысы жатыр. Жүректе электр тогының пайда болуы жүрек бұлшықетінің қозу қасиетіне байланысты. Жоғары айтылғандай жүректің бұлшықет талшы ғының қозуы Na + және К+ иондарының мембрана арқылы жасушының екі жағына алмасып отыруына байланысты. Жасуша тыныш кезде калийдің концентрациясы жасуша ішінде көп те , жасуша сыртында аз. Сондықтан ол жасуша қозған кезде жасушасыртына ауысады. Керісінше натрий иондар ының концентрациясы жасуша тыныш кезде оның сыртында көп те , ішінде аз болғандықтан ол жасуша қозған кезде, жасуша сыртынан жасуша ішіне қарай ауысады. Жүрек бұлшықегі талшығының қозған кездегі иондардың бұлай алмасуы көрші қозбаған жерге тарайды. Қозған жердің заряды теріс, қозбаған жердің заряды оң. Қозған жәие қозбаған жерлердің арасында электр потенциалының айырмасы пайда болады. Ол электр қозғаушы күш деп атала ды. Электр қозғаушы күштің бағыты, яғни қозу толқынының негізгі бағыты жүректің электр осі (білігі) деп аталады.Жүректің электр осі жүректің анато миялық осіне сәйкес. Потенциал айырмашылығының ең үлкен мәні жүректің электр осінің екі шет полюсі аралығында болады. Электр осін ортасынан және оған перпендикуляр кесіп өтетін сызықтың бойында потенциал айырмашы лығы нольге тең. Бұл сызықтың екі нүктесін қосқан жағдайда гальванометр тілі орнынан қозғалмайды, себебі потенциал нольге тең. Ноль потенциалын көрсететін сыззықтан жоғары теріс (-) белгісі бар потенциал, ал одан төмен оң (+) белгісі бар потенциал орналасқан. Дененің екі нүктесі аралығындағы потенциал айырмашылығын анықтайтын тәсілді электрокардиографиялық тіркеме деп атайды. Электрокардиография көмегімен жүрек бүлшық етінің жарақат салдарынан, ревматикалық және инфекциялық процесстен зақымда луы анықталады. Қалыпты жағдайда қозу процесі жүректің өткізгіш жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қозу оң жүрекшеде орналасқан синусты түйіннен басталып, жүрекшелердің бұлшықеттері, жүрекше - қарыншалық түйін, Гиса шоғыры және оның тармақтары арқылы қарыншаларды қамтиды. Қозумен қамтылған миокард белігінің сырты электронегативті яғни қозумен қамтыл маған. Денеге электродтар қойылғаннан кейін ұлпалардың электроөткізгіштік қасиетіне байланысты электрлік процесстер жартылай тіркеледі. Жүректің қозумен қамтылған жэне қамтылмаған бөліктері арасындағы потенциалдар айырмашылығының тербелісі 1-3 мВ тең. Осы тербелістердің қисық сызық тар түрінде қағазға тіркелуі электрокардиограмма деп аталады. Электрокар дио грамма негізінде жүректің қозғыштық, автоматизмдік, өткізгіштік қа сиеті туралымәлімет алынады. ЭКГ - ны тіркеу үшін арнайы аппарат элек трокардиограф қолданады. Қозғалыс жылдамдығы бойынша 50 мм/с 1 мм қа ғаз көлденеңі 0,02 с сәйкес (Р тісшесінің ені 5 мм), қозғалыс жылдамдығы 25 мм/с Імм болса 0,04 с сәйкес, ( Р тісшесінің ені 2-3 мм). Қазіргі уақытта элек тро кардиографияда міндетті түрде 12 электрокардиографиялық тіркеме қол данылады; 3 негізгі (стандартты) I, II, III тіркеме, 3 бір полюсті күшейтілген аяқ-қол тіркемелері; AVR, AVL, AVF, және бір полюсті 6 көкіректік тіркеме лер - VI, V2, V3, V4, V5, V6. Стандартты тіркемелерді ЭКГ тәсілінің авторы Эйнтховен ұсынған, сондықтан олар Эйнтховен тіркемелері деп айтыла бе реді. I стандартты тіркеме көмегімен оң және сол қолдың арасындағы потен циал айырмасын, II стандартты тіркеме көмегімен оң қолмен сол аяқтың ара сын дағы потенциал айырмасын, III стандартты тіркеме арқылы сол қолмен сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын тіркеп, қағазға түсіреді. ЭКГ - қ зерттеуді қолдану миокардит, аритмиялар, жүрек ишемия ауруы әсіресе миокард инфарктының диагностикасында өте маңызды. ЭКГ - дағы тісшелер көлемінің кішіреюі жүректен тыс факторлар әсерінен болуы мүмкін мысалы; семіздік, өкпе эмфиземасы, плевра мен перикард куысындағы сұйықтық. Нақ ты диагноз қоюда соңғы түсірілген ЭКГ - мен бірнеше күн немесе апта бұрын гы ЭКГ-ны салыстыра тексеру көмек береді. Ұзақ уақыт үздіксіз ЭКГ бақы лау және функциялық сынақтар жүргізу тәсілдерін қолдану электрокардио графиялық зерттеу әдісінің мәліметтілік деңгейін жоғарылатады. Жағдайы ауыр науқастарды бақылау үшін мысалы: қарқынды (интенсивті) терапия блогында (БИТ) кардиомонитор орнатылады, ол ЭКГ үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді.
Тәуліктік мониторинг жүйесі.
Тәуліктік мониторинг жүйесі ЭКГ үздіксіз тіркеу үшін әсіресе сирек байқалатын және тез өтіп кететін аритмия түрлерін, аурусыз ишемияны, S-T сегментінің ығысуын анықтауға көмек береді. Соңғы кезде спорт, космостық медицина мен арнайы мамандандырылған салада жұмыс жасап жатқан адамдардың жағдайын телеметриялық бақылау жасау үшін ЭКГ кеңінен қолдануда. Бұл мақсатта электродтарды кеудеге қоюдың арнайы әдістері қолданады. Электрокардиографиялық бақылау үшін кеңінен қолданатын функциональдық сынақ түрінің бірі; мөлшерленген жүктеме әсіресе велоэргометрия қолдану. ЭКГ-ныбақылау сынақ кезінде және сынақтан соң 6-12 минут ішінде жүргізіледі. Сынақтың басқа түрлері: тредмил, екі сатылы Мастер сынағы, изометриялық жүктеме. Бұлар сирек қолданады. Жүктемелік сынақтарды өткізуге қарсы көрсетілімдер; өткір миокард инфаркты, өкпе текті жүрек, миокардиттер, жүрек жетіспеушілігі, аритмиялар қолқа сағасының тарылуы, жүрек немесе қолқа аневризмасы, қан қысымының 200/110 мм.с.б-н жоғары болуы.
Жүрекішілік электрокардиография.
Жүрекішілік электрокардиография электрофизиологиялық тәсілдерге жатады. Жүрекішілік ЭКГ кейбір арнайы кардиологиялық емдеу мекемелерінде науқасқа тағайындалған ем түрін, дәрі -дәрмектердің электро физиологиялық әсерін, аритмия мен блокада түрлерін анықтау үшін қолданады. Бұл үшін оң қарыншаға трансвенозды ентізілген электродты катетер жүрекшеаралық және қарыншааралық қалқаға қойылып, жүрекше, қарыншалар, Гиса шоғырының деполяризациясы туралы мәлімет береді.
