Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Асазан слін зерттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.29 Кб
Скачать

3. Асқазан ішілік рн метрлік мониторинг зерттеу немесе интрагастральді реоплетизмографиялық зерттеу.

Зерттеуге арналған жіңішке түтікше диаметрі 2 мм. Түтікше мұрын қуысы арқылы өңеш, асқазан, ұлтабарға енгізіледі. Acқорыту ағзаларының қабырғаларында 11 электрод орналастырады. Асқазанға енгізілген түтікше, электродтардың орналасқан орны рентген аппаратымен бақыланады.

Acқорыту ағзаларындағы (өңеш, асқазан, үлтабар) РН деңгейін мониторинг әдісімен зерттеу 24 сағат бойы жүргізіледі және ағза қабырғаларындағы мәліметтер ЭВМ - да өңделіп, жалпы РН-метр критериімен бағаланады.

Зерттеу стационарда, амбулаториялықжағдайда жүргізіледі.

Көп каналды тәуліктік РН метрлік зерггеудің мақсаты: асқазан секрециясының тэулік бойы жеке организмдегі ерекшелігін, өңеш-асқазандық рефлюкстің жиілігін және айқындығын, ем ретінде тағайындалған дәрі препараттарына мысалы; антацидтерге, стимуляторларға, блокаторларға науқас организімінің реакциясы, ұлпалардың, асқазандағы сүйықтықтың электр тогына қарама қарсылық күшін елшеу.

Тәулік бойы РН - ы зерттеудің РН - метриядан айырмашылығы асқазан шырышты қабатындағы зақымданған ошақтардың

мозайкалық суретін (алуан түрлілігіи өрнегін) анықтау. Зерттеу нәтижелері «ОМ» өлшеу бірлігімен, ал түз қышқылы мөлшері ммоль /л белгіленеді.

4. Зондсыз (түтікшесіз ) зерттеу әдісі.

Бұл әдіс ауруханада ( стационарда ) жағдайы ауыр науқастарды

зерттеуде қолданылады. А). Сали сынамасы ( десмоидты сынагы).

0,1 г. метилен көгі себілген жұқа резеңкені суда жуып, науқасқа кешкі тамақтан кейін 1 сағаттан соң жұтқызады. 12 сағаттық несеп тұсінің көк түсті болып өзгеруі асқазан солінің қүрамында тұз қышқылының бар екендігін білдіреді. Б). «ацидотест» сынағы.

Науқасқа индикатор таб. қабылдату арқылы несеп түсінің өзгеруіне қарай асқазан бездерінің тұз қышқылын бөлу деңгейі тексеріледі.

5. Радиотелеметриялық әдіспен зерттеу.

Қышқылдылықты зерттеу үшін радиотелеметриялық әдіспен зерттеуде радиокапсула – датчик қолданады. Аспаппен жұмыс істеу үлкен шеберлікті талап етіп қана қоймай, аспаптың көлемінің ете үлкендігіне, қымбаттылығьша байланысты медицинада кем қолданылуда,

Ұлтабар сөлін зерттеу.

Ұлтабар сөлін зерттеудің бауыр, өт қапшығы және өт жолдары ауруларының диагностикасьшда маңызы үлкен. Ұлтабар сөлін зерттеу екі мақсатта жүргізіледі.

Өт құрамын тексеру арқылы диагноз қою үшін.

Жиналған өтті сыртқа шығару, өт қапшығының қабынуының және өт қапшығьшда тастың пайда болуының алдын алу үшін. Ұлтабар сөлін зерттеуге қарсы көрсетілімдер:

1)асқазан және ұлтабар жарасы ауруы,

2)өткір ангиохолецистит,

3)өңеш қабырғасындағы көк тамырлардың кеңеюі,

4)бронхоспазм немесе жүрек тапшылығы.

Зерттеу үшін төменгі басында сопақша темірі бар бүйірінде ұзынша бірнеше тесігі бар, диаметрі 3-5 мм жіңішке резеңке түтікше қолданады. Ұлтабар сөлін зерттеуден 3 күн алдын науқас адам іш кептіретін тағамдарды (картоп, орамжапырақ, сүт) ішпеуі керек. Түтікше 3 жерінде белгіленген болады. 1 - ші 45 см-гі белгі түтікшенің асқазанга енгенін көрсетеді.

Түтікшенің сыртқы ұшына кигізілген шприц арқылы асқазандағы сұйықтықты сорғызып алғанда, түсі лайқалау, реакциясы қышқыл болады.

2-ші 70 см-гі белгі түтікшенің қарын қалтқысында екенін білдіреді. Түтікше қарын қалтқысынан өту үшін науқас 15-20 минуттай жүреді. 20 минуттан соң науқасты оң жақ қырына жатқызьш, бүйіріне жылытқыш қойып, науқастан түтікшені әрі қарай жұтынуын өтінеді.

3-ші 90 см-гі белгі түтікшенің ұлтабарда екенін көрсетеді және шприцпен сорғызғанда түсі сарғыш, реакциясы сілтілі сұйықтық алынады. Егер ұлтабардан сұйықтық шықпаса түтікше арқылы жел жіберіп немесе рентген арқылы тексеріп көруге болады. Егер түтікше қарын қалтқысында кідіріп қалса, 30 мл 10 процентті сода ерітіндісі немесе 1 мл 0,1 процентті атропин жіберіледі. Зерттеуге алынған ұлтабар сұйықтығын 3 порцияға бөлеміз. 1-ші «А» порциясы - ұлтабар сұйықтығы, түсі ақшыл-сары тұнық, таза, реакциясы сілтілі. Өт жолдары кеңейіп, өт қалтасына өт кедергісіз келуі үшін, түтікше арқылы 40-60 мл 25 процентті сульфат магний ерітіндісін жібереді немесе жылытылған олиф майын қолдануға болады.

Одди сфинктерін ашу мақсатта ерітіндіні жібергеннен, кейін түтікшені 5-7 минутқа қысқышпен қысып қояды, 7 минуттан соң пробиркаға түтікше арқылы түсі қара сұйықтық ағады. Бұл 2-ші «В» порция өт қалтасындағы өттің нағыз өзі. Өт қалтасындағы өт толық шығып болғаннан кейін пробиркаға түтікшеден түсі сарғыш сұйықтық құйылады, бұл 3- ші «С» порциясы болады, мұны бауыр өті деп атайды. Ұлтабар сөлін алуға 1,5 сағат уақыткетеді, егер осы уақыт аралығында өт бөлінбесе, зерттеуді әрі қарай жалғастырудың қажеті жоқ. Асептика ережелерін сақтай отырып алынған сұйықтықтарды бөліктерге бөліп, пробиркаларды нөмірлеп, науқастың аты жөнін, алынған уақытын көрсетіп ,зертханаға 2 сағат ішінде жіберу керек.

Ұлтабар сұйықтығы зертханада:

- макроскопиялық,

-микроскопиялық, - биохимиялық,

-микробиологиялық тексеруден өтеді.

Зерттеуде барлық порциялардағы ұлтабар I үйықтығының мөлшері, түсі, тұнықтығы, реакциясы тексеріледі. Мнкроскопиялық зерттеуде микроскоп көмегімен өт құрамындағы эпителий жасушалары, паразиттер

( тоғышар ) тексеріледі.

Сұйықтық құрамында лейкоциттердің анықталуы қабыну процесінің белгісі.

Лейкоциттердің мөлшерден артық болуы жара ауруында немесе дуоденитте байқалады.

«В» порциясында қабыну процесінің нәтижесінде жиі

паразиттерден лямблий, описторхоз патологиясының жұмыртқасы, эхинококк қабығының бөлшектері анықталады.

Биохимиялық зерттеу:Өт құрамындағы билирубин, холестерин, трипсин альфа-амилаза (диастаза) мөлшері тексеріледі.

Өт құрамындағы холестерин өт жолдары қабынғанда, билирубинат кальций холециститте, май және өт қышқылдарының кристалдары өт қалтасының патологиясында анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]