Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_1160609599145902101.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.05 Кб
Скачать
  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз, зертханалық анализдер мен қосымша зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялаңыз

  3. Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.

5. Бала 2 жаста. Мойын артқы лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданып түсті. Анамнезінен: бір жарым жасында ауыр ЖІИ ауырған, реанимацияда болған – орталық көктамырға катетер қойылған, СЗП 2 рет құйылған. Объективті: Баланың жағдайы аса бұзылмаған. Өзін сезінуі нашарламаған. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаты бозғылт. Шеткері лимфа түйіндері – сол жақ мойын арты лимфа түйінінің көлемі грек жаңғағындай, қалғандарының мөлшері бұршақтайдан фасольге дейін. Араны тыныш, бадамша бездері болбыр, екінші дәрежеге дейін ұлғайған. Тәбеті төмендеген. Физикалық жетілуі қалыңқыраған. Дене салмағы – 8 кг. Дене қызуы қалыпты. Жүрегі мен өкпесі ерекшеліксіз. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры +2 +2 +3 смқабырға доғасынан. Көкбауыры + 1 см. Нәжісі мен зәрі қалыпты. ЖҚА: Нв- 106г/л, Эр-3,4×1012, L-4,2×109, Э-2%, П-6%, С- 46%, Л-44%, М-2%, ЭТЖ-6 мм/ч. БХА қанның –жалпы билирубин- 10,8 мкмоль/л, тура- 4 мкмоль/л, тура емес - 6,8 мкмоль/л, АЛТ – 0,80 мккат/л, АСТ – 0,40 мккат/л. Hbs Ag-оң.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз, зертханалық анализдер мен қосымша зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялаңыз

  3. Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.

6. 4 айлық бала. Салмағы 6кг, омырау емеді. Тәулігіне 3 ретке дейін болатын қан араласқан сұйық нәжіске шағымданып қаралды. Анамнезінен: бірінші жүктіліктен, кольпит емдеу фонында өткен. Салмағы 3600г. Туылған кезде іріңді конъюнктивит,кіндіктің сулануы болған..Балада туылғаннан іш аймағында ауырсыну және іш қату болған. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Ұйқысы және тәбеті қалыпты. Тері және көзге көрінетін шырышты қабаттары таза, ақшыл-қызғылт. Іш аймағының тері қатпарлары баяу жиналады. Жүрек және өкпе ерекшеліксіз. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Нәжісі сұйық, күніне 3 рет, шырыш және қан қойыртпалары араласқан. Дефекация алдындабала мазасызданады, күшенеді, беті қызарады. Зәр шығаруы еркін. Дене қызуы қалыпты.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Зерттеу жоспарын құрыңыз, лабораторлық зерттеулерді және қосымша зерттеулерді талдаңыз

  3. Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.

7. Наташаға 1 жас, жұқпалы аурулар бөлімшесіне ұстамалы түрде жөтел басталғаннан кейін 2 аптадан соң келіп түсті. Ауруы құоғақ жөтел басталуымен біртіндеп басталған. Өзін-өзі сезінуі және тәбеті бұзылмаған. Дене қызуы 37,2° С- 37,4 ºС. 1-ші аптада жөтелі күніне 16 ретке дейін жиілеген, жөтелі күшейген, ұстамалы және ұзақ, амбулаторлы ем нәтижесіз болған. Тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты бірінші екпесін 11 айында алған.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Беті ісінген, қатпарларында қанталаулар. Араны таза, өкпеде қатаңдау тыныс, аздаған құрғақ сырылдар естіледі. Бала жөтелгенде қызарады, тілі шыққан, жөтел түрткісінен кейін терең ысқырықты тыныс алуы, қысқа тырыспалы түрткімен ауысады.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Зерттеу жоспарын құрыңыз, лабораторлық зерттеулерді және қосымша зерттеулерді талдаңыз

  3. Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.

8. 7 жастағы қызбала. Жедел ауырған. Ауруы дене қызуының 38°Сқа дейін жоғарылауынан, мойын лимфа түйіндерінің ісінкіреуі, мұрын бітелуі және тамағындағы ауырсынудан басталды. Ауруы басталғаннан кейін бірінші аптаның соңында жұқпалы ауруханаға келіп қаралды. Қараған кезде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, беті пастозды. Мұрын арқылы тыныс алуы қиындаған. Бөліністер жоқ. Жұтқыншақта жайылған гиперемия, бадамша бездері болбыр, ісінген, II- III дәрежеге дейін гипертрофияланған. Бадамша бездері ақ-сұр түсті жабындылары бар. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы ісінген; түйіршіктелген, қою шырышпен жабылған. Шеткі лимфатүйіндері: мойынарты лимфатүйіндері фасоль мөлшеріне дейін ұлғайған, цепочка тәрізді орналасқан, тығыздығы қатты, ауырсынусыз. Бауыр және көкбауыр ұлғайған. Нәжіс және диурез қалыпты. ЖҚА: Нв- 124 г/л, Эр-3,7×1012, L -16,2 ×109, Э-2%, Т-10%, С- 26%, Л-50%, Э-2%, атипті мононуклеарлар -12%, ЭТЖ-18 мм/с. Қанның БХА –жалпы билирубин- 29,6 мкмоль/л, тура - 20 мкмоль/л, тура емес- 9,6 мкмоль/л, АЛТ – 0,56 мккат/л, АСТ – 0,20 мккат/л. Hbs Ag- теріс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]