Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мейрембаева_Н.ІШКІ_АҒЗА_АУРУЛАР_ПРОПЕДЕВТИКАСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.39 Mб
Скачать

11 Сурет Гломерулонефриттегі ісіктің

бетте білінуі

Сырқаттың үшінші түрінде негізгі белгі ісік болып табылады. Ісік таңер-тең науқастың бетінен басталып, дененің жоғарғы жақ бөліктеріне жайылады. Бірте – бірте ісік дененің барлық бөліктеріне жайылып, сипа-лағанда жылы, жұмсақ болып сезіледі. Ми белгісі төртінші түрінде кез-деседі. Мидың ісінуінен ми эклампсиясы дамуы мүмкін. Бұл жағдайларда құсу, лоқсу болуы керек. Анурия жағдайында дененің құрысып – тырысуы байқалады. Көбінесе сырқаттың клиникалық белгілері аралас түрде байқа-лады. Аурудың ағымы 3-4 аптадан 1-1,5 жылға дейін созылуы мүмкін.

Асқынуылары. Бүйрек эклампсиясы, мидың дерттері (энцефалопатия), жедел жүрек – тамыр және бүйрек жеткіліксіздері, көз көру қабілетінің төмендеуі, миокард инфарктісінің дамуы мүмкін. Энцефалопатия ми тамырларының ісініп тарылуымен сипатталады. Науқаста күрт тырысу дамиды. Есінен танады, көз қарашағы жарыққа әсер етпейді. Дем алуы бұзылып, аузынан көбік шығады. Терісі көгерінкейді. Қан қысымы жоғарлайды. Ұстаманың ұзақтығы 30-40 минутқа дейін созылады. Гломерулонефртиттің ауыр ағымында өткір бүйрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Оның негізгі клиникалық белгілеріне ісіну, терінің қышынуы, олиго-немесе анурия, диспепсиялық белгілер, жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдануы, геморрагиялық синдром, уремиялық кома жатады. Өршу кезеңі 1 – 4 аптаға дейін созылады. 60 – 70% өткір гломерулонефрит толық жазылып шығады немесе созылмалы түріне айналады. Егер зәрдегі өзгерістер бір жылдың ішінде қалпына келмесе, созылмалы гломерулонефритке ауысқанын білдіреді.

Емі. Бастапқы 2-3 аптада қатаң төсек тәртібін сақтау маңызды болып табылады, сондықтанда бүйір астына ісіктер кеткенше және қан қысымы қалыптасқанша жылытқыш пайдаланып, қолданған жөн. 7 емдәм тәртібін сақтау, тәулігіне тұздың мөлшері 1,5 г –нан аспау керек, судың мөлшері 500 мл – ге дейін, тағамдарды шектеу керек. Ал құнарлы тағамдары ретінде жеміс –жидектерді жеткілікті түрде беру керек. Қоздырғыштарға қарсы антибиотиктерді тағайындап, қолданады: пенициллин, оксациллин, эритромицин. Патогендік ем ретінде иммунды депрессанттармен арнайы түрде қолданады: глюкокортикоидтар (преднизолон, гидрокортизон, меркаптопурин және т.б. дәрілер). Аллергия өзгерістеріне қарсы антигистамин дәрілерін қолданады: пипольфен, тавегил, супрастин, диазолин т.б. Қанның ұюына қарсы гепарин, фибринолизин, курантил дәрілерін қолданады. Артериялдық қан қысымы көтерілген кездерде гипотензиялық дәрілерін береді: клофелин, нифедипин, капотен, энам, эднит т.б. Ісікті жою мақсатымен зәр шығаратын дәрілерді пайдаланады: гипотиазид, фуросемид, триампур т.б. дәрілер. Сырқаттың ауыр түрінде гемодиализ жүргізеді (тәулікті диурездің мөлшері тым азайғанда, зәр салмағы төмендегенде, қан мен зәрде креатинин мөлшерінің азайғанында).

Болжамы. 2-4 айдан кейін клиникалық және зертханалық өзгерістер жойылады. Бірақ бүйректегі морфологиялық өзгерістер 1-2 жылға дейін байқалады. Дұрыс ем қолданған науқастар толық жазылып шығады.

Созылмалы гломерулонефрит

Кең таралған ұзақ ағымды екі бүйректің бір мезетте иммунды қабыну дәрісімен сипаталынатын бүйректің созылмалы сырқаты. Сырқаттың түпті негізі шумақты денешіктердің зақымдалып, өлі еттенуі; бүйрек қызметінен айырылып созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен аяқталуы. Егер өткір гломерулонефриттегі зәрдің өзгерістері бір жылдың ішінде қалпына келмесе бұл аурудың созылмалы түріне ауысуы болып табылады.

Этиологиясы. Бірінші қатарда вирусты және жұқпа мәнбірлері орын алады. Әсер ететін мәнбірлерге ішімдік мөлшерін шамадан тыс көп қолдану, зәр қышқылының алмасу дәрісінің өзгеруі, ретсіз дәрі – дәрмектерді қолдану жатады, әсіресе вакциналармен, сары сумен.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың бірнеше клиникалық түрлері бар: латентті (шоғырланған), нефротикалық (ісіну), гипертониялық (артериялдық қан қысымының көтерілуімен сипаталатын түрі), гематуриялық, қатерлі және аралас түрі. Сырқаттың шоғырланған түрінде көзге шалынатын өзгерістер зәрдің анализінде ғана байқалады: протеинурия, гематурия, цилиндрурия. Науқас шағымданбайды. Гломерулонефриттің нефротикалық түрі 20% кездеседі. Сырқаттың бұл түрінде уыттану белгілерімен қатар олигурия, ұлғайған ісіктер, іштің ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда:Беті домбығып, аяқтарында, бел маңайында ісіну байқалады.Теріс бозарып, құрғайды.Науқас әлсіздікке, тамаққа тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қанда гиперхолестеринемия, қарқынды протеинурия байқалады. Зәрдің мөлшері азаяды. Науқастың өмір сүру ұзақты 8 – 10 жылдарға барады. Гипертониялық түрі де жиі кездеседі. Сырқаттың жалпы белгілерімен қатар артериялдық қан қысымының көрсеткіші 200, 220, 240 сынап бағанасының көрсеткіші бойынша. Науқастардың шағымдары қан қысымының көтерілуімен байланысты. Көбінесе науқастардың шетінеуіне миға қанның құйылуы (инсульт), миокард инфарктісі, жүрек демікпесі, өкпе ісінуі әкеліп соғады. Сырқаттың бұл түрінде ісіктер айқын білінбейді. Дене қызуы сәл ғана көтеріледі, науқастың басы ауырсынып, көз көру қабілеті күрт төмендейді. Сырқаттың гематуриялық түрі сирек кездеседі. Бұл түрінде протеинурия аз, қан қысымы қалыпта, ісік білінбейді. Созылмалы гломерулонефриттің аралас түрі аурудың ең ауыр түрі болып табылады. Өту ағымында нефротикалық белгілері байқалады, қан қысымы көтеріледі, олигурия, анасарка, жоғарғы дәрежеде протеинурия байқалады. Науқастың жалпы өмір сүру уақыты екі – үш жыл. Науқас көбінесе уремиялық комадан қайтыс болады. Бұл кезеңде уыттану белгілері айқын білініп, науқас есінен танады,деміөзгереді, ауызынан зәрдің иісі шығады.Асқынулары. Созылмалы бүйрек, жүрек жеткіліксіздіктері, ілеспелі жұқпалы аурулар, қатерлі қан қысымының көтерілуі. Емі. Емдәм тәртібі маңызды роль атқарады, ол аурудың түріне және кезеңіне байланысты тағайындалып, өзгертіліп отырады. Ісік түрінде тұздың мөлшері 1,5 – 2,5 г нан аспауы тиіс. Қан қысымы көтерілуімен сипатталатын түрінде тұздың мөлшері 5 грамм мөлшеріне дейін болуы керек. Сонымен қоса емдәмнің құрамы жеміс жидектермен және көкөніс сусындарымен жеткілікті түрде жабдықталған болуы керек. Сырқаттың ең басты емдеу қағидасы гормондармен емдеп, қабыну дәрісін басу болып табылады. Гормондарды тағайындау және емдеу арнайы түрдегі ескерулерді ұстана отырып қолданылады. Сонымен қатар иммунды дәріске қарсы иммундық депрессанттарын қолданады (делагил, хлорохин, плаквенил). Нефротикалық түрінде ісікті жою үшін зәр шығаратын дәрілерін пайдаланады (фуросемид, верошпирон, альдактон). Артериялдық қан қысымы көтерілуімен сипатталатын гломерулонефриттің түрінде гипотензиялық дәрілердің әр түрлі жиынтықтарын қолданады. Соңғы жылдары плазмаферезді кеңінен қолданып жүр.

Цистит

Бұл қуықтың ішкі кілегей қабатының қабынуы. Себебі - жұқпа қоздырғыштары болып табылады. Оның ішінде 80% ішек таяқшалары кездеседі және энтеробактериялар, стафилококктар, стрептококктарда қоздырады. Қуыққа жұқпа бүйрек түбекшешелері қабынғанда зәр шығару өзекшелерінен келіп түседі. Сырқатқа әкеліп соғатын мәнбірлерге қуықта зәрдің тұрып қалуы (жүктілікте, жыныс жолдарының қабынуында), суық тигізіп алғанда, ер адамдарда жыныс бездерінің қабынуы (аденома) жатады. Ағымына байланысты жедел және созылмалы түрлерге бөлінеді.

Клиникалық бейнесі. Науқас жалпы уыттану белгілеріне шағымданады. Әлсізденеді, өткір кезеңінде дене қызуы субфебрильді болуы мүмкін, тамаққа тәбеті тартпайды. Дизуриялық белгілер сырқатқа тән болып табылады. Науқас зәр шығарған кезде несеп ағар арнасының ең сыртқы саңылау аймағында ауырсынудың болуына, ашып, қышу сезімінің пайда болуына, зәрдің шығуы жиілеп және ауырсынуына шағымданады. Бұны ишурия деп атайды. Қасағаның үстін сипалағанда ауырсыну сезімі білінеді. Науқас зәрге жиі және ауырсынып отыруының салдарынан мазасызданып, ұйқысы бұзылады.

Емі. Төсек тәртібін сақтау, шат маңайына жылытқыш қою. Бұл ауруда емдәм маңызды роль атқармайды. Жалпы емдәм түрін тағайындайды. Қоздырғыштарға қарсы антибиотик және сульфаниламид топтарының дәрі- дәрмектері қолданылады: фуразолидон, фурагин, невиграмон, бисептол, цефалоспориндер және шөптік ем дәрілері. Физиоемдік шараларын жүргізеді: парафин, УВЧ, жылы ванналар. Ауырсынуды басу үшін спазмолитик тобының дәрі-дәрмектері қолданылады: но-шпа, баралгин ерітінділері. Зәр тоқтап, шықпай қалғанда түтік сүңгімен қолдана отырып зәрді сырқта шығару және қуықты фурациллин ерітіндісімен жуу.

Бүйрек тас ауруы

Бұл ауру зәр жолдарында тастың пайда болуымен сипататалтын ауру. Бұнымен көбінесе 20 мен 50 жас аралығындағы ер адамдар қатары жиі ауырады. Аурудың себебі нақты, дәл анықталмаған. Ауруға әкеліп соқ-тыратын себептерге: зәр жолдарындағы туа біткен өзгерістер, зәр жүруінің тоқтап қалуы, зәр жолдарындағы жұқпалар (пиелонефрит, уретрит), зат алмасуының бұзылуы (ураттардың, фосфаттардың, оксалаттардың мөлшерінің көбеюі), эндокринді жүйесінің әр түрлі аурулары, Д – витаминінің ағзада көп мөлшерде және А витаминінің аз мөлшерде түзілуі, ас қорыту жүйелерінің қабыну аурулары (гастрит, колит, гепатит), ұзақ уақытқа төсек тартып жатқан сырқаттар (сүйектердің зақымдануы, пара – гемипарездер), нәсілдік аурулар қатары жатады. Қышқыл ортада пайда болған тастардың құрамында зәр қышқылдары кездеседі. Сілті ортада пайда болған тастардың құрамында фосфаттар кездеседі. Ал қышқыл және сілті ортасында пайда болған тастардың құрамында оксалаттар кездеседі. Тастардың көлемі майда, ірі келген пішіндегі түрлерін кездестіруге болады және жалғыз немесе бірнешеге дейін барады.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың ағымы ұстама түрде өтеді. Ең маңызды белгілері: ауырсыну, гематурия, пиурия, тастардың өзінен өзі зәрмен бірге сыртқа шығуы. Бүйрек ұстамасы аяқ астынан күрт ауырсыну белгісімен басталады. Ауырсыну бел аймағында пайда болып, несеп ағар және жыныс мүшелеріне тарайды. Зәр шығуы жиілеп және ауырсынуымен сипатталды. Сонымен қатар лоқсу, құсу, іштің кебуі байқалады. Науқас өзіне ыңғайлы жағдай қалыпын таба алмай мазасыз күйде болады. Ауырсыну сезімі қатты қарқынмен өтіп, тек қана наркотикалық жансыздандыру мен тыныштандырылып, басылады. Ауырсынудың ұзақтылы бір тәуліктен аспайды. Бүйректің ұстамасына несеп ағар арнасындағы тастың қысылып қалуы әкеледі. Зәрдің мөлшері азайып, мүлде болмауы мүмкін. Осының салдарынан дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: бел аймағанда ауырсыну сезімі білінеді, Пастернак белгісі оң нәтижелі, сипалағанда бүйрек және несеп ағар аймақтары ауырсынады. Зәрде аз мөлшерде ақуыз, эритроциттер, лейкоциттер кездеседі. Ұстамадан кейін тас орнынан жылжып, зәрмен сыртқа шығуы мүмкін. Көбінесе бұл ауру науқастардың 13% де белгісіз түрде өтеді. Ұстама арасында науқастарда шағым болмайды.

Емі. Ұстама кезіңде жылы емшараларды бел аймағына қолданылады (жылытқыш немесе ванна). Дәрігер нұсқауымен жансыздандыратын және жиырылуға қарсы босату үшін спазмолитик дәрілері енгізіледі: баралгин, атропин, платифилин. Ауырсыну сезімі басылмаса наркотикалық жансыздандыратын дәрілерді тағайындайды: омнапон, промедол немесе бүйректі бөгеу новокаинмен өткізіледі.

Егер науқастың жағдайы оңалмаса, хирургиялық емге көшеді. Емдәм тағамдарының құрамында пуринді заттарды шектеу: қуырылған ет, сорпаны бермеу. Сырқаттың емі тастардың құрамына байланысты.Урат тастары пайда болған жағдайда сүт өсімдік тағамдары зәрді сілтілендіру үшін қолданылады. Фосфатурия жағдайында табиғи минералды суларын көп мөлшерде пайдаланған тиімді. Ілеспелі жұқпа жағдайында антибиотиктерді, нитрофурандарды, сульфанильамидтерді қолданған жөн. Қазіргі кезде тастарды лазер арқылы үгітіп, сыртқа шығару әдісін қолданады.

Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі

Өткір бүйрек жеткіліксіздігі дегеніміз кенеттен күрт басталып, өте тез дамитын бүйрек жұмысының жеткіліксіздігінің және олигуриямен, азотемиямен, су электролит алмасуының бұзылуымен сипатталатын жағдай.

Этиологиясы. Бұл аурудың себебіне жарақат шогы, күйіктің шогы, көп мөлшерде қанның кетуі, миокардтың өлі етенуі, тоқ жарақаты әкеліп соғады. Сонымен қатар ауыр металдармен, сілті қышқылдарымен, метил спирттің ерітіндісімен және кейбір дәрі – дәрмектердің түрлерімен (барбитураттар, хинин тобының дәрілері, пахикарпин) уланулары жатады. Өткір бүйрек жеткіліксіздігі бүйрек тамырларының және зәр жолдарының бітеліп қалған жағдайларында да дамуы мүмкін. Кейде септикалық жағдайда бүйректің өткір жеткіліксіздігімен аяқталуы мүмкін.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың өту ағымында төрт кезең айқын түрде байқалады: шоктық кезеңі, зәрдің азаюымен және тоқтауымен (олигоанурия) сипатталатын кезеңі, диурездің қалпына келетін кезеңі және сырқаттан айығу кезеңі (бүйректің жұмысы қалпына келу кезең). Алғашқы кезеңінде өткір бүйрек жеткіліксіздігіне әкеліп соққан шоктың белгілері білініп, қан қысымы төмендейді, тахикардия, ауырсыну сезімі сезіледі. Тамыр соғуы жиілейді, әлсізденеді. Екінші өршу кезеңінде зәрдің мөлшері азаяды немесе мүлдем зәр шығуы жоғалады. Ағзада әртүрлі керексіз қалдықтар, жағымсыз заттар жиналып, орталық жүйке жүйесін, басқа да ағзадағы мүшелерді уландырып, олардың атқару қызметін бұзады. Осы кезде науқас әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, басының ауруы, құсу, ауызынан амиак иісінің шығуына шағымданады. Орталық жүйке жүйесі зақымданған науқастарда енжарлық, бағыт – бағдардан адасуы, сезімінің тез қозып, тез әсерленуі, сіңірлері тартылуы, денесінің құрысып тырысуы байқалады. Жүрек қан - тамыр жүйесі зақымдалғанда науқастарда тахикардия, аритмия, қан қысымының көтерілуі, жүрек аймағының ауырсынуы білінеді. Науқасты тыңдағанда перикардтың қажалған дыбысы естіледі, жүректің шекараларының ұлғайғандығы анықталады. Ас қорыту жүйесінің зақымданып, бұзылу белгілеріне лоқсу, құсу, тамаққа деген тәбетінің жоғалуы, кейбір кезде іштің өтуі және үлкен дәретінің қара түсті (мелена) болуы мен сипаталады. Осымен бірге бауыр жеткіліксіздігі дамыған жағдайда терісінің сарғаюы білінеді. Науқастың өкпесі сусінділеніп, ентігу, жөтел, демікпе белгілерімен сипатталынады. Бұл кезеңнің ең бастысы олигурия және анурия. Тәуліктегі зәрдің мөлшері 20 мл ден 300 мл ге дейін, ал зәр салмағы төмендейді (1003 – 1008 дейін). Зәрдің түсі лайлы, қоңырқай немесе “еттің жуындысы” тәрізді болады. Зәрдің тұнбасының құрамында көп мөлшерде эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер, мочевина анықталады. Жалпы қан анализінде анемия, лейкоцитоз байқалады, ЭТЖ артады. Биохимия қан анализінде қалдық азоттың мөлшері көбейеді, ал мочевина мөлшерінің көрсеткіші оданда жоғарғы көрсеткішке жетеді. Қанда ацидоз дамиды. Бүйректің сутегі иондарды шығаруының бұзылуы, қанда қышқыл қалдық заттарының жиналғандығы көрінеді. Анурия, олигурия кезеңі 5 – 10 күннен, 30 күнге дейін созылуы мүмкін. Диурез біртіндеп алғашқыда 500 мл ге дейін көтеріледі, одан соң тәулігіне 2000 мл дейін мөлшері жетіп, көтеріледі. Осының яғни, зәр мөлшерінің көбеюі салдарынан өткір бүйрек жеткіліксіздігінің үшінші полиурия кезеңіне ауысып, науқастың жағдайы жақсара бастайды. Патологиялық өзгерістері біртіндеп жоғала бастайды. Диурездің мөлшері 3000 мл дейін көбейеді. Төртінші кезеңі қалдық азотпен мочевина мөлшерлерінің қалпына келу белгісі науқастың айығу дәрежесіне жеткендігін түсіндіреді. Бұл кезеңінің өту уақыты 3 айдан бастап, 12 айға дейін созылады. Бұл кезде бүйректің сүзу қызметі қайтадан қалыпына келе бастайды.

Емі. Науқасқа №7 емдәм тағайындалады. Бұл емдәмнің түрінің құрамында құнарлы тағамдар болмауы тиіс және ақуыздың мөлшері 20 – 40 г - нан аспауы керек. Егер науқас тамақтанбаса көк тамыр арқылы 40% глюкоза ерітіндісін енгізеді. Науқасты бүйрек ауруларын емдейтін ауруханадағы нефрология бөлімшесіне жатқызып, ем арнайы түрде көрсетіледі. Егер сырқат жарақаттың әсерінен болса, онда науқасты жансыздандыру керек, ал егер қан мөлшерін көп жоғалтқан болса, онда көп мөлшерде коллоид ерітінділерін, эритроциттердің салмағын енгізіп қан көлемін жеткілікті түрде толтыру керек. Уыттануу шогы кезіңде унитиол, гемосорбция, гемодиализдерді қолданып, науқастың асқазаның 5% унитиол ерітіндісімен жуу. Жұқпа кезіңде бактерияға қарсы ем шаралары жүргізіледі. Аурудың олигурия, анурия кезеңінде науқастың салмағын өлшеп, су баланысын қадағалап отыру қажет. Регидронды ауыз арқылы немесе көк тамырға, Рингер ерітіндісін енгізеді. Су баланысын қалыпта ұстап тұру керек. Қандағы кальцийдің мөлшері азайғанда 10% - 20мл кальций глюканат ерітіндісін қолдану қажет. Ацидозды жою үшін натрий гидрокарбонат ерітіндісін көк тамыр арқылы жібереді. Уыттануды жою мақсатымен су - электролит баланысын қалыптастырады, қанды қалдық улы заттардан тазартып, тиімді нәтижелі ретінде гемодиализді, гемосорбцияны, плазмаферезді қолданады.