- •Жоспар:
- •Ентікпе (dyspnoe- одышка).
- •Жөтел (tussis-кашель) .
- •Қан қақыру. (haemaptoe - кровохаркаиье)
- •Тыныс ағзалары ауруларының даму тарихыи жинау – Ауруанамнезі.
- •Науқастың өмір тарихы.
- •Обьективті тексеру Қарау.
- •Кеудені қарау.
- •Физиологиялық кеуде формалары.
- •Патологиялық кеуде формалары.
- •2. Чеин-Стокс тынысы.
- •3. Биоттынысы.
- •4. Грокко –Фугони тынысы .
- •Пальпация әдісімен дыбыс дірілі өткізгіштігін анықтау.
Қан қақыру. (haemaptoe - кровохаркаиье)
Жөтелгенде тыныс жолдарынан қан немесе қанды қақырық түсу.
Науқаспен сұқбаттасқанда қан қақырудың себептерін, оның көлемі мен түсін анықтау керек. Қан қақыру көбінесе өкпе туберкулезі, қатерлі ісік, абсцесс, гангрена, бронхоэктазия ауруларында, вирусты ларингитте, трахеитте, кіші қан айналым шеңберінде (өкпеде) қан іркілгенде немесе өкпеде инфаркт қалыптасқанда, (м: митральді қақпақша ақауы мен миокард инфаркты салдарынан) қан аралас ашық қызыл түсті, көпіршікті қақырық жөтелгенде бөлінеді, реакциясы сілтілі. Өкпе сусінділенуінің II сатысында эритроциттер ыдырап, гемосидерин түзілгендіктен қақырық тот тәрізді қоңыр түсті болады. Дене қызуының жоғарылауы.
Крупозды пневмонияда дене қызуы кенеттен 39-40 гр дейін жоғарылайтын болса, плеврит пен бронхопневмонияда дене қызуы біртіндеп жоғарылайды.
Өкпеде іріңді процесстер дамығанда босаңсысатын қызба, ал өкпе туберкулезінде субфебрильді, патологиялық процесс өршігенде 38 гр. дейін, кейде одан да жоғары болады, туберкулездің ауыр формаларында қалжырататьш қызба байқалады.
Тыныс ағзалары ауруларының даму тарихыи жинау – Ауруанамнезі.
Науқас ауруының қашан, қалай және қандай жағдайда басталғанын анықтау керек. Тыныс ағзаларының біразы жедел түрде кенеттен басталады мысалы; науқас жедел пневмонияның әсіресе крупозды
пневмонияның басталған күнін ғана емес, сағатына дейін айтып береді. Плевритте патологиялық процесс біртіндеп өрбиді. Грипп, туберкулез сияқты ауруларды анықтау үшін олар басталған кездегі эпидемиологиялық жағдайды, ауа райын білудің маңызы үлкен. Бұл бөлімге патологиялық процесстің даму ерекшелігі, дене қызуы мен зертханалық зерттеу мәліметтері енгізіледі.
Науқастың өмір тарихы.
Науқастың өмір тарихымен танысқанда оның жұмыс, тұрмыс жағдайы, кәсібімен байланысты зиянды факторлардың бар жоқтығы туралы мәлімет алынады. Ауруды анықтау үшін науқастың бұрын қандай аурумен ауырғандығы, ата анасында басқа туыс-тумаларында жұқпалы өкпе аурулардың бар жоқтығы, темекі тарту, маскүнемдік т.б. зиянды әдеттердің және дәрі- дәрмектерге, басқа заттарға науқас организімінің ерекше сезімталдығының бар жоқтығы туралы мәлімет алынады.
Обьективті тексеру Қарау.
Науқасты жалпы тексергенде науқастың жалпы жағдайы, төсектегі жағдайы, ес санасы, тері мен бет әлпетіндегі өзгерістер тексеріледі.
Науқастың бет терісіндегі және кілегей қабықтарындағы цианоз өкпе қабынғанда, өкпе эмфиземасы мен пневмосклерозда, өкпе туберкулезі мен өкпенің іріңді ауруларында байқалады. Науқас бетіндегі кенеттен дамитын цианоз өкпе сабағы артериясыньщ эмболиясында және біріншілік, екіншілік склерозьшда байқалады. Экссудативті плевритпен науқас реңі бозғылт болады, әсіресе өкпеден қан кеткенде. Крупозды пневмониямен өкпенің зақымданған бөлігінде, науқас бетінің ұшы қызарған, ерін мен мұрында ұшықтар, көздің кілегей қабығы шамалы сарғайған болады.
Экссудативті плеврит және өкпенің ірінді ауруларымен науқас төсекте зақымданған аймақ жағына қарай жатады. Бронх демікпесі ұстамасымен науқас ортопноэ жағдайында отырады. Өкпенің созылмалы іріңді патологияларында аяқ-қолсаусақтарының ұштары дабыл таяқшаларына ұқсап жуандап, ұлғаяды, тырнақтары сағат шынысы тәрізді өзгеріске ұшырайды.
