- •2. Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар оқу жоспарында қарастырылмаған
- •4.4. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •2.Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3.Пәннің қысқаша мазмұны
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •5.Пәннің оқу-әдістемелік картасы
- •1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы
- •2. Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы (Sillabus)
- •4. Негізгі әдебиет
- •5. Қосымша әдебиет
- •6. Ш.Есенов атындағы кмТжИу поқ шығарған оқу құралдары
- •8. Әдістемелік ұсыныстар (қолдағы бары)
- •11. Сөж материалдары
- •12. Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
- •14. Дәріс жинағы
- •1. Тәрбиенің мақсаттылығы;
- •2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;
- •3. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;
- •4. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу;
- •5. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- •6. Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
- •Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
- •Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.
- •2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы.
- •1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіндіру, лекция, кітаппен жұмыс.
- •2. Көрнекілік әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері
- •3. Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әр түрлі жаттығулар.
- •3. Оқыту әдістерін таңдау және қолайлы етіп пайдалану.
- •1. Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
- •2. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
- •1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі
- •2. Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы
- •1. Оқу сапасын диагностикалау
- •2. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері
- •4. Бағалаудағы қателіктер
- •V. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •VI. Педагогикалық кадрлар
- •VI. Білім беру нәтижелерінен күтілетін жетістіктерді бағалау жүйесі
- •VIII. 12 жылдық білім беру жүйесін басқару
- •Iх. 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары
- •7. Практикалық (семинар) сабақтардың жоспары
- •8.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9.Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыс, курстық жұмыс (жоба) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:
- •11. Тәжірибелерді (оқу, өндірістік және дипломалды) өту бойынша әдістемелік нұсқаулар, құжаттардың есеп түрі
- •12. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау мен бақылауға арналған материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары; өзіндік даярлығы үшін сұрақтар тізбесі, емтихан билеттері және т.Б.).
- •«Педагогика» пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары сынақ кітапшасының соңғы цифрына сәйкес келуі тиіс
- •Сырттай бөлім студенттеріне арналған бақылау жұмысының тақырыптары
- •13.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеуі (пән мазмұнымен байланыстылығы)
- •14. Аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың мамандандыру тізбесі
5. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
Бұл принципті ұстау әрбір бөліктері мен элементтері түгел бір тұтастықты құрайтын педагогикалық жүйенің болуын талап етеді. Тәрбие саласында жүргізілетін түрлі тәрбиелік шаралар бір-бірімен сабақтас болуы тиіс. Жаңадан өткізілетін тәрбие жұмысының мазмұны өткізілген тәрбиелік шаралардың логикалық жалғасы болуы қажет. Демек, өткізілген тәрбие жұмысының мазмұны онан әрі қарай да дамып, тиісті сатыға көтеріледі. Сонда ғана аталған принциптер жүзеге асады. Педагогикалық ықпалдардың жүйесіздігі, кездейсоқтығы, бейтараптығы, келісімсіздігі, ретсіздігі тәрбие мақсатына үзілді-кесілді қарама-қайшы келеді. Тәрбие үшін оқушыға қойылатын талаптардың ала-құлалығынан бетер зиянды нәрсе жоқ. Мәселен, мектеп пен үйелменнің, сынып ұжымы мен жұмыс істейтін мұғалімдердің оқушыларға қоятын талаптарының үйлеспей ала-құла болуы. Тәрбие көп адамдар қатынасатын ұзақ іс-әрекеті. Сондықтан да олардың жұмыстарында тізбектестік пен ұласымдылықтың сақталуы, оқушылардың тәрбиелік дәрежесінің дер кезінде анықталып отыруы аса маңызды мәселе. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылуы қажет.
6. Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
Жеке тұлғаның ұжымда тек ұжым арқылы тәрбиелеу принципі кеңестік дәуірде коммунистік тәрбие беру жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып келеді. Бұл социалистік қоғамның талабына айналды. Осы қоғамда өмір сүріп отырған «барлық адамдар біреуі үшін, біреуі барлығы үшін» деген ұранмен еңбек етуге тиіс болды.
Бүгінгі таңда, қоғамды қайта ұқұру кезеңінде, яғни нарық заманында бұл қағиданың маңызы онша әсерлі болмай тұр. Өйткені, нарық заңы ұжым болып еңбек етіп, өмір сүру қағидасын қуаттамайды. Оның негізгі талабы әртүрлі формадағы еңбек процесі, соған орай еңбек бөлінісі де әртүрлі болып келеді. Сондықтан да ұжым және адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне айналып отыр.
Кеңес педагогикасы болса оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді тұлғаны жан-жақты дамыту теориясы мен практикасының негізі жетекші мәселелері ретінде қарастырады.
Дегенмен де мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары ұжымдық әрекетке негізделген. Ол ортақ мақсатқа бағытталған. Сондықтан мектеп жағдайында бала тәрбиесіне қатысты ұйымдастыру жұмыстары әрқашанда ұжымдық әрекетке негізделе бермек.
Сол себептен де оқушының жеке басын ұжымды және ұжым арқылы тәрбиелеудің мәнісі-оқушылардың оқу, тәрбие және пайдалы еңбектегі бірлескен іс-әрекетінде олардың жауапкершілігі, белсенділігі артып, тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіншіліктер пайда болады, достығы жарасып, ізгілік қарым-қатынас орнайды, өзімшілдік жойылып, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыру, моральдық нормаға айнала бермек.
7. Тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы. Тәрбие процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, оардың жасөспірімдерге тәрбиелік ықпалын үйлестіру қажеттігінен туындайды. Балаға дегенде қоғамның талаптарын жүзеге асыруда олардың әрекетінде ауызбіршілік, жүйелілік болмаған жағдайда тәрбиелік шаралардың нәтижесі төмендейді. Баланың дүниетанымы отбасынан бастау алып, мектеп пен ұстаздар тәрбиесімен жалғасып отырады. Сондықтан да балаға талап қойғанда бірліктің болмауы, тәрбиелік ықпалдың тұрақсыздығын туғызып, баланың мінез-құлқы мен адамгершілік бейнесіне жағымсыз көлеңке түсіреді.
№15 дәріс
Тақырыбы: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әр бір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш – қуаты мен саясатына тәуелді екені белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әр бір тұлғаны әр жақты етіп тәрбиелеу. Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс - әркеті мен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс - әрекеті мен қарым – қатынас иесі. Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес. Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының бір тұтатығы деп түсіну керек. Адам баласының жарқын болашағы толығымен жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмірімен басланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық білімменқаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет. Осыған орай, тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) жастардың өмірге ғылыми – материалистік көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан – жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптырына сай тәрбиелеу. Дүниетаным дегеніміз адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым – қатынасын, оның барлық іс - әрекеттерінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз дүниенің даму заңдылықтарын ғылым негізінде ашатын көзқарас. Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзінің Отанына берілгендігінде жанқиярлықпен күресуге әзірлігінде. Мұндай көзқарас болмайынша, адам өз өмірінің мақсаттарын, халқымыздың жалпы күресіндегі өз орнын дұрыс түсіне алмайды. Бастауыш мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл – ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезімі, талғамы артады. өмір жастарды осы заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу дәрежесіне қарай жан – жақты тәрбие міндеттерін талап етеді. Қоғмдық және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларында белсенді етуге қабілетті, сана – сезімді және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығаруды көздейді. Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектепбасшылары мен педагог арасындағы қарым – қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет. Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл – ой тәрбиесі, құлақ тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық ьжәне дене тәрбиесі т.б. Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін - өзі дамытып, барлық іскерлігі мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әр қашанда дайын болу қажет.
№16 дәріс
Тақырыбы: Ғылыми дүниетаным-оқушының интеллектуалды дамуының негізі
Жоспар:
Дүниетаным және оның құрамды бөліктері
Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың құралдары мен жолдары
Атеистік тәрбие және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығы.
1. Дүниетаным дегеніміз - объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарлары.
Педагогика ғылымы оқушы тәрбиесінің мазмұнына енетін ғылыми дүниетанымды қалыптастыру мәселесін шешуде оның құрамды бөліктерін ажыратып қарайды. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіліп жүр. Олар: ғылыми білім жүйесі; дүниетаным; сенім; адам мұраты.
Білім-бүкіл адамзат ақыл-ойының адамды қоршаған табиғатты, айналаны танып-білудегі ғылыми мәлімет қорының жиынтығы; қоғамдық өмірдің даму сатыларына сай теориялық анықтамалар мен адамның өмірлік қарекетінде айқындалып дәлелденген белгілі бір жүйедегі ұғымдар дүниесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады.
Дүниетаным-жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы, материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.
Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізгі, шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру.
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талап-танушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарт құралдары т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс-әрекеттеріне әр түрлі ықпал жасайды.
Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер етпейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы қалыптастыратын факторларды басқаруды үйренуі керек.
Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік сияқты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс-әрекетпен салыстыруы керек.
Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар.
Мектепте оқылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым жүйесін жасайды.
Ботаника, Жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу-тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадасында шәкірттер жұмыс істеп жүріп, өсімдіктердің даму процесін меңгереді.
Физика, химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірибе жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдық көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика, астрономия сабақтарында адам ойының табиғаттың сырын бірте-бірте ашуы, тануы және заңдарын пайдалануы туралы оқушылар түсінік алады.
Гуманитарлық пәндерінің де рөлі ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы шәкірттердің диалектикалық-материалистік көзқаастары қалыптасады, олар адам өмірінің мәніне, мұраттарының, мінез-құлқының бағыттылығына, іс-әрекетінің мақсатын анықтауға түсінеді.
Тарих курсы қоғамның даму заңдарын түсінуге мүмкіндік жасайды. Әдебиет адамдар арасындағы қарым-қатынасқа жаңа өмірге, еңбекке жастардың дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Әдебиет сабақтарында оқушылар өмір шындығымен, Отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады.
Сонымен мектепте оқыту оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі.
Қоғам өмірінде болып жатқан әртүрлі саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелерге дер кезінде жауап беріп отыру, яғни мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, халықтар арасында жүргізіп отырған экономикалық және әлеуметтік шараларын дұрыс бағдарлап түсінуге, соған орай оқушылардың іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Осы орайда, оларға қоғамдық- саяси азаматтық тәрбие беру, сабақтан тыс кездерінде саяси тақырыптарға арнап кештер, байқаулар, пікірталас, хабарлама жұмыстарын ұйымдастырудың да маңызы ерекше.
Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар көп. Оларға:
Адамның материалдық жағдайы.
Әлеуметтік орта, тәрбие, ақпарат құралдары.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.
Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы жатады.
Бұлар жасөспірімдердің қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.
Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар
Тұлға мəдениетінің негізі оның жалпы адамзаттық құндылықтарға қатынасынан көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, əлеуметтік жəне мəдени мəн-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам қызметіндегі заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады, яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық , шындық пен жалғандық, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз болған тəсілдер мен өлшем-шектер субъектив баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Қалыпты тəртіптік ұғым формасына енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар жəне бағалар, бұйрықтар мен шектеулер, мақсаттар мен жобалар.
Сонымен, заттай жəне субъективті құндылықтар адамның өзін қоршаған дүниеге болған құндылықты қатынастарының екі қарама-қарсы (полярлы) шегін аңдатады. Адам іс-əрекеті құрылымындағы құндылықты тараптар танымдық жəне еріктік құндылықтармен өзара тығыз байланысқан.
Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым (формация) өзіне тəн құндылықтар жиынтығымен ажыралады. Ал одан түзілген жүйе əлеуметтік реттеудің аса жоғары деңгейі сипатында көрінеді. Бұл жүйеде қоғам не əлеуметтік топ мойындаған өлшем-шек, талаптар (критерии) белгіленеді. Тұлғалық деңгейде меңгерілген бұл талаптар тұлға қалыптастырудың негізіне алынып, қоғамды қалыпты тəртіпте ұстауға жəрдемдеседі.
Қоғам өмірінің кезеңдерінде құндылықтар жүйесі өзгеріске түсіп, ауысып барады. Құндылықтар өзіне тəн ерекшеліктерге ие. Олардың кейбірі тарихтың қай кезеңінде де өз маңызын жоймайды. Мысалы, ежелгі дүниенің тарих сахнасында өшкенімен, онда мұрат етілген эстетикалық құндылықтар əлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Ортағасырлық ағару (просвещение) дəуіріндегі гуманистік, демократиялық идеялар бүгінгі заман қызметіне жарауда.
Қоғамдағы құндылықты қатынастардың аса маңызды элементтерінің бірі – құндылықты бағыт-бағдар.
Құндылықты бағыт-бағдар – бұл стратегиялық өмір мұраттары жəне жалпы дүниетанымдық алғы шарт ретінде танылған құндылықтардың адам санасында бейнеленуі.
Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағыттарының жиынтығы тұлға тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген əрекет-қылық жəне іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді. Осыдан, құндылықты бағыт тұлға сеп-түрткілеріне (мотивтеріне) себепші, реттеуші маңызды жағдаят (фактор) ретінде іске қосылады. Құндылықты бағыт-бағдарлардың негізгі мазмұны – адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері, терең əрі тұрақты бейімділіктері, қылық-əрекет, мінез принциптері. Осыдан, қай қоғамда да тұлғаның құндылықты бағыт-бағдары тəрбие жəне мақсатты ықпал жасау нысаны ретінде қарастырылады. Олар арқылы еріктік күш салу, зейін, ой-өріс бағдарлары анықталады.
Құндылықты бағдардың дамуы –тұлға кемелінің белгісі, оның əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себерші болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі , белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік.
Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет-қылық пен мінездегі тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағыт-бағдардың мешеуленуі адамның селқостығы мен енжарлығына себепші болады.
Бүгінгі күнде əлем елдерінде əрқилы құндылықтар жүйесі қабылданған. Осы заманғы гуманистік педагогика олардың арасында жалпы адамзаттық келесідей құндылықтарды аса маңыздылар қатарында алға тартады: адам құқы, адамды ең жоғары құндылық ретінде тану, бала тұлғасы мен оның қадіріне құрмет; бала еркіндігі мен даму құқын қорғау; білім жəне тəрбиедегі демократиялық принциптерді берік ұстану.
Адам құқы жəне еркі – жалпы адамзаттық құндылық, себебі олар адамзаттың жалпы мүдделерін танытады, əрқилы халықтардың , діндер мен дəуірлердің рухани мұраттарын жақындатады əрі туыстырады. Барша халықтар туындыларын сыйлауға, бағалау мен қорғауға үйрену – бұл ұлттық жəне ұлтаралық ынтымақтың белгісі ретінде қабылданған жалпы адамзаттық құндылықтарды сезіну жəне қабылдау нышаны.
Бүгінгі Қазақстандық қоғамда құндылықты бағыттар қатарында ұлтжандылық, отаншылдық сезімдері, яғни өз халқымызды, оның салт-дəстүрін, тілін, мəдениетін, əдеттерін, туған ел табиғатын құрметтеп білу- жоғары маңызға ие болып отыр. Сонымен бірге əрбір адам үшін жоғары құндылық – бұл өмір, тіршілікке болған қамқорлық, гуманистік қатынастар негізі - əр адамның өз басын сыйлауы, өз адамгершілік сапаларына болған құндылықты қатынас; ата-ананы, туған-туысқанды, отбасы, бала-шағаны ардақ тұту, табиғатты аялау жəне ең жоғары инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір ету.
Жалпы адамзаттық құндылықтар арасында ұлттық құндылықтар шегерілмейді. Керісінше, осы ұлттық құндылықтар арқылы көрінеді. Алғашқыда осы ұлттық формада көзге түскен қайталанбас соны жетістіктер уақыт өте жалпы адамзаттық құндылыққа өтеді (мысалы, жақын уақыттың өзінде қазақ домбырасын жетекші күй аспабы ретінде танытқан «Ұлытау» триосының Голливуд жеңімпазы аталып, бүкіл əлемге танылуы).
Қоғамдағы азаматтық, гуманистік құндылықтардың бекуі, өз міндеттері мен құқықтарының өзара тəуелділігін сезінуші əрі азаматтық ұстанымы бар ерікті тұлғаны қалыптастыру көбіне тəрбие жəне оқу жүйесіне байланысты. Заман ерекшелігін ескерумен түзілген құндылықты бағыттардың дамуынан əр адам өзін планета азаматы, əлем адамы санатында сезінуге мүмкіндік алады.
Жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіне танудың негізі қоғамға бағытталған идеялардың, сезімдердің, ұғымдардың қалыптасуына; ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтарды байланыстыра білуге; қоғамға жəне басқа адамдарға болған қатынастарға орай құқы мен міндеттерін зерттеп тануға; азамат құқы мен міндеттерінің бірлігін түсінуге; азаматтық мінез-құлық пен сезімдерді тəрбиелеуге; пікір жүргізу еркіндігінің дамуы мен көңіл-күй ортақтығын сезінуге жəне т.б. орайлас келеді.
Жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыт-бағдар тəрбие мазмұнының ажыралмас бір бөлігі.
Тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыру
Соңғы педагогикалық зерттеулерде «тұлғаның базалық мəдениеті» түсінігі қабылданған. Адамның іс-əрекеті барысында жүзеге келетін білімдер , ептіліктер, дағдылар, ой-өріс, адамгершілік жəне эстетикалық даму деңгейі, ортақтасу əдістері мен формалары- бəрі қосылып, «тұлғаның базалық мəдениетін» құрайды.
Тəрбие тұлғаның аталған мəдениетін дамытушы əрі қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық əдебиеттерде тұлғаның базалық мəдениетін түзуге көмектесетін бірнеше жеке элементтер аталады:
- табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тəрбиесі, тұлға сапасы ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау);
- өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын жəне оның құндылық мəнін дəріптеу; бақыт, еркіндік, ар-намыс, əділдік-теңдік, туысқандық жəне т.б. сынды құндылықты категорияларды қалыптастыру);
- қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамның құқықтық негізі жəне оның саяси құрылымымен танысу; қоғамдағы жеке адам проблемасын зерттеу: «Мен» жəне қоғам, отаншылдық тəрбиесі);
- еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету).
Дəстүрлі педагогикада тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыруға орай жүргізілетін тəрбиелік іс-əрекеттердің бірқанша бағыттары аталады. Ғалымдардың көбі тəрбиелік істердің келесідей бағыттарын ұстанады (Б.Лихачев, В.А.Сластенин, М.П.Подласый, т.б.):
- ғылыми дүниетаным қалыптастыру;
- азаматтық тəрбие;
- еңбек тəрбиесі;
- адамгершілік тəрбиесі;
- эстетикалық тəрбие;
- дене тəрбиесі.
Тəрбиелік істердің кейбір жетекші бағыттарының мазмұнын ашайық.
Ғылыми дүниетаным тəрбиесі. Дүниетаным негізі – əлемді түсіну, яғни қоршаған болмыс жөніндегі білімдер тобын меңгеру. Бұл білімдер мен ұғымдар ертеңге де, бүгінге де, алыс болашаққа да қатысты. Олардың бəрі адамдардың рухани дүниесінің кəусар көзі. Дүниетаным құрамы күнделікті өмір барысында, өнерде, əдебиетте, ғылым мен дінде қалыптасатын белгілі мұраттар мен шындық бейнелерінде көрінген болмыстық қабылдаулардан құралады.
Дүниетаным наным, сеніммен байланысты. Дүниетаным көзқарастары адамның ұзақ уақыт айналысқан күрделі ақыл-ес жұмыстарының негізінде орнығады. Бұл көзқарастар тұлғаның рухани өмірінің тұғырына, оның «Мен» мəніне айналып, өмірлік ұстанымын айқындауға негіз болады.
Дүниетанымның қалыптасуы кездейсоқ жəй, тұрмыстық тəжірибеден не əрқилы дүниетанымдық ұстанымдар тоғысынан, немесе саналы, тұғырлы идеялар, мұраттар мен принциптердің теориялық зерт-теулері арқасында болуы мүмкін.
Адам дүниетанымында əрқашан белгілі уақыт, заман белгілері көрініс береді. Əлем жөніндегі бүгінгі ұғым, дүниетаным бүкілдей ғылым жетістіктерінің негізінде қаланды. Біздің қазіргі дəуірімізге тəн дүниетанымдық көзқарастар: демократия құндылықтары жəне адам құқын, оның экономикалық жəне саяси еркіндіктерін, ар-намыс жəне дүниетанымдық еркіндікті бүкіл əлем болып қолдап-қуаттау жəне қорғау. Күннен күнге білім құндылығы артуда. Қоғам болашағы да осы білімге иек артады, стратегиялық əлеуметтік бағдарламалар да көбіне білімді негізге алып түзетілетін болды.
Ғылыми дүниетаным қалыптастырудағы басты мақсат –мына күрделі де қайшылықты өмірде адамға өз бетінше дербес іс-əрекет жасаудың бағдарын беру.
Азаматтық тəрбие мəні – кемелденудегі ұрпақты отаншылдық, құқықтық, адамгершілік сезімдеріне баулып, өз қадірін, тұлғалық еркіндігін, тəртіптілікті, басқа азаматтар мен мемлекеттік билікті сыйлауды үйрету, сонымен бірге жүктелген міндеттерді орындау, отаншылдық, ұлтжандылық жəне ұлтаралық сыйластық сезімдерін үйлесімді байланыстыра білу қабілетін дамыту.
Азаматтық тəрбие мақсаты – əр адамда қоғамның адамгершілік мұраттарын, Отанға деген сүйіспеншілік, бейбітшілікке ат салысу ықылас –ниеттерін қалыптастыру. Азаматтықтың негізгі элементтері – мемлекет жəне басқа азаматтарды құрметтеуге байланысты өз міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін адамгершілік жəне құқықтық мəдениет. Кемелденген азаматтықтың белгісі – сөз бен істің бірлігі. Адам тұлғасының дамуына бағытталған гуманистік қадамдар да – осы азаматтық сезімдердің деңгейімен бағаланады.
Азаматтық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны: əрекет- қылықтың конституциялық жəне құқықтық талаптарын зерттеу, үйрену; бейбітшілікке, зорлау күшін жұмсамауға тəрбиелеу; қоғам жəне тұлға мүддесін танытушы қоғамдық сананың бір формасы азаматтың сезімін, ұлтаралық ортақтасу жəне құқықтық қатынастар мəдениетін, еліміздің жетістіктері жөніндегі білімдер жүйесін, адамның қоғамда өз мүмкіндіктерін іске асыруға себепші азаматтық тəжірибесін қалыптастыру.
Азаматтық тəрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей жетістіктерді қолға түсіруіміз мүмкін:
- азаматшылдық идеяларын қабылдаудың психологиялық кейіп жағдайлары жасалады;
- азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады;
- бірлікті өмір сүруге дағдыланады;
- өз талаптарында , əрекет-қылықтарында , əдеттері мен əрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында астамдылыққа бармауға үйренеді;
- басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады;
- қоғамдағы бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тəртіптілік сақтау үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді.
Отаншылдық тəрбиесі. Бұл тəрбиенің мақсаты – оқушыда өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оған адал қызмет жасауға, оны қорғауға баулу; туған ел тарихы жəне өз халқы мен басқа да ұлыстардың мəдени мұрасын, салттары мен дəстүрлерін қастерлеу қатынасын қалыптастыру;
Отаншылдық тəрбиесінің мазмұны:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздерін (Ел таңба, Ту, Əнұран) зерттеп, тану. Сонымен бірге басқа елдердің де мемлекеттік белгілерін білу;
- отаншылдық (өз Отаныңа болған сүйіспеншілік) пен интернационализмнің (басқа ұлт адамдарына, елдерге, мемлекеттерге бағытталып қалыптасқан достық, қатынастар сезімі) əрқилы тұстарын түсініп, қайта қарастыруға мүмкіндік беретін білімдер шеңберін кеңейту;
- туған өлке табиғаты мен тарихын зерттеу;
- елімізбен байланысқан өзге мемлекеттер тілін, тарихын, ондағы халықтар салты мен дəстүрлерін білу;
- халқымыздың жауынгерлік даңқы мен қаhармандығына байланысты нақты дерек көздерін іздеу жəне зерттеу.
Құқықтық тəрбие. Құқықтық тəрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық мəдениет пен құқықтық əрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге əрі мойындауға баулу. Құқықтық тəрбие жүйесі мемлекет сипаты жəне саясатымен белгіленеді.
Құқықтық норма адамның қоғамдағы талапқа сай əрекет-қылығының мұратты (идеяльная) моделі. Құқық пен тəрбиенің өзара байланысты əрекеті негізінен жанама түрде тəрбиеге араласқан ата-аналар мен ересектер арқылы іске асып барады. Азаматтық қорғанысы əлі жетілмеген бала заң аясында қолдау табады: оның ерекше мəртебесі «Адам құқықтарының жалпы декларациясында»(1989ж) жəне «Бала туралы Конвенцияда» (1989ж) жарияланды. Отбасы жəне мектеп жағдайларында балалар орынды əрекет-қылық əдеттерін, адамгершілік жəне құқықтық нормаларын, əлеуметтік іс-əрекеттердің алғашқы дағдыларын меңгере бастайды.
Құқықтық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны- құқық бұзушылық əрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тəрбиедегі қолайсыз жəйттерді) жою; оқушылардың өмірі мен тəрбиесіне орай жағдайлар мен оларды қоршаған ортаны зерттеу; тəрбиеленушінің жеке ұстанымдарына түзетулер енгізу; бұрын қылмыс жасаған оқушылармен жұмыс алып бару.
Адамгершілік тəрбиесі. Бұл қоғамдық талаптар жəне əрекет-қылық нормаларын ескерумен іс жасауға мүмкіндік беруші ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тəрбие процесінің мəнді бір бөлігі.
Мəдениет тарихында адамгершілік тəрбиесі мəнін түсінудің төрт негізгі дəстүрі қалыптасқан:
- патерналистік (патер-лат. «əке», үлкендерге құрмет түріндегі адамгершілік тəрбиесі);
- діни-дəстүрлік (діни наным сенімдер мəртебесін қолдау түріндегі адамгершілік тəрбиесі);
- ағартушылық (ғылыми білімдер игерудің нəтижесі түріндегі адамгершілік тəрбиесі);
- коммунитаторлық (коммуна-лат. «қауым», «бірлестік»; ұжымшылдық сезімін қалыптастыру сезімі түріндегі адамгершілік тəрбиесі).
Адамгершілік тəрбиесінің мақсаты- өз іс-əрекетіне жауапкершілікті, адал, намысты, жалғандық пен кəззаптықтан жаны аулақ адамды тəрбиелеу.
Алайда адамгершілік тек сырттай форма ретінде игерілуі мүмкін емес, ол адамның тұлғалық дербестігіне негізделіп, əр тұлғаның өзіндік заңы күйінде танылады. Адамгершілік қалаған уақытта, қалаған нақты жолмен орындалатын жəй мақсат емес. Ол адами іс-əрекеттің өз негізінде жатқан мақсаттардың мақсаты.
Адамгершілік тəрбиесі негізінде қалыптасушы сапа-қасиеттер түрі келесідей: шыдамдылық, жомарттық, əдептілік, ізгіліктілік; адамдар арасындағы өзара сыйластық, өзара жəрдем жəне жолдастық, үлкенге сый, кішіге қамқорлық, əйел жəне ер арасындағы құрметтеу қатынасы; өзіндік тəртіптілік, өзіндік қадағалау, өзіндік басқарым, өзін өзі тану, өзін өзі реттеу қабілеттері. Əр адам өзі қалаған əдет-қылықтарды ардақтау арқылы өз адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін.
Адамгершілік тəрбиесіне орай іс-əрекеттер мазмұны:
- ұжымдық оқу жəне қоғамдық пайдалы іс-əрекеттерді ұйымдастыру арқылы тəрбиеленушілерді қамқорлыққа баулу;
- қайырымдылық пен жауыздық проблемаларын талдай білуге үйрету;
- шынайы жəне бейнақты гуманизмді айыра білуге жаттықтыру;
- əлеуметтік əділдік пен əділетсіздік мəнін түсінуге баулу;
- гуманизм идеялары мен олардың жалпы адамзаттық сипатын түсіне, бағалауға дағдыландыру.
Экологиялық тəрбие. Бұл тəрбиенің мақсаттары- тəрбиеленушілерде қоршаған ортаға деген жауапкершілік; табиғатты ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылық ретінде тану мен оған жауапкершілікті қатынастар жасау жөніндегі білімдер қалыптастыру; нақты тіршілік аймағы табиғатын зерттеп, мүмкін болар экологиялық жағдайлардың ауысуынан туындайтын зардаптардың алдын алуға үйрету; сонымен бірге қоршаған ортадан лəззат (халықаралық экологиялық қауымдастықтың ұраны) алу арқылы табиғат субъекттерінің баршасына қатысты қайырымдылық сезімін тəрбиелеу.
Экологиялық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны:
- тəрбиеленушілердің қоршаған табиғатты зерттеп, тануы;
- табиғаттың экологиялық қалпына талдау жүргізу;
- əлем, ел, оқушы жасап жатқан ортаның экологиялық жүйесі проблемаларымен танысу;
- адам əрекет-қылығын зерттеп, нақты аймақ пен бүкіл əлемдік экологиялық жағдай, одан болар ықпалдарды (ұнамды не кері) зерттеп, білу.
Эстетикалық тəрбие. Бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй –сезімдік жəне тұлғалық сана мен оған сəйкес іс-əрекет қалыптастыру жəне дамыту.
Бұл тəрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы барысында іске асады əрі құндылық мəнін иелейді. Эстетикалық тəрбие өз ішіне эстетикалық көңіл шарпулары (эмоция) мен бағамдарын туындататын болмыстың əсем нысандары мен олардың қасиеттеріне бағытталған тəрбие жұмыстарының формалары жəне əдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды.
Эстетикалық тəрбие жəне білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер мен қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру жəне бағалау дайындығын дамыту; көркем өнер, рухани жəне дене шынықтыру мəдениеті саласында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Эстетикалық тəрбие тұлғаның əсемдікті тануға орайласқан санасын (сезімі, бағамы, талғамдары, ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен көзқарастары), оның қасиеттерін, бағалау - эстетикалық қатынастарын жəне олардың əрекет-қылық пен мінезде, өз қалаулары мен іс-əрекеттеріндегі (қабылдауында, бағалауында, шығармашылық қызметтестік пен өзіндік жасампаздық, сезіне жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған.
Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңыздылары ретінде эстетикалық тəрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем өнерлік білімді үздіксіз дамыту; оқушылардың əн-күй мəдениетін қалыптастыру, театрға байланысты тəрбие мен білім беру, көркем əдебиеттік қабілеттер дарыту жəне дамыту, т.с.с.
Əсемдікке тəрбиелеудің нəтижелік көрсеткіштері: тəрбиеленушілердің эстетикалық санасының даму деңгейі; олардың эстетикалық құнды заттар, құбылыстар, көркем шығармалар əлемінен игерілген қорға шығармашылдықпен қатысы.
Эстетикалық тəрбие бойынша қызметтер мазмұны: мұражайлар мен көрмелерге саяхаттар ұйымдастыру, көркем əдебиет туындылары бойынша конференциялар өткізу; дөңгелек үстел төңірегінде кездесулер ұйымдастыру; əйгілі орындаушылар (жеке əншілер, хор, оркестрлер) күйтабақтарын жинақтау; тірі табиғат бұрышын жəне т.б. жасау.
Дене тəрбиесі – тəн - денелік бой тіктеу үшін қажетті білімдер мен əдістерді ұрпақтан ұрпаққа ауыстыра жеткізуге бағытталған педагогикалық ұйымдасқан процесс. Дене тəрбиесінің мақсаты – адам тұлғасының, оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан-жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, тəн саулығын көтеру.
Дене тəрбиесінің негізгі құрал-жабдықтары – дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың тума күш көздерін пайдалану (күн энергиясы, ауа мен су ортасы жəне т.б.) гигиена ережелерін ұстану (əр адамның жеке басына, еңбегіне, тұрмысына жəне т.б. байланысты). Дене шынықтыруға арналған жаттығулар тəн-дене қабілеттерінің дамуына əртараптан əсер етеді. Олардың адам ағзасына ықпал жасау заңдылықтарын тану жəне оларды орынды қолдана білуден əрбір оқушы не ересек дене шынықтыру мəдениетін, дене тəрбиесі мақсаттарын іске асыруға пайдалана алады. Бұл тəрбие түрі үш негізгі бағытта орындалып жатады: жалпы дене дайындығы, кəсіби дене дайындығы, спорттық дайындық.
Дене тəрбиесіне орай іс əрекеттер мазмұны өз ішіне таңғы гимнастиканы, таза ауада жүріп-тұруды, кешкі серуенді, салауаттық күндерін, əрқилы спорттық бөлімдерге қатысуды, туристік саяхаттарды жəне т.б. қамтиды.
Еңбек тəрбиесі. Бұл тəрбие түрінің мақсаты- тəрбиеленушіде осы заманғы техника, технология жəне өндірісті ұйымдастыру, жалпы еңбектік ептіліктер мен дағдылар, еңбекке деген жауапкерлі қатынас пен психологиялық дайындық, еңбектенуге болған ықылас-ниет, еңбеккерге сый-құрмет сезімін қалыптастыру.
Еңбек тəрбиесінің мазмұндық негізін оқу еңбегі (ақыл-ес жəне тəн-денелік), өзіндік қызмет еңбегі (мектепте жəне үйде), қоғамдық пайдалы еңбек (демалыс кезіндегі тəжірибелік еңбек, құрылыс отрядтарындағы жұмыстар, орман қорғау, тимур қозғалысы жəне т.б.) құрайды.
Экономикалық тəрбие тəрбиеленушілердің мүмкіндіктеріне орай өндіріс, заттасқан жəне рухани игіліктерді бөлісу, алмасу мен қажеттікке жарату жөніндегі біртұтас түсініктерді меңгертуге бағытталады.
Экономикалық тəрбиенің негізгі мақсаты- нарықтық заман аймағында бағыт-бағдар алып жүруге қабілетті əрі өз іс-əрекеті мен қызметін экономикалық тұрғыдан үнемді де тиімді іске асыра білетін тұлға қалыптастыру.
Бұл мақсаттың жүзеге келуі ұланғайыр міндеттер кешенін шеше білуге байланысты. Атап айтсақ, олар:
- тəрбиеленушілерде экономикалық білімдер мен экономикалық іс-əрекеттерге деген қажетсіну сезімін қалыптастыру;
- негізгі экономикалық ұғымдарды, категорияларды , заңдар мен процестерді меңгеру;
- табыскерлікті , жауапкершілікті, өзіндік дербестікті дамыту;
- табыскерлік іс-əрекетке қажет дағдыларды игеру;
- мүмкін болар қиыншылықтарға психологиялық дайындық қалыптастыру.
Экономикалық тəрбие мазмұны тəрбиеленушілердің экономикалық білімдерді меңгеруі үшін қажет əрқилы құрал-жабдықтарды пайдалануына, экономика бастауларын оқу барысында , сондай-ақ сабақтан тыс (бизнес –клуб, менеджерлер клубы, маркетинг-клуб жəне т.б.) үйренуіне; кəсіби оқуына жол ашады. Экономикалық тəрбие формалары мен əдістері оқушылардың экономикалық білімдерді қажетсінуінен өз бетінше игеру жəне оларды қалыптан тыс жағдайларда пайдалана білу ептіліктерін орнықтыруға бағытталған.
Кəсіби бағдарлау – отбасы, оқу орны, мемлекет, қоғам жəне коммерциялық мекемелердің ел тұрғындарына кəсіп таңдау, іріктеу жəне ауыстыру жолында жəрдем беруді қамтамасыз етуші ақпараттық əрі ұйымдастыру – тəжірибелік іс-əрекеті. Бұл қызмет əр тұлғаның жеке мүддесін, сонымен бірге еңбек рыногінің қажетін ескеру негізінде жүргізілуі тиіс. Кəсіби бағдарлау ісі – əр адамның өз жеке басына сай кəсіпті өзінше айқындап, таңдауына жəрдем ретінде ұйымдастырылатын əлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық, өндіріс-техникалық шаралардың ғылыми негізделген жүйесі.
Кəсіби бағдарлау жүйесі өз аймағында келесідей кəсіптік қызметтерді қамтиды:
- ағарту – тəрбиеленушілерді əрқандай кəсіптердің əлеуметтік –экономикалық, психологиялық –физиологиялық ерекшеліктері жөніндегі білімдермен таныстыру;
- диагностикалау – кəсіп таңдауға байланысты адам жүйке жүйесінің ерекшеліктерін, оның денсаулығын, қызығулары мен ынтасын, құндылықты бағыт-бағдарын, ұстаным-көзқарастарын зерттеп, анықтау;
- кеңес беру – кəсіпке қойылатын талаптар мен нақты тұлғаның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері арасындағы сəйкестікті айқындау;
- кəсіптік іріктеу – адамды қызметке қабылдаушы мекемелер тарапынан жүргізілетін іс;
- бейімделу – адамның кəсібі іс-əрекетке кірісу процесі, өндіріс жүйесі мен мамандық ерекшеліктеріне икемдесу процесі.
3. Кеңестік дәуірдің алғашқы күнінен-ақ кеңес мектептерінде оқушылардың ғылыми диалектикалық-материалистік дүниеге көзқарасын қалыптастыру оқушының жеке басын жан-жақты дамыту жүйесінің елеулі бөлігіне айналды. Соның нәтижесінде дін мемлекеттен оқшауланды. Діни бірлестіктер таратылды. Кез келген дінді еркін ұстауға, оқып-үйренуге тыйым салынды. Дінді ғылымға қайшы идеологиялық форма ретінде қарастырды. Оқу-тәрбие жүйесінде ғылыми-атеистік тәрбиені күшейтті.
Ғылыми-атаеистік тәрбиенің көздеген негізгі мақсаты: оқушыларда ақиқат дүниенің объективті заңдары жайындағы бірыңғай көзқарастар жүйесін қалыптастыру. Оның жалпы міндеттеріне:
Оқушыларды ғылыми атеизм жайындағы білімдермен қаруландыру.
Діннің пайда болу және өмір сүру объективтік себептерін түсіндіру.
Атеист болу үшін құдай жоқ деп сену жеткіліксіз, дүние жайлы дұрыс ғылыми көзқарас болу қажет деген қағиданы басшылыққа алу секілді арнаулы жұмыстарды атқару жатқызылды.
Оқу пәндеріндегі білім беру мазмұндарымен танысу барысында адамдарды құдай жаратпағанын, керісінше қоршаған орта құбылыстарының әсерінен оны өздерінің ойлап тапқанын, жан-жануарлар мен өсімдіктердің өзгеруі әркезде өмір жағдайына байланысты болатындығын, ғылыми білімдермен қаруланған адам баласы табиғатқа белсенді түрде ықпал жасай алатындығын оқып білді.
Қазіргі кезде атеистік және діни тәрбие біздің қоғамымыздың саяси-әлеуметтік және идеологиялық бірлігін нығайтуға, оның демократиялық және гуманистік табиғатын бекіте түсуге бағытталған іс-әрекеттермен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңның 3 -бабында бұл жайында былай дейді: «Қазақстан Республикасының, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстауға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы, дінге деген, құдайға құлшылық жасауға, діни жоралар мен рәсімдерге, дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезінде қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтары дінге көзқарасына қарамастан экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өмірдің барлық салаларында заң алдында бірдей жауапты. Азаматтардың дінге көзқарасына қарай олардың құқықтарын тікелей немесе жанамалап шектеу немесе қандай да бір артықшылықтар белгілеу, немесе соған байланысты өшпенділік пен жек көрушілік туғызу, не азаматтардың сезімдерін жәбірлеу, сондай-ақ қайсы бір дінді ұстаушылар қадір тұтатын заттарды, құбылыстар мен орындарды қорлау Қазақстан республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады».
Сол секілді осы заңның 5-бабы бойынша: «Республикада білім беру мен тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі діни бірлестіктерден бөлінген және дүниелік сипатта болады.
Ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар балаларын өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуге құқылы, бірақ балаларды дінге баулуға мәжбүрлеу шараларына жол берілмейді. Діни пәндерді оқыту ерікті негізде мемлекеттік емес оқу және тәрбие орындарында жүргізілуі мүмкін.
Дінтану пәндері мемлекеттік оқу орындарының бағдарламаларына енгізілуі мүмкін»-деген жолдарынегізінде атеистік және діни тәрбиесіне қатысты түсініктерімізді айқындауға мүмкіндік береді.
Діни тәрбиесінің мәні қанымызға сіңген, жанымызға жұғымды, ой-санамызға нұрлы шуағын силап, серпіліп-жетіп ұлттық тәрбиеміздің басты бұлағы имандылыққа, парасаттылыққа жетелеу, ата-бабамыздың қасиетті өсиеттерін бойымызға дарыту. Оны бүгінгі өмір талабымен, әлеуметтік-экономикалық жағдайымен байланыстыра отыра оқушының дүниетанымын жетілдіру жағдайында атқару қажет.
Қоғамды қайта құру жүріп жатқан кезде барша адамды жақсы, ізгілікті қасиеттерге тәрбиелеуде діни ұғымдардағы имандылыққа негізделген сүрелер мен өсиеттердің, дәстүрлердің маңызы бүгінгі ұрпақ пен келешек ұрпақты иманжүзділікке тәрбиелеуде ерекше озық мәнге ие болуда.
Өкінішке орай, қоғамымызда кездесетін төрешілдік, парақорлық, маскүнемдік пен бұзақылық, жезөкшелік, жершілдік, талан-таражға салушылық, алып-сатарлық тәрізді теріс көріністер мен жат қылықтар, жағымсық қасиеттер адамдардың сенімдері мен қоғамның болашағына дұрыс көзқарастарын орнықтыруда зиянын тигізбей қоймайды. Сондықтан да, дүниетанымды қалыптастыруда аталған кемшіліктерді болдырмау, адамдардың өмір жағдайын жетілдіру, қоғамымыздың саяси-әлеуметтік және экономикалық саласында оң өзгерістерге қол жеткізу, мектептің материалдық базасын нығайту, оқу-тәрбие үрдісін қоғамның сұранысына сай үнемі дамытып отыруы, белсенділікпен жүргізу қажеттігі, бүгінгі өмір талабы.
№ 17 Дәріс
Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
Жоспар:
1. Тәрбие – арнайы ұйымдастырылатын және саналы жүргізілетін педагогикалық қызмет
2. Тәрбие процесі ұғымы, оның ерекшеліктері және мазмұны. Тәрбиенің заңдылықтарына түсінік, олардың мәні және психологиялық негізі.
3. Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы. Тәрбиенің тұлғалық бағыты. Тәрбие процесінің диалектикасы.
4. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдістері мен құралдарының жүйесі
1. Тəрбие процесi (ТП) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзiн-өзi тəрбиелеуiн кiрiстiре жүргiзiлетiн тұлға қалыптастыру, дамыту процесi.
ТП – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тəрбиелеу жүйесiнiң тiзбегi, мұндағы əрбiр тiзбек алдыңғы нəтижелер есебiнен құралады. Бұл түсiнiк бойынша тəрбие процесi өзiндiк даму жүйесi ретiнде қарастырылады жəне оның бiрлiгi болып дамушы тəрбиелеу жағдайында (тəрбие iсi) есептеледi. Мұнда тəрбиеленушiлер, тəрбие iс-əрекетi, тəрбиешi, оның тəрбиеленушiлерiмен өзара əрекетi ғана дамып қоймай, келешек күрделi жүйе қалыптастыратын бiртұтас объектiнi дамытады.
Бұтас педагогикалық процесте тəрбие процесi ерекше орын алады. Бұл процестiң орны мен рөлi тұлға қалыптастыру процесi құрылымында тез байқалады. Тұлға қалыптастыру басқарушы, бақылаушы сипат алған тұтастығында, яғни адамдар саналы ниетпен, алдын-ала белгiленген жоспар мен мiндеттерге сəйкес əрекет жасаған тұтас ортада тəрбие iске кiрiседi. Тəрбие – бұл тұлғаны мақсат-бағдарлы қалыптастыру процесi. Бұл сонымен қоса, қоғамға қажеттi əрi пайдалы тұлға қалыптастыру мақсатындағы тəрбиешi мен тəрбиеленушiлердiң ұйымдасқан, басқарылған, бақыланатын бiрлескен өзара əрекетi. ТП-бұл белгiленген мақсатқа жетуге бағытталған тəрбиешiлер мен тəрбие-ленушiлердiң нақты пəрмендi бiрлескен əрекетi.
ТП-нiң өзiндiк ерекшелiктерi бар: ең алдымен бұл процесс мақсат-бағдарлы болып табылады. Нақты мақсаттардың бiрлiгi мен оған жетудегi өзара байланыс арқылы қазiргi тəрбиелеу процесi сипатталады.
ТП – көпфакторлы процесс. Ондағы көптеген объективтi, субъективтi факторлардың əрекеттерi бұл процестiң өте күрделi екенiн байқатады. Субъективтi факторлар тұлғаның iшкi қажеттiлiктерiн бiлдiрiп, тұлға қалыптасып, өмiр сүретiн объективтi жағдайларды бiлдiре отырып, тəрбие мiндеттерiн табысты шешуiне көмектеседi. Ұйымдастырылған тəрбие iс-əрекетiмен объективтi жағдайлардың мазмұны мен бағыты қаншалықты сəйкес келсе, жеке тұлғаның қалыптасуы да соншалықты табысты болады. Тұлға əртүрлi əсерлердiң ықпалына түседi, жағымды тəжiрибе ғана емес, түзетудi қажет ететiн жағымсыз тəжiрибенi де қамтиды. ТП-ң қиындығы, оның өзгерiстi, динамикалық, қозғалмалы болуымен байланысты.
ТП өзiнiң ұзақтығымен ерекшелiнедi. Негiзiнен ол өмiр бойына созылады.
ТП тағы бiр ерекшелiгi - оның үзiлiссiз болуы. Мектептiк тəрбие процесi бұл тəрбиешi мен тəрбиеленушiлердiң өзара жүйелi, үздiксiз əрекеттесу процесi.
ТП – комплекстiк процесс, тəрбиелiк жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формалары мен əдiстерiнiң бiрлiгiн бiлдiредi. Жеке тұлғаның сапалы қалыптасуы кезектесiп жасалынбайды, бiр уақытта болатындықтан педагогика-лық ықпал ету комплекстi сипатта болады.
ТП-i екiжақты сипаты мен ерекшеленедi. Олар тəрбиешiден тəрбиеленушiге (тiкелей байланыс) жəне тəрбиеленушiден тəрбиешiге қарай (керi байланыс).
2. Тəрбие процесiнiң жалпы заңдылықтары осы процестiң маңызды жəне iрi бiрлiктерiнiң арасын байланыстырып отырады. Жүйе iшiндегi бiрлiктерiнiң байланысын анықтайтын заңдылық жеке (нақты) заңдылық деп аталады. ТП жалпы педагогикалық процестiң бөлiгi ретiнде осы процестiң заңдылықтарына бағынады.
Тəрбиелеу тəжiрибесi үшiн ТП-iнiң кейбiр бiрлiктерiн тəрбие сапасына ықпал жасайтын заңды қатынастар пəрмендiлiгiмен байланыстыру қажет.
Тəрбиелеу пəрмендiлiгi мыналарға байланысты:
1) қалыптасқан тəрбиелiк қатынастарға;
2) əрекеттердi ұйымдастыру мен оған қойылған мақсат-тардың бiр-бiрiне үйлесуiне;
3) тəрбиелiк əсердiң əлеуметтiк тəжiрибесi мен сипатының (бағыттылығы, мазмұны)
тəрбиеленушiлерге ықпал етуiне;
4) объективтi жəне субъективтi факторлар əрекетiнiң байланысына;
5) тəрбиелеудiң жəне өзiндiк тəрбиенiң қарқындылығына;
6) педагогикалық өзара əрекеттегi тəрбие процесiне қатысушылардың белсендiлiгiне;
7) тəрбиемен ұштасушы дамыту жəне оқыту процестерiнiң пəрмендiлiгiне;
8) тəрбиелiк ықпалдың сапасына;
9) тəрбиеленушiнiң ''iшкi жан дүниесiне'' əсер ету қарқындылығына;
10) тəрбиеленушiлердегi сөздiк жəне сезiмдiк процестердiң даму деңгейi мен педагогикалық əсер
етудiң үйлесуiне;
11) тəрбиеленушiлердiң өзара бiр-бiрiмен қарым-қатынасының қарқындылығы мен санасына
байланысты болады.
Тəрбие процесi сүйенетiн принциптер белгiлi жүйенi құрайды. Қазiргi тəрбиелеу жүйесi мынадай принциптердi ұстанады:
- тəрбиенiң қоғамдық бағытта болуы;
- тəрбиенiң өмiрмен, еңбекпен байланысы;
- тəрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу;
- тəрбие гуманизациясы;
- тəрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;
- тəрбиелiк ықпалдардың бiрлiгi.
Тəрбие процесiнiң мазмұнын түсiнерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының бiлiмi, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгiлерi тұрақты əдеттер жүйесi деп қабылданған.
Тұлғаның жан-жақты жəне үйлесiмдi дамуы – бұл ақыл-ой, дене, адамгершiлiк, еңбек пен политехникалық, эстетикалық тəрбиелердiң бiртұтас педагогикалық процесте тоғысуы.
3. ТП – күрделi динамикалық жүйе. Бұл жүйенiң əр компонентi өз кезегiнде өзiндiк компоненттерi бар жүйе ретiнде қаралады. Қолайлы анықтау шектерiн қолдану арқылы əрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазiргi теориялық педагогикада ТП талаптарымен құрылған мынадай жүйелерi белгiлi: ТП мақсаты, мiндетi, мазмұны, процестiң өту жағдайлары, тəрбиешi мен тəрбиеленушiнiң қарым-қатынасы, тəрбие iс-əрекетiнiң қолданылатын əдiстерi мен формалары, процестiң даму кезеңдерi жəне т.б.
Мақсаттық талап ТП-нiң құрылымын шешуге бағытталған мiндеттердiң бiрiздiлiгiн бiлдiредi. Қазiргi мектеп жағдайында тəрбие процесiнiң бағыттары мынадай:
- үйлесiмдi, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны бiртұтас қалыптастыру;
- азаматтық құндылықтар, əлеуметтiк-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық жəне ерiктiк үйлесiм ауқымы негiзiнде тұлғаның адамгершiлiк сапаларын қалыптастыру;
- оқушыларды ғылыми, мəдени жəне өнер, т.б. қоғамдық құндылыққа қатыстыру;
- қоғамның демократиялық өңделуiне, тұлғаның құқық-тары мен мiндеттерiне сəйкес өмiрлiк позицияға тəрбиелеу;
- тұлғаның мүмкiндiктерi мен тiлектерiн, сонымен бiрге əлеуметтiк талаптарын ескере отырып, оның икемдiлiгiн, ептiлiгiн жəне қызығушылығын дамыту;
- оқушылардың даралық жəне қоғамдық түсiнiмдерiн дамытатын танымдық iс-əрекет ұйымдастыру;
- тұлғаны сапалы тəрбиелеу мақсатында əлеуметтiк құнды, əрi жан-жақты iс-əрекет ұйымдастыру;
- тұлғаның аса маңызды əлеуметтiк функциясын, яғни, өзгермелi еңбектiк iс-əрекет жағдайындағы қатынастарын дамыту, əлеуметтiк қуаттылықты көтеру.
Келесi құрылым ТП-нiң негiзгi сатыларын белгiлеуге негiзделедi. Бұл сатылар – қойылған мiндеттердiң сапалы шешiлуiне бағытталған бiрiздi кезеңдердiң мiндеттi түрде өтетiн процесi. Құрылым ТП бiрiздiлiгiнiң жəне бiрлiгiнiң терең заңдылығын түсiнуде өте маңызды:
- қойылатын талаптар мен ережелердi тəрбиеленушiлердiң түсiнуi;
- бiлiмнiң сенiмдiлiгi;
- сезiм қалыптастыру;
- iс-əрекетке араласу жəне iс-əрекет арқылы тəрбиелеу.
Келесi құрылым да бiрiздi процесс кезеңдерiн анықтауға негiзделедi, бiрақ ол ендi басқа талаптарға, яғни процестiң жүруiнiң пəрмендiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрлiктер арасындағы байланыстар мен тəуелдiлiктерге негiзделедi: а) тəрбиенiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаттарын қамтитын процестi жоспарлау; б) материалды (еңбек, табиғатты қорғау); қоғамдық (ұжымдық,ұйымдастыру-басқарушылық, коммуникативтiк); рухани (эмоционалды-сезiмдiк, танымдық, құндылық-бағдарлаушылық) iс-əрекеттердi ұйымдастыру; в) тəрбиеленушiлердiң негiзгi iс-əрекеттерiнде тұлға аралық қарым-қатынасын жəне оның дамуын реттеу; г) жоспарланған жəне алынған нəтижелердiң айырмашылығын бақылау жəне қорытындылар шығару, жiберiлген қателiктер мен қол жеткiзетiн жетiстiктерге талдау жасау.
ТП кезеңдерiнiң өлшем шектерi ретiнде педагогикалық əрекеттiң бiрiздiлiгiн пайдалануға болады. Бұл жағдайда құрылымда мынадай бiрлiктер пайда болады:
1) жалпы нормалар жəне талаптармен танысу;
2) қарым-қатынас қалыптастыру;
3) көзқарастар мен тұжырымдар қалыптастыру;
4) тұлғаның жалпы бағытын қалыптастыру.
Бұл əрекеттердiң барлығының нəтижесi – нормалық қалыптағы тұрақты мiнез-құлық əдеттерiн баулу. Əрекеттердiң əдеттенуi бiртiндеп мiнез бiтiстерiне, тұлғалық қасиеттерге ауысады.
№ 18 Тақырыбы: Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі Жоспары:
1. Педагогикадағы тәрбие құралдары, формалары мен әдістері туралы түсінік.
2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі.
3. Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды пайдалану.
1. Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары мен әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдар, формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялық пен әлеуметтіктің (тұқымқуалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды., яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған ортаны өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді. Бұл ретте әр түрлі іс- әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері- әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
-қатысушылардың құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
- тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар,факультатив, экускурсия);
- таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
- оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конфренеция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап отырады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, оған әртүрлі анықтама берілген.
Авторлардың бір тобы В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс-әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды.
Бұл іс-әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.
Т.А.Ильина оқушыларға тәрбиелік ықпал ету әдістері немесе тәрбие әдістері дегеніміз- тәрбиешінің оқушылардың бойында көзқарасты және мәнез-құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік-күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы дейді.
Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша- бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету.
В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.
Сонымен, әртүрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады:
Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді.
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекеттеріндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет.
А.С.Макаренко тәрбие әдісін психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтар адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен:
- адамның сезімінен;
- санасынан;
- сенімінен;
- мінез-құлық, әдет-дағдыларынан құралатынын көрсетеді.
Мектеп тәжірибесінде тәрбие әдісін қолданғанда тәрбиешілер психологтардың жоғарыда келтірілген дәлелді тұжырымдарын, атап айтқанда, адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен құралатынын әрдайым ескеруі керек.
Сонымен, қазіргі кезде оқыту-тәрбие беру ісін қайта құрудағы белгіленген даму идеясы баланың жеке адам болып қалыптасуында тәрбие әдісін психологиялық негізде қолдану шешуші роль атқаратындығына баса назар аудару қажет екенін көрсетіп отыр.
Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдісінің әр салалы мәнін анықтауға болады:
- тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру тұрғыдан қаруландыру;
- тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын және мазмұнын жүзеге асыратын құрал;
- тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады, тәрбиенің мақсаты қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері соған сай болады.
- тәрбие әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал жасауымен қатар баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін, ықыласын, ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты.
Тәрбие әдісінің теориясында тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары, тәрбиенің тәсілдері, ұғымдары айтылады.
Тәрбие құралдары- дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған методикалық жолдар.
Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық ситуацияға байланысты жеке тәрбие әдісі, тәрбие тәсілі ретінде қолданылады.
Тәрбие тәсілі- тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды.
Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді болады. Мәселен, бірінші сынып оқушысына мұғалім мінез-құлық ережесін, жолдастарымен қарым-қатынас жасау ережесін, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда өзін тәрбиелі ұстау ережесін үйрету керек. Мұғалім бірінші күннен-ақ мектеп, сынып, парта, кітап, спорт зал т.б. таныстырып, пайдалану, жүру, шығу, отыру т.б. ережелерді үйрете бастайды. Әр оқушы мұны әртүрлі орындайды. Нақтылы педагогикалық ситуация болған жағдайда тәрбие әдісі мен тәсілі бірін-бірі алмастыра да алады.
Кейбір педагогикалық мәселені шешуде тәрбие тәсілін тәрбие әдісі ретінде қолдануға болады.
Мәселен, әңгіме - ол адамның көзқарасы мен сенімін қалыптастыру әдісінің негізгі бір құрамды бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге үйрету, жаттығу, әдістерін жүзеге асырудың кейбір кезеңдерінде әңгіме методикалық тәсіл ретінде қолданылады.
Тәрбие әдісінің өз алдына жеке бір бөлігіне тәрбие құралдары жатады.
Тәрбие құралдарына әр салалы іс-әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, өнер, спорт т.б.), сонымен қатар педагогикалық жұмысқа қажетті материалдық және рухани шығармалар, заттар жиынтығы, (көрнекі құралдар, саяси, көркем және көпшілікке арналған ғылыми әдебиеттер, бейнелеу өнері, музыкалық шығармалар, көпшілік акпарат құралдары т.б.) жатады.
Тәрбие әдісінің тиімді болуы барлық әдістердің, тәсілдердің, құралдардың, тәрбие процесін ұйымдастыру формаларының өзара байланыстылығымен анықталады. Сонымен бірге мұғалім балалардың жеке-дара типологиялық ерекшеліктері мен тәрбиелік дәрежесін және баланың қандай нақтылы педагогикалық ситуацияда болғанын ескеріп, тәрбие әдісін қолдануына тәрбиенің нәтижелі болуы тікелей байланысты.
Барлық тәрбие әдістері бірін-бірі толықтырып, ықпал етудің толық мүмкіндігін туғызуы керек.
Қорыта келгенде, қазіргі кездегі педагогикадағы тәрбие әдісінің негізгі мәні - жеке адамды жан-жақты қалыптастырудағы әлеуметтік міндетті жүзеге асырудың басты құралы болып табылатын тәрбие әдістерін жетілдіру.
2. «Классификациялау» ұғымы тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу деген мағынаны білдіреді. Әр әдістің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін жіктеу не үшін қажет? Ол тәрбие әдісін:
- жалпы және жеке;
- негізгі және кездейсоқ;
- теориялық және педагогикалық ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;
- мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;
- әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін, оның бір-бірімен байланысын айқындай түседі.
Бұл жағдай мұғалімнің өз тарапынан ғылыми ойлауын тереңдетіп, оның педагогикалывқ шығармашылық еңбек етуіне септігін тигізеді.
Педагогика ғылымын зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше жіктеледі.
Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40-жылдардың соңында 50-жылдардың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н.К.Гончаров, Т.Е.Конникова, И.Т.Огородников, Н.И.Болдырев, И.С.Марьенко, Г.И.Щукина, В.А.Сластенин т.б.
Ғалым педагогтар Н.И.Болдырев, Н.К. Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие әдісін жіктеуде сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А. Ильина, И.Т.Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез-құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қарастырады.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Олардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина және В.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.
Герцен атындағы Санк-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина) жасаған тәрбие әдістерін жіктеу 3 топқа бөлінеді.
Бірінші топ - тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалытастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.
Екінші топ - жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, пайымдау, пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық, әңгіме, пікірталас, лекциялар, өнеге.
Үшінші топ - мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады.
Мектеп өмірінде В.А.Сластенин жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуі ойдағыдай қолданылуда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерінің 4 тобы қарастырылады.
Бірінші топ - Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.
Екінші топ -Қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық рікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация.
Үшінші топ- Іс-әрекетін және мінез-құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.
Төртінші топ- Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзіне-өзі баға беру әдістері: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау анкета, ауызша т.б. қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау.
Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері екі жақты тәрбие ықпалын сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетте, мінез-құлықта қарым-қатынас жасауға белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды.
3. Тәрбиенің түрлі әдістерін таңдау мұғалімнің творчествосына, педагогикалық шеберлігіне, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық ситуацияларға тәуелді.Себебі әрбие әдісі- тұтас педагогикалық процестің заңды бір құрамы. Мысалы, үйрету үшін кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепте, үйелменде әр түрлі іс-әрекетіне дағдыландыруға болады.
Тәрбие әдісі тәрбиенің мақсатына, мазмұнына, принциптеріне және нақтылы педагогикалық жағдайлардағы міндеттерді шешуге бағынышты болады. Мұғалым өзінің күнделікті практикалық жұмысында тәрбие әдісін таңдау барысында барлық жағдайға арналған әмбебеа тәрбие әдісі болмайтынын ескеруі керек.
Тәрбие әдісі жеке дара тиімді не тиімсіз бола алмайды. Тұтас педагогикалық процестің негізіне жеке тәрбие әдісі емес, тәрбие әдістерінің тұтас бір жүйесі алынады. А.С.Макаренко әдетте өте нәтижелі деп есептеліп кеңінен қолданылып жүрген педагогикалық құрал: түсіндіру, әңгіме, сендіру, қоғамдық ықпал жасау әдістерінің өзі де ең әсерлі, абсолютті, тиімді бола алмайтынын ескерткен еді.
Бір жағдайда оң нәтиже берегн әдіс, басқа бір жағдайда балаға тіптен теріс әсер береді. Сондықтан тәрбиеші әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық талаптарды білуі қажет.
Тәрбие әдісі баланың жеке басына жанасудың және ықпал етудің өте нәзік әрі сезімтал құрал болғандықтан жаңашыл озат тәрбиешілер оқушылардың дара және жас ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін физиологтар мен психологтардың бала дамуының заңдылықтары туралы ғылыми деректеріне сүйене отырып ұйымдастырады. Мысалы, сангвиник бала қиыншылыққа кездессе бастаған сін аяғына дейін орындамайды. Сондықтан оны үздіксіз, яғни тұрақты әрекет жасауға, тапсырманы толық орындауға үйрету қажет.
Адам жеке адам болып қалыптасу процесінде бөлшектеніп тәрбиеленбей, тұтас тұлға ретінде қалыптасатынын тәрбиеші әрдайым тәрбие жұмысының негізіне алуы керек. Жоғарыдағы аталған педагогикалық-психологиялық талаптармен қатар тәрбие әдістерін таңдау және тиімді пайдалану үшін тұтас педагогикалық процестің күрделі диалектикалық заңдылығы негізге алынады.
Осыған орай әрбір тәрбиешінің жеке адаммен, жеке топпен, оқушылар ұжымымен жұмыс жүргізгенде тәрбие процесінің ұзаққа созылатын үздіксіз әрі комплексті ерекшелігін ескеруінің маңызы зор.
Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдісінің бірнеше түрін қолданудың тиімділігі ең алдымен педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениеттілігінің жоғары дәрежеде болуына байланысты екендігін озат мұғалімдер тәжірибелері дәлелдейді.
Ұжым толық қалыптаспаған, сүйеніші, яғни өмір тәжірибесі жоқ. Бұл жағдайда тәрбиеші балаларға талап қою әдісін қолданады. Оның мақсаты- балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Ұжым қалыптасқаннан кейін оқушылар белсенді тобы құрылады. Осыған сәйкес тәрбие әдісі өзгереді. Оқушылардың әдет-ғұрып, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру үшін үйрету, жаттықтыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер оларды орындағыштыққа, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа үйретеді. Ұжымның ІІ-ІІІ даму сатысында қоғамдық пікір, тапсырма, пікірталас, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі баға беру т.б. қолданылады.
Тәрбие жұмысында моральдық ұғымдар элементтерін жете білмегендіктен түрлі жағымсыз әрекеттер де болады. Мұндай педагогикалық ситуацияда этикалық тақырыптарға әңгімелеу және лекция әдістерін пайдалану қажет.
Сонымен, біріншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәжірибесі байиды; екнішіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады.
Барлық тәрбие әдістері бір-бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Ешбір әдіс тәрбиенің универсальды құралы бола алмайды. Мысалы, оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу үшін көбінесе үйрету әдісі қолданылады, дедік. Егер ұжым адамгершілік мораль элементтерінің ұғымдарымен таныс болмаса жеке адамның санасын қалыптастыру әдістерін (әңгіме, әңгімелеу, пікірталас, лекция т.б.) пайдалану керек. Бұл ситуацияда пікірталас және әңгіме әдістерінен гөрі, этикалық тақырыптарға әңгімелеу немесе лекция әдістерін қолдану өте қолайлы. Егер оқушылар ұжымының адамгершілік нормасы жөнінде белгілі түсініктер болса, онда пікірталас немесе этикалық әңгімені қолданған жөн. Осы әдістер бойынша адамгершілік нормасы туралы сөз ету, оқушыларға өз бетімен қорытынды шығаруға, дұрыс баға беруге, теріс көзқарастарды сынай білуге көмектескен жөн.
Барлық тәрбие әдістері бірін –бірі толықтырады. Әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой-өрісін кеңейтеді.
№19 дәріс
Тақырыбы: Балалар ұжымы-тәрбиенің объектісі және субъектісі
Жоспары:
1. Ұжым -тәрбие құралы
2. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы
1. Оқушылар ұжымы-тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери оқу орындары), қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар), ерікті қоғамдар ғылыми, ғылыми насихат, әскери, спорт, өз әрекетімен істеуші ұжымдар (көркемөнерпаздар, коллекционерлер) және т.б. осы ұжымдарда адамдардың шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тездету, қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процеске айналдыру, халық шаруашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық принциптерінің негізінде құру.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері: А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
А.В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым – қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс - әрекетінің формалары мен әдістері, өзін - өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс - әрекеті, қарым – қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білу қажет. А.С.Макренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін - өзі басқару органдары және өкілдері- ұйымастырушылары болады.
Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым – бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл студенттер тобы, негізгі ұжым – факультет т.б.
Қазіргі кезеңде А.С. Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелі принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың «Коллектившілдерді тәрбиелеу» атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым- бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Мудрая власть коллектива», «Коллективтің құдіретті күші» т.б. баяндалды.
В.А.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы- мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы-бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді.
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту мен тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда ұжым-тәрбиенің маңызды құралы.
2. Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
ұжым іс-әрекетінің дамуы;
жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы;
барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі- оқушылардың ұжымдық іс-әректеін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс-әрекетеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі-коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақату, нормаға бағыну ияқты болымды қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір-бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерлі бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекетілік-қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі- ұжым алдындағы мақсатты-перспективаны таңдау. Осыған орай, А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспективаға жарыс, саяхат, жексенбілік, серуен, цирк, музей және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б. жатады.
Орта перспективаға – орта перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілген ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Қашық перспектива- бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары оқу орындарына түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл преспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді.
Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстиүрлері т.б. барлық дәстүрлер үшін жалпы мәселе ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
Дәстүр- бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер.
№20 дәріс
Тақырыбы: Сынып жетекшісі-сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы
Жоспар:
