- •Жалпы медициналық білім ішіндегі ішкіқұрылыс ауруларыныңмаңызы Ішкі аурулар пропедевтикасы клиникасының мақсаты. Ауру тарихы схемасы (үлгісі). Науқастарды сұрасыру, жалпы қарау.
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері.
- •Аурудың сана сезім (есі) күйі.
- •Шаш пен тырнақ күйі
- •Топографиялық перкуссияның жалпы ережелері:
- •Салыстырмалы перкуссияның жалпы ережелері:
- •IV.Науқастың өмір баяны (Anamnesis vitae)
- •V. Тікелей объективтік тексеріс
- •Vі. Пальпация (сипалау)
- •Vіі. Перкуссия (соққылау)
- •Vііі. Аускультация (тыңдау)
- •Тыныс алу мүшелері
- •Қалыпты жағдайдағы өкпенің төменгі шегі: 1 бейнелеме
- •1. Рентгенологиялық зерттеуге
- •2. Эндоскопиялық зерттеуге
- •3. Функциональды зерттеуге
- •Экссудат түрлері.
- •4 Сурет Жүректің алдыңғы
- •7 Сурет Жүрек қыспасында ауырсынудың әсер ететін жерлері:
- •8 Сурет. Жүрек қыспасындағы экг өзгерістері:
- •Жедел миокард инфарктісінде кездесетін белгілер
- •Науқастарды қарап тексеру.
- •Физикалық зерттеу әдістері
- •Ішек ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері Науқастың шағымдары
- •Ауру сыртартқысы
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Созылмалы панкреатит
- •Гепатиттер
- •Науқастардың тексерістері
- •11 Сурет Гломерулонефриттегі ісіктің
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Тексеру әдістері Сұрастыру.
- •Қан түзу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері Пациенттің шағымдары
- •Науқастану сыртартқысы
- •Пациентті тікелей тексеру 9 бейнелеме
- •Лабораториялық әдістер
- •Инструментальды әдістер
- •Рентгенологиялық тексеру.
- •Радиоизотоптық тексеру әдістері.
- •Дәрілерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар.
- •Қан аздық (анемия)
- •Қан түзу жүйесінің ауруларын алдын алу
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •Гипергликемиялық команың белгілері
- •5. Тәбеттің жоғалуы
- •Гипогликемиялық команың белгілері 10 бейнелеме
- •Тест тапсырмалары
- •Тест жауаптары
- •Мазмұны
- •28.05.2009 Ж басуға қол қойылды
- •100 Дана
Қан түзу жүйесінің ауруларын алдын алу
Біріншілік алдын алу ағзаның физиологиялық жағдайын жақсарту. Иммун жүйесін күшейту. Осы мақсаттармен салауатты өмір салтын сақтау, рационды тамақтану, жағымсыз қылықтардан аулақ болу. Темірдің сіңіруіне кедергі жасайтын тағамдарды шектеу.
Екіншілік алдын алу ауруды қоздырмай, қан аздықтың себебіне байланыс-ты қозуға қарсы ем қолданылады. Қан аздықта науқастарға ұзақ мерзімде темір препараттары тағайындалынады. В тобының дәрімендері көп мөл-шерде өмір бойы қолданылады. Ақноғанада жағдайына байланысты гар-мон препараттары қолданылады. Сонымен қатар симптомдық ем жүргі-зіледі. Үшіншілік алдын алу шаралары жағдайына байланысты жұмыс және демалу тәртібін сақтау. Спортпен шұғылдануға тиім салынады.
Қант диабетімен, тиреотоксикозбен ауырған науқастарды сұрастыру және қарау. Аурулардың негізгі симптомдары. Олардың механизмдері. Диагностикалық маңызы.
Эндокриндік жүйеге (грекше епсіоп — ішкі және сгіпо — бөлемін деген сөз) қанға өздерінің гормондарын бөліп отыратын ішкі секреция бездері жатады. Ол бездерге: гипофиз, қалқанша безі, үйқы безінің аралық аппараты, бүйрек үсті бездері, аталық безі, аналық жыныс безі, түйін тәріздес без (эпифиз), айьфша безі (тимус) жатады. Эндокриндік жүйенің жүмысы нерв жүйесімен тығыз байланысты: аралық ми бөлігінің (гапоталамустың) бөліп шығарған гармондары ми астындағы бездің (гипофиз) алдынуы бөлігінің клеткаларының белсенділігін арттырады, не төмендетеді, ал бүл клеткалар эндокриндік жүйеге әсер ететін тропты гоамондар бөледі. Ішкі секреция бездерінің қызметі шектен тыс күшейгенде, олардың бөлетін гармондары ми астындағы без бен аралық ми бөлігінің гормондарының бөлінуін азайтады. Осылайша үнемі осындай байланыстар кайталанып отырады.
Ішкі сөлденіс жүйеге ішкі сөлденіс бездері де кіреді, жүйке жүйесі сияқты барлық басқа ағзалар мен жүйелердің жұмысын реттеуін жүзеге асырады, ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Бездер ағзаның өмір сүруіне қажетті ерекше физиологиялық белсенді заттар шығаратын мүше. Ішкі сөлденіс бездері ағып шықпайды, гормон торшалардан қанға, лимфаға, жұлын сұйықтығына түседі де, белгілі бір жүйелер немесе мүшелерді қоздыратын немесе тынышттандыратын әсер береді. Барлық гормондар ағзаның қалыпты түрде жұмыс істеуі үшін қажет, ал жеткіліксіздіг немесе көп бөлінуі белгілі бір ауруға әкеледі. Аралас сөлденіс бездер бар, мысалы – еркек жыныс безі гонада. Ол өңдіріп шығаратын шәует ұрықтандыру қызметін атқарады, сонымен қатар осы без шығаратын жыныс гормондары – андрогендер, ағзаның жұмыс істеу қызметіне өте күшті қоздыру әсерін береді. Аралас сөлді безге ұйқы безі де жатады (асқорыту сөлінен басқа, ол ерекше гормон – инсулин шығарады, қанттың гликогенге айналуына және ағзаға таралуына әсер етеді). Қалқанша без де маңызды орын алады. Ол мойынның алдыңғы бетінде, жұтқыншақтың қалқанша шеміршегінің үстінде орналасқан. Қалқанша без тироксин гормонын өңдіреді. Тироксиннің құрамына йод кіреді, ол қалқанша безге тағамдар мен ішетін судан бөлек (қанның ағынымен түседі) келіп түседі. Қалқанша без екі бөліктен тұрады, оның салмағы 30 грамға жуық. Қалқанша бездің тінінде көптеген ұяшықтар бар, олардың құрамы тироксин қосылыстар кіретін колоидты заттармен толтырылған. Қалқанша без зат алмасуына әсер етеді: мөлшерден көп тироксиннің бөлінуі зат алмасуының төмендеуі және бұл гормонның жеткіліксіз өңдірілуінен зат алмасуы төмендейді. Ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне бүйректің үстіңгі жағында орналасқан, бүйрек үсті безі де маңызды роль атқарады. Екі бездің салмағы 15 г ғана, бірақ көп қан тамырларымен қамтамасыз етілген. Бүйрек үсті безінде сырты (қыртыс) және ішкі (милы) заттардан тұрады, онда әртүрлі гормондар (адреналин, норадреналин) өңдіріріліп шығарылады. Адреналин – бүйрек үсті безінің милы затының гормоны. Ол жүрек – тамыр жүйесіне әсер етеді: тамырларды тарылтып, артериалды қысымды жоғарылатады да жүректің қызметін күшейтеді. Гипофиз – ішкі сөл бөлу безі, бастың негізгі сүйегінде түрікершігінің тереңінде орналасқан, оның гормондары ағзаның өсуіне әсер етеді. Гипофиз екі бөліктен тұрады: алдыңғы және артқы. Алдыңғы бөлігінің қызметі өте күшті болған жағдайда адмның бойы өте биік болады, бұл қанқаның, ал кейде кейбір оның бөліктерінің (бас сүйкгі, саусақ, табан) өте күшті өсу әсерінен болады. алдыңғы бөлігінің қызметі нашарлағанда бойдың өсуінің бәсеңдеуі және тоқтауына әкеледі . гипофиздің артқы бөлігінің қызметі май алмасуымен байланысты: оның қызметінің төмендеуі семіздікке әкеледі. Гипофиз басқа да гормондар шығарады. Басқа ішкі сөлденіс бездері сүйектердегі кальцийдің құрамын қалыпты түрде реттейді, еркек жыныс гормонының белгілібір жасқа дейін дамуын тежейтін без және тағы басқа. Ағзаның аса маңызды қызметерін реттеуге қатынасады. Сөлдену және жүйке жүйелері өз ара тығыз байланысты. Жүйке жүйесі мен сөлдену жүйелерінің тығыз байланысының мысалы ретінде инсулин шығаратын асқазан асты безінің қызметі бұзылуы нәтижесінде қандағы қан мөлшерінің көбеюін айтуға болады; қалқанша бездің қызметінің күшеюі басқа құбылыстар мен бірге тітіркендіргіштікке қозудың күшеюіне әкеледі.
