- •Жалпы медициналық білім ішіндегі ішкіқұрылыс ауруларыныңмаңызы Ішкі аурулар пропедевтикасы клиникасының мақсаты. Ауру тарихы схемасы (үлгісі). Науқастарды сұрасыру, жалпы қарау.
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері.
- •Аурудың сана сезім (есі) күйі.
- •Шаш пен тырнақ күйі
- •Топографиялық перкуссияның жалпы ережелері:
- •Салыстырмалы перкуссияның жалпы ережелері:
- •IV.Науқастың өмір баяны (Anamnesis vitae)
- •V. Тікелей объективтік тексеріс
- •Vі. Пальпация (сипалау)
- •Vіі. Перкуссия (соққылау)
- •Vііі. Аускультация (тыңдау)
- •Тыныс алу мүшелері
- •Қалыпты жағдайдағы өкпенің төменгі шегі: 1 бейнелеме
- •1. Рентгенологиялық зерттеуге
- •2. Эндоскопиялық зерттеуге
- •3. Функциональды зерттеуге
- •Экссудат түрлері.
- •4 Сурет Жүректің алдыңғы
- •7 Сурет Жүрек қыспасында ауырсынудың әсер ететін жерлері:
- •8 Сурет. Жүрек қыспасындағы экг өзгерістері:
- •Жедел миокард инфарктісінде кездесетін белгілер
- •Науқастарды қарап тексеру.
- •Физикалық зерттеу әдістері
- •Ішек ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері Науқастың шағымдары
- •Ауру сыртартқысы
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Созылмалы панкреатит
- •Гепатиттер
- •Науқастардың тексерістері
- •11 Сурет Гломерулонефриттегі ісіктің
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Тексеру әдістері Сұрастыру.
- •Қан түзу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері Пациенттің шағымдары
- •Науқастану сыртартқысы
- •Пациентті тікелей тексеру 9 бейнелеме
- •Лабораториялық әдістер
- •Инструментальды әдістер
- •Рентгенологиялық тексеру.
- •Радиоизотоптық тексеру әдістері.
- •Дәрілерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар.
- •Қан аздық (анемия)
- •Қан түзу жүйесінің ауруларын алдын алу
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •Гипергликемиялық команың белгілері
- •5. Тәбеттің жоғалуы
- •Гипогликемиялық команың белгілері 10 бейнелеме
- •Тест тапсырмалары
- •Тест жауаптары
- •Мазмұны
- •28.05.2009 Ж басуға қол қойылды
- •100 Дана
Шаш пен тырнақ күйі
Шаш пен қабақтың (қанатының) түсуі микседемада болады
Бас шашының кішкене ойық-ойық (кішкене дөңгелек бөлшек) болып түсуі мерездің екінші кезеңінде болады
Әйелде шаштың еркек типтес болып өсуі
Тырнақтың сыңғыштығы мен тегіс еместігі эритремияда, микседемада, тетанияда, қант диабетінде және кеш хлорозда кездеседі.
“Сағат әйнегі” тәрізді тырнақ кейбір іріңді ауруларда (бронхоэтазия ауруы, өкпе іріңдігі, бактериялық эндокардит) бауыр циррозында және жүректің іштен туа болатын кейбір ақауларында кездеседі.
Ісік деп тері асты шелге сұйықтық жиналуды айтады.
Ісіктің түрлері: 1. Жалпы ісік
2. Дененің белгілі бір жеріндегі ісік 3. Ангионевроздық ісік.
Жалпы ісіктің негізгі себептері.
Жүрек әлсіздігі (шамасыздығы) 2. Бүйрек аурулары
Ашықтық (дистрофия, какехсия) 4. Микседема
Жергілікті ісік вена тамырының қабынуынан не қысылып қалғаннан болады (тромбофлебит, венаның варикозды кеңеюі т.б.)
Ангионевроздың ісік деп жергілікті иннервация бұзылғандықтан капилляр қабырғасының өткізгіштігі артқаннан пайда болатын ісікті айтады Бұл ісік тез пайда болып, тез жойылып кетеді. Көбіне бетте, кеудеде және қол-аяқта болады.
Пальпация (сипау) Пальпация саусақтардың сезім түйсігіне негізделген. Ол ертеден қолданылып келе жатқан тәсілдердің біріне жатады, бірақ 19-ғасырдан бастап практикалық медицинада кең өріс алып дамыды. Бұл тәсілдің ерекше дамуына үлес қосқан орыс ғылымдары В.П Образцов пен Н.Д.Стражеско. Пальпацияны қолданған кезде де белгілі бір ережелерді сақтау міндетті. Бұл ережелер пальпация кезінде ауру мен дәрігер қалпының, дәрігер саусақтарының қандай болу керек екенін және пальпация жүргізудің техникасын (әдісін) қамтиды.
Аурудың қалпын тексеретін мүшені жеңіл тауып сипап қарауға мүмкіншілік туғызатын ыңғайлы болу керек. Тексеретін мүшенің түріне қарай ауру тұрған, отырған, жатқан т.б. қалыптарда болады.
Дәрігер қолдары тез шаршамайтын, өзіне ыңғайлы қалыпта болу керек. Тез шаршаған қолдың сезімталдығы азаяды.
Дәрігердің қолдары тырнақ алғанда жылы және жұмсақ болу керек. Тырнақ аурудың терісіне батып, ауыртпалық тудырады. Салқын және қатты қол аурудың денесін тітіркендіріп, бұлшық еттің жиырылуын қоздырады. Бұлшық еттің жиырылуы сипаудың нәтижесіне теріс әсерін тигізеді.
Қолданылатын әдісіне қарай пальпация беткі және терең пальпация болып екіге бөлінеді. Терең сипау негізінен ішкі қуыс мүшелерін тексеру үшін қолданылады
Перкуссия (қағу) Перкусияны 1761ж Вена дәрігері Л. Ауэнбругер ұсынған болатын. Бірақта бұл метод көп уақытқа дейін онша белгілі болған. Тек 1808 жылы Францияның белгілі дәрігері Корвизор Ауэнбругердің еңбегін австрия тілінен француз тіліне аударғаннан кейін ғана,ол тәсіл медициналық әлемде кеңінен қолданыла бастады. Кейін бұл тәсілді басқа дәрігерлер жетіл-діріп отырды. Перкуссия тәсілі соққыдан пайда болатын дене қозғалысы тер-беліс толқындарын туғызатынына негізделген. Ал, тербеліс толқыны белгілі бір амплитуда да жиілікте және ұзындықыта дыбыс болып қабылданады.
Дыбыстың негізгі параметрлері: күші, ұзақтығы және биіктігі Дыбыс күші дыбыс толқындарының амплитудасының шамасына байланысты. Амплитуда неғұрлым биік болса, дыбыс соғырылым күшті болады. Перкуссияда (қаққанда) тербеліс амплитудасының биіктігі тексерілмекші органның құрамында ауа болуына және сол мүшенеің серпінділігіне де байланысты. Мысалы: бұл талапқа сай келетін өкпе сондықтан өкпеде күшті (ашық) перкуссиялық дыбыс туады. Керісінше құрамында ауа аз, мүшелер қаққанда аласа тербеліс амплитудасын береді де жәй (тынық) дыбыс тудырады. Мысалы: бұлшық еттер, бауыр т.б.
Дыбыс ұзақтығы дыбыс толқындарының сөну ұзақтығына байла-нысты. Ал дыбыс толқынның сөну мерзімі мүшенің тығыздығына бай-ланысты. Тығыз мүшелерде (ауасы аз) дыбыс толқыны тез сөнетіндіктен перкуссиялық дыбыста қысқа болады. Ауасы бар мүшелерде перкуссия-лық дыбыс ұзақ болады.
Дыбыс биіктігі тербеліс жиілігіне байла-нысты. Тербеліс жиілігі мүшелердің тығыздығына тәеулді. Мүше неғұр-лым тығыз болса,оны қақ-қанда туатын дыбыс тербелісінің жиілігі соғұр-лым көп болады. Сондық-тан, тығыз органдарда туатын дыбыс биік болады. Құрамында ауа көп ор-гандар перкуссиялық төмен (жуан) дыбыс береді. Негізгі перкуссиялық
өкпе (анық, айқын) жәй (сан дыбысы) және дабыл (тимпондық) дыбыстары жатады.
Айқын (өкпе) дыбыс – күшті, ұзақ және төмен дыбыс. Жәй (тынық, сан дыбысы) дыбыс ақырын, қысқа және жоғары дыбыс, ол тығыз мүшелерде пайда болады (бауыр, бұлшық ет, жүрек).
Дабыл дыбысы ауасы бар жұқа қабырғалы қуысты мүшелерде пайда бо-лады. Оларға қарын, ішек, кеңірдек, көмей жатады. Дабыл (тимпондық) дыбысы – күшті және ұзақ дыбыс, ол жоғары дыбыста, бола алады. Егер бұл дыбысты тудырып тұрған жұқа қабырғалы ауасы бар қуыстардың мөлшері кішкентай ьолатын ьолса, дыбыс жоғары болады. Егер қуыстар-дың көлемі үлкен болса, онда дыбыс төмен болады. Тимпондық дыбысқа дыбыс толқынының тазалығына тән.
Перкуссия ережелері мен әдістері
Перкуссия жасағанда сақталуға тиісті ережелер:
Бөлме іші тыныш және жылы болуы керек.
Перкуссия кезінде ааурудың қалпы оның бұлшықеттерінің тартылуына жағдай туғызбауы керек. Перкуссияға ең ыңғайлы қалыптар – аурудың тұрған және отырған қалыптары.
Дәрігердің қалпы өзіне ыңғайлы болуы керек. Перкуссия кезінде дәрігер аурудың алдыңғы жағында оның оң қолын ала тұрады, ал аурудың арт жағында оның сол қолын ала тұрады.
Өткізу әдісінге қарай перкуссия тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей перкуссияда перкуссиялық соққы (қағу) аурудың денесіне тікелей (бірден) тиеді. Тікелей перкуссияға Ауэнбруггер ұсынған әдіс жатады – белгіленген мүшені бір бірімен біріктіріліп, жартылай иілген төрт саусақпен қағады. Тікелей перкуссияның бір түріне Образцов перкуссиясы жатады – перкуссия жасайтын мүшені сұқ саусақ ортан саусақтың үстінен сырғанап барып шертіп ұрады.
Тікелей перкуссияның артықшылығына перкуссиялық дыбыс алу мен қатар тексеріліп отырған мүшенің физикалық қасиеттерін де сезіп білуге мүмкіншілік барлығы. Кемшіліктеріне перкуссиялық дыбыстың әлсіздігі және Ауэнбругер әдісін қолданғанда мүшенің топографиясын анықтаудың қиындығы. Қазіргі мезгілді тікелей перкуссияны жүрек пен бауырдың шек-терін анықтау үшін және өкпенің төменгі бөліктерін салыстырмалы пер-куссиялау үшін қолданады. Жанама перкуссияда тексерілмекші мүшені қағуда плессиметр (тұғырық) арқылы іске асырады. Перкуссиялық соққы денеге тікелей тимейді. Бұл әдіспен перкуссиялық күшті дыбыс алуға болады.
Жүргізу әдісіне қарай жанама перкуссия 3 түрге бөлінеді:
Инструментальды перкуссия – перкуссия үшін плессиметр мен балға қолданылады;
Саусаққа – саусақ перкуссиясы – инструменттер орынына сол қолдың саусағы (ортаң саусақ) плессиметр болады да, оң қолдың саусағы (олда ортаң саусақ) болғаның міндетін атқарады.
Құрастырмалы перкуссия – инструмент пен саусақ аралас пайдаланылады.
Бұл әдістердің ішіндегі көп тарағаны саусаққа саусақ перкуссиясы. Біздің елімізде жанама перкуссиядан тек осы перкуссия ғана қолданылады. Сондықтан бұдан әрі қарай перкуссия туралы әңгімені тек осы перкуссиямен байланыстырып айтатын боламыз.
Саусаққа саусақ перкуссияның әдісі.
Плессиметр саусақтың ұзын бойы перкуссия жасайтын мүшенің үстіне тығыз орналастырады. Сол қолдың басқа саусақатары плессиметрге және науқас денесіне тиіп тұрмауы керек.
Балға саусақтың соққысы плессиметрдің ортаңғы не шеткі фалонгасына 2-3 рет тұрақты ырғақпен перпендикулярлі түрде түсу керек.
перкуссиялық соққы (қағу) тек білезік буынның қимылы арқылы іске а асырылуы керек
Перкуссиялық соққы қысқа болу керек. Ол үшін перкуссиялық соққыдан кейін балға саусақты плесиметрден тез алып кету керек
Әр перкуссиялық соққының күші бірдей болуы керек.
Қойған мақсатына карай күшті, не терең және жәй (әлсіз, не таяз) перкуссия болады. Күшті перкуссияда қағуға белгілі бір күш салынады, ал жай перкуссияда қағудан пайда болған дыбыс әрең әрең естілетін болуы керек.
Күшті перкуссияда тербеліс толқыны 6-7 см, тереңдікке, ал перкуссия жасалып отырған мүшенің үсті бойынша 4-6 см тарайды. Осы жағдайларды ескеріп, қатты перкуссияның көлемі, үлкен және терең орналасқан патологиялық өзгерістерді табу үшін пайдаланады. Сонымен қатар перкуссия үшін де қолданылады.
Жәй перкуссия көлемі кішкене және бетке жақын орналасқан элементтерді зерттеу үшін және органдардың шегін анықтау үшін қолданылады. Перкуссияның бұл түріне қағу дыбысының күші адам құлағы дыбысты қабылдайтын шекке дейін төмендейді. Басқаша айтқанда, тек ауасы бар органдарды перкуссиялағанда ғана дыбыс естіледі, ал тығыз органдардың перкуссиялық дыбысы естілмейді. Алдына қойған міндетіне қарай перкуссия топографиялық немесе шекаралық және салыстырмалы немесе сапалық перкуссия болып екіге бөлінеді.
Топографиялық перкуссияның мақсаты әр түрлі органның шегін, мөлшерін және конфигурациясын анықтау. Топографиялық перкуссия әр мүшенің әр түрлі перкуссияолық дыбыс беретініне негізделген.
Салыстырмалы перкуссияның мақсаты – мүшелерде патологиялық өзгерістерді (элементтерді, орындарды) табу. Дененің симметриялық нүктесінде перкуссиялық дыбыстың да бірдей болатыны – салыстырмалы перкуссияның негізі. Жалпы салыстырмалы перкуссия тек өкпені зерттеу үшін пайдаланылады. Топографиялық және салыстырмалы перкуссияның өзіндік ережелері бар.
