- •М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті
- •2. Эндокринді бездердің құрылымдық-қызметтік құралуының жалпы принциптері
- •1. Гипоталамо-гипофизарлы-бүйрек үсті өзара байланыстардың схемасын салу және оны сипаттау.
- •2. Гипофиз гормондарының әсері және топографиялық, морфологиялық сипаттамасы.
- •3.Гипоталамус пен гипофиздің стресс реакциясының бірінші фазасындағы гормональды белсенділігі. Перифериялық бездердің және симпатоадреналдық жүйенің белсену механизмі.
- •4. Гипоталамо-гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесінің стресс реакциясының тұрақталған фазасындағы белсенділігі. Реттелушілік байланыстары.
- •2. Эндокринді бездің адам үшін маңызы және қызметтік ерекшелігі
3.Гипоталамус пен гипофиздің стресс реакциясының бірінші фазасындағы гормональды белсенділігі. Перифериялық бездердің және симпатоадреналдық жүйенің белсену механизмі.
Ішкі сөлініс бездердің өзіндік реттелуінің көбінесе ішкі ортаның -гомеостаздың — тұрақтылығын сақтауында маңызы зор. Қандай да болмасын организмдегі өзіндік реттелу жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Ол өзін-өзі реттеуші жүйелердің қызметін сыртқы ортаның жағдайларына бейімдейді.
Организмнің бейімделу әсерленістерінда жағымсыз жағдайларға, зиянды экстремалді әсерлерге қарсы түру әсерленістерінда гипофиз — адренал жүйесінің маңызы зор.
Организмнің бейімділігі мен ішкі сөлініс бездерінің қарым-қатынасы канадалық ірі физиолог дәрігер, эндокринолог Ганс Сельенің лабораториясында көп зерттелді. Барлық зиянды, қалыптан тыс төтенше әсерлерді Г.Селье стрессор деп атаған (ағыл. stress — зорлану деген мағынада). Стрессорларға организмнің зорлануын, яғни стресті тудыратын көптеген агенттер жатады.
Химиялық немесе бактериялық интоксикация, шектен тыс тону, қызу, аштық, өте ауыр дене еңбегі, психикалық әсерлер гипоксия, организмнің ішкі жүйелер қызметтерінің бұзылуы т.б. стрессор болуы мүмкін. Тіпті орта шамадағы ауру, күшті эмоциялық қозу (жағымды, жағымсыз болсын) да стресс тудыруы мүмкін. Жағымды стресстер эвстресс, жағымсыздары дистресс деп аталады.
Г.Селье мен оның шәкірттерінің зерттеулері бойынша, барлық стрессорлар алғашқы кезде біркелкі жалпы әсерленіс тудырады: ең алдымен адренокортикоидтардың гиперсекрециясы (әсіресе глюкокор-тикоидтардың) пайда болады. Себебі гипофизде АКТГ көп өндіріледі. Оған қоса айырша бездің гиперқызметсы байқалады. Лимфа түйіндері мен көкбауырдың салмағы мен көлемі азаяды, қанда лимфоциттер мен эозинофилдер азаяды (эозинопения). Соңғы екі өзгеріс Торн зерттеуі арқылы оңай анықталады. Мұндай организмнің арнайы емес әсерленісін жалпы адаптациялық синдром деп атайды. Бұл зиянкес әсерлерге организмнің қарсы түру қабілетін күшейтеді.
Бірінші кезең ағзаның қорғаныс күшінің төтенше жұмылдыруы стресстік әсерлерге бағытталған күресі, яғни оның патогенді әсерін жою және теріс әсерін болдырмаумен сипатталады.
Стресстің бірінші кезеңінде гипоталамо-гипофиздік-бүйрек үсті жүйесінің активтенуі жүреді, содан соң гипофиздің алдыңғы үлесінен адренокортикотропты гормоны (АКТГ) жоғары деңгейде шығады,бүйрек үсті безінің стероидты қызметінің жүзеге асуы және адам қанына бірінші кезекте кортизонның глюкокортикоидты гормонының жиналып, минералокортикоидты секреция тоқтатылады.
Бірінші кезеңінде симпатоадреналды жүйесі жүреді. Дабыл реакциясы кезінде бүйрек үсті безінің милы қабатынан катехоламиннің және симпатикалық жүйке ұштарынан норадреналин нейромедиаторын босап шығуын күшейтеді.
Стресс кезінде кортикостероид және катехоламин физиологиялық жүйенің қызметі мен зат алмасу процесін қалыптастырады.
4. Гипоталамо-гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесінің стресс реакциясының тұрақталған фазасындағы белсенділігі. Реттелушілік байланыстары.
Гипофизэктомиядан (гипофизді алып тастағаннан) кейін жануарларда адаптациялық синдром дамымайды. Ал гипофизі сақталған, бірақ бүйрекүсті безінің жүйкелері кесілген, яғни оны кесіп алып миға қондырған жануарларда «қобалжу әсерленісі» байқалады.Бүйрекүсті бездерінің қандай да болмасын әсерге гиперсекрециясымен жауап беруін Г.Селье алғашқы стресс әсерленісі ягни «қобалжу әсерленісі» деп атаған. Бұл әсерленістен кейін стрестің келесі кезеңі резистенттігі (төзімділігі) яғни бейімделуі басталады да бүйрекүсті бездері гормондарының сөлінісі қалпына келеді.Сонымен бүйрекүсті безінің мұндай әсерленісі арқылы организмнің компенсация (өтеміс) тетіктері іске қосылады да, ол өзгерген жағдайға бейімделеді. Глюкокортикоидтар мен адреналиннің физиологиялық мол әсері бейімдеу үрдістерін қалыптастырады.Адаптациялық синдромның негізі — бүйрекүсті бездерінің белсенділігінің іске қосылуы жүйкелік механизмнен гөрі гипофиздің АКТГ-ның қанға шығатын мөлшеріне байланысты.Бүйрекүсті бездерінің кортикоидты гормондары организмнің төзімділігін қалай күшейтетіні әлі де белгісіз. Мүмкін бүйрекүсті безінің адренокортикоидты гормоны жасушада энергияның жиналуы мен босауына әсер етіп, жасушалар мен ағзалардың жұмыс қабілетін және энергия тепе-теңдігіне ықпалын тигізетін шығар.Егер зиянкес жағдай әсерін жалғастыра берсе және оның күші үдесе, стрестің 3-і кезеңі «әлсіреу кезеңі» басталады да, бүйрекүсті бездері қажетті мөлшерде глюкокортикоидтарды (кейде бүларды бейімдеуші гормон дейді) өндіруді тоқтатады. Мұндайда организмнің жағдайы мүлде нашарлап кетеді.Организмнің бейімделу әсерленістерін белсендіруге басқа да ішкі сөлініс бездері қатысады. Бұл бездердің қызметінде өзара байланыс айтарлықтай орын алады. Жалпы алғанда ағзаға, оның қандай да болмасын қызметіне тек қана бір без әсер етіп қоймайды. Қалыпты жағдайда бұл бездердің қызметіндегі өзара байланысына қарай бірнеше без қатысады. Кейбір бездер бір-бірімен антогонистік байланыста болады (мысалы, көмірсуларға адреналин мен инсулиннің әсері немесе паратгормон мен тирокальцитониннің Са+-ға әсері т. б.).
Қорытынды
1. Ағзадағы эндокринді реттеу. Өзінің ықпалын жүзеге асыру үшін гормонның аз ғана мөлшері қажет, ал қанға түсісімен нысаналы мүшеге жетеді, яғни ішкі секреция бездерінің алыста жатқан мүшелерге тигізер әсері қанның тасымалдау қызметіне байланысты жүргізіледі (дистантты әсер ету – алыстан ықпал ету).
Эндокриндік реттеу ағзада кездесетін реттеулердің бір түрі ғана болып табылады. Реттеудің өзі бірнеше түрге бөлінеді:
• Аутокриндік реттеу (бір жасушаның немесе біркелкі жасушалардың шегінде); Аутокриния дегеніміз жасушаның өндірген өнімі оның өзінің рецепторлық аппаратына немесе жасушаның өзіне ұқсас көршілес жасушаларға әсер етіп, олардың қызметтік белсенділігін реттеу болып табылады.
• Паракриндік реттеу (жақыннан, - көрші орналасқан жасушаларға); Паракриния дегеніміз жасушаның өндірген белсенді заты оның қасында орналасқан басқа жасушаларға әсер етуі болып табылады.
• Эндокриндік реттеу (қанда анықталатын гормондардың көмегімен); Эндокриния дегеніміз жасушаның өндірген реттеуші заттары олардың әсер ететін жасушаларынан қашықта орналасып, алыстан ықпал жасау болып табылады.
• Жүйкелік реттеу. Эндокриндік жүйе жүйке жүйесімен тығыз байланыста болады, сондықтан көбінесе нейро-гуморальдық реттеу термині қолданылады.
Жүйкелік жасушалар мен эндокриндік жасушалардың жалпы қасиеттері гуморальды реттеушілік ықпал көрсете алатын заттарды өндіре алу болып табылады. Эндокриноциттер гормондарды өндірсе, жүйкелік жасушалар нейромедиаторларды бөледі. Жүйке жүйесінің кейбір мүшелерінде кәдімгі нейроциттерден басқа, нейросекреторлық қызмет атқаратын жасушалар да болады. Олар нейроаминдермен қатар олигопептидтерді де өндіре алады.
