- •Жалпы медициналық білім ішіндегі ішкіқұрылыс ауруларыныңмаңызы Ішкі аурулар пропедевтикасы клиникасының мақсаты. Ауру тарихы схемасы (үлгісі). Науқастарды сұрасыру, жалпы қарау.
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері.
- •Аурудың сана сезім (есі) күйі.
- •Шаш пен тырнақ күйі
- •Топографиялық перкуссияның жалпы ережелері:
- •Салыстырмалы перкуссияның жалпы ережелері:
- •IV.Науқастың өмір баяны (Anamnesis vitae)
- •V. Тікелей объективтік тексеріс
- •Vі. Пальпация (сипалау)
- •Vіі. Перкуссия (соққылау)
- •Vііі. Аускультация (тыңдау)
- •Тыныс алу мүшелері
- •Қалыпты жағдайдағы өкпенің төменгі шегі: 1 бейнелеме
- •1. Рентгенологиялық зерттеуге
- •2. Эндоскопиялық зерттеуге
- •3. Функциональды зерттеуге
- •Экссудат түрлері.
- •4 Сурет Жүректің алдыңғы
- •7 Сурет Жүрек қыспасында ауырсынудың әсер ететін жерлері:
- •8 Сурет. Жүрек қыспасындағы экг өзгерістері:
- •Жедел миокард инфарктісінде кездесетін белгілер
- •Науқастарды қарап тексеру.
- •Физикалық зерттеу әдістері
- •Ішек ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері Науқастың шағымдары
- •Ауру сыртартқысы
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Созылмалы панкреатит
- •Гепатиттер
- •Науқастардың тексерістері
- •11 Сурет Гломерулонефриттегі ісіктің
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Тексеру әдістері Сұрастыру.
- •Қан түзу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері Пациенттің шағымдары
- •Науқастану сыртартқысы
- •Пациентті тікелей тексеру 9 бейнелеме
- •Лабораториялық әдістер
- •Инструментальды әдістер
- •Рентгенологиялық тексеру.
- •Радиоизотоптық тексеру әдістері.
- •Дәрілерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар.
- •Қан аздық (анемия)
- •Қан түзу жүйесінің ауруларын алдын алу
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •Гипергликемиялық команың белгілері
- •5. Тәбеттің жоғалуы
- •Гипогликемиялық команың белгілері 10 бейнелеме
- •Тест тапсырмалары
- •Тест жауаптары
- •Мазмұны
- •28.05.2009 Ж басуға қол қойылды
- •100 Дана
Созылмалы панкреатит
Созылмалы панкреатит – асқазан асты безінің созылмалы қабыну ауруы. Сырқат жиі кездеседі. Негізінде созылмалы панкреатит орта және қартайған шақта, көбінесе еркектерге қарағанда жиі әйелдерде кездеседі.
Этиологиясы және патогенезі. Созылмалы панкреатиттің себебі әртүрлі: созылмалы панкреатитке өткір панкреатит ауысуы мүмкін, бірақ көпшілік жағдайларда ол белгілі бір жағымсыз мәнбірлердің себебінен пайда болады. Оларға дұрыс тамақтанбау, майлы тағамдарды қолдану, дәрі – дәрмектермен улану жатады. Этиологиялық мәнбірлердің ішіне қан айналымының және асқазан асты безінің атеросклеротикалық тамырлардың зақымдануы, көптеген жұқпа аурулар да жатады. Осымен қатар созылмалы панкреатиттің дамуына асқазан, ұлтабар аурулары да әсер етеді. Айтып кеткен мәнбірлердің әсерінен асқазан асты безінің ұлпасы зақымданып, дәнекер тіні дамиды, мүшенің функциялары бұзылады.
Клиникалық бейнесі. Аурудың белгілері әртүрлі. Көбінесе ауырсыну синдромымен мінезделеді. Ауырсыну кіндіктің сол жағында, сол жақ қабырға астында білінеді. Кейбір жағдайда ауырсыну қабырғаның бойымен сол жақ жауырынға, сол жақ иыққа, жүректің маңайына әсер етеді. Ауырсыну жиі майлы және ащы тамақтан соң білінеді. Асқазан асты безі көп мөлшерде сөл шығарғаннан, ағзаның өзектері сөлге толып созылады да ауырсынуды туғызады. Диспепсиялық белгілер үнемі кездеседі: тамаққа тәбетінің мүлдем жойылуы, сілекейдің көп бөлінуі, кекіру, лоқсу, іштің кебуі және іштің қорылдауы байқалады. Ұйқы безі жеткілікті түрде ферменттерді шығармай, ішекте қорыту дәрісі бұзылады. Көп мөлшерде жағымсыз иісті, майлы (стеаторея) нәжіс байқалады. Жеңіл жағдайларда нәжіс қалыпты, ал ауыр жағдайларда іш өту, іштің кідіруімен кездесіп отырады. Ас қорыту дәрісінің бұзылуы нәтижесінде арықтау байқалады. Кейбір жағдайда субфебрильді дене қызуы, әлсіздік, сескенгіш, ұйқы бұзылуы білінеді. Көптеген авторлардың жазуы бойынша сипағанда ауырсыну нүктелері және аймақтары тұрақты түрде байқалады, көбінесе сол жақ эпигастрий маңайы, сол жақ қабырға асты. Ұлғайған және тығыздалған асқазан асты безі сирек кездеседі. Созылмалы панкреатиттің қозу кезеңінде басқа ағзаларда өзгеріс болады, көпшілік жағдайда бауыр қабынуы дамиды.
Зертханалық тексерістер. Сырқаттың қозу кезеңінде қанда ЭТЖ артады, лейкоцитоз байқалады, С – реактивтік белок білінеді. Қанның құрамында амилаза, липаза, альдолаза ферменттерінің мөлшері көбейеді. Кейбір жағдайда қанда қанттың мөлшері де көбейеді. Асқазан асты безінің сыртқы сөлденіс қызметі бұзылуы кезінде гиперпротеинемия, ал ауыр жағдайда электролиттік алмасудың бұзылуы кездеседі. Ұлтабар сөлінің құрамында ферменттердің мөлшері алғашқы кезеңде біршама көп болуы мүмкін. Ал анық атрофикалық кезінде безде бұл көрсеткіштер азды – көпті азаяды.
Сырқаттың қозу кезеңінде зәрде амилазаның мөлшері көбейеді. Созылмалы іш өту кезінде майлы ботқаға ұқсайтын нәжіс болады.
Копрологиялық зерттеу кезінде онда қорытылмаған тамақ қалдығының көп екендігі байқалады. Без ұлпасының зақымдануынан қанда қанттың мөлшері көбейеді. Ауыр жағдайларда қант сусамыры дамиды.
Асқынуы. Созылмалы панкреатиттің асқынуларына іріңдік, іріңді жылауық, қант сусамырының ауыр түрі, көкбауыр тамырларының тромбозы, асқазан асты безінің қабынып қатаюы жатады. Ұзақ уақытқа созылған панкреатитте асқазан асты безінің қатерлі ісігі пайда болуы мүмкін.
Емі. Клиникалық белгілері нақты болмағанда амбулаторлық емдеу жүргізіледі. Емдәм тәртібін сақтау, қабыну дәрісін емдеу, сыртқы және ішкі сөлденіс жетіспеушілікті жоюға жағдайлар жасалады. Науқастың тамақтануы 5 – 6 мезгіл, аз мөлшерде болуы керек. Асқазан асты безіне әсер ететін қуырылған, майлы, өткір тағамдар қолданылмайды. Емдәм бойынша ақуыздар көп болу керек, 150 гр – ға дейін тәулігіне. Тамақ жылы болу керек, өйткені суық тағам ішектің қозғалыс қызметін күшейтеді. Сырқаттың өткір кезеңінде ферменттердің белсенділігін басу үшін трипсин ингибиторларын қолданады (гордокс, контрикал 100 000 - 200 000 бірлік көк тамырға, тамшы түрде). Қабыну дәрісін басу үшін антибиотиктер қолданылады. Қатты ауырсыну кезінде бүйрек маңайын бөгейді, наркотикалық емес анальгетиктермен, спазмолитик дәрілерін
қолданады. Асқазан асты безінің сыртқы сөлденіс жетіспеушілігінде орын ауыстыру мақсатында ферменттік дәрі – дәрмектер беріледі: фестал, дигестал, панзинорм, панкреатинин т.б. Өткір белгілері басылған соң алдын алу шаралары мақсатында гастроэнтерологиялық бағыттағы санаториялық емдеу ұсынылады.
Бауыр ауруларының науқастарды сұрастыру және қарау .Бауыр мен көкбауырдың перкуссиясы мен пальпациясы. Лабораториялық –инструментальды тексеру әдістері. Сарғаю, бауырдың қабынуы, бауыр-клеткалық жетіспеушілік, портальдық гипертензия синдромдары. Себептері. Симптомдары,олардың механизмдері .Диагностикалық маңызы
Бауыр – ас қорыту ағзаларындағы ең үлкен без, оң жақ қабырғаның астында орналасқан, салмағы 1,5 – 2 кг. Бауыр оң және сол бөліктен тұрады. Олардың ортаңғы бөлігінде өт қалтасы орналасқан. Оның сиымдылығы 50 мл. Бауыр ағзада бірнеше маңызды қызметтерді атқарады:
қорғаныш қызметі - улы, жағымсыз дәрілерді ақуызбен байланыстырып, усыз түрге айналдырады;
өт шығару қызметі - оның құрамында билирубин, холестерин, өт қышқылдары кальций, фосфор бар. Өт ас қорыту сөлінің бірі, ол ұлтабар сөлімен бірігіп майларды ыдыратады;
осымен бірге басқада зат алмасу дәрісіне қатысады. Әртүрлі химия серпілісі арқылы көмір сулар гликогенге айналады, ол керек кезде бауырдан глюкоза (қант) түрінде қанға түседі.
Ақуыздар әртүрлі ас қорыту сөлдерінің әсерінен ыдырап бауырға түседі. Бауырдың ақуыз алмасуындағы маңыздылығы – ағзаға қажетті альбуминнің, фибриногеннің түзілуін қамтамасыз етеді. Бауырда А,В,С,Д,Е витаминдері және ағзаның дұрыс жұмыс атқаруына керекті мөлшерде бір қатар микроэлементтер жиналады. Бауырда өтетін дәрістер жүйке жүйесі және әртүрлі гормондардың (адреналин, инсулин, гипофиз, бүйрек безі) қатысуымен өтеді.
Негізгі белгілері
Бұл сырқаттармен науқастанған адамдар оң жақ қабырғасының асты ауыратынын, терісінің сарғайғанын, қышыну пайда болғанын, ішінің үлкейгенін айтып шағымданады. Науқастың оң жақ қабырғасының астының ауыруы бауыр мен өт жолдарының қабынуында кездесіп отыратын негізгі белгі. Ауырсыну көбінесе бірте – бірте сезіледі. Егер оң жақ бүйірдің ауырғаны ойда – жоқта басталса, ол өттегі тастың қозғалуы мен байланысты болуы. Ал ауру басқа жұқпалы аурудан кейін басталса – ол өт қабының қабынуына байланысты болуы мүмкін. Егер науқас ауырған жер деп өттің тұсын көрсетсе, онда ол өт қапшығының қабынуына, ал бүкіл оң қабырғаның төменгі жағы ауырса, ол бауырдың қабынуына байланысты болғаны.
Өт қапшығы қабынғанда немесе ішіндегі тас қозғалғанда оқтын –шаншып, түйреп ауырады. Ал , цирроз бен гепатит ауруларында бауыр тұсы, яғни, оң жақ қабырғаның асты сыздап тіреп тұрғандай болып төмен тартып, ауырланып тұрады, ал қатерлі ісікпен науқастанған адам ауруын бұдан да күштірек сезеді, бұл кезде бауырдың тұсы тынымсыз түйіліп ауырады. Бауырдың ауырсынуын тудыратын себеп: оның сыртындағы Глиссон қапшығының кеңейіп, созылуына және өттің не өт жолдарының қысылып, қабынуына байланысты болады. Дененің сарғаюы бауыр ауруларының көп түрлерінде дерлік кездеседі деуге болады. Соның ішінде сарғаю жедел де, өршіл басталатын түрінде болады. Өттің жүрмей қалуы бауырдың қатерлі ісігімен ауырғанда және өт жолдарының жіңішкеріп, қысылған уақытында кездеседі. Сонымен қатар дененің сарғаюы өтке байланысты бауыр қабынуы және циррозбен ауырған кезде де байқалады. Созылмалы гепатитте дененің сарғаюы мен бауырдың сыздап ауыруы бірдей байқалады.
Дененің сарғаюы әртүрлі себептерге байланысты. Жедел басталған гепатитте қанға өзгермеген, байланбаған билирубин түседі және ауырған бауыр өзгермеген билирубинді түгел аударып, сыртқа шығара алмайды, дененің сарғаюы сонымен байланысты. Өттің жүруі тоқтағанда өт іркіліп, оның қысымы көтеріледі. Сондықтан билирубин өт жолдарынан қанға қайта түседі де, адамның денесі сарғаяды. Ұзаққа созылған гепатит пен цирроз ауруларында дененің сарғаюы бауыр торшаларымен қабынған бауыр торшаларының өт жолдарының арасындағы қанның ұюы мен, іркілген билирубиннің қайта қанға түсуімен байланысты болады.
Бауыр және өт жолдарының ауруларында дененің қышуы жиі байқалады. Қышудың себебі: науқастың қанындағы өт қышқылдарының көбеюіне байланысты. Қышыну кейде денесі сарғаймаған науқастарда да байқалады. Бауыр циррозымен ауырған кезінде қан тамырлары бауырда пайда болған түйіршіктермен қосылып, бауырда дәнекер тіндер көбейіп, қан айналымы қиындап, қан тамырларының қабырғаларынан қанның сұйық бөлігі құрсақ қуысына жиналады да, іш үлкейіп, бауыр шемені пайда болады.
Бауырдың бұл ауруында асқазан мен ішектің де қызметтері нашарлайды: науқастың тамаққа тәбеті тартпайды, аузына ащы дәм келеді, іші кеуіп, үлкен дәреті бұзылады. Науқастың жүдеп, азып кетуі бауырдың қатерлі ісігінде және цирроз ауруларында байқалады. Ол зат алмасу дәрісінің бұзылуына байланысты. Адамның денесі бауыр және өт қабының қабынған кезінде қызады, сонымен қатар қатерлі ісікпен ауырғанда да дене қызуы көтеріледі. Бұл денеге тараған қатерлі ісік торшаларының көбеюіне байланысты. Жалпы шағымдарға әлсіздік, ұйқысының бұзылуы жатады.
Тексеру әдістері
Бауыр және өт жолдарының ауруларының дерт анықтамасын жүргізгенде шағымдардың сипаттамасы маңызды роль атқарады. Науқастың дамуын түсіну үшін аурған адамнан аурудың қалай басталғанын, қалай ауырғанын, денесінің қашан сарғайғанын, зәрінің түсінің қай уақытта өзгергенін, бұрын сары аурумен ауырған – ауырмағанын сұрап білу керек. Науқастың өмір тарихын білген дұрыс. Бұл да бауыр және өт қалтасының ауруына себеп болатын жағдайларды анықтауға бағытталады. Мысалы, ұзақ уақыт ішімдік ішкен адамдар созылмалы гепатит, цирроз ауруларымен жиі ауырады. Майлы етпен тамақтанатын адамдарда өт қабының тасы жиі кездеседі. Өт қалтысының қабынуы толық адамдарда, әсіресе әйелдерде жиі кездеседі. Сонымен қатар аурудың мамандығын, қызмет орнының қандай екенін анықтаудың да үлкен маңызы бар. Өйткені, жұмыс бабымен науқас әртүрлі химиялық заттармен қатысса олда бауырдың қабынуына себепші болады.
Науқасты дұрыс қарау оның ауруын анықтауға көп көмектеседі. Науқастың арықтап, жүдеп кетуі бауыр циррозында, қатерлі ісік ауруларында байқалады. Созылмалы гепатит пен цирроз ауруларымен ауыратын науқастардың денесінде қызыл жұлдызша сияқты ұсақ таңбалар пайда болады, алақаны қызарады, іштегі көк тамырлары кеңейіп, көгеріп шығады да, “теңіз медузасының басы” сияқты өрнек жасайды. Науқас денесін қасығаннан тырнақтың іздері қалып қояды.
Оң жақ қабырғаның астын сипалағанда бауырдың көлемін, қаттылығын, бетіндегі түйіншіктерін, ауырсынуын анықтауға болады. Бауырдың үстін әдеттегідей бармақтың басымен сипай келіп, қолды тереңірек батырып жіберіп, бауырдың шетін сезуге болады. Ол үшін алақанды науқастың ішіне қабырғаның шетінен, бұғананың орта сызығынан қойып, науқас дем шығарғанда саусақтарды тереңдетеді, дем алғанда бауырдың шеті саусақтарға тиеді де, оны анықтауға мүмкіндік туады. Қатерлі ісік ауруында бауыр қатайып қатты ауырады, бауырдың шетін сипағанда үсті тегіс болмай, бұдырланып тұрады. Кейде бауыр кішірейіп, қатайып сипағанда анықталмайды. Асцитте құрсақ қуысында бос сұйық анықталады. Өт қалтасын қолмен сипалап табу өте қиын. Бауыры және өт қалтысы қабынған науқастардың бұғанасының жоғарғы жағын басқан кезде ауырсыну сезіледі (Френикус белгісі). Бұл көк еттің созылуына және жүйкенің қозғалуына байланысты.
Бауырдың көлемін перкуссия әдісі арқылы анықтайды. Бауырдың перкуссиясың Курлов әдісі бойынша жүргізіледі. Ол үшін алдымен перкуссияны бұғана қабырғаның ортасымен төмен қарай жасап, бауырдың жоғары шетін тауып (дыбыстың ең тұйық шеті) оны сиямен нүкте қойып белгілейді. Содан кейін, төменнен жоғары қарай (кіндіктің оң жағынан) перкуссия жасап бауырдың төменгі шетін табу керек те, (бұл тұйық дыбыс) бұғанда сиямен нүкте қою керек, бұл бауырдың оң жақ көлемі болады. Сау адамда ол 9 + 2 см болады. Екіншісі шекарасының жоғарғы нүктені төстің ортасына дейін апарып (бұл үшінші нүкте) кейін төменнен жоғары қарай перкуссия жасап анықтаған кезде ол 8 + 2 см болады. Сонан кейін қабырға доғасының төменгі сол жағымен үшінші нүктеге қарай перкуссия жасап, тұйық дыбыс шыққан жерге нүкте қойып анықтайды. Осы екі нүктенің арасы 7 + 2 см, бұл бауырдың сол жақ бөлігінің ұзындығы болып есептелінеді. Перкуссия арқылы бауырдың көлемінің үлкейгенін немесе кішірейгенін анықтайды.
Зертханалық тексерістерде биохимиялық және клиникалық қанды тексерудің (бауыр дақтарымен ферментердің, ұлтабар сөлінің құрамы) маңызы зор. Құрал – жабдық аппараты арқылы тексерістердің ішінде ультрадыбыспен зерттеу ерекше орында. Сканирлау, рентген әдісімен қолдана отырып бауырдың көптеген ауруларын ажыратуға болады.
Бауыр, өт жолдарының ауруларында
науқастарды тексеру әдістерінің бейнелемесі 7бейнелеме
Науқастың шағымдары |
1.Іштің ауырсынуы (мерзімі, бағыты, тамақпен байланысы) 2.Лоқсу, құсу, қыжылдау, кекіру, 3.Іш өтуі, іш қатпасы, тәбетінің бұзылуы. 4.Іштің кебуі, сары судың жиналуы. 5.Терінің сарғаюы, қышыну. 6.Арықтау, әлсіздену, ұйқышылдық 7.аузында ащы дәмнің сезінуі
|
Ауру сыртартқысы |
Себебі. Жүргізілген ем,оның нәтижесі Бастамасы Аурудың ағымы |
Өмір сыртартқысы |
1. Тұқым қуалаушылығы 6.Аллергологиялық сыртартқы 2. Жағымсыз қылықтары. 3. Тамақтану тәртібі 4. Тұрмыс жағдайы. 5.Маманы, ұзақ уақыт дәрі-дәрмектерді ішуі |
Науқасты тікелей тексеру |
Қарау |
Сипалау |
Тықылдату |
|
1дене салмағының азаюы; 2.терінің, шырышты қабаттардың сарғаюы 3.алақанның сарғаюы 4тамыр жұлдызшылары 5асцит, теріде қасыған іздердің білінуі 6.іштің көк тамырларының білінуі |
1.бауыр 2.көк бауыр. 3.асқазан. 4.ішек 5.өт қалтасы
|
1.іштің екі бүйірі 2.бауыр 3.көк бауыр
|
|
Қосымша тексерістер |
|||
Зертханалық |
Аспаптық |
||
1.Жалпы қан анализі 2.Биохимиялық қан анализі 3.Ұлтабардан сөл алу 4.Нәжіс анализдері
|
1.Іш қуысының рентгеноскопиясы -графиясы 2.холецистография 3.бауырды сканерлеу 4.іш қуысын ультрадыбыспен зерттеу 5.биоптат алу |
||
