Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ПЕДАГОГИКА_Жана -.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
713.86 Кб
Скачать

Сырттай бөлім студенттеріне арналған бақылау жұмысының тақырыптары

Бақылау жұмысын жазуға әдістемелік көмек

Бақылау жұмысы сырттай оқу бөлімінің студенттерінің негізгі жұмысы боп табылады. Осы жұмысты жазу арқылы студент өз бетімен оқулықтармен және қосымша әдебиеттермен қалай жұмыс жасау керек екендігін үйренеді.

Бақылау жұмысы - студент білімін тексерудің тәсілі. Бақылау жұмысын жазарда қойылатын талаптар: Бақылау жұмысы таза, сауатты, әдемі, сөздері қысқартылмай, жиек сызығынан аспай жазылуы керек. Бұл жұмыс кәдімгі дәптерге орындалады. Ең соңында өз қолын қояды, күні, жылы жазылады. Пікір жазуға орын қалдырылады. Дәптердің сыртқы бетінде оқу орынның аты, факультеті, бөлімі, қай пәннен орындалғаны, фамилиясы, аты - жөні, курсы, тобы, мекен - жайы жазылады. Жұмысты сессия басталмас бұрын жазып тапсырады. Сессия кезінде және аяқталғанда жұмыс қабылданып тексерілмейді. Бақылау жұмысы мынандай жағдайда сынақтан өтпей, студентке қайта жазуға тапсырылады.

1.Тақырып нөмірі оқу шифрына сәйкес келмесе.

2.Негізгі сұрақтар бойынша дұрыс жазылмаған болса.

3.Тек 1-2 оқулық қолданылып, қосымша әдебиеттер қолданылмаса.

4.Жұмыс дұрыс жазылмай, тақырып жоспарға, жоспар жұмысқа сай келмесе.

5.Жұмыс теориялық, практикалық жағынан байланыспаса.

6.Жұмыс сауатсыз, сырты дұрыс толтырылмай, қалай болса солай жазылса.

Қайтарылған жұмысты студент оқытушының берген ескертпелерін орындап, қайтадан жаңа дәптерге жазылады. Студент емтиханға тек қана бақылау жұмысы сыннан өткен жағдайда ғана жіберіледі. Бақылау жұмысының жоспары құрылады, сол бойынша жұмыс толықтай қорытындылануы тиісті, жұмысқа ең кемі 5-6 оқулық және қосымша әдебиет, газет - журналдар қолданылады. Қолданылған оқулықтар мен әдебиеттер тізімі соңына алфавит ретімен жазылады, әр кітаптың шыққан жылы, баспасы жазылады. Жұмыс ғылыми тілде орындалуы тиісті. Бақылау жұмысында цитата жазылып, ол сол беттің төменгі жағына, қай кітаптан алынғаны, авторы, жылы, баспасы көрсетіліп сілтеме (сноска) түрінде жазылады.

13.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеуі (пән мазмұнымен байланыстылығы)

«Педагогика» пәні мазмұны бойынша слайдтар дайындалған.

14. Аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың мамандандыру тізбесі

«Педагогика» пәні бойынша дәрістер (5-02 ауд.), практикалық сабақтары (201 ауд.), кабинетінде электронды тақта арқылы слайдтармен, үн және бейне таспалар негізінде материалдарды көрсету арқылы өткізуге болады.