Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мейрембаева_Н.ІШКІ_АҒЗА_АУРУЛАР_ПРОПЕДЕВТИКАСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.39 Mб
Скачать

Ішек ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері Науқастың шағымдары

1.Іштің ауырсынуы (мерзімі, бағыты, тамақпен байланысы)

2.Ауырсынудың нәжістің шығуымен байланысы

3.Метеоризм, іштің қорылдауы

4.іштің өтуі, іш қатпасы

5.Ішектен қан кету

6.Тамаққа тәбетінің өзгеруі, арықтау

Ауру сыртартқысы

Себебі. Бастамасы Аурудың ағымы Жүргізілген ем,оның нәтижесі

Өмір сыртартқысы

1. Ұлты. 2. Жағымсыз қылықтары. 3. Тамақтану тәртібі

4. Тұрмыс жағдайы. 5. Аллергологиялық анамнез

Науқасты тікелей тексеру 6 бейнелеме

Қарау

Сипалау

Тықылдату

-дене салмағының азаюы;

-тіл өзгерістер;

-іштің пішіні;

-терінің түсуі.

1.бауыр

2.көк бауыр.

3.асқазан.

4.ішек

5.тік ішекті саусақпен сипалау

1.іштің екі бүйірі

2.бауыр

3.ішек шулары

Қосымша тексерістер

Зертханалық

аспаптық

1. қан анализдері

2.нәжіс анализдері (жалпы, жасырынды қанға, құрт-гельминтке).

1.ирригоскопия

2.колоноскопия

3.ректороманоскопия

4.биоптат алу

Өт қапшығы мен ұйқы безі ауруларымен науқастарды сұрастыру

және қарау Өт қапшығының пальпациясы. Лабораториялық – инструментальды тексеру әдістері. Өт қапшығы және ұйқы безінің қабыну синдромдары.Себептері Симптомдары,олардын механизмдері Диагностикалық маңызы.

Өт жолдарының дискинезиясы

Дискинезия дегеніміз - бұл өт қабы мен өт жолдарының тонусының жұмыс қызметінің бұзылысы. Өт бөлу жұйесінің 70% ауруын өт жолдарының дискинезиясын құрайды, бірақта өт жолдарының жүйелерін зерттеудің нақты функциональдық әдістері жеткіліксіз болғандықтан қазіргі кезде олардың нақты жиелігін анықтау қиын. Дискинезияның екі түрі бар: гипертоника – гиперкинетикалық - өт қабының гипертониялық жағдайына ОДДИ сфинктерінің гипертонусы қосылады. Екінші түрі – гипотона – гипокинетикалық түрі, өт қабы мен ОДДИ сфинктерінің гипотоникалық жағдайы сәйкес келеді. Өт жолдарының дискинезиясы ер адамдарға қарағанда әйелдерде жиі кездеседі, ал гипертоника-гиперкинетикалық дискинезия жастарда көбіне кездессе, гипотоника-гипокинетикалық астениктер мен жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі.

Этиологиясы және патогенезі. Өт жолдарының дискинезиясының пайда болуы біріншіден нейрогуморальді қалыптастырудың бұзылумен байланысты. Олар невроздың жергілікті белгілерінің бірі болып табылады. Ішкі сөолденіс бездерінің бұзылысында, гипо және гипертериозды, климакста, жұмыртқа бездерінің бездерінің қызметі жеткіліксіздігінде, бүйрек үсті безі және де басқа да ішкі сөлденіс бездерінің бұзылысында байқадладаы. Өт жолдарының дискинезиясы, әсіресе гипертоно гиперкинетикалық түрі асқазан ойық жара ауруы, соқыр ішектің қабынуында, ішек ауруларында тағыда басқа ішкі мүшелердің ауруында пайда болуы мүмкін. Адамның осы ауруға бейімділігі, өмір сүру ерекшеліктері де маңызды орын алады. Тамақтану аралығының өте ұзақ болуы, дұрыс тамақтанбау, әртүрлі дикинезияларға әкеліп соқтырады.

Клиникалық көрінісі. Өт жолдарының гипертоника – гиперкинетикалық дискинезиясы оң жақ қабырға астының ұстама түріндегі сыздап ауырсынуы немесе толғақ тәрізді ауруы болады, өт тасы ауруындағы ұстама шаншуына ұқсайды, бірақ аса күшті емес және спазмолитик дәрі-дәрмектердің көмегімен тез басылады. Ауырғанда адам қобалжып жүйке психикалық қозуы байқалады. Әйел адамдарда аурудың өршуі етеккір циклімен байланысты болуы мүмкін. Ауырсыну оң жақ жауырынға, оң жақ иыққа, кейде жүрек маңайына әсер етуі мүмкін. Тез терлегіштік сезімі, бозғылттану, лоқсу, кейде жүрегінің жиі соғуының білінуі мүмкі. Ауырсыну ұстамасының ұзақтылығы бірнеше минуттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Оң жақ қабырға астының қысып, сыздап ауруы апталап созылып, кейде күшейтіп, кейде басылғандай болады. Ауырсыну ұстамасы кезінде іш қатаймайды, өт қалтасы, өт қалта тұсы сипағанда аздаған ауырсынуды білдіреді. Сары ауру ұстамасы, дене қызуы көқтерілу серпілісі, лейкоцитоз және ЭТЖ көтерілуінен кейін әдетте байқалмайды. Өт жолдарының гипотоника – гипокинетикалық түрінде оң жақ қабырға асты ауырсынады. Бірақта бұл ауырсыну аса қатты емес, қысып тұған, кернеп тұрған, ұзақққа созылған ауырсыну. Сипалап қарағанда өт қабы маңында кей кезде аздаған ауырсыну пайда болады, кейбір іш қабырғасы босаңсыған науқастарда өт қабының созылып кеткенін сипалап білуге болады.

Емі. Дұрыс тамақтану мен еңбекпен дем алысты дұрыс кезектестіру, орталық жүйке жүйесінің қызметін қалыптастыру ерекше орында тұрады. Жүйке жүйесін қалыптастыру үшін тыныштандыру, ұйықтататын дәрілерді тағайындауды қажет етеді. Гипертоника – гиперкинетикалық дискинезия түрінде 5 емдәмді қолдану керек. Гипотоника – гипокинетикалық дискинезия түрінде Певзнер бойынша 3 немесе 5 емдәм, қоздыру әсері бар дәрілер, өт айдайтын дәрілер, емдік денешынықтыру және физио емдік тонусты жоғарылататын іс шаралар қолдануға кеңес етіледі. Қайталанып жасалған сүңгілеу, тюбаждар, минерализациясы жоғары минерал сулар қолданған жақсы нәтиже береді. Оларды суық немесе жылытылған күйде тамақтан 30, 60 минут бұрын 200 мл-ден күніне 2-3 рет ішу тағайындалады. Өт жолдарының дискинезиясы бар науқастарды отау әдісімен емдеу қажет емес.

Алдын алуы. Науқастар дипансерлік нұсқау бойынша жалпы тәжірибелік дәрігермен және гастороэнтеролог пен қаралып отырады. Зертханалық тексерістерте жалпы қан анализін, билирубинді, холестеринді, ақуыз құрамын тексереді. Өт жолдарының дискинезиясын алдын алу үшін дұрыс тамақтану тәртібін қадағалдап, еңбек ету мен дем алуды қалыптастырып, жүйелі түрде дене шынықтырумен айналасып, күйзеліс жағдайларды болдырмау, дер кезінде жүйке жүйесінің бұзылыстарын емдеу керек.

Созылмалы өт қапшығының қабынуы (холецистит)

Холецистит дегеніміз - өт қапшығының қабынуы. Оның жедел және созылмалы, калькулезды (өт қалтасында тастың пайда болуы), калькулезды емес түрлері бар. Сонымен қатар сілекейлі, іріңді, өлі еттенулі түрлері де кездеседі. Ауырлығына байланысты жеңіл, орташа, ауыр түрлері бар.

Этиологиясы. Негізінде жұқпа қоздырғыштардың әсерінен дамиды: ішек таяқшасы, стрептококк, стафилококктар. Әсер ететін мәнбірлерге өт жолдарының дискенизиясы жатады, себебі, өт жолдарының қозғалысы бұзылып, уақытында өт қалтасы босамай жұқпа дәрісі тез дамиды. Өттің тұрып қалуына құрт инвазиясы, жүктілікте өт жолдарының бұралып, қысылып қалуына әкеліп соғады. Сырқаттың дамуында дұрыс тамақтанбаудың да маңызы зор (көп мөлшерде майлы, жіті тағамдарды ішуі). Уақытында емделмеген жедел холецистит де әкеліп соғуы мүмкін.

Созылмалы холециститтің клиникалық бейнесі. Ағымына байланысты үш клиникалық түрі болады: катаралдық (сілекейлі), флегманоздық (іріңді), гангреноздық(өлі еттену түрі). Сырқат толқынды түрде өтеді. Оң жақ қабырға асты сыздап ауырып, жағымсыз (майлы, қуырылған, қақталған) тағамдарды қолданғанда сырқаттың өту қарқыны ұлғая түседі. Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауру оң жақ жауырынға, оң қолға, оң жақ бұғанаға әсер етеді. Негізінде физикалық күш түскенде, адам күйзеліске ұшырағанда, суық тигенде құсып, лоқсып, үлкен дәретінің бұзылуына әкеледі. Аузында әсіресе таңертең ащы дәм білінеді, науқас шамданғышты болады. Ауырғаны бірнеше сағаттан бірнеше күнге, кейде бірнеше аптаға созылады. Қарағанда, ішті сипалағанда оң жақ қабырға асты ауырсынады, бұлшық еттері жиырылған болып табылады. Созылмалы холециститте науқастың денесінде ошақты ашытып ауыратын аймақтар білінеді: оң жақ жауырынның асты, оң жақ қабырға асты және соның маңайындағы аймақтардың ауырсынуы басталады. Оны Захарьин – Гет ошақтары деп атайды. Оң жақтағы он екі қабырғаның үстінен тықылдатқанда – ауырсыну сезімі білінеді. Оны Ортнер белгісі деп атайды. Сырқаттың ұстамасында дене қызуы көтеріліп, өт аралас құсық болуы мүмкін. Сырқаттың ремиссия кезеңінде науқастың жағдайы оңалып, қауыпті түрге келеді. Жағымсыз мәмбірлердің әсерінен ауру қозып отырады. Кейбір жағдайларда холециститке ілеспелі бауыр, ұйқы безі қабынуы мүмкін.

Емі. 5 емдәм тәртібі маңызды роль атқарады. Майлы, жіті , қуырылған тағамдар ішуге болмайды. Тамақ ішу мезгілі жиі, аз мөлшерде болуы тиіс. Ауырсынуды басу мақсатымен М-холинолитиктер қолданады: 0,1% 1 мл атропин ер-ін, 0,2% 1 мл платифиллин ер-ін, анальгетиктерді. Қабыну дәрісін басу үшін өттің антибиотиктерге сезімталдығын анықтап алып жұқпа қоздырғыштарға қарсы дәрі – дәрмектерді тағайындайды: ампиокс, олеандомицин, эритромицин, фуразолидон, тетрациклин. Соңғы кездерде 10 күн бойы тәулігіне 2 рет ципрофлоксацин тағайындалынады. Өт жолдарындағы тұрып қалған сөлді босату үшін өт айдайтын дәрілерді қолданады: 25% магний сульфат ерітіндісі, аллахол, лиобил, циквалон, никодин, холензин, холосас, холагон, әртүрлі қайнатпалар - құмшай шөбі, жаңа ақжелкен. Өт өзектерін босату үшін спазмолитик дәрілерін тағайындайды: платифилин, папаверин, но – шпа, феникоберан. Қою өтті сұйылту үшін минералды сулар беру қажет (тамақ алдында 100 мл Ессентүк, Боржом т.б.). Жылы физиоем шараларын қолданған жөн.

Өт - тас ауруы

Өт тас ауруы дегеніміз – ол өт қалтасында, өт өзектерінде тастың пайда болуымен сипатталатын ауру. Бұл ауру кең таралған, көбінесе әйелдер ауырады.

Этиологиясы. Негізгі себептері зат алмасу дәрісінің бұзылуы болып табылады, әсіресе майлы, бояутек алмасулар; өттің құрамындағы өт қышқылдарының мөлшері азайып, холестерин мөлшерінің көбеюі. Әсер ететін мәнбірлерге семіздік, дұрыс тамақтанбау, өт қалтасының жиі қабынуы, өт жолдарының қозғалыс қызметінің бұзылуы, жүктілік, көбінесе Боткин ауруымен ауырып шыққаннан кейінгі себептер жатады. Өт тастарының түрлері билирубиндік, бояутек, холестериндік, аралас болып кездеседі. Тастардың сыртқы түрлері әртүрлі: дөңгелек, сопақша, көпбұрышты, сырты бұжыр немесе тегіс, жылтыр. Тастар сан жағынан жеке, оншақты, тіпті одан да асып ұшырасуы мүмкін. Олар өт жолында, кейде өт қалтасында және екеуінде бірдей кездесуі мүмкін.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың белгілері тастардың орналасу орнына, оның көлемі мен санына, құрамына байланысты және ілеспелі жұқпа, өт жолдарының қызметіне байланысты болып сипатталады. Егер тастар өт қалтасының түбінде жатса (“үнсіз аймақ”) сырқат белгісіз түрде өтеді. Күйзелістен кейін, майлы тамақ ішкеннен кейін, сілкілдеуге ұрынса, тас орнынан жылжып ауырсынуды тудырады. Ауру күрт басаталды. Оң жақ қабырға асты шаншып, тіліп, сұғып, қатты шыдатпай ауырады. Содан соң ауырсыну іштің бәріне таралады. Ауырған оң қолға, оң иыққа, оң бұғанаға, жауырын астына таралады. Ұстама кезінде науқас лоқсып, құсады, іші кебеді. Құсу жеңілдік әкелмейді. Рефлекторлы түрде үлкен және кіші дәреті кідіріп қалады. Ұстама бірнеше минуттан бірнеше сағатқа, бірнеше күнге созылуы мүмкін. Ұстаманың жиілігі әр науқаста әртүрлі түрде өтеді. Кейбіреуінде өмір бойында бір екі рет болуы мүмкін, ал кейбіреуіне жылына, айына бірнеше рет болуы мүмкін. Ұстама кезінде егер тас өт өзегін бекітіп тастаса өт 12 - елі ішектің ішіне түспей қанға таралып, теріні тітіркендіріп, қышыма белгісін тудырады (механикалық сарғаю). Нәжістің түсі түссіз, ал зәрдің түсі қоңыр түсті болады. Өт тұрып қалған жағдайда қабыну дәрісі дамып, дене қызуы көтеріліп, уыттану белгілері байқалады. Ұстама арасында науқастардың жағдайы оңалады, бірақ бауыр аймағында ауырсыну сезімі білінеді, осымен бірге ауыз қуысында ащы дәмнің болуы, лоқсу, іштің кебуі байқалады. Тексеріп беткей сипалау өткізгенде оң жақ қабырға асты ауырсынады, іш бұлшық етінің жирылғандығын және өт қалтасының көлемінің ұлғайғандығын сезуге болады. Ортнер, Френикус белгілері бұл ауруда оң нәтижелі болып табылады.

Панкреатиттер

Өткір панкреатит дегеніміз – асқазан асты безінің өткір қабынуы. Олардың бір екі пайызы ауруханаға өткір ішпен түскенде анықталады.

Этиологиясі және патогенезі. Өткір панкреатиттің негізгі себебі асқазан асты безі өзектерінің обструкциясынан асқазан асты безі сөлінің қысымы көтеріліп, бездің өзектері жарылып, осының әсерінен мүше тіні зақымдалады. Өзек жолдарының жарылу себебі 70 пайыз жағдайда өттің тас ауруы болып табылады. Сонымен бірге ішімдікпен улану, тамақты мөлшерден тыс ішу (әсіресе майлы және өткір тағамдар), өт тасы ауруының ұстамасы, он екі елі ішек және Одди сфинктерінің дискинезиясы т.б. мәнбірлер әсер етеді. Генетикалық мәнбірлерін де есепке алмауға болмайды, өткір және созылмалы панкреатит ауруы ұрпақтан ұрпаққа білініп келеді. Өткір панкреатит кейбір жағдайда аллергиялық серпілістен пайда болады.

Клиникалық бейнесі. Өткір панкреатиттің клиникасы әртүрлі: эпигастрий маңайындағы жеңіл ауырсыну ұстамасынан ауыр жағдайларда өлімімен аяқталуы мүмкін. Өткір панкреатиттің белгілері:

  1. эпигастрий аймағында және сол жақ қабырға астында аяқ астынан ауырсыну ұстамасы пайда болады. Көбінесе бұл майлы тамақтан және ішімдіктен кейін болады;

  2. құсық;

  3. қан - тамырлар коллапсы;

  4. дене қызуының көтерілуі;

  5. гиперамилазурия.

Өткір панкреатит кенеттен дамиды. Эпигастрий аймағында немесе сол жақ қабырға астында арқаға берілетін ауырсыну ұстамасымен өтеді. Науқастың іші кебеді, азаптандыратын құсық болады. Жалпы тексергенде терінің бозарғаны көрінеді (тамырлар коллапсының нәтижесінен), жалпы улануда дем және жүректің жеткіліксіздігі, сонымен қатар денеде геморрагиялық бөртпелер білінеді. Осымен бірге уыттанудан дамыған шоктың белгілері көрінеді. Тамыр соғысы әлсізденіп жіп тәрізді болады. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды. Біраз уақыттан кейін ауырсынуға дене қызуының көтерілуі қосылады. Жиі іштің кебуі, дәретінің көп уақыт болмауы, іштің жиі өтуі білінеді. Геморрагиялық панкреатитте іштің бүйірін тықылдатқанда экссудат анықталады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады. Дерт анықтамасының мағынасы қандағы және зәрдегі амилазаның артуы. Әсіресе зәрдегі амилазаның мөлшерінің көбеюі өткір панкреатиттің анық белгісі болып табылады. Кейде өткір панкреатитте гипергликемия және глюкозурия анықталады. Тез арада ультродыбыспен зерттегенде (эхография) асқазан асты безінің ісінгенін анықтайды.

Өтуі және асқынуы. Өткір панкреатит нәтижесінде асқазан асты безінің жайылған абсцессі, көкбауырдың флегмонасы және тамырының қабынуы дамуы мүмкін. Өткір панкреатитте тамырлардың коллапсы, бүйрек бездерінің өлі еттенуі өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейбір жағдайларда өткір панкреатит созылмалы түрге ауысуы мүмкін.

Емі. Өткір панкреатитте науқасты хирургия бөліміне жатқызу керек. Емі көбінесе консервативті түрде өтеді. Алғашқы 1 - 4 күнде ашқарында ем жүргізіледі, асқазан сөлін асқазан сүңгісі арқылы сорып алып отырады. Алғашқы күндері іштің жоғарғы бөлігіне суық басу керек. Жиырылуды басу үшін ганглиоблокаторларды және спазмолитик дәрілерін қолданады. Ауырсыну шогына қарсы 1% - 1 мл промедол ерітіндісін күніне бірнеше рет тері астына енгізеді (морфий ерітіндісін қолданбайды, өйткені ол Одди сфинктерінің жиырылуын күшейтеді). Омыртқа арасын және бүйрек маңайын бөгейді. Сусыздануды болдырмау үшін және ағзаның уыттануына қарсы көк тамырға және тері астына тамшылатып изотоникалық натрий хлор ерітіндісін, 5% глюкоза ерітіндісін, қан сары суын және қан алмастырушыларды құяды (тәулігіне 3 литрге дейін). Барлық жағдайларда қанның электролиттік құрамын және оның коррекциясын өткізіп отыру керек. Сонымен бірге емдік шараларын жүргізеді. Өткір панкреатиттің емінде трипсин ингибиторын (контрикал) жеткілікті мөлшерде көк тамырға тамшылатып енгізу маңызды роль атқарады. Жұқпаның қосылуын және асқазан асты безінің іріңдеуінің алдын алу үшін антибиотиктерді қолданады. 1 - 3 күннен кейін науқастың жағдайы жақсарған соң жұмыртқа ақуызын, көкөніс шырындарын, сүт (ауыз немесе өт сүңгісі арқылы) қолдануға рұқсат етіледі. Кейін емдәмді біртіндеп кеңейтеді.