- •Асқынулары:
- •Созылмалы бронхит
- •Этиологиясы
- •Жіктемесі
- •Бронхтық астма (ба)
- •1. Инфекциялық аллергендер - бактерия, вирус, саңырауқұлақшалар, т.Б.
- •Асқынулары:
- •Диагностика.
- •Бронхтық астманың емі
- •9. Бронходилятаторлар (симпатомиметиктер, метилксаштіндер, м-холиноблокаторлар).
- •I саты (интерметтеуші астма, эпизодтық түрі):
9. Бронходилятаторлар (симпатомиметиктер, метилксаштіндер, м-холиноблокаторлар).
Симпатомиметиктер аденилциклазаның белсенділігін арттырып, циклдық 3,5-АМФ-тын мөлшерін көбейтеді, осыған байланысты миофибрилладағы Са++ саркоплазмалық ретикулумға өтеді. Сондықтан актин мен миозиннің әрекеттесуі бөгеліп, бронхтардын бұлшықеті босаңсиды. Симпатомиметиктер — бронхтық астманың еміндегі негізгі дәрмектердің бірі. Олардың қысқа әсерлі түрлерін ұстаманы басуға, aл ұзақ әсерлі түрлерін ұстаманың алдын алуға қолданады (әсіресе түнгі мезгілдегі).
Селектив емес симпатомиметиктер: I изопреналин гидрохлорид (новодрин, изадрин) дозаландырылған ингалятормен 0,04-0,125 мг қолданады, әсері 1-3 минуттан кейін пайда болып, 1-1,5 сағатқа созылады; орципренолин сульфаты (алупент, аетмопент) әсері изадринге қарағанда 10- 40 есе осал, 20 минуттан кейін әсер етеді, әсерінің ұзақтығы 2 сағат; гексапреналин (ипрадол) таблетка түрінде, 1 таб, күніне 2 рет ішкізеді.
Селективті Ъ-агонистер:
Сальбутамол (вентолин) тәулігіне 8-16 мг ішкізеді, бұлшыкетке 500 мкг 4 сағат сайын немесе вена ішіне 250 мкг енгізеді және одан кейін 5-20 мкг/мин тамшылатады. Сальбутамолды дозаландырылған ингалятормен (бір дозасы 100 мкг) 1-2 ингаляпиядан тәулігіне 6 реттен асырмай қолданады. Тиімдісі спинхайлер арқылы қолдану (400 мкг 4 рет), өйткені дәрмек тереңде жатқан ұсақ бронхтарға түседі. Вольмакс - әсері ұзартылған сальбутамол 4-8 мг тәулігіне 2 рет ішкізеді. Сальпос (савентол) — сальбутамол туындысы (1 таб күніне 2 ретішкізеді). Фенотерол (беротек) -сальбутамолға қарағанда әсері белсенді, 100-200 мкг (1-2ингаляциядан) күніне 3-4 реттен қолданады. Тербуталин — таблетка түрінде 2,5-5 мг тәулігіне 3-4 реттен немесе 1-2 ингаляциядан (0,25-0,5 мг) әр 6 сағат сайын қолданады. Формотерол — әсері ұзартылған симпатомиметик, ингаляция түрінде 12-24 мкх тәулігіне 2 рет немесе таблетка түрінде 20, 40, 80 мкг.
Метилксантиндер — фосфодиэстераза ингибиторлиры (теофиллин, эуфиллин және ұзақ әсерлі теофиллиндер — теопек, теотард, теобилонг т.б.) — фосфодиэстеразаны тежейді, сондықтан жасушада цАМФ-тың ыдырауы азаяды.Жиналған цАМФ—тың көмегімен миофибрилладағы Са++ саркоплазмалық ретикулумға өтеді, осыдан актин мен миозиннің әрекеттесуі тежеледі де бронхтар кеңейеді. Темекі шегу теофиллинің организмнен бөлінуін арттырады, сондықтан темекі шегетіндердің организміндегі теофиллиннің максимальды концентрация 2 есе аз болады.
М-холиноблокаторлар - құрылымдармен байланысып вагустың бронхтарды тарылту әсерін тежейді. Бұларды бронхтық астманың ваготониялық (холинергиялық) вариантында қолданған тиімді. Астманың бұл вариантының бір қатарында ваготонияның жүйелі көріністері анықталады: артериялық гипотонияға бейімділік, 12-еліішектің жара ауруы, брадикардия, алақандардың гиперхидрозы.
Ең жиі қолданудағы холинолитиктер:атропин 0,1% ерітіндісінің 0,5-1 мл. тері астына ұстама кезінде, немесе 0,2 —0,3мг. 1:5, 1:10 ара қатынасындағы ерітіндісін ингаляция түрінде. Платифиллин 0,2% ерітіндісінің 1 мл. тері астына ұстама кезінде енгізед|. Метацин 0,1% ерітіндісінің 1 мл. тері астына ұстама кезінде. Атровент (ипратропиум бромид) - бронхтардың холинорецепторларына басым әсер етеді, бір ингаляциялық дозасы 20 мкх; күніне 3-4 рет 2 дозадан қолданады, әсері 20-30 мииуттан кейін пайда болып 5-6 сағатқа созылады.Олситропиум бромид -атровентке ұқсас дәрмек. Тровентол — бір ингаляциялық дозасы 40 мкг; күніне 3-4 рет 2 дозадан ұстаманың алдын алуға қабылдайды; ұстаманы басуға 2 дозасын қолданады, 80 мкг. әсері 20-30 минуттан кейін пайда басталады, әр ингаляциясы 5 сағат әсер етеді. Беррдуал— әр дозасында 0,02мг. атровент (холинолитик) және 0,5 мг. беротек (Ь2 —адреностимулятор) бар аэрозолдік құрама дәрмек, 1-2 дозадан күніне 3 реттен ұстаманы басуға немесе созылмалы обструкцияның емінде қолданады.
Хлинолитиктерді бронхтық астманың емінде қолдану көрсетпелері:
М-холиноблокаторлар бронхтардың қабынуынан болатын обструкция синдромының еміндегі бірінші қатардағы дәрмегі болуы тиіс;
физикалық күш түсуден немесе салқын ауа, газ, шан жұтудан болатын бронхтық обструкция;
айқын бронхореямен жүретін бронхтық обструкция синдромы;
Ь2 —адреностимуляторларды қолдануға болмайтын жағдайларда ұстаманы басу үшін.
Глюкокортикоидтар.
Глюкокортикоидтар мастоциттерге әсер етпейді, сондықтан ертефазалық реакцияда қолдану қажетсіз, бірақ 50% жағдайда бронхтық астманың ерте фазасы аллергиялық реакцияның кеш фазасымен бірге жүреді. Кеш фазалық реакция аллергенмен жанақаннан 3-4 сағаттан максимальді 8-12 сағаттан кейін дамиды, ал ұзақтығы 24 сағатқа, одан да ұзаққа созылады. Кей науқастарда ұстама тек кеш фазалық реакциямен дамиды. Мұндай науқастарда астманың барысы ауыр, өршуі жиі және ұстамалары ұзақка созылады.
Кеш фазалық реакция бронхтардың созылмалы қабынуын және гиперреактивтілігін туғызады. Бронхтардың кілегей қабығында жиналған екіншілік эффекторлық жасушалар бір-бірін және мастоциттерді активтендіріп, кеш реакцияны және қабынуды туғызатын, көптеген медиаторларды бөледі. Сонын ішінде эозинофильдерден бөлінетін цитокиндер бронхтық эпителийді түлетеді. Сау эпителий бронхоспазмды туғызатын заттарды бейтараптайтын заттарды түзеді. Эпителий жойылғанда бронхоспазмды туғызатын заттар көп мөлшерде жиналып, бронхтардың түйілуін, ісінуін және қабынуын одан сайын күшейтеді. Ұстамалар аллергендік емес тітіркендіргіштерден де пайда болады.
Екіншілік эффекторлық жасушалар симпатомиметиктерге сезімтал емес, олардың белсенділігін, хемотаксисін тек глюкокортикоидтар мен тайлед баса алады. Кеш фазаны емдеу үшін қабынуға қарсы дәрмектер қажет: глюкокортикоидтар, тайлед, интал, задитен, теофиллин (эозинофилдердің жиналуынн бөгейтін және глюкокортикоидтық рецепторлардың санын көбейтетін). Кеш фазалық реакциядан дамитын ұстамада бронхолитиктердің арасындағы ең тиімдісі — Ұзақ әсерлі симпатомиметиктер және ұзақ әсерлі теофиллиндер. Антигистаминдік дәрмектер мен гистаглобулин бұл жағдайда әсер етпейді.
Бронхтық астманың сатылы емі
(БА анықтау және емдеу проблемасына арналған Халықаралық
КонгрестеAKJ11, 1992 ж. қабылданған)
