Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Журекті перкуссия әдісімен зерттеу!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.52 Кб
Скачать

Жүрек шулары.

Жүрек ауруларында жүрек үндерімен қатар жүрек шулары да пайда болады.

Шулардың пайда болу мехаиизмі.

Шулардың қалыптасуы физика заңдарына негізделген.

Шулардың пайда болуын сұйықтықтардың түтік арқылы ағысының физикалық заңдарын еске түсіріп барып, түсіну оңай. Шу тар жердің жоғарғы мен төменгі жақтарындағы сұйықтықтың құйынды қозғалысынан туындаған түтіктің өз іргесінің тербелісінен пайда болады. Шудың пайда болуына ықпал етуші факторлар:

а). түтікше саңлауының тарылуы немесе кеңеюі.

б). сұйықтықтың ағу жылдамдығы.

в). сұйықтық құрамы.

Шудың күші сұйықтық ағысының жылдамдығы мен тесіктің көлеміне байланысты. Ағыс неғүрлым қатты болса шу да қаттырақ болады. Шудың тесік көлемімен байланыстылығы тұрақты емес, шу тесік біраз тарылғанша күшейіп, содан кейін бәсеңдеуі, кейде тіпті жоғалып та кетуі мүмкін.

Қалыптасу себептеріне байланысты шу түрлері.

Шулар қалыптасу себептеріне байланысты мына түрлерге бөлінеді:

Жүректен тыс жерде қалыптасатын шулар - экстракардиальдық шулар. Жүректің өзінде пайда болатын шулар - интракардиальдық шулар деп аталады. Интракардиальды шулар органикалық жэне функциональды болып екіге бөлінеді. Интракардиальды шулар митральді немесе жарты айшық тәрізді қолқа қақпақшасы, өкпе артериясы қақпақшапарының әрқайсысының өз алдына жеке деформацияға ұшырауы немесе қақпақшалардың бір бірімен қыйысуының (комбинациясыньщ) деформацияға ұшырауы және желі тарамысының қысқаруы (укорочение сухожильңых хорд), тумыстан болған жүрек ақауларындағы кемістіктерде пайда болады. Жүректің органикалық зақымдалуынан пайда болатын шу органикалық шу болып саналады.

Жүрек қақпақшалары зақымдалмағанда яғни жүректе айтарлықтай өзгерістер байқалмаған жағдайларда жүректі

тыңдағанда функциональды шулар естіледі; мысалы, анемияда (қан аздықта), дене қызуы көтерілгенде, жемсауда, жүйке күйзелісінен қанның ағуы жеделденгенде. Органикалық шулардың пайда болған құрылымдарына байланысты: бұлшықеттік, қақпақшалық, систолалық, диастолалық түрлері болады. Егер шу бірінші мен екінші үн аралығында яғни систола кезінде пайда болса шу «систолалық», ал екінші мен бірінші үн аралығында яғни диастола кезінде пайдаболса шу «диастолалық» депаталады.Диасто лалық шулардың түрлері: диастоланың бастапқы кезеңінде қалыптасатын шу - протодиастолалық, диастоланың ортасында пайда болатын шу - мезодиастолалық, систола алдында қалыптасатын шу - пресистолалық деп аталады. Қалыпты жағдайда сау адамда диастола кезінде қанның жүрекшеден қарыншаға ағуы дыбыссыз өтеді, себебі жүрекше -қарыншалық тесіктің саңлауы екі бармақ сиятындай кең. Сол жүрекше - қарыншалық тесіктің көлемі 4-6 см 2 -ге тең.

Диастола кезінде шудың пайда болуы.

Митральді қақпақша жармалары мен сақина склерозға (қатаюы) ұшырап, тұтасып кетуінен сол жүрекше - қарыншалық тесік тарылғанда (митральды стеноз), тарылған тесік арқылы қанныңқұйын тәрізді ағысы мен қақпақша жармаларыныңтербелісінендиастола кезінде шу пайда болады. Диастола кезіндешуоңжүрекше-қарыншалық тесік тарылғанда да пайда болады. Қолқақақпақшасының жетіспеушілігінде қолқа тесігі қақпақша

жармаларымен толық бекітілмегендіктен, диастола кезінде қан қолқадан кері қарай сол қарыншаға ағады да, диастолалық шудың пайда болуына әкеледі.

Диастолалық шу өкпе артериясы қақпақшасының жетіспеушілігінде де естіледі, бірақ ақау сирек кездеседі.

Систола кезінде шудың пайда болуы.

Қолқа сағасы мен өкпе артериясы тарылғанда шу қарыншалар жиырылып, қан қан тамырларға тарылған тесік арқылы өткен кезде пайда болып, систола кезінде естіледі. Қолқа сағасының тарылуы тумыстан болуы мүмкін немесе ревматизмнен кейін дамуы мүмкін. Ревматизм немесе басқада патологиялық процесстер салдарынан қақпақша жармалары қатайып, әрі бүрісуінен деформацияға ұшырап, тесік толық бекітілмей қалады. Қақпақша ның осылай зақымдалуы оның жетіспеушілігі болып табылады. Митральді қақпақшаның жетіспеушілігінде сол қарыншаның систоласы кезінде қақпақшадағы ақауға байланысты қан тек қолқаға қарай ғана емес, сол жүрекшеге қарай да ағады. Бұл систолалық шудың пайда болуына әкеледі. Систолалық шу үш жармалы қақпақша жетіспеушілігінде де пайда болады, бірақ бұл ақау өте сиреккездеседі.

Шулардың пайда болуының жүректен тыс себептері.

Шуларды туындататын жүректен тыс себептерге үлпершектің құрғауы, оның плеврамен бірігуі жатады.

Жүрек шуларын тыңдағанда мынадай жағдайларга зер салу керек:

  • шудың жүрек қызметінің қандай фазасында пайда болғандығына (систола немесе диастола)

  • шудың қай жерден естілетініне,

  • шудың сипатына, күшіне, ұзақтық мерзіміне, таралу бағытына; Шуларға сипаттама беріп, қасиеттерін анықтау жүрек

ақауларының диагностикасында маңызы үлкен.