- •5 Курс ом Задачи для практического экзамена по дисциплине «Детские инфекционные болезни в условиях апп», 2016-2017 уч.Год
- •Сіздің диагнозыңыз
- •1.Сіздің диагнозыңыз
- •Тексеру жоспарын құрыңыз, зертханалық анализдер мен қосымша зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялаңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.

5 Курс ом Задачи для практического экзамена по дисциплине «Детские инфекционные болезни в условиях апп», 2016-2017 уч.Год
1. Бала 10 айлық, қосымша тамақ беріледі. Жедел ауырған. Басталуы дене қызуының 39.0 0С дейін жоғарлауымен, әлсіздіктен, қайталап құсқан. Кешке таман жасыл түсті, шырыш араласқан, 10 ретке дейін болған сұйық нәжіс қосылған. Ауруының 5 күні түскен. Түскен кездегі жағдайы ауыр, селқос, кезеңді түрде мазасызданады. Түскендегі дене салмағы 8 кг(туғандағысы 3400гр). Ішіндегі тері қатпары баяу жазылады. Нәжісі сұйық, жасыл, сасық иісті, шырыш және біраз мөлшерлі сумен. Копрограммада нәжісі сұйық, қою-жасыл, қорытылмаған клетчатка ++, бұлшықет талшықтары -жоқ, бейтарап май +++, L-15-18 к.а. Эр-7-8 к.а.
Сіздің диагнозыңыз
Тексеру жоспарын құрыңыз, зертханалық анализдер мен қосымша зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялаңыз
Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.
2. Бала 9 айлық, клиникаға ауруының 4-ші күні келіп түсті. Басталуы дене қызуының 38,6ºС дейін жоғарлауынан, мұрын бітелуінен. Динамикада ылғалды жөтел,конъюнктивит қосылды. Ауруының 3-ші күні ентігу пайда болды, жалпы жағдайы нашарлады. Түскендегі жағдайы ауыр: дене қызуы 39,5ºС, селқос, тері жабындылары бозғылт, ауыз айналасында цианоз. Беті ісіңкіреген. Аранында шырышты қабаты қызарған. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы болбыр, дәнді бөртпелер. Конъюнктивалары қызарған. Өкпесінде қатаң тыныс, ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. Жөтелі жиі, ылғалды. ТАЖ 58 рет минутына. Бауыры +3 см шығыңқы қабырға доғасынан.ЖҚА: Нв- 105г/л, Эр-3,5×1012, Л-12,8×109, Э-2%, П-5%, С- 5%, Л-32%, М-6%, ЭТЖ-18 мм/сағ.
Сіздің диагнозыңыз
Тексеру жоспарын құрыңыз, зертханалық анализдер мен қосымша зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялаңыз
Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.
3. Бала 8 жаста. Жедел ауырған. Басталуы жедел, дене қызуының 38ºС дейін жоғарлауымен, тамағында ауырсыну пайда болған, 1 рет құсқан, келесі күні бөртпе пайда болған. Басымырақ кеудесінде, терінің табиғи қатпарларында, гиперемирленген фонда, ұсақнүктелі сипатта. Аранында шектелген гиперемия, лакуналарда іріңді жабындылар. Тілі қалың ақ жабындымен жабылған. Өкпесінде қатаң тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары қатайған, тахикардия ЖСЖ 118 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі және диурез қалыпты.
ЖҚА: Нв- 126г/л, Эр-3,6×1012, Л-12,0×109, Э-1%, П-4%, С- 78%, Л-13%, М-4%, ЭТЖ-28 мм/сағ.
1.Сіздің диагнозыңыз
Тексеру жоспарын құрыңыз, зертханалық анализдер мен қосымша зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялаңыз
Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.
4.Ұл бала 12 жаста. Ауруханаға ауруының 3-ші күні келіп түсті. Басталуы дене қызуынан 37,8 ° С, әлсіздіктен, жүрегінің айнуынан,тәбетінің төмендеуінен. Динамикада 2 рет құсқан, зәрі қарайған, терісі мен склераларының сарғаюы. Түскенде баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, интоксикацияға байланысты, селқос. Тәбеті төмендеген, дене қызуы 36,4 ° С. Терісі және көзге көрінетін шырышты қабаты сарғыш түсті, склералары иктериялы. Тілі ақ жабындымен жабылған. Жүрегі және өкпесі ерекшеліксіз. Бауыры +4 +3 +2 см, пальпацияда ауырсынусыз, тығыз-эластикалық консистенциялы,шеті дөңгеленген. Көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжісі ашық қоңыр түсті, ботқа тәрізді. Зәрі қарайған, қою шай түсті. Анамнезінен: жер үйде тұрады, суды құдықтан алады.