Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мейрембаева_Н.ІШКІ_АҒЗА_АУРУЛАР_ПРОПЕДЕВТИКАСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.39 Mб
Скачать

Гипогликемиялық команың белгілері 10 бейнелеме

Себептері

Кома алдындағы жағдайдың белгілері

  1. Инсулин егіп, уақытында тамақтанбау

  2. Инсулинді керекті мөлшерден асырып алу

  3. А уыр физикалық күш түсу

1.Ашығу

2.Бозару

3.Бұлшық еттің қатаюы

4.Тершеңдік

5.Қозу, дененің дірілдеуі

Команың белгілері

  1. Тез арада білінуі 5. Қан қысымының төмендеуі

  2. Көз қарашығы кеңейген 6. Гипогликемия

  3. Тершеңдік 7. Тырысы, құрысу

  4. Брадикардия

Гипогликемиялық кома - қантты сусамырда байқалатын команың екінші түрі. Бұл жағдай қандағы қанттың мөлшері тез төмендеп кеткенде пайда болады. Ол науқас адам мезгілінде тамақтанбаса, ауыр физикалық күш түссе немесе қант мөлшерін азайтатын дәрілердің мөлшері асып кеткенде байқалады. Бұл жағдайда қанда глюкоза күрт азайып, ми торшаларының көректену дәрісі бұзылады. Күтпеген жерден науқас әлсіреп, қол мен аяқтары дірілдеп, тілі байланып қалуы мүмкін. Тамаққа тәбеті ашылып, терлегіш келеді. Жүйкесі қатты қозып, есіріп, дер кезінде есінен танады. Бұлшық еттердің тонусы жоғарылап тырысып қалады. Көз жанары қимылсыз, жағы қарысып, сіңірі тартылады. Қанда глюкозаның мөлшері 3,3 ммол/л төмендейді. Зәрде глюкоза және ацетон байқалмайды.

Диабеттік ретинопатиякөздің қанталауы. Көз тамырларының зақымдануынан науқастың көз көру қабілеті төмендейді. Кейбір жағдайларда мүлдем соқырлыққа әкеліп соғады.

Диабеттік нейропатия. Бүйрек ұсақ тамырларының зақымдануынан бүйрек сүзбе жұмысы нашарлап, қан қысымы көтеріліп, науқас ісініп, бара-бара созылмалы бүйрек шамасыздығына әкеліп соғуы мүмкін.

«Диабеттік табан» - аяқ тамырларының зақымдануынан трофикалық өзгерістер дамиды. Екі түрде байқалады: ишемиялық – гангреноздық және нейропатиялық. Ишемиялық – гангреноздық түрінде аяқ мұздайды, цианоз білінеді, ауырсыну қатты сезіледі. Неше түрлі трофикалық жаралар байқалады.

Нейропатиялық түрінде науқастың аяғы жылы, терісі боз, бірақ сезімталдығы өте төмен. Соның әсерінен науқастар ыстықты сезбей, жиі күйіктерге ұшырайды. Зертханалық және құрал - жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері.Қант сусамырын айқындау үшін қандағы және зәрмен бөлінетін глюкозаның тәуліктік мөлшерін анықтау қажет. Аш қарында сау адамның қанында 3,3 – 5,5 ммоль/л (60 – 100мг %) глюкоза болады. Қалыпты түрде ол зәрмен бөлінбейді. Қант сусамырына шалдыққан адамдардың қанында глюкоза тым көбейіп 7,7 ммол/л артады (гипергликемия), зәрмен бірге шығады (глюкозурия). Осы себептен зәрдің салмағы жоғарлайды. Қант сусамырының асқынған кезінде кетонемия мен кетонурия байқалады, тіндерде қышқыл заттар көбейіп, ацидоз дамиды. Қант сусамырының латентті жасырынды түрін анықтау үшін глюкозаға толеранттылық сынағы қолданылады. Аш қарында глюкозаның мөлшерін анықтап алып, науқасқа 75 гр глюкоза ішкізу керек. арнаулы уақыттан кейін қандағы глюкозаның мөлшері анықталады. Сау адамның қанындағы глюкозаның мөлшері 1 сағаттан кейін 9,9 ммольден, ал 2 сағаттан кейін 7,3 ммоль/л – ден артпауға тиісті. Егер глюкозаның мөлшері бұдан жоғары болса, зерттелген адам қант сусамырының жасырынды түрімен сырқат болғаны. Тағайындалған инсулиннің мөлшерін анықтау үшін науқастың бір тәулік бойы қандағы (гликемиялық сынақ) және зәрдегі (глюкозуриялық сынақ) көрсеткіштерін табады. Сканерлеу және ультрадыбыс әдістерін жүргізе отырып, ұйқы безінің көлемін, Лангерганс аралшасындағы торшалардың жағдайын, қабыну дәрісінің айқындығын байқауға болады. Қан тамырларының зақымданып, қан айналысының бұзылғанын электрофизиологиялық тәсілдермен (электрокардиограмма, реовазограмма) анықтауға болады.

Семіздік

Семіздік дегеніміз тері асты май қабатында, көбінесе іш аймағында, шүйдеде, жамбаста, төсте, мойында, сонымен қатар шажырқайда, эпикардта (жүректің семіздігі), бүйрек маңында майдың мөлшерден тыс жиналуы.

Этиологиясы мен патогенезі. Семіздік мөлшерден тыс тамақты көп жеуден (ішімдікті көп мөлшерде ішумен бірге), аз қимылдап өмір сүру салдарынан болады. Семіздіктің дамуында ерекше орында нейроэндокринді бұзылыстар жатыр, атап айтқанда гонада қызметінің бұзылысында (климакс кезінде), қалқанша бездің (гипотериоз), гипофизалық бұзылыстарда май көп мөлшерде жиналатыны байқалады. Тұқым қуалау мәнбірі де ерекше роль атқарады. Сырқаттың дерт анықтамасын жүргізгенде келесі сипатмежелер қолданылады: І дәрежедегі семіздікте дене салмағы қалыпты дене салмағынан 10 – 20 % артық, ІІ дәрежеде 20 - 30%; ІІІ дәрежеде 30 - 50% және одан да артық. Бойының ұзындығына сәйкес сантиметрмен алынған саннан 100 санын алғанға тең санға жуық дене салмағы қалыпты деп саналады: бойының ұзындығы 170 см болатын адамның салмағы 70 кг – ға жуық болуы керек. Құрлысына байланысты аздаған ауытқулар болуы мүмкін.

13сурет Семіздік

Клиникалық көрінісі. Семіздігі бар науқастар ентігетініне, мөлшерден тыс көп терлейтініне, жұмыс істеу қабілетінің төмендегеніне, жүрек тұсының ауыратынына шағымданады. Жиі терінің созылмалы ауруы, терінің іріңді аурулары, шиқан басу байқалады. Семіздікте атеросклероз тез дамиды. Тәж тамырлардың атеросклерозынан жүрек ишемия аурулары дамиды: жүрек қыспасы, кардиосклероз, миокард инфарктісі. Кейде бұл жағдайлар қан айналысының жеткіліксіздігіне әкеп соғады. Ішек жұмысының бұзылыстары (метеоризм, нәжістің тұрып қалуы), жыныстық белсенділігінің төмендеуі болады. Қанда холестериннің мөлшері көбейеді, көмірсу алмасу дәрісі бұзылады.

Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларын алдын алу

Ішкі сөлденіс бездер ауруларының ішінде жиі кездесетін арулардың бірі –

ағзаға йодтың жетіспеушілігінен дамитын аурулар. Йод адам және жануарлардың дұрыс өсіп жетілінуіне керекті микроэлемент. Ол балық, ет, сүт, теңіз қырыққабаты, сүтті тағамдар, қызылша, жұмыртқа және картофель құрамына кіреді. Ағзаға йод органикалық және бейорганикалық қосылыстармен түсіп, қанға енеді. Ол қалқанша безінің гормондарының синтезіне қатысады, ал қалқанша безі гормондары ағзадағы бүкіл зат алмасу процесстерін реттейді. Адам ағзасында йод жетіспеушілігінің екі түрі бар. Бірінші түрінде ағзаға йод тағаммен суда жетіспеушіліктен аз енеді. Екінші түрінде сыртқы ортада йод жеткілікті, бірақ ас қорыту мүшелерінің ауруларына байланысты йод ағзаға толық сіңбейді. Судағы йод мөлшері оны қоршаған ортаға байланысты. Жоғарғы қырлы және теңіз жағалауынан алыс жерлер йод жетіспейтін жерлер болып табылады.

Йод жетіспеушілігі йод жетіспеушілік жағдайлардың (йододефицитные расстройства) дамуына әкеліп соғады. Йод жетіспеушілігінің ең кең тараған түрі эндемиялық жемсау. Йод жетіспеушілігіндегі клиникалық критерийдің бірі тұрғындар арасында жемсаудың даму жиілігі, әсіресе жасөспірім шағында. Назарды көп көңіл бөлетін топқа жүкті әйелдер жатады. Йод жетіспеген аймақтарда жүктілік гипотиреозбен қоса өтеді. Йод жетіспеген жағдайда туған нәрестеде саңраулық дамуы мүмкін, ол әйелдерде йод жетіспеу салдарынан өлі бала тууы мүмкін. Йод жетіспеу туғандағы балада иммунитеті төмен болады.

Йод жетіспеушілігін алдын алу

Бүгінгі күнде йод жетіспеушілігін алдын алудың екі түрі бар:

  • құрамында йоды бар азық-түлік көмегімен йод жетіспеушілігін жою;

  • құрамында йоды бар дәрі-дәрмектерді тағайындау.

Әрине, ең жақсы алдын алу жолы- йодталған азық-түлік қолдану. Көбнесе кең таралған әдіс – йодталған ас тұзын қолдану болып табылады.Йодталған тұзды қолдану ыңғайлы және арзан. Неге десек:

  • тұрғындардың барлығы тұзбен қолданады;

  • арзан тағам және бәріне жеткілікті;

  • тұз өндіруі оны бір ортада өндеуге жағдай береді;

  • йодталған тұздың мөлшері әрқашан анықталған;

  • технологиялық және экономикалық жолы оңай.

Тұзды йодтау үшін калий йодидін қолданады, және калий йодатын қолданады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында калий йодаты ғана қолданылады. Құрамында калий йодиті бар тұздың сақтау мерзімі - 4-6 ай, калий йодаты бар тұздың сақтау мерзімі - 1 жылға дейін. Адамның ағзасын йодпен қамтамасыз ету үшін тәулігіне 150 мкг йоды, жас өспірімдерге – 120 мкг, балаларға – 90 мкг керек. Йодталған тұз қосымша ешқандай түс, дәм, иіс

бермейді

2001 жылы Азия елдеріне біртұтас құжат қабылданды:

  • йод жетіспеушілігінің ең маңызды алдын алуы – йодталған тұзды қолдану;

  • бұл бағдарламаның нәтижесін көтеру мақсатымен жергілікті Үкіметтің структурасымен, Үкіметтік емес ұйымдармен, ғылыми қоғамдармен бірлестік қызметін атқару.

Йод жетіспеушілігін алдын алу бағдарламасының негіздері:

  • тұзды нәтижелі йодтау;

  • реттеудің әрекеттері;

  • оқыту бағдарламасын дамыту;

  • тұздың сапасын және оның адам ағзасына биологиялық әсерін бақылау.

Сөйтіп, тағаммен керекті заттар жеткілікті түспеген жағдайларда адам денсаулығын сақтау үшін құрамында микроэлементтер бар (йод) азық-түлікті қолдану физиологиялық және нәтижелік болып табылады. Йод теңіз балықтарының етінде, теңіз өсімдіктерінде және басқа теңізден алынатын тағамдарда көп мөлшерде болады. Йодталған барлық азық-түліктер өзінің қорабында фирмалық белгі-логотип пайдаланады.