Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_1160609599145902101.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.05 Кб
Скачать
  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз,лабораторлы анализдерді және қосымша зерттеулер нәтижесін интерпретациялаңыз

  3. Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.

15. Бала 5 жаста, жедел ауырған. Дене температурасы 37,5˚ С дейін жоғарлаудан басталған, делсалдық, бас ауруы пайда болған. Аурудың 3-ші күнінде түскен. Қарағанда баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 38,3˚ С. Қайталамалы құсу. Тері жабындылары таза, бозғылт түсте. Құлақмаңы, сілекей бездері екі жақтан да ісіңкіреген және шамалы ауырсынады. Араны аздап қызарған. Желке бұлшықеттері бір көлденең саусаққа (саусакаралыққа) ригидті, Керниг симптомы оң, ішастар рефлексі әлсіреген. Ішкі ағзалар бойынша ерекшеліксіз. ЖҚА: Нв- 120 г/л, Эр-3,5×1012, Л-3,1×109, Э-1%, Т-4%, Л-69%, С- 25%,М-1% ,ЭТЖ-12 мм/сағ. Жұлын пункциясын жүргізгенде: ликвор түссіз, мөлдір, қысыммен шығады, цитоз- 400 жасуша, Лимф-98%, Нейтр-2%, ақуыз-0,1г/л, глюкоза-3,7 ммоль/л, Панди реакциясы +.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз,лабораторлы анализдерді және қосымша зерттеулер нәтижесін интерпретациялаңыз

  3. Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.

16. Бала 4-жаста, жедел ауырған. Дене температурасының 37,5˚ С дейін жоғарлауынан басталған, әлсіздік, делсалдық пайда болған. Аурудың бірінші күнінің соңында бетінде және қол-аяқтарында бөртпелер пайда болған. Қарау кезінде бала мазасыз, тітіркенгіш. Дене температурасы 38,7˚ С. Бетте, қол-аяқта, бастың шашты бөлігінде серозды бөліндісі бар везикулярлы бөртпе элементі. Бала әлсіз, басының ауырсынуына шағымданады. Қайталамалы құсу. Госпитализацияның 3-ші күнінде баланың жағдайы нашарлады. Бала өз еркімен отыра алмайды, басын ұстамайды, басының айналуына шағымданады. Сөйлеуі баяу, ақырын, түсініксіз. Қайталамалы құсу. Қарау кезінде саусақ-мұрын сынамасы оң. Менингеальды белгілер теріс. ЖҚА: Нв- 120 г/л, Эр-3,5×1012, Л-2,4×109, С-25%, Т-3%, Л-70%, М- 2%, ЭТЖ- 13 мм/сағ. Жұлын сұйықтығында: ликвор түссіз, мөлдір, цитоз-18 жасуша, Л-75%, Н-25%, ақуыз-0,33г/л, глюкоза-3,0 ммоль/л.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз,лабораторлы анализдерді және қосымша зерттеулер нәтижесін интерпретациялаңыз

  3. Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.

17. Бала 4-жаста, бүгін танертең ауырған. Дене температурасының 37,8˚С дейін жоғарлауынан басталған, аздаған жөтел, мұрыннан бөлінді пайда болған. Қарау кезінде араны қызарған және бадамша безі болбыр. Жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында және ұртында ұсақ бозғылт-қызғылт дақтар. Барлық дененің тері беткейінде бозғылт тері фонында дақты-папуллезді бөртпелер байқалады, жамбаста және қол-аяқтардың сыртқы беткейінде қою орналасқан. Желке және артқымойын лимфа түйіндері пальпацияланады шамалы ауырсынумен. Ішкі ағзалар жағынан өзгерістер жоқ. Физиологиялық атқарулары бұзылмаған. ЖҚА: Нв- 115 г/л, Эр-3,9×1012, Л-3,8×109, Э-1%, Т-3 %, С- 22 %, Л-72%, М- 2%, ЭТЖ-12 мм/сағ.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз,лабораторлы анализдерді және қосымша зерттеулер нәтижесін интерпретациялаңыз

  3. Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.

18. Бала 8-жаста, жедел ауырған. Дене температурасы 38,7˚ С дейін жоғарлаған, тамағының ауырсынуы, бірретік құсу, келесі күнде бөртпе пайда болған. Аурудың екінші күнінде селқостық, кеудеде, қол-аяқтарда, тері қатпарларында усакнүктелі бөртпелер пайда болды. Аранында айқын шектелген гиперемия. Тілі қою ақшыл-сары жабынмен жабылған. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс -136 рет минутына. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасы шетінен +1 см шығыңқы. Нәжісі және зәр шығаруы қалыпты. ЖҚА: Нв- 130 г/л, Эр-3,8×1012, ТК-0,9, Л-12×109, Э-1%, Т-8%, С- 74%, Л-13%, М- 4%, ЭТЖ-28 мм/сағ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]