Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
346001_2016-10-25 00-44-40_Физиология.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

2. Эндокринді бездердің құрылымдық-қызметтік құралуының жалпы принциптері

Шығару өзектері болмайды, өнімдерін тікелей қанға не лимфаға бөледі.

2. Өте жақсы тамырланады.

3. Өнімнің қанға түсуін жеңілдететін гемокапиллярлардың түрі болады (фенестрленген немесе синусоидты).

4. Көбінесепаренхималықмүшелерболыптабылады.

5. Көбінесе эпителий тініненқұралып, жасушаларысозындыларнемесефолликулаларқұрайды.

6. Басқадайтіндерден де тұруымүмкін, мысалыжүйкетіні (гипоталамус, эпифиз), бұлшықет (бүйректіңюкстагломерулярлықжасушаларыжәнемиокардтыңэндокриндіккардиомиоциттері), дәнекертін (аталықбездіңжәнебүйректіңинтерстициальдықжасушалары).

7. Эндокриндімүшелерде строма нашардамиды.

8. Биологиялықбелсендізаттарды – гормондардыөндіреді.

9. Гормондар аз мөлшердежәнеалыстанықпалетеді.

10. Тек нысаналы мүшелерге ғана әсер етеді.

Негізгі бөлім

1. Гипоталамо-гипофизарлы-бүйрек үсті өзара байланыстардың схемасын салу және оны сипаттау.

Гипоталамус

С

Кортикотропин – рилизинг - факторы

трессТежеу

Гипофиздің алдыңғы бөлігі

АКТГ

Бүйрек үсті безінің қыртысы

Кортизол

Гипоталамо-гипофизарлы-бүйрек үсті бездер қыртысының эндокринді жүйесі-организмнің көптеген қызметтерін реттейтін гормондарды түзеді, бірақ маңызды гормондар жүйесі ерекше қарастырып өтуді талап етеді: КРГ-кортикотропин –кортизол. Бұл гормондар физикалық жүктеме,эмоционалды қой еңбегі, стресс факторы әсер еткенде, ауырған кездерде организмнің тіршілік етуін қамтамасыз етеді.

КРГ (кортикотропин –рилизинг-гормон)-гипоталамустың ұсақ клеткалы ядроларында синтезделеді. КРГ түзетін гипоталамустың нейросекреторлық клеткаларын белсендіру үшін теріс-кері байланыс механизмінен басқа ОЖЖ-нің басқа құрылымдары әсерінің маңызы ерекше, ең алдымен лимбиялық жүйенің орны бөлек.

КРГ-аденогипофиздің проопиомеланокортин клеткаларына жандандырушы әсер етеді, олардан АКТГ, мелоноцит жандандырушы гормон, β-эндорфин және басқа пептидтер пайда болады.

Адренокортикокотропты гормон

АКТГ бөлінуінің тәуліктік ырғағы ұйықтаған соң артады және ең жоғарғы шегіне оянар алдында жетеді. АКТГ –ның бөлінуін күшейтуге КРГ-нан басқа АДГ, норадреналин, ангиотензин ІІ қатысады. АКТГ бөлінуін соматостатин тежейді.

АКТГ-ның рецепторлары – G-нәруызымен байланысқан, аденилатциклаза жүйесін белсендіретін мембраналық рецепторлар.

АКТГ-ның физиологиялық әсері екіге бөлінеді: бүйрек үсті және бүйрек үстінен тыс.

2. Гипофиз гормондарының әсері және топографиялық, морфологиялық сипаттамасы.

Гипофиз бен гипоталамус арасындағы өзара байланыс портальды жүйе арқылы іске асады. Гипофиздің портальды жүйесіне біріншілік капиллярлы тор кіреді, ол арқылы гипоталамустың аркуатты, вентромедиальды және паравентрикулярлы ядроларының аксондарының терминальды бөліктерімен байланысады. Біріншілік капиллярлар шоғыры гипофизарлы аяқша бойымен гипофиздің алдынғы бөлігіне жетіп, портальды көктамырларға келіп жиналады да, екіншілік капиллярлы торға бөлінеді. Екіншілік капиллярлы тордың синусоидтары гипофиздің алдынғы бөлігіне гормондармен байытылған қанды тасымалдайтын әкететін көктамырларға жиналып, жүйелік қанайналымға қосылады. Қазіргі таңда белгілі гипоталамус гормондары сәйкес тропты гормондардың әсерін күшейтетін (рилизинг-гормоны, либериндер) және тежейтін (статиндер) болып жіктеледі, алайда бұл бір либерин (статин)-бір гипофиз гормоны деген ұғымға сай келмейді. Мысалы, тиролиберин ТТГ және пролактин өндірілуін ынталандырады, ал гонадолиберин ЛГ мн ФСГ-ға ортақ рилизинг-гормон болып табылады, соматостатин ГР мен АКТГ секрециясын тежейді.

Пролактин — ақуызды гормон, басты физиологиялық қызметі- лактацияны қамтамасыз ету. Баланы емізу үрдісі пролактин секрециясын ынталандырады. Гипоталамуста синтезделетін дофамин пролактин секрециясының басты ингибиторы болып табылады.

Өсу гормоны (ӨГ, соматотропин)— бауырда өсу гормоны ықпалынан синтезделетін инсулин тәрізді өсу фактор-1 (ИТФ-1) арқылы тіндер мен мүшелерге әсер көрсететін полипептидті гормон. ӨГ жас балалар мен жасөспірімдерде сүйектердің ұзына бойына өсуін ынталандырады (негізінен ұзын түтікті сүйекті). Сонымен қатар, ӨГ ақуыз синтезін және азоттың ағзада сақталуын ынталандырады, липолиздік және натрийуретикалық әсер көрсетеді. Ағзаға ӨГ физиологиялық мөлшерін енгізу қысқа әсерлі инсулин тәрізді әсер (гликемияны төмендетеді), кейін контринсулярлы әсер береді. ӨГ синтезі мен секрециясы екі гипоталамустық нейропептидтермен реттеледі- ӨГ рилизинг-гормоны (соматолиберин, ӨГ-РГ) және соматостатин. Тәулік бойы ӨГ деңгейі қан сарысуында төмен болады, шың дәрежеге тек тағам қабылдағаннан кейін жетсе, деңгейі ұйқы кезінде үдемелі түрде жоғарылайды. Өсіп келе жатқан балаларда ӨГ интегральды тәуліктік өндірілуі ересек адамдармен салыстырғанда жоғары болады.

Лютеиндеуші гормон (ЛГ) аналық бездерде овуляцияны және тека жасушалармен адрогендердің синтезін ынталандырады, ал аталық бездерде Лейдиг жасушаларымен тестостерон өндірілуін реттейді.

Фолликуластимулдеуші гормон (ФСГ) аналық бездерде гранулеза жасушаларының өсуін және эстроген секрециясын ынталандырады, ал аталық бездерде тестостеронмен бірге сперматогенезді ынталандырады ( 5.1.және 6.1 бөлімді қараңыз).

Адренокортикотропты гормон (АКТГ, кортикотропин) бүйрек үсті безінің қыртысты затында кортизол мен андрогендер өндірілуін ынталандырады (4.1 бөлімді қараңыз).

Тиреотропты гормонның (ТТГ) басты қызметі қалқанша без гормонының синтезін және секрециясын ынталандыру және тиреоциттерге трофикалық әсер көрсету болып табылады Нейрогипофиз - гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлы ядроларының аксондарынан тұратын, дербес автономды жүйе.

Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді

Вазопрессин (аргинин-вазопрессин, антидиурездік гормон, АДГ) 9 аминқышқылдан тұратын ақуыз. АДГ рецепторлары бүйрек нефрондарының дистальды түтікшелерінде орналасады, оның белсенуі су реабсорбциясының күшеюіне әкеледі. Физиологиялық жағдайда АДГ секрециясы гипоталамустың осморецепторларымен реттеледі: қан сарысуының гиперосмолярлығы АДГ секрециясын ынталандырады. Сонымен қатар, гиповолемия және артериялық гипотензия АДГ секрециясын тікелей емес ынталандырушылар болып табылады.

Окситоцин вазопрессин секілді 9 аминқышқылдан тұрады, бірақ одан екі аминқышқылының қалдықтарымен ерекшеленеді. Окситоцин жатыр бұлшықетіне әсер ету арқылы оның жиырылу күшін күшейтеді, нәтижесінде босану кезіндегі және босанудан кейінгі жатыр жиырылуын қамтамасыз етеді. Окситоцин сүт бездері альвеолаларының миоэпителиоциттерінің жиырылуын ынталандырып, сүт жолдарына сүттің түсуіне жағдай жасайды. Окситоцин секрециясының физиологиялық ынталандырушысы әйел жыныс жолдарының кеңеюі мен емізу болып табылады.