- •1.Асқазан секрециясын жіңішке резеңке түтікше арқылы фракциялық әдіспен зерттеу.
- •1. Асқазан сөлінің секрециясын (бөлінуі) фракциялық әдіспензерттеу.
- •Асқазан сөлін химиялық зерттеу:
- •2. Асқазан ішілік рн метрия.
- •3. Асқазан ішілік рн метрлік мониторинг зерттеу немесе интрагастральді реоплетизмографиялық зерттеу.
- •4. Зондсыз (түтікшесіз ) зерттеу әдісі.
- •5. Радиотелеметриялық әдіспен зерттеу.
- •Микробиологиялық зерттеу.
Асқазан сөлін химиялық зерттеу:
Асқазанның қышқыл, ферменттер, белок түзуші ж/е басқа қызметі тексеріледі. Стимуляция етілгеннен кейін алынған әр бір
порциядағы асқазан сөлінің мөлшері, жалпы қышқылдылығы, бос тұз қышқылының және байланысқан тұз қышқылының мөлшері зерттеледі.
Асқазанньщ тұз қышқылын бөлу қызметін бағалау үшін бір сағат ішінде асқазанда бөлінген тұз қышқылының абсолюттік саны есептелінеді бұл «дебит-час» деп аталады.
Бос тұз қышқылы ашқарынға анықталмайды.
Асқазан сөлін микроскопиялық жолмен зерттеу.
Бұл мақсатта асқазан сөлі құрамындағы эпителий жасушалары, лейкоциттер, микроскопиялық тағам қалдықтары, асқазан обырына тән ісік жасушалары зерттеледі.
Асқазан сөлі құрамындағы тұз қышқылының қалыпты мөлшері нормацидті, жоғары болуы гиперацидті, төмен болуы гипоацидті, тұз қышқылының тіпті болмауы анацидті жағдай деп аталады. Зерттеу нәтижелері төмендегі кестелерде керсетілген.
Асқазанның қалыпты секрсциясының негізгі көрсеткіштері.
Керсеткіштер |
Секреция |
|
|
Негізгі |
Стимуляция |
||
|
базальды |
жасалғаннан кейін |
|
субмакс. |
макс. |
||
Асқазан сөлінің мөлшері мл |
50-100 |
100-140 |
180-200 |
Жалпы қышқылдық ммоль л |
40-60 |
80-100 |
100-120 |
Бос тұз қышқ. ммоль л |
20-40 |
65-85 |
90-110 |
Байланысқан тұз кышқ. ммоль л |
10-15 |
10-15 |
10-15 |
Дебит- час.ммоль л |
1,5-5,5 |
8-14 |
18-26 |
Бос тұз қыш. дебит час.ммоль л |
1-4 |
6,5-12 |
16-24 |
2. Асқазан ішілік рн метрия.
Асқазан қабырғасындағы тұз қышқылы мөлшерін электрометрлік әдіспен анықтауда асқазанның фундальді және антральді бөлігіне электродтар қойылады. Екі электрод аралығындағы қашықтық 11 см. Зерттеу барысын тіркейтін құрал ретінде стандарт санды немесе белгі көрсететін иономерлер, арнайы РН- метрлер қолданады. Зерттеу нәтижесі ЭВМ көмегімен қағазда тіркеліп көрсетіледі. Зерттеу таңертеңгілік ашқарынға жүргізіледі. Егер асқазан эвакуациясы бұзылған жағдайда зерттеуден алдын кешке асқазан тағамнан тазартылып, таңертеңгісін асқазанға жиналған шырыш сорылып алынады.
Қазіргі уақытта қолданылатын резеңке түтікше диаметрі 2 мм. Түтікше ауыз қуысы арқылы енгізіледі, ал микротүтікшелер мұрын қуысы арқылы енгізіледі. Кейбір жағдайларда асқазандағы электродтардың орналасқан орнын жэне түтікшелерді енгізгенде ену барысын рентген аппаратымен бақылауға болады. Зерттеу ашқарынға 30 мин бойы жүргізіледі.
Асқазан сөлі қышқылдылығын анықтауда жүргізілген зерттеу нәтижесі төмендегідей:
РН - 0,9-1.05 - гиперацидті жағдай .
РН - 1,6-2,0 - нормацидті жағдай
РН- 2,1-5,0- гипоацидті жағдай.
РН - 6,0-н жоғары - ахлоргидрия .
Гистамин немесе пентагастринмен стимуляция жасалғаннан кейінгі секреция көрсеткіштері:
Стимуляция жасалғаннан кейін
РН көрсеткіштері 30-60 минут бойы тіркеледі.
РН - 0,9 - 1,2 гиперацидті жағдай .
РН - 1,2 - 2,0 нормацидті жағдай .
РН - 2,0-3,0 орташа гипоацидті жағдай .
РН - 3,0 -5,0 айқын гипоацидті жағдай .
РН - 6,0 ден жоғары нағыз ахлоргидрия .
