- •2. Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар оқу жоспарында қарастырылмаған
- •4.4. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •2.Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3.Пәннің қысқаша мазмұны
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •5.Пәннің оқу-әдістемелік картасы
- •1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы
- •2. Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы (Sillabus)
- •4. Негізгі әдебиет
- •5. Қосымша әдебиет
- •6. Ш.Есенов атындағы кмТжИу поқ шығарған оқу құралдары
- •8. Әдістемелік ұсыныстар (қолдағы бары)
- •11. Сөж материалдары
- •12. Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
- •14. Дәріс жинағы
- •1. Тәрбиенің мақсаттылығы;
- •2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;
- •3. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;
- •4. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу;
- •5. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- •6. Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
- •Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
- •Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.
- •2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы.
- •1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіндіру, лекция, кітаппен жұмыс.
- •2. Көрнекілік әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері
- •3. Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әр түрлі жаттығулар.
- •3. Оқыту әдістерін таңдау және қолайлы етіп пайдалану.
- •1. Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
- •2. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
- •1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі
- •2. Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы
- •1. Оқу сапасын диагностикалау
- •2. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері
- •4. Бағалаудағы қателіктер
- •V. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •VI. Педагогикалық кадрлар
- •VI. Білім беру нәтижелерінен күтілетін жетістіктерді бағалау жүйесі
- •VIII. 12 жылдық білім беру жүйесін басқару
- •Iх. 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары
- •7. Практикалық (семинар) сабақтардың жоспары
- •8.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9.Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыс, курстық жұмыс (жоба) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:
- •11. Тәжірибелерді (оқу, өндірістік және дипломалды) өту бойынша әдістемелік нұсқаулар, құжаттардың есеп түрі
- •12. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау мен бақылауға арналған материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары; өзіндік даярлығы үшін сұрақтар тізбесі, емтихан билеттері және т.Б.).
- •«Педагогика» пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары сынақ кітапшасының соңғы цифрына сәйкес келуі тиіс
- •Сырттай бөлім студенттеріне арналған бақылау жұмысының тақырыптары
- •13.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеуі (пән мазмұнымен байланыстылығы)
- •14. Аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың мамандандыру тізбесі
12. Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
Арнайы оқу зертханалары (аудитория, кабинет)
№ |
Бөлменің атауы және қолданысы |
Отыратын орын саны |
1. |
503 ауд. |
150 |
Кафедра меңгерушісі:
Келісілген: кітапхананы жабдықтау бөлімінің меңгерушісі
(4,5 пунктер
14. Дәріс жинағы
Дәріс №1
Тақырыбы: Педагогика- тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері
Жоспары:
1. Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім ретінде.
2. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері.
3. Теориялық деңгей әдістері.
1. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснамасының негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория-таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл-теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл-осы жүйні тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілернің бірі ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе болып отыр. Зерттушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдіс жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға, оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды шешудің тәсілдерін ашуға щақырады.
Сонымен, зерттеу әдісі дегеніміз күрделі танымдық әдістемелер, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алу жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол-жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.
2. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар. Эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empeiria-тәжірибе) .
1. Бақылау- заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылау, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылау шарттары, сондай-ақ құралдары-видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары жатады.
Зерттеу барысында бақылау түрлерінің әр алуан жіктемесін ажырата алады:
- тікелей бақылау, зерттеуші-мұғалім оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра, бейтарап адам және зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кірген кезде тікелей бақылау жүзеге асырылады.
- жанама бақылау, ол тікелей бақылауды толықтырады және зерттеушімен бірге оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
- жасырын немесе елеусіз бақылау тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы шынайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеушіге құнды мәліметтер береді, оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды.
- үздіксіз бақылау оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс мінез-құлқын зерттеуде қолданылады;
- дискретті (үзік-үзік) бақылау объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін- жары жыл немесе бір жыл. Бақылап -зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
- монографиялық бақылау біреуді немесе бір нәрсені бақылау кезінде қолданылады;
- шағын мамандандырылған бақылау жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына ай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
- ізденіс бақылау көп деректер арасынан зерттеуші өзне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылау көп уақыт пен зерттеушіде тиянақты талдау жұмысын талап етеді.
2. Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты белгіленген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың табиғи жағдайларда бақылап зерттеуге болмайтын белгілерін ашуға болады. Оның мақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтарды шығару және нақты білімге жету. Эксперименттің тағы бір мақсаты білімнің көлемін ұлғайту, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу тұлғасын дамыту тәжірибесін жаңарту.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: табиғи, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, эксперименттің анықтаушы түрі бар, ол зерттеу объектісін қайта құруға бағытталған.
3. Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттері емес, қоса өзара әрекеттесуші «субъект-субъект» жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу әдістемелерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек.
Сұрақ-жауап әдісінің мынадай түрлері бар:
а) Әңгіме. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, онда әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Әңгіме алдын-ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып, өзіне қажет мәселелерді бөліп алады, әңгімені тіркейтін құралдарды дайындайды (бейне таспа, аудио таспа, стенография). Зерттеушінің кәсіби білімі және үлкен әдепті сезімі болуы қажет, сол арқылы ғана ол әңгімелесушіні ашық сөзге тарта алады.
Әңгіме әңгімелесушілердің әр түрлі шеңберлерінде жүргізіледі (мектеп директоры, оның орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар, білім берудің әр түрлі деңгейіндегі басшылары). Білім беру саласының жағдайы мен ондағы өзгерістерге олардың кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы алынған ақпараттарға маңызды өосымша болып табылады. Алдын-ала дайындалған әңгімелерден басқа экспромт әңгіме-сұқбаттарды жүргізуге болады.
ә) Сұқбат- әңгіменің бір түрі. Әңгіменің бұл түрі зерттеушінің объектісінің өзінің іс-әрекеті туралы түсінігін баяндау динамикасын белгілеуге көмектеседі. Сұрақ-жауаптың бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ-жауап мәтінінде белгіленген іс-әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер етеді. Зерттеушінің міндеті зерттеушінің әңгімесін қолдауда. Сұқбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және жеткілікті тәжірибесін қажет етеді. Сұқбаттың мақсаты- зерттеушінің педагогикалық жағдаяттарға деген көзқарасын қайта құруда, сұхбаттасушылардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеушінің түсінуінде. Зерттеуші күрделі кәсіби- педагогикалық іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын түсіну сұрақ-жауап субъектісінің терең қарым-қатынас жасай отырып, оның жекелік-мотивтік, когнитивтік және операционалды компоненттерін түсіну жағдайында ғана мүмкін екенін ескеру қажет. Көптеген мамандарға сұрақ-жауап жүргізу барысында тенденциялар мен құбылыстар дамуының заңдылықтарын қорытындылап түсіну мен анықтау мүмкіндігі туындайды.
Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сапалық және сандық тұрғыдан талдау жасау қажет. Сұқбат нәтижелерінің талдауы мен олардың түсіндірмесі зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.
б) Сауалнама жүргізу. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының қатал логикалық құрылысы, сауалнама құрастырушы ұсынған алдын-ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық өңдеу жасау қиынырақ.
Сауалнама жүргізу әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет түрлеріне, пікірлерді зерттеген және т.б. қатынасын айқындау үшін қолданылады.
4. Мұғалімдердің, жаңашыл- педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты. Тәжірибе дегеніміз педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде меңгерген шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі. Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме және т.б. ізденушінің танып білуінің қайнар көзі бола алады.
5. Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік- педагогикалық тексеру медикалық- педагогикалық кестені кешенді жаппай дайындаумен жиі байланысты. Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әр түрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді. Тексеру барысында оқушылардың өмірбаяны, психологиялық-педагогикалық мінездемелері, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуының генезисі, ауырған ауруларының сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері, балалардың, олардың ата-аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшеліктері (ақыл-есі, ойлауы, қиялы) зерттеледі.
6. Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу ізденушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы түсінік беретін әдістің бір түрі.
7. Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар. Оқу-әдістемелік құралдар, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін барлық құжаттар зерттеудің ең маңызды қайнар көзі болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тестердің, бақылау жұмыстарының, шығармаларының, эсселердің, жобалардың, суреттердің және т.б. ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс-әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.
3. Ғылыми танымның екінші деңгейі- теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.
Теориялық деңгей әдістері:
1. Әдебиет көздерін оқып білу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіне керекті әдебиетті таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.
Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасын ескеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зертеу сияқты сатылары бар.
2. Талдау мен жинақтау. Талдау келесі түрлерге бөлінеді: эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылымын ашып көрсету, зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау және т.б. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарлмалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады. Талдау мен жинақтау диалектикалық түрде бір-бірімен өзара байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезінде қолданылады.
3. Абстракциялаудың екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту-көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу- бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі.
4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері. Бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу- зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект түпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады.
7. Болжау әдісі зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, ұғымдарға және заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет.
8. Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін ққолданылады.
Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторлар мен олардың ішкі мазмұнының факторларын түсіндіруге бағытталған.
Ғылыми танымның үшінші деңгейі ең жоғары деңгей-әдіснамалық деңгей. Танымның теориялық және эмпирикалық деңгейлері негізінде өзгеше ғылыми ұстанымдар қалыптасады және ғылыми педагогикалық зерттеудің жаңа әдістері айқындалады; таным іс-әрекетінің іргелі әдіснамалық теориясы құрылады.
Дәріс №2 Адамзат дамуының ерте кезеңіінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы
Жоспары:
Алғашқы қауымдағы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы.
Кайназой арасындағы және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері.
Алғашқы қауымдағы адамдар – палеонтроптардың еңбек әрекеттері.
Жер бетінде алғашқы адамдардың қалай, қай жерде, қай заманда пайда болғаны туралы ғылыми пікірталастар әлі де жалғасып келеді. Бұл жөнінде бірқатар монографиялар, ғылыми-зерттеу еңбектер жазылғанымен, белгілі бір түйінді тұжырым жасалған жоқ. Дегенмен ХІХ-ХХ ғасырларда іргелі зерттеулер жүргізген палеонтология ғылымы саласында аталған мәселелерге байланысты көптеген деректер жиналды.
Палеонтология ғылымының дамуына Молекулярлық биология мен археологиялық ғылымдардың табыстары бұл ғылым саласының деңгейін көтеруге, жер шары халықтарының мәдени мұраларының эволюциялық даму жолдарын анықтауға көп септігін тигізді. Жалпы палеонтология оқулықтары бүгінгі күндері адам баласының құрлықтағы пайда болуы осыдан 1 миллион 600 мың жыл бұрын шамасында шыққан деген түсінік береді. Кейбір деректерде адамның жер бетінде пайда болуы 9 миллион жылдарға тең деген болжам айтылады. Белгілі археолог Кемел Ақышевтың басшылығымен шәкірттерінің зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Ұлы даламыздың төсінде палеолит дәуірі кезеңіндегі Алматы облысындағы Қарғалы және Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай елді мекендерінде алғашқы адамдардың жатақтары табылған. Еуразия даласында жақын арада табылған ең ежелгі алғашқы адам тұрақтаған мекен анықталды. Қазба жұмыстары дәлелдегендей қазақстандық белгілі археолог В.Волошин ашқан жаңалық адамзат тарихы жөніндегі бірқатар теориялардың қайта қаралуына мүмкіндік туғызады. Аты аталған археологтың басқаруындағы экспедиция соңғы 30 жылдың ішінде Сарыарқа өңірінен палеолит кезеңінен 20-дан астам адам қоныстарын ашқан. Ежелгі адамдардың қоныстарында еңбек құралдарымен қатар, осы заманғы жылқының арғы тегі – гиппарионның тістері табылды. Соңғы деректер бойынша Еуразия даласында жабайы жылқыны қолға үйреткен тайпаның Нұра-Есіл аумағынан табылуы әлем палеонтологтарының назарын аударып отыр.
Сонымен алғашқы адамның мекен еткен жері Африкада ғана емес, Еуразиядағы Ұлы далада алғашқы адамдар тұрағы болғандығын айқындайды.
Тарихи деректер Еуразияның Ұлы Даласында б.з.д. соңғы 5-6 мыңжылдықтың ішінде халықтардың қоныс аударуы бірнеше рет қайталанғандығын көрсетуде. Бірақ, тарихшы Қ.Салғариннің үш рет қоныс аудару болған деген пікірін шартты түрде қабылдауға болады. Айтылған тұжырымды нақтылай түсуге байланысты белгілі орыс академигі А.П.Окладников бастаған ғалымдар “Сібір мәдениеті” деген атпен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Қазба жұмыстары көрсеткендей, Алтай тұрғындары тұрмыс-тіршілікте пайдаланған тас-құралдардың мезгілін радиоактивтік құралдар арқылы анықтау олардың жүз мың жылдардан бұрын қолданылғандығын дәлелдеген. Сібір археологтары анықтағандай энолит (мыс, тас) дәуірінде-ақ солтүстіктің қалың орманының күнгей жағынан Алтайды Еуропаға байланыстырған дәліздің болғандығы байқалады. Еділ мен Жайық бойынан табылған заттар, құралдар мен бұйымдар ертеде Сібір төңірегінде жасалынғанын, Еуропа аумағында табылған бұйымдардың оларға ұқсастығы ежелгі адамдардың қоныс аударуына байланысты екендігін айқындайды.
М.Аджидің деректерінде “…біздің жыл санауымыздан бұрынғы ҮІ-Ү мыңжылдықтан кейін өздерін угор, фин, литван, эстон, кельт және викингпіз деп атап жүрген жұрттың көпшілігі жоғарыда айтқан дәлізбен Азиядан Еуропаға жол тартып, сол жерлерде өздеріне қоныс тауып, тұрақты мекендепқалған. Сол кездерде олардың бір-бірінен айырмашылықтары да жоқ болатын, бір-біріне ұқсас өзен бойын, орман ішін мекендеп, аң аулап, балық ұстап, бірге көшіп жүретін. Халық болып ұйымдасып қалыптасса да, ұлы қоныс аударушылардың көш басы осылар болатын”,- деп баса көңіл бөлінген. Бұл жасалған тұжырым шындыққа сәйкестеу. Өйткені Шығыс Еуропа елдерінің негізін қалағандар, яғни Скандинавия түбегі мен Балтық бойындағы угор, фин, эстон, литван және кельттер б.з.д. бірінші мыңжылдықтың ортасында бүкіл Галлияны иемденіп, ҮІ-ІІІ ғасырларда қазіргі Испания, Британия, Италия, Германия, Чехия және Венгрия жерлерінде орнығып қалғаны тарихтан белгілі.
Ал, Ұлы Далада мекен еткен көшпенділерге қатысты тарихи деректерге сүйенсек, Ұлы қоныс аударудың қарбаласында үнемі екі бағытпен, яғни солтүстік және оңтүстік бағыттар аралықтарында көшіп–қонғандығын байқаймыз. Мысалы, жоғарыда айтқандай ормантайпалары солтүстік бағытпен Еуропаға өтсе, дәл сол шамада оңтүстік бағытпен Батысқа қарай қозғалғандардың ішінде орта азиялық тайпалар да болған, кейінірек ежелгі түркілер (мықтар – сақтарға дейінгі елдің аты, ол туралы деректер аз) мен сақтар аталып, олардың бір бұтағы атақты шумерлер Кіші Азияға қоныс аударады. Олар дүниежүзі тарихында белгілі болғандай, Таяу Шығыста алғашқы өркениетті құрған елдер қатарында аталады.
Екінші қоныс аудару – дүниежүзілік су тасқынынан кейінгі, б.з.д. екінші мыңжылдықтан кейінгі, Батыстан Шығысқа қарай бағытталған қонысаударуға байланысты тарихи деректер жоқтың қасы. Сонда да, халықтың санасында сақталған ауызша тарихи шежіре ретінде айтылатын аңыздар бар. Ол аңыздардың бірінде дүниежүзілік су тасқынынан кейін Нұх пайғамбар аман қалған үш баласын үш тарапқа – Хамды Үндістанға, Самды Иранға, Иафетті Солтүстікке жібергендігі. Иафет қоныс іздеп жүріп, Еділ мен Жайықтың арасын мекендегені айтылады.
Әбілғазының “Түрік шежіресі” кітабы Иафет 250 жыл өмір сүріп, қайтыс болғанда оның артында Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих атты сегіз баласы қалған, олардың ең үлкені Түрік елге патша болған делінеді.
Атадан балаға жалғасқан мирастық дәстүр шежіреде Алансуоның балаларына келгенде бұзылып, Алансуо өлерінде елде егіз туған екі баласына – Татар мен Монғолға бөліп берген деп жазылады.
Адамзат тарихының әр кезеңдерiндегi тарихи-мәдени үрдiстердi талдауда археологиялық және этнографиялық зерттеу нәтижелерiне сүйенемiз. Шамамен үш миллион жыл бұрын жануарлар дүниесiнен гоминид тармағы бөлiнiп шығып, адам ұрпағының бастауы – австралопитек және алғашқы адамдар архаентроп және палеонтроптар тарихы қалыптасу барысында қазiргi адамдарға ұқсау нышандары байқалынады. Адамның пайда болуы мен даму кезеңдерiн геологиялық хронологияларға негiздеу - тарих ғылымында берiк қалыптасқан жай. Геологиялық танымда жердiң тарихы төрт дәуiрге бөлiнедi. Олар: архей, палеозой, мезазой, кайнозой деп аталады.
Жер бетiндегi тiршiлiк сiлемi кайнозой дәуiрiнен басталады. Кайнозой өз кезегiнде екi кезеңге, бiрi шамамен 60 миллион жылға созылған геологиялық үштiк кезең, екiншiсi шамамен 1 миллион жылдан бүгiнгi күнге дейiнгi кезең болып ажыратылады.
Сонымен саналы адамның тiршiлiгiнде тұтынылған тастар “тас дәуiрi” шартты атаудан бастау алады. Адам танымы ғылыми тұрғыдан тас дәуiрiн ең ежелгi кезең – палеолит, екiншiсi – мезазой (орталық кезең), үшiншiсi – неолит (ең соңғы кезең) деп үш кезеңге бөледi.
Ал азиялық аумақта алғашқы адамдардың пайда болуы 9-7 мыңжылдықтар шамасындағы ең ежелгi палеолит кезеңiнде Сiбiр, Қырым, Кавказ, Орталық Азия және кейiннен Днестр, Дон жағалауларында пайда болған деген пiкiрлер бар. Бұл тұжырым әлi де нақтылана түседi.
Сол деректерге қарасақ, палеонтроптар еңбек және аң аулау құралдарын жасап, әртүрлi топтық-шаруашылық қарекеттермен айналысқан, үңгiрлерге, жер үйлерге паналап алғашқы от жағу, тағам дайындау, жемiс-жидектердiң дәнiн, тамырын жинау, сақтау, т.б. iстердi атқаруға үлкендермен қатар балалар да қатыстырылған. Мұндай жағдайларда тәрбиенiң пайда болуы - заңды құбылыс. Жас ұрпақты тәрбиелеуде күнделiктi тәжiрибелерi жинақтала келе, тұрмыс-тiршiлiгi тәрбиенiң қажеттiлiгiне және оны жетiлдiрiп отыруға талаптандырды. Үлкендер мен балалардың бiрлестiк еңбектерi бағдарлы үйрету қарекетiмен ұштасты. Тұрмыстық тiршiлiктiң барысы, алғашқысында аң және балық аулау қауымдастықтарын қалыптастырса, егiн және мал шаруашылығымен (8-5 мыңжылдықтан жаңа дәуiр аралығы) айналысуда адамдар өмiрiне мол өзгерiстер енгiздi.
Осы аралықта аналық-рулық матриархат қауымдастығы өрбiдi. Балаларды тәрбиелеу тайпа көсемдерiне, ақсақалдарға жүктелiп, ертегi айту, ойын ұйымдастыру және өлең айту түрлерi, сол дәуiрдегi тәрбиенiң мазмұндық құрамына айналды.
Кейiнгi алғашқы қауымдағы аңшылық шаруашылықтары адамдардың өндiрiстiк формадағы егiншiлiк пен шаруашылық еңбектерiмен ұласты. Алғашқы қоғамдағы шаруашылық және әлеуметтiк байланыстардың күрделенуi және өзгерiске түсуi өндiрiс құралдарына иелiк ету, отбасының пайда болуына жағдай жасады.
Қоғамдағы билеушi топтар, көсемдер, ақсақалдар, дiн басылары балаларды еңбекке баулу тәрбиесiне, есеп-шотты пайдалануға үйрету, тәрбие мазмұнын кеңейтуге назарларын бөле бастады. Жер өлшеу, ауа райын, су тасқындарын болжау, адамды емдеу, т.б. бiлiмдердi үйрететiн арнаулы мекемелер (мектеп типтес) ашылды. Онда балалардың практикалық iскерлiктерi мен дағдылары жетiлдiрiлдi.
Қауымдастықта қалыптасқан жағдайларға байланысты аңшыны, бақташыны, диханды тәрбиелейтiн бағдарламалар белгiленiп, жасөспiрiмдердiң бiлiм, практикалық дағдыларын дамытуға ат салысты. Қыз балаларға арналған бағдарламаларда оларды үй шаруашылығына, үй кәсiбiне: жемiс-жидек жинау, ас дайындау және сақтау, қолөнер, бейнелеу өнері, сурет салуға үйретiлдi.
Жастардың денесiн шынықтырумен бiрге ежелгi дәстүр-салттарын сақтауға бейiмдеу қауымдық тәрбиеде басым болды, жастарды өмiрдiң жалпы ұстанымына қажеттi бiлiмдердi, практикалық iскерлiк пен дағдыларды меңгеруге, рулық аңыздар, мифтердi және ертегiлердi есте сақтауға ынталандырды. Қорыта айтқанда, неолит дәуiрiнде тiршiлiк қажеттiлiгiн өтеу шаруашылығынан өндiрiстiк өнiм шығаруға көшу адамзат тiршiлiгiне өзгерiстер ендiрiп, бала тәрбиесiне тiкелей ықпалын тигізді.
Алғашқы қауымдастықта күнделікті өмір-тіршілікке, шаруашылыққа, елді қорғауға қыз балалар да қатыстырылды. Қазақстанның территориясындағы таулы-тасты жерлерде бедерленіп сызылған жүкті, балалы әйелдердің бейнелері, садақ ұстап нысананы көздеген қыздардың мүсіндері салынған деректер ұшырасады.
Рулық қоғамдастықта көсемдердің, жасы келген қариялардың, ақсақалдардың жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысқандығын археологиялық және этнографиялық зерттеу жұмыстары нақты деректермен дәлелдейді.
Жас ұрпақты тәрбиелеуге қауымдастықтың барлық мүшелері қатысқан, оларды қауымдастықтың жалпы өмір тіршілігіне үйрету, балаларды ересек адамдардың өмір қарекетіне даярлау мәселелері ортақ болған. 10-12 жасар балалар үлкендер қатарына қосылу үшін тіршілікке қажетті іскерлік пен дағдыларды игеруге тиіс болған. Ал бала 13-ке толғанда отбасы иесі деп саналып, үлкендер қатарына жатқызылып, дене күшін дамыту және шаруашылық іс-әрекеттер тәжірбиесін жинақтауға тәрбиеленген. Жастар тұрмыстық құралдарды жасауға және қолдануға дағдыландырылған. Мәселен, балалар арасында қасиетті аң-құстарды, үй жануарларын, адамдарды бейнелейтін ойыншықтар жасау кеңінен тараған. Дон дариясының жанындағы Костенка ауылындағы ертедегі балалар жасаған ойыншықтар палеолит дәуіріндегі қорғаннан табылған. Үлкендердің бірлесіп аң аулағандарын көргендерін, білгендерін, оған қатысқаннан алған сезім-күйлерін балалар осындай ойыншықтарды жасау арқылы өзіндік ой-саналарын арттыруға мүмкіндік алған.
Сонымен қатар Тәңірге табыну сияқты тотемдік ырым-салтқа байланысты балалардың магиялық ойлау бейнесін дамытқан. Былайша айтқанда, тотемдік сенім, адамның қабілет-қасиеттілігі хайуанаттың қимыл-әрекеттеріне ұқсау арқылы дамытуға болады деп есептеді. Тотемдік ырымдарға айырықша мән берілді, балалар ол ырымдарды игеруге үйретілді.
Балалардың үлкендердің басшылығымен атқаратын жұмыстарында олардың талғам-сезімдерін, ептіліктерін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Балаға арналған ер-тоқым, киім-кешек, садақ, т.б. құрал-жабдықтар оның күш-қуатына, жас шамасына қарай бейімделіп жасалды.
Рулық қауымдастықта балаларға бостандық және әр істі өз бетінше орындауға ерік берілді. Балалардың іс-әрекеттерінде ойын элементтерін пайдалануы, сюжеттік, рөлдік ойындарды орындауы мінез-құлықты, жүріс-тұрысты дамытудың пайдалы құралдары деп есептелді.
Сонымен үлкендердің еңбектеріне балаларды қатыстыру, балалардың құрбылары арасындағы үлкендерге ұқсау, т.б. тәрбиелік орта құрау ойындары алғашқы қауымдастықтағы тәрбиенің ерекшеліктеріне жатады. Сол кездегі сұранысқа сай қарым-қатынас нормаларын белгілеу қауымдастық алдындағы күрделі мәселенің бірі болды. Күнге, айға, отқа табыну және қауымдасаралық салт-дәстүрге, жыл мезгілдеріндегі ырым-жоралғыларды орындауға жасөспірімдерді қатыстыруға, балаларға лайықты іс-шараларды ұйымдастыру, ересектердің өмір тәжірибелерін игеруге, бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызатын. Балаларды тәрбиелеуде ертегілер мен аңыздар арқылы күшті, ержүрек адамдар бейнелеріне ұқсау, олардан үлгі-өнеге алу насихатталды.
Сонымен ертедегі алғашқы қауымдастықта тәрбие өндірістік және тұрмыстық қарым-қатынастарда рулық ұжымның табиғи өмір тіршіліктеріне байланысты бір-бірінен бөлінбеген. Ертедегі еңбек, дене және адамгершілік тәрбиесі, балаларды өмірге дайындауға олардың санасын өсіріп, дүниетанымдық ой-сезімін дамытуға бағытталды. Жас ұрпақты тәрбиелеуде үйрету бағытындағы іс-әрекеттер, амалдар сандық жағынан да және тарихи мәні тұрғысынан да өзіндік ерекшелігімен сипатталынады. Ертедегі алғашқы қауымдастықта, оның қарапайым тұрмыс-тіршіліктерінде қол жеткізген нәтижелерді бағдарлай білуге, одан әрі дамытуға үйрету, балаларды жануарлар мен адамдардың бейнелерін жартастарға салу, мал сүйектеріне түсіру немесе бояумен бояу сияқты әрекеттерге дағдырландырды.
Кейін, шамамен б.з.д. 8-5 мыңжылдықтарда, шаруашылықтың күрделенуіне орай адамның жеке басының қамын қанағаттандыру әрекеттерін (жеміс-жидек, аң аулау) сақтаумен қатар, өндірістік іс-әрекет формалары (егін егу және мал өсіру) қалыптаса бастады. Қауымдастықтардағы шаруашылық және әлеуметтік байланыстардың күрделене түсуі мен өзгерістеріне байланысты жаңа жағдайлардың туындауы, отбасының пайда болуына себепші болды. Отбасын құруда үйлену үрдісін жүйегекелтіруде, бір рулық топтан тыс тұрмыс құруға рұқсат беру, кейінірек келе екі ру қауымдастықаралық тұрмыс құру (экзогамия) тәжірибесі рулық қауымдастықтардың қарым-қатынастарын жаңа негізде ұйымдастыруға себепші болды. Сонымен кейінгі рулық қауымдастықтардағы тұрмыс құрудағы топтық форма бертін келе екеуара некелесуге ұласты. Бұл өз кезегінде рулық қауымдастықтағы қарым-қатынасқа өзгерістер әкеліп, тәрбиенің жеке отбасылық формасын дүниеге келтірді. Осы кезеңнен бастап тәрбиенің мазмұны баланың дене және рухани дамуына отбасының тікелей жауапкершілігімен толықтырылды.
Қыз баланы анасы, әкпелері және рудың басқа да әйелдері тәрбиелесе, ұл баланы тәрбиелеуге ата-анасы және олар жағынан туысқан ер адамдар тәрбиеге қатысты. Әрине, ол кезде ананың (матриархат) тәрбиедегі рөлі жоғары болатын. Ер бала 5 жасқа дейін отбасының ықпалында болса, сонан кейін қауымдастықта өзі қатарлас балалармен бірге ортақ тәрбие алады.
Шаруашылық және әлеуметтік байланыстардың жаңа жағдайларында үлкендердің өмір тіршілігіне жас ұрпақты қатыстыру өмірге дайындау нәтижелеріне қоғамдық талап қойылды. Сөйтіп, тәрбиенің қоғамдық мәні бар алғашқы элементтері қалыптаса бастады. Жеткіншек қыздар мен бозбалаларды үлкендер қатарына қосу ырымдары орныққаннан кейін, тарихи маңызы бар алдын-ала мақсатқа сай ұйымдастырылған тәрбиелеу мен үйретудің алғашқы қоғамдық институты аяғына тұрды. Адамдардың өмір тіршілігін археологиялық ізденіс пен этнографиялық зерделеу көрсеткендей, алғашқы қауымдастықтығын балаларды өсіру, тәрбиелеудің кейбір элементтері осы күнге дейін сақталып (баланы бесікке салу, отпен аластау, май құю) қалды.
Жастарды өмірге, рулық-салтқа дайындауда ұл және қыз балаларды жеке-жеке тәрбиелеу рулық қауымдастық тұсында белгілене бастады. Қауымдық орталықтарда арнайы “үйлер”, мысалы, “бойдақтар үйі” сияқты ұйымдар болды. Мұндай орталықтарда жастарды өмірге дайындау мектептің міндетін атқарған болатын.
Қауымдастықтағы өмір тіршіліктердің қалыптаса бастаған үйрету бағдарламаларын белгілеу, жасөспірімдерге өмірге қажетті білім беру, мысалы, аңшы, егінші және әскери адамдарға қажетті тәжірибелік дағдыларын тәрбиелеу іске асырылды.
Қыз балалар болса үй жұмыстарына: тоқу, өру, қол өнерлеріне (қыштан ыдыстар жасау) үйретілді. Олардың денелерін шынықтыру, рәсімдік дайындықтар жасау сияқты қыз балаларға әлеуметтік-адамгершілік тәрбие берілді. Балалар өмірдің жалпы заңдылықтарын білуге үйретілді, өмірге қажетті практикалық іскерлік пен дағдыларды игерді. Мәселен, рулық аңыздар мен салт-дәстүрлер өмір заңдарын білуге ынталандырады. Кемелденудің аяқталу кезінде жастардың шыдамдылықтарын анықтау ұйымдастырылды, жасөспірімдердің дене күші, практикалық икемділіктері, әлеуметтік-адамгершілік және ерік күйлері тексеруден өткізілді, олардың ересектер өмір-тіршілігіне жеткендігі бағаланды. Сонымен қатар, сөйлеу мәнеріне, биге үйретуде, есте сақтау, жаттықтыру, қайталау элементтері қолданылды, кейбір кемшіліктері үшін баланы жазалау әдістері (ескерту, зекіру, ұру) кеңінен пайдаланылды.
Балалардың бойында тапсырмаларды есте сақтау, оларды тиянақты орындау тәртібін білу, қауымдастықтағы өз орнын сезіну дағдылары қалыптастырылды. Ал, егер тапсырмалар жеткіліксіз орындалса, баланы жазалау және жастардың кемелге келу жүйесін басқару рулық қауымдастықта арнайы айналысатын қарт адамдарға жүктелді. Осыған байланысты рулық қауымдастықта сол ақсақалдар тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдерін ойластырды. Бұл үрдіс кейін келе мазмұндық жағынан мәдени-тарихи, тұрмыстық және шаруашылық дәстүрлермен сабақтастырыла дамытылды, сөйтіп педагогикалық қызметтің бастапқы түрлері сұрыпталып шыға бастады. Сонымен, алғашқы қауымдастықтың ыдырау жағдайында тәрбиенің дербестенуі басталды, оған басты себеп неолит дәуірінде шаруашылықтың өнім өндіру түріне көшу, адамдардың өмір тіршілігіне ауқымды өзгерістер енгізіп, тәрбие ісіне де елеулі ықпал жасады.
Ұлы Далада тас, қару-жарақ пен құралдардың орнына қоладан жасалған өндіріс құралдары (қола дәуірі б.з.д. 4-3 мыңжылдықтарда, қалайы дәуірі 3-2 мыңжылдықтарда және темір дәуіріндегі 1 мыңжылдықта) жетіле келе, темірдің шаруашылықта қолданылуы өндіріс сапасын арттырудағы еңбек бөлісуі, егіншіліктің мал шаруашылығынан бөлінуі, қолөнердің қалыптаса бастауы шаруашылық қызметінің өрбуіне ұйытқы болды.
Алтайдан Днепрге дейінгі Ұлы Даладағы тайпалар мал шаруашылығымен айналысса, қазіргі Кавказ таулары етегі мен Орталық Азия, Украина, Молдава, Еділ бойлары, Сібір территорияларында егіншілікпен шұғылданды.
Рулық қауымдастықта еңбектің түрлерімен айналысатын арнайы адамдар тобы қалыптаса бастады. Мысалы, мал және егін,аң аулаумен қатар, жіп иіріп, мата тоқу, металл өңдеу, қыш ыдыстар жасау дамыды. Рулық қауымдастықтары араларында тұрмысқа қажетті заттарды айырбастау, сауда-саттық элементері туа бастады.
Әлеуметтік шаруашылық жағдайларда жеке меншіктік бастау алып, өндірістік құралдар мен өнімдер бір қолға жиналып, ру-тайпалық ауқатты (көсем, тайпа басшылары, т.б.) адамдар шыға бастады.
Неолит дәуірінде Ұлы Дала территориясында б.з.д. 8-6 мыңжылдықта ертедегі жазба, яғни пиктографикалық (тасқа суретсалу) таңбалар жартастарға түсіріле бастады.
Археологтар мен этнографтардың зерттеу материалдары бойынша Алтайдан Дунайға, Қиыр Шығыстан Балқанға дейінгі аралықтағы өмір сүрген тайпалар, тұрмыс-тіршіліктен түйген сезімдерін пиктографикалық жазбалармен тасқа, мал терісіне, сүйектерге, қайың қабықтарына жазып келген.
Дәріс №3
Тақырыбы:Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері
Жоспар:
Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу.
Ежелгі Египет мектебі
Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие.
Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы.
Жерорта теңізіндегі Антикалық әлем тәрбиесі мен мектеп.
Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие.
Эллин дәуіріндегі тәрбие мен білім беру
Ежелгі римдегі мектеп пен тәрбие.
Таяу және Қиыр Шығыс ежелгi мемлекеттерiндегi (Египет, Израил-Иудей патшалығы, Иран, Сирия, Палестина, Үндi және Қытай) тәлiм-тәрбие мен мектептер “Сеннаар жерi” немесе “Шинеар жерi” деген аумақты үшiншi өркениеттiң туып, дамуына үлес қосқан құтты мекен Қосөзен Тигр мен Евфраттың оңтүстiк жағалауында өмiр сүрген Шумерлер – (“қарабасты халық”) Библияда “Шумер” деген атпен тарихқа Сақ тайпаларының бiр тармағы болып енген халық. Көптеген ғасырлар бойы “Шинеар” сөзi Библияны оқыған адамдарға түсініксіз болатын. Тек жүздеген жылдардан кейiн ғана үшiншi өркениеттiң бесiгi болып саналатын Таяу Шығыстағы Евфрат жағалауын жайлап тұрақтанған жұрт Шумер халқы деп аталған. Сөйтiп, ежелгi Шумер елi ретiнде дүниежүзiне белгiлi бола бастады. Шумер мәдениетi ертеден-ақ өз төңiрегiне танымал болғандықтан, ежелгi Египет мәдениетiнен кем болмағандығы тарихтан белгiлi. Мәселен, Нiлде және Евфратта бiр мезгiлде (б.з.д. 6 - мыңжылдықтың соңында) қалалар салынып, жазу өнері және жер суғару жүйесi iске қосылған. Шумер мәдениетiнiң даму деңгейi байқатқандай, ғылым саласында аспан әлемi жайлы жаңа ұғымдар түзiп, шаруашылықта көптеген техникалық жаңалықтар ашып, мәдениет саласында тамаша дастандар мен көркемөнер туындылары дүниеге келдi. Жазудың алғашқы үлгiлерi пайда болды. Дiни көзқарастар мен дәстүрлердің негізі қалана бастады. Өркениетті бұл жаңалықтар басқа халықтарға, оның iшiнде вавилондықтарға, гректер мен еврейлерге, т.б. өз ықпалын тигізді. Қазiргi күнтiзбелерi, жер шарының градусқа бөлiнуi – осының барлығы ежелгi Сеннаар мәдениетiнде орын алған. Американдық шумертанушы С.Крамер: “… шумерлер байырғы түркiлер болған және олардың тiлi ежелгi түркi тiлiне жатады” дей келiп, өз пiкiрiн олар қыш ыдыс-аяқ жасау, дөңгелек арба, соқа-сепкiш, желкендi қайық, күмбез, шатырлы құрылыс және мыс пен қоладан бұйым-заттар құйып, темiрдi балқыту, тасты қашау, сырлау, әшекейлеу, т.б. қолөнерін меңгерген ел болған деп түйiндейдi. Шумерлiктер Месопотамияда iрi Ур, Лағаш, Нипур, Умма, т.б. қалалар тұрғызып күштi мемлекет құрды. Олардың бесiншi мыңжылдықтан бұрын өркениеттi мемлекет болғанына таңданбайтын жан жоқ. Өйткенi шөл табиғатта, өте қатал ландшафтта егiн шаруашылығы мен сауданы, медицина мен астрономияны, әдебиет пен музыканы өркендеткен, басқару жүйесi мен дiни орталығы қалыптасқан ел болған. Археологиялық қазба жұмыстары көрсеткенiндей, Месопотамиядағы әрбiр iрi қалада мектептер жұмыс жасаған, шаруашылықтың, мәдениеттiң қажеттiлiгiне қарай хат танитын адамдар дайындаған.
Қосөзенде алғашқы хат тану, хатшы даярлау “Тақта үйлерiнде” (шумер тiлiнде – Эдубба) жүргiзiлiп, сазбалшықтан кептiрiлiп жасалған тақтаға үшкiр таяқша арқылы әрiп белгiлерi (б.з.д. 3-мыңжылдықта) түсiрiлген. Оқу орнын Эдубба әкесi (мектептiң әкесi) басқарып, мұғалiмдi “үлкен аға”, көмекшiсiн “кiшi аға”, оқушыларды “мектеп балалары” деп атаған. Оқу бұл мектептерде бұрыннан қалыптасқан үлкен отбасы қауымының тәрбие дәстүрi негiзiнде ұйымдастырылған. Ал бiрiншi мыңжылдықтың басында ағаш тақталарға сүрiлiп, әрiптер жазатын болғандығы жайлы, мыңдаған тақталар, қираған арбалар мен үй жануарларының сүйектерi, т.б. дәлел. Мысалы, Ниппура қаласындағы қазба жұмыстарынан кiтапханалар мен аталған мұрағаттар табылған.
Эдубба (мектеп) бiртiндеп дербестiк алып, бұл шағын мектепте бiр ғана мұғалiм мектеп жұмысын басқарумен қатар, жаңа үлгi-тақталар дайындап, ондағы жазуларды оқушылар жаттап, жаттығу тақталарына көшiрiп жазған. Мектептерде жазу, есептеу, сызу, сурет сабақтарын жүргiзетiн арнайы мұғалiм қызмет атқарған. Мектептердегi пәндердi оқыту, тәртiп сақтау мәселелерiмен арнайы адамдар айналысқан. Мектепте оқыту ақылы болған. Ата-аналар балаларының хат тануына ерекше көңiл аударып, мұғалiмнiң тәрбие бергенiне қосымша төлемақы берiп тұрған. Мектептегi оқу оқушыларға қарапайым бiлiм берiп, хатшылыққа немесе шағын шаруашылық қарекеттерiне дайындаған. Мектеп ағарту және мәдениет орталығы болған. Ол мектептердiң жанынан кiтапханалар (мысалы, Ниппур кiтапханасы б.з.д. 2-мыңжылдық) ашылып, онда бiлiм мекемелерi ретiнде патриархалды-отбасылық тәрбие берiлген, оқушылар қолөнер элементтерiне үйретiлген. Өйткенi, ежелгi Қосөзен мемлекеттерiнде бала тәрбиелеуге отбасы жауапты болған. “Хаммурапи Кодексi” бойынша әкесi баланы өмiрге дайындау ісімен айналысып, өз қолөнерiн үйреткен. Мектепте “тақта үлгiсiндегi” оқу материалын есте сақтап, оқушылар “тақта-жаттығуға” көшiрiп жазатын, ал негiзгi оқыту әдiсi – бiрнеше рет қайталау, мәтiндердi есте сақтау және есептердi шешу болған. Қиын сөздер мен мәтiндердi мұғалiм түсiндiргенде өзара пiкiрлесу әдiстерi қолданылған. Оқушылар жұпқа бөлiнiп, кейбiр қағидаларды мұғалiм басшылығымен дәлелдеп немесе терiске шығарып отырған. Бiздiң заманымызға дейiнгi екiншi мыңжылдықта оқушының бiр күндiк оқуы туралы тақтаға жазылған құжатта мынадай мәтiн келтiрiлген:
Мұғалiм: - Оқушы, бiрiншi күні қайда барасың?
Оқушы: - Мен мектепке барамын.
Мұғалім: - Мектепте не iстейсiң?
Оқушы: - Мен тақтамды дайындап, ертеңгi асты iшемiн. Маған ауызша сабақ және жазба жұмыстарын бередi.
Сабақ бiтiсiмен мен үйге қайтып, әкеме жолығып, сабақтарды қалай оқығанымды әкеме айтып бергенде, ол қуанышқа бөленедi. Ертеңгiсiн тұрғанда шешемдi көремiн де: “Маған ертеңгi асты берiңiз, мен мектепке барамын, мектептен қалмауым керек. Кешiкпей барып, мұғалiмге иiлiп, сәлем беремiн” – деймін.
Әрине, оқушылар “Тақта үйiндегi” оқудың бiрiншi кезеңiнде оқу, жазу, есепке үйренсе, одан кейiн тағылымдық тарихты жаттап, аңыз-ертегiлердi, практикалық бiлiм мен дағдыларды игерiп, құрылыс жұмысына қажеттi iс құжаттарын дайындайды.
Мектептерде жазудан басқа тарих, математика, құқықтану, астрономия, механика, агротехника пәндері оқытылды. Онымен қоса әр саладағы өнердi игердi. Оқыту жүйесiнде практикалық жағынан оқушыны iс жүргiзуге, сот және әкiмшiлiк мiндеттердi атқаруға дайындады. Мектептегi оқытудың басты әдiсi – оқу материалдарын көшiру, жатқа айту, дауыстап оқу болды. Мектептерде (б.з.б. 2 - мыңжылдықтың бiрiншi ширегiнде) Аккад және Шумер тiлдерi оқытылып, кейiннен Шумер тiлi ғылым мен дiн тiлiне айналды. Тақталардағы жазылған жазуларға қарағанда Эдуббаны (мектептi) бiтiрген оқушы жазуды игеру, арифметикалық төрт амалдарды, ән мен музыка өнерiн, заң нормаларын үйренгеннен кейiн, ана тiлi, математика мен астрономиядан бiлiмдер алады. Сонымен қатар, оқушылар егiстiк жердi есептеу, өз иелiгiндегi заттарын бөле бiлу, шүберек маталар, темiр-терсек, шөп-шаламнан хабардар болып, қолөнер, мал бағу әрекеттерiне бейiмделу мiндеттелiнген. Вавилон патшалығының шарықтау кезеңiнде (б.з.д. 2-мыңжылдықтың бiрiншi жартысында) сарайлар мен ғибадатханалар жанындағы ашылған мектептер кешендi бiлiм бере бастады. Ассириялық - жаңа вавилондық кезеңде (б.з.б. 1-мыңжылдықта) шаруашылық пен мәдениеттiң дамуымен бiрге Ежелгi Месопотамияда еңбектi бөлу үрдiсiнде хатшы мамандығы қажеттiлiгiнiң артуымен байланысты мектептерде оқытудың сапасы көтерiлдi. Мәселен, оқыту мазмұндарына философия, әдебиет, тарих, геометрия, заңтану, география пәндерi ендiрiлдi. Ассириялық - жаңа вавилондық кезеңде бай отбасындағы қыз балалар жазуға, дiнге, тарихқа және есепшотқа үйретiлдi. Алғашқы пиктографиялық жазбалар табылған Ур қаласындағы Шумерлердiң жазу жүйесi мыңдаған әрiптерден құралып, ол таңбалар келе-келе 600-ге дейiн қысқартылған. Бұл тұңғыш әрiп таңбалары ХХ ғасырдың басында белгiлi ғалымдар Хоммель және Бертонулердiң ыждағатты еңбектерiнiң арқасында ашылды. Ежелгi Шумер отбасы құқық кодексiнде жазылғандай балаларын құлдыққа сатуға рұқсат берген. Оны растайтын құжаттар бүгiнгi күнге дейiн сақталған. Кейде бала сату – асырап алушы “әке” баланың әкесiнен ақша берiп сатып алған жағдайда, құжаттар арқылы заңдастырылған. Оның бiр себебi, ертедегi Месопотамияда әйелдердiң патриархалды отбасында бас бостандығы болмағандықтан, көп әйел алу шектелмеген. Ата-анаға күнкөрiс үшiн көп балаларының бiрнешеуiн сатуға ерiк берiлген. Шумерлiктер егiншiлiкпен айналысқанда бидай, арпа егiп, арпадан ұн жасау, нан пiсiру, сыра ашытумен шұғылданған. Сонымен қатар, бұршақ, пияз, балықтарды аулап, iрi қара малдарды сүт үшiн ұстап, етiн пайдаланған. Шумерлер қалалар салып, суда жүзген, әскери адамдарды ұстаумен қатар, ең бастысы жазуды жазып, оқуды оқи бiлдi. Шумер хатшылары өздерiнiң патшаларының ел басқару, жаугершiлiк жағдайларын қағазға түсiрген шежiрешiлер болған, олар алғашқы этикалық дастандар жазумен бiрге философиялық ой-толғауларында өмiрдiң мәнi, мақсаты жайлы да жазды. Месопотамия жеріндегі Ур қаласында жүргізілген қазба жұмыстарында Шумер елінен сурет таңбалар түсірілген тақталарда (б.з.д. 3 – мыңжылдықта) балаларға арналған жазбалар табылған. Бұл кезең алғашқы қауымдастықтың тарауымен, яғни ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі кезінде жазу-сызудың пайда болуымен байланысты туындаған. Месопотамия халқының жартысынан көбісі құлдар деңгейінде болды. Оларды топ-топқа бөліп, үстерінен қарайтын адамдар белгіленді, оларға еңбектеріне қарай мемлекеттен бөлінген азық-түлік таратылып берілді. Азық-түліктерге қатал есеп жүргізілгендігі туралы шаруашылық есепшоттарының құжаттары табылуы есеп жүргізетін, хат танитын білімді адамдардың болғанын, оларды арнайы хатшылар дайындайтын мектептерде даярлап отырғанын дәлелдейді.
Қосөзен мектептерінің мақсаты оқушыларды белгілі бір мамандыққа бейімдеп, хатшы болуға даярлау еді. Ежелгі Шығыс мәдениетімен айналысушылардың зерттеулеріне қарағанда 70 %-ға жуық хатшылар патша және ғибадатхана әкімшіліктерінде қызмет жасаса, хатшылардың 20 %-ы жеке адамдарға, ал қалғандары дәрігер, жрец (абыз) болып және басқадай жұмыстар атқарған.
Мектепке тартылған оқушылардың көпшілігі шенеуніктер мен ауқатты отбасыларынан (тек ер балалар) шыққан. Шамамен 500-дей хатшы балалардың әкелері қала бастықтары, дін жақтаушылар мен хатшылар болған. Араларында кедейлердің және құлдардың балалары да оқығандығы туралы жазбаларда кездеседі. Бірақ та, жазу тілі, оның техникасы өте қиын болғандықтан, оқушылардан ерекше тиянақтылық, ұстамдылық, қайсарлық қасиеттер талап етілген. “Тақта үйінде” жазу өнеріне оқушылар балалық шағынан кәмелетке толғанға дейінгі аралықтағы өмір жолын арнады. Оқушылар ұзақ сонарлы сөздерді (өсімдіктер, жан-жануарлар, әртүрлі заттар, т.б.), әдеби және іс-құжаттар мәтіндерін (келісімшарт) көшіріп жазып, оқып, тіл байлықтарын дамытуға талпынатын.
Ежелгі Вавилон дәуірінде әдеби шығармалар (Гильгамеш туралы эпос, мақал-мәтелдер, өсиет, т.б.) шумер тілінде жазылғандықтан, іс-қағаздар да шумер тілінде толтырылған. Сол себепті, оқушылар тарапынан шумер тілін жаттау табандылықты, көп уақытты талап еткен. Оқушылар шумер-аккад екі тілді мәтіндерді оқу үшін аккад тілінен шумер тіліне, одан қайтадан аккад тіліне аударып отырған. Бұған шығыс елдерінің кітапханаларында сақталған шумер-аккад тілдеріндегі сөздіктер және грамматикалық жаттығулар нақты дәлел бола алады. Мектептерде оқушылардан шумер тілінде сөйлесу талап етілген, бұл талапты ұстамағандар жазаланып отырылған. Мектептерде балалар тарихтан, географиядан мәлімет алып, ертедегі патшалардың ерліктері және жорықтары жайлы әңгімелер тыңдап, Қосөзендегі қалалардың тізімдерін, аттарын, шаруашылықтарын жаттап алуға дағдыландырылған. Бірақ мектеп географиясының мазмұндық ауқымы тарлау болды. Мысалы, балаларды Африка мен Үндістанға апаратын жолдармен таныстырғанда ол елдердегі қалалар, сауда-саттық, шаруашылық мәселелері оқыту мазмұнында қарастырылмады. Мектепте математиканы оқытқанда оқушылар есеп-жинақтарын көшіріп жазуға, жұмысты орындаушылардың еңбек ақыларын есептеуге, егін алқаптарын өлшеуге, т.б. практикалық әрекеттерге үйретілді. Математикамен бірге олар әр түрлі заң жинақтарын талдап, құқық нормаларымен таныстырылды.
Әсіресе, Вавилон патшасы Хаммурапидың б.з.д. ХҮІІІ ғ. заңдары мектепте кең түрде оқытылды. Оқушыларды іс жүргізуге даярлауда сот және әкімшілік міндеттерін атқаруға практикалық жағынан дайындау мәселесіне ерекше орын берілді. Шумер мектептеріндегі басты оқыту әдісінің бірі – оқу материалдарын қайта көшіру және бірнеше рет дауыстап оқып, жаттап алу болған. Шумер және Вавилон мектептеріндегі оқушы өз сабағын тақтадан көшіріп алатын болса, Египет мектебінде мұғалімнің ауызша айтуынан жазып алған. Шумер мектебінде жазуды (б.з.д. XVIII-XVI ғғ.) ендіргеннен кейін тақтадан көшіріп жазу әдісі сирек қолданыла бастаған. Сазбалшықтан жасалған тақтаның екінші бетінде оқушы мәтінді таза жазып, үлгі ретінде ұстайтын болған. Ал, тақтаның соңғы бөлігі тексерілгеннен кейін өшіріліп, қайтадан жазылып, қолды тез жазуға жаттықтырған. Оқушының тез жазуды меңгеруі мұғалім тарапынан әр уақытта қолдау тапқан. Археологтардың қазба жұмысы көрсеткендей, Суз қаласында (б.з.д.2-мыңжылдықта) мектеп бөлмесінің бұрышында сазбалшық илейтін астау табылған, онда саз тақталары даярланған. Пайдаланылған және ұсталынған саз тақталарды арнайы астаушаға жинап, қайтадан илеп жаңа тақталар жасаған. Осы типтес екі бөлмелі мектепте, Евфрат өзенінің орта ағысына орналасқан Марен қаласындағы қазбадан анықталғандай, әр бөлмеде күйдірген кірпіштен құрастырған 3-4 оқушыға арналған орындықтар табылған. Бұл мектепте 30-40 % оқушы оқыған. Мектепте әрбір кіші оқушыға көмек көрсету үшін аға оқушы бекітіліп, тәртіпті қадағалап отыруға тиісті болған.
Ертедегі Вавилон дәуірінде шумер тілінде жазылған мәтінде әкесінің баласына айтқан кеңесі келтірілген. Мысалы, “Мектепке барғанда “мектеп әкеңе” тік тұрып орындаған тапсырмаларды айт. Дорбаңды ашып, тақтаңа жазу жаз, “аға оқушы” жаңа тақтаға тапсырманы жазсын. Содан кейін тапсырманы орындаған соң қадағалаушыға көрсет, бірден маған кел, көшеде қаңғырма”, – дейді. “Мектеп әкесі” (мұғалім) оқу тапсырмасының жалпы мазмұнын және көлемін анықтап, кей жағдайда оның орындалуын бақылаған, ал көпшілігінде “аға оқушы” баланы оқуға үйретіп, қолын жазуға жаттықтырған, әріптерді тақтаға түсіруге көмектескен, тақталар дайындап, көшірілетін мәтіндерді белгілеп, оның тиянақты орындалуын қадағалаған. Үй тапсырмасын тексеру, оқу материалын ұғындыру, әңгімелеу, ақыл-кеңестер беру “аға оқушының” міндетіне кірген. Шумер мектептерінде мұғалім және “аға оқушыдан” басқа “қадағалаушы” да болғандығы жайлы деректер де кездеседі. Аға оқушылардың арасынан “қадағалаушы” міндетін атқаратын оқушылар болған. Олардың бірі мектептегі тәртіпті қадағаласа, екіншісі оқушылардың сабақтағы жұмыстарына назар салған. Әрине, мектепте жазалау болған, оқушы кешіксе, шумер тілінде сөйлегісі келмесе, сұраусыз сыныптан шықса, “қадағалаушылардың жазаларынан” құтыла алмайтын. Месопотамияда сабақты түсінбегені үшін жаза қолданылмаған, қайта “аға оқушы” қол ұшын беріп көмектесуге міндеттелген. Егер оқушылар арасында дау-жанжал туса, “қадағалаушының” араласуына ерік берілген. “Аға оқушының” талабын орындамаған жағдайда мұғалім кіші оқушыны жазалауды “қадағалаушы” оқушыға жүктеген. Мысалы, “қадағалаушыға” оқушыларды шыбықпен ұруға, аяғын шынжырға байлауға немесе екі айға дейін мектепте үйіне жібермей ұстауға ерік берілген. Мұғалім оқушылар арасында күрделі дау-жанжал болғанда ғана араласып, шешім жасаған.
Әкеден балаға өсиет ету Ежелгі Таяу Шығыс қоғамына тән. Ежелгі Вавилон Хаммурапи кодексінде жазылғандай, әке баласына қолөнерін үйретуі тиісті болған.
Қосөзенде б.з.д. екінші мыңжылдықтың аяғы мен бірінші мыңжылдықтың бірінші жартысында мектеп арқылы білім беру ісі нашарлай бастады. Мәселен, мемлекеттік биліктің дәрежесі әлсіреген, шенеуніктерді даярлауға қажеттілік азайған кездерде, мектеп білімінің сапасы төмендей түсті. Бұл кезеңде мектептегі білім беру жеке дараланған оқуға көшті, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа білім беру дәстүрі отбасы тәрбиесі көлемінде жүргізілді.
Таяу Шығыс тарихын зерттеуші И.М.Дьяконов айтқандай, мектептегі оқудан жеке-дараланған оқуға көшу б.з.д. 2- мыңжылдықтың ортасынан бастау алғандығы байқалады. Сонымен, шумер мектептеріндегі мектеп ұжымының бағыт-бағдары шумер қоғамының құрылымдық жүйесіне негізделді. Мәселен, патша билігі Египеттегі патша билігімен салыстырғанда әлдеқайда төмендеу болған. Осыған байланысты мектеп мұғалімінің ықпалы мұнда орташа деңгейде болды деп айтуға негіз бар. Әкенің баласына педагогикалық ықпалын мысал ретінде зерттеушілер “Хатшы әкенің қиқар баласымен әңгімесі” деген мәтінді келтіреді. Ол мәтінде әкесі баласының оқығысы келмей, көшеде бос жүрудің орнына мектепке барып, хатшы өнерін үйренуді міндеттейді.
Хатшы өнері – ең қиын мамандықтың бірі, бірақ адам өміріндегі ең қажетті мамандық болды. Әкесінің өзі хатшы болған, ал баласы осы қызметті қалауы тиіс, өйткені қоғамдағы қалыптасқан тәртіп – баласы әкесінің мамандығын үйреніп, оны жетілдіріп, күнкөріске айналдыруы керек. Ежелгі Вавилон дәуіріндегі негізгі құдайлардың бірі – “Энлил айтты” деген аңызда: “әкенің ісін баласы жалғастырғаны жөн, өйтпесе, ол ешқашанда абырой-атаққа ие болмайды. Міне, балам, құдайдың айтқан өсиетін орындау міндет”, – делінеді.
Демек, Таяу Шығыс жерiнде тұңғыш орнаған 300 жылдық Шумер мәдениетi оны өркениеттi ел ретiнде танытты. Содан кейiн, Шумер мәдениетi сақ аумағына ойысып, көне түрiк өркениетiнiң дамуына ықпалын тигiздi. Шумерлер тайпасы сақтардың азиялық тумасы б.з.д. 4-мыңжылдық соңында Тигр мен Евфрат алқабын игерiп, Қосөзенде Шумер мемлекетiнiң өркендеу кезеңiн басынан өткерді. Сөйтiп, шамамен олар жарты мың жыл өмiр сүрiп, үшінші мыңжылдықтың соңы мен екінші мыңжылдықтың басында Шумер мемлекетінің тiршiлiгi тығырыққа тiрелдi. Өйткенi, Шумер мемлекетiнiң жан-жақтан қоршаған жаулары – Месопотамия территориясына басып кiрiп, өздерiнiң жаңа астанасын Вавилон қаласына орналастырды. Вавилон мемлекетiнiң өркендеуi шумер халқының саяси тәуелсiздiгiн жойып, шумерлiк өркениеттi түгелдей, яғни шумер жазуына, өнерiне, әдебиетiне, бiлiм жүйесiне, дiн ұстанымдарына шағын өзгерiстер енгiзе отырып, игерiп алды. Жалпы айтқанда, шумерлер бiздiң заманымыздан бұрынғы 2500 жылдары Тигр және Евфрат өңiрiнде тiршiлiк жасап, соңында үздiксiз соғыс экономикасын, шаруашылығын төмендеткеннен кейiн Еуразия далаларына қоныс аударуға мәжбүр болғандықтан, олардың ұрпақтары сақтарға қосылып кеттi. Ежелгі таяу және Қиыр Шығыс мемлекеттерінде тәрбие мен оқыту қалыптасу кезеңін бастан өткізді. Ежелгі Шығыс мәдениетіндегі қоғамдық құндылықтар жүйесінде адам ерекше орын алды. Сонымен, Қосөзендегі, Ежелгі Египеттегі, Үнді және Қытай секілді Ежелгі өркениет елдеріндегі мектепке төмендегідей сипаттама беруге болады (Кесте-2).
Кесте 2 - Ежелгі өркениет елдеріндегі мектеп
Р/с
Елдердің аты
Мектептерде сипаттама
1. Месопотамия (б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықта), Барлық Шығыс мәдениетінің көш басшысы, оның территориясында Ур, Урук, Лагаш сияқты ертедегі классикалық мемлекеттердің өркениеті өте жоғары болған
Мектептерінде:
● барлық деңгейдегі хатшылар – эдубтер- тақта үйі, шумер және аккад тілдерінде оқу және жазуға даярлағанда олар тарих, география, геология, ботаника, математика, зоология, медицина, мифология, құқық және іс қағаздарын жүргізу, музыка, ән, әдебиеттерді оқып-үйренген.
● діни қызметкерлер- жазу, оқу, билер, музыка, әдеби сипаттағы жаттығулар. Көшіру, ақындық және діни мәтіндерді жаттау арқылы даярланды.
2. Египет және Қосөзен (б.э.д. ІІ мың жылдықтың 2 жартысы б.э.д. І мың жылдықтың І жартысы)
● мектептегі білім беру орнына тәрбиесі аясында жеке оқыту келді; білім беру орталықтары храмдар бола бастады.
3. Ежелгі Египет (б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдық),
Мектептері
● храмдар жанында:
діни адамгершілік тәрбие, астрономия, математика, медицина
● фараон сарайы жанында:
денелік және әскери жаттығулар, иероглифтерді оқу және жазу, мінез-құлық ережелері және сарай этикеті
● ірі мемлекеттік мекемелер жанында хатшылар даярлаған.
Элементарлық мектеп
(5 жастан 12 жасқа дейін) оқу, жазу, арифметика және геометрия практикалық қолдану деңгейінде берілді.
Кеңсе (12 жастан 16 жасқа дейін), атақтарды, географиялық атауларды, техникалық терминдерді, балықтардың, тастардың, өсімдіктердің атауларын жаттау. Жазудың әр түрлі типтерін және египет тілінің түрлерін меңгеру, айтысу өнері және ауызша, жазбаша этикет ережелерін білу
4
Үнді (б.э.д. І мыңжылдық), Білім берудің касталық жүйесі мектепке қабылдау- “екінші рет туылу”
Мектептер
● брахмандардың жоғары касталары үшін (жрецтер) 6-12 жастан 22-24 жасқа дейін
● кшатрийлер үшін (әскерлер, биліктегілер)
- өлеңдер мен әнұрандарды жаттау, философия, шешен сөйлеу, грамматика, әдебиет, математика, тарих, медицина, этика, билер, музыка.
Сондай-ақ салықтар мен өтенімдерді жинайтындарды, казначейлерді даярлады. Вайшілер (саудагерлер, жер өңдеушілер, қолөнершілер) де оқи алды.
Судрлар (тиісуге болмайтындар) білім алуға жіберілмеді. Б.э.д.VI-Vғғ. Буддизм пайда болды. Буддизм- адами ұмтылыстың ең жоғары мақсаты- жанның денеден ажырауы арқылы адам қанағаттануының ең жоғарғы күйіне жету деп түсіндірілді. Адамгершілік идеялар: туысқандық махаббат, қайырымдылық, тірілерді өлтіруге тыйым салу, ұрламау, ащыны ішпеу, өз бетінше қыдырмау т.б.
5.
Қытай. Конфуцийге дейінгі кезең
(б.э.д. IV мыңжылдық) Артықшылықпен пайдаланатын сөздік: жрецтер мен аристократия
Аристократ ақ сүйектерді жазудың 6 түріне, оқуға, есептеудің 9 түріне, ауызша сөйлеу дағдыларына, өлеңдерді мәнерлеп оқуға шежірені оқып- үйренуге баулыды.
Әскери дене тәрбиесі; садақпен атудың 5 түріне, дөңгелекпен жүрудің 5 түріне үйретілді.
Жрецтік мектептер: космология, магия, музыка, би, жалпы білім беретін пәндер оқытылды.
Ерте кездегi Таяу Шығыс (Египет, Месопотамия, Сирия және Палестина) өркениет адамзат қоғамының даму тарихы мен мәдениетiне ерекше ықпал жасады.
Антикалық кезден бастап Шығыс пен Батыстың байланысуына және Батыс өркениетiнің қалыптасуына Шығыстың тигiзген әсерi орасан зор болды. Сол себептен де ертедегi Таяу Шығыстың білім беру практикасын тыңғылықты зерттеу дүние жүзi тарихи - педагогикалық үрдiстiң тұжырымдамасын жасауға негiз болды. Ертедегi Таяу Шығыстағы мемлекеттердiң экономикалық-шаруашылық өмiр тiршiлiгiнде б.з.д. II-I мыңжылдықта елеулi ілгерілеу байқалды. Осы кездерде мектептердiң пайда болып дамуы мемлекеттiң оған деген қажеттiлiктерiнен туындаған. Алғашқы кездерде Таяу Шығыстағы мемлекеттiк саяси жүйенiң қалыптасуына байланысты оның дамуына бiлiм ұйытқы құралы ретiнде қаралғандығын байқауға болады. Ежелгi Египеттегi патшалық кезеңде (б.з.б. 2800-2250 ж.ж.) отбасының тәрбие дәстүрi негiзiнде шенеунiктердi даярлау формасы тұрақты қалыптаса бастады. Тәжiрибелi шенеунiктер даярлауда қабiлеттi басшы болуға лайықты деген жеткiншектерден топ құрып, олардың басқару дағдысымен, құжаттар толтыру iстерiмен таныстырып, адамгершiлiк және рухани құндылықтарын қалыптастырып отырған. Әрине, жинаған шәкiрттерiнiң санына байланысты жетекшiлiк жасайтын шенеунiктiң абырой-атағы қандай деңгейде екендiгi байқалады. Ауқатты отбасылардың балалары таққа жақын ақсүйектердiң балаларымен бiрге фараон (Египет) сарайларында тәрбиелендi. Сарай жанындағы тәрбиеде дене және әскери жаттығулар (жүзу, садақ ату, қашыққа жүгiру, атқа жегiлген екi дөңгелектi арбаны игеру, т.б.) ерекше орын алған. Сонымен қатар, оқу мен жазуға оқушыларды үйретiп, мiнез-құлық ережелерiн сарайда ұстануға дағдыландырылды. Орта патшалық дәуiрiнде шамамен б.д.б. 2050-1700 жылдары Египетте мемлекеттiк басқарудың қалыптасуымен байланысты бiлiмдi адамдар қажеттiлiгiне орай мектептер ашылып, оқушылар жасына және бiлiм деңгейлерiне қарай топтарға бөлiндi. Орта және жаңа патшалықтардағы мектептерде оқитын кедей отбасы балалары да ұшырасады. Өйткенi, мемлекеттiк билiкке қызмет ету орындаушы мiндетiн атқаратын қолөнершi және кедей отбасы балаларынан шенеунiктер даярлау және олар мектепте оқығандары үшiн мемлекет алдында қарыздар болатын. Египеттегi жалпы бiлiм беру алдында тұрған мақсат - хатшы даярлау едi. Қарапайым халықтар арасында хат танудың ерекше қолданыс табуы мемлекетте жүргiзген шаруашылықтарының сұранысынан және хатшы мен дiн қорғаушыға деген қажеттiліктен туындайды. Қыз балалар жазу, оқуға үйретiлмей, мектептерге тартылмады, бiрақ олардан бишiлер мен әншiлердi дайындау мақсатымен арнайы кәсiби мекемелер ашылды.
Ежелгi Египеттегi мектеп бiлiм жүйесi екi басқыштан тұрды.
Бiрiншi саты – элементарлық мектеп. Осындағы кiшi жастағы балалар оқу мен жазуды игергеннен кейiн, бiрнеше жылдардан соң тәжiрибе жинақтаған жеткiншектер шенеунiктерге “көмекшi” ретiнде қабылданып, олар балалармен жүргiзген жұмыстарын қорытып, iс-тәжiрибелерiн мектеп “Ережелерiне” енгiзiп оқу материалдары ретiнде пайдаланды.
Екiншi саты – ежелгi Египеттегi бiлiм берудiң жоғары сатысында арифметика мен геометрияға (жер ауданын есептеу, құрылыс материалдарының көлемiн анықтау, т.б.) ерекше көңiл бөлiнген. Аталған пәндердiң теориялық мәселелерiне назар аударудан гөрi, классикалық мәтiндердi, мысалдарды жаттау, практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру мектеп жұмысының негiзi болып саналған. Сөйтiп, ежелгi Египет мектептерiнде алғашқы күндерден бастап математикаға ерекше көңiл бөлiнген. Египетте отбасы тәрбиесiнiң ықпалы басым болған. Мектептерде мұғалiмдi “әке”, оқушыны “ұлым” деп есептеу тәжірбиеге енген.
Мұғалiм сөйлемдi дауыстап айтса, оқушылар оны бар дауыстарымен қайталаған соң, саз балшықтан жасалған ыдыс-аяққа немесе тақтаға жазып түсiрген. Содан кейiн, қателердi жөндеу, жазылған жазуды дауыстап оқу, оқу барысында оқушылардың тыныш отыруы талап етiлген. Ережелерде көрсетiлгендей “қолыңмен жаз, ауызша оқы” деген ұстанымдар мұғалiмдер тарапынан қайталанып отырылған.
Ежелгi Египет мектептерінде оқушыларды жазалау тәрбие беру құралы ретiнде қаралған. Кейбiр деректерге қарағанда, мектептерде дүре соғу, ұру орын алған. “Ұл баланың құлағы арқасында, тек ұрған кезде ғана тыңдайды” деген ата-аналар арасында түсiнiк қалыптасқан. Әрине, тәжірбиеде кездесетiндей, жазалау да кейде ешқандай пайда келтiрмейдi. Бiр мұғалiмнiң айтқанындай: “Егер де жазалаудың басқа түрi болса, ол өз нәтижесiн берсе, мен сендей оқушының жүрегiне жол тауып, ақыл қосар едiм. Сонда сенiң саусақтарың жазуға бейiмделiп, аузың оқудан нәр алған болар едi” деген. Месопотамияда бiрiншi мыңжылдықтың бiрiншi жартысында патша билiгiнiң әлсiреуiне байланысты, жекеменшiктiң белсендi түрде дамуының барысында мектептегi жүйелi оқудан гөрi отбасы тәрбиесiнiң ықпалы күшейе түскен болатын. Египет те осыған ұқсас үрдiстi бастарынан өткiздi. Кейiнгi патшалық дәуiрiнде (б.з.д. XI-VI ғғ.) мемлекеттiк билiк ықпалының төмендеуiне орай жеке меншiктiк қарым-қатынастар өрбiп, отбасы тәрбиесiнiң ықпалы арта бастайды. Отбасы тәрбиесiнде әкесi баласына мамандық жайлы бiлiмдер бередi. Мәселен, Египетте осы құрметтелген хатшы мамандығы әкеден балаға, ұрпақтан ұрпаққа берiлiп отырылды. Египетте дiнді жақтаушылардың ежелгі көп құдайға табынушылық дәстүрiн ұстанған ғибадатханалар бiлiм беру орталықтарына айналды.
Вавилон қалаларында сауаттылықтың жоғары деңгейге жеткендiгi сонша хатшылардың арқасында кедейлердiң – малшылардың, дихандардың, балықшылардың, тоқымашылардың көпшiлiгi сауаттанып шықты. Халық арасында сауаттылықтың көтерiлуiне жазуға арамей әлiппесiн енгiзу көп көмегiн тигiздi. Элефантин қаласынан табылған (б.з.д. V ғасыр) арамей тiлiндегi құжаттар әскери колонияның адамдары (арамей, иудей, т.б.) арасында да сауаттылықтың кең жайыла бастағанын аңғартады.
Египет шаруаларының бiразы сауатты болғандығын Египеттегi “Ақыл-кеңес” авторының: “Балаңды жазуға, жер жыртуға, аң аулауға, қапқан салуға, жыл мезгiлдерiн ескеруге үйрет” деп ақыл-кеңес бергендiгi дәлелдейдi.
Сонымен қатар, Египет мемлекетiнде Месопотамиядағы сияқты оқушы жастарды ежелгi мәдени салт-дәстүрлермен таныстыру дiн иелерi – абыздардың тiкелей қадағалауымен жүргiзiлген, оларға әдеби және ғылыми бiлiм беру iсi жүктелген. Дәрежесi жоғары дiн иелерi бiлiмдi өздерiнiң басты әлеуметтiк үстемдiгiнiң құралы ретiнде санаған.
Египетте медициналық бiлiмдi қалпына келтiруге ынталы болған парсы патшасы Дарий I (б.з.б. 522-486 ж. ж.) жоғары лауазымды Египет адамының бiрiне тапсырма берген. Ол Нейт құдайының храмы жанынан медициналық мектептi ашу туралы жазба түрде “бiрде-бiр кедей баласы оқуға алынбасын” деген нұсқау берген.
Египетте Рим үстемдiгiне дейiн (ж.ж.с. I-IV ғасырларда) дiн иелерi “Өмiр үйiн” (мектеп, кiтапхана, мұрағат) ұйымдастырып, өз балаларының бiлiм алуына мүмкiндiк жасаған. Грек тарихшысы Диодор Сицилийскийдiң (ж.ж.с. I ғ.) жазба деректерiнде Египеттiң дiн иелерi өз балаларына “қасиеттi” жазуды, геометрия, арифметика және астрономияны оқытқан. Египеттiң қалған балаларының көпшiлiгi отбасында немесе туған-туыстарының көмегiмен әке жолының мамандықтарын игерген. Қолөнершiлердiң балалары жалпы халықтық (демотикалық) тiлде оқу мен жазуға үйренумен шектелген, оларға арналған мектептерде спорт және музыка пәндерiне назар аудармағаны туралы деректер тарихшы Диодор жазбаларында берілген.
Диодордың айтуынша, мектептердегi бiлiм беру, жоғарғы топ (жрецтерге) және төменгi топ (қолөнершiлер) балаларын оқытудағы айырмашылық эллиндiк дәуiрде де сақталған, шаруалар мен қолөнершiлерге мамандық әкеден балаға берiлiп отырған. Таяу Шығыс өркениетiне байланысты материалдарды талдау бұл тұста оқыту әдiстерi мен тәрбиелеудiң жаңа нышандары пайда бола бастағанын көрсетедi, бiлiм беру практикасында оқушының жеке тұлғасына ықпал жасауға, оның оқуға деген ынтасын, ықыласын дамытда сезiледi. Оқу үрдiсiнде оқушылардың белсендiлiгi жоғары бағаланған. Эллин заманындағы папирус қабығына жазылған жазуда оқушы әкесiнiң бiрi: “Құрметтi төрешi, менiң балам түсiнбеген оқуын сұрайды, өйткенi, оқудың нәтижесi болмаған болар, баланың еркiн қиюға болмас” деп ойын бiлдiрген. Египет педагогтары эллин кезеңiнде дәстүрлi қатал талап қойып оқыту әдiсiн жиi пайдаланған: “Марапаттау мен таяқ ақылшының қолындағы салмағы тең құрал” деген мәтел бұған нақты дәлел бола алады.
Оқушыны жазалау өзiн ақтайтын тәрбие құралы деп санаумен қатар, баланың iшкi жан дүниесiне ықпал жасау бiрiншi орынға қойылған. Адам мiнез-құлқының адамгершiлiк қасиеттерiнiң қалыптасуы, содан бастау алатындығы жайлы ежелгi жазба ескерткiш: “Құдай тентек баланы тәрбиелеу үшiн жер жүзiнде таяқты жаратты, ал ақылды балаға арды бердi. Ол алдына келген қастықтан бойын аулақ ұстайды. Бала өзiн сақтыққа бейiмдеп, ақылға мойын бұрса, қатты жазалауға ұрынбайды”,-деп түйiндейдi.
Ежелгi Иранда отбасы тәрбиесi басым болды, бұл тәрбие қаталдығымен өзгешеленеді. Баланы жетi жасқа дейiн ата-анасы ерекше құрметтеп, оның талабын орындаттырған. Одан кейiн бала әке-шешелерiнiң тiлiн алмаса, яғни, олардың талап-тiлектерiн үш рет орындамаған жағдайда баласын өлтiрiп тастауға құқылы болған. Өйткенi мұндайда баланы жын-шайтан билеп алған, ендi ол өмiрден өз орнын таба алмайды, сондықтан өлтiру одан ерте құтылудын жолы дегендей түсiнiк орын алған.
Мектептерде оқуға жетi жастан бастап қабылданып, алғашқы бiлiм алу Авестадағы қасиеттi кiтаптар жинағындағы дiн негiзiндегi адамгершiлiк нақылдарды оқудан басталған. Оқушылар саз балшықтан жасалған тақтаға таяқшамен сүрiп жазып, жазу дағдыларына үйретiлген. Мектептi аяқтағанда оқушылар әскери және шенеунiк дайындықтарынан өткен соң дiн қорғаушы мамандығын игерулерi тиiс болған.
Ал, Бен-Сира (Палестина б.з.б. II ғ.) иудей тiлiндегi кiтапшасында практикалық өмiрден туындаған тәжiрибенi бiлiмнiң құрамдас бiр бөлiгi ретiнде санайды. Ақылдылықты iздейтiн адам билiкте қызмет жасап тәжiрибе жинақтайды және басқа елдерге саяхат жасау барысында адамдар арасындағы мейiрiмдiлiк және қастандық қатынастарынан қорытынды жасайды. Шенеунiк мұратына жеткiзу Таяу Шығыстағы бiлiм берудiң басты мақсатының бiрi ретiнде саналған. Эллин дәуiрiнде де шенеунiк өмiр жолын, тiршiлiгiн, адамдармен қарым-қатынасын оқыту, үйрету сол қалпында сақталып қалғандығын оны Бен-Сираның “философиялық тұрғыдан” негiздеуге тырысқандығынан да байқауға болады. Оның көзқарасы бойынша шенеунiк адамдағы ақылдылықты жетiлдiрудiң басты шарты болып табылады, адамның бос уақытын үнемдеп, көп жетiстiкке жетуге өзiн даярлауға, дамытуға тәрбиелейдi.
Қолөнершiлер мен шаруалардың бiлiмдерi, Бен-Сираның пiкiрiнше, практикалық тұйықтығымен сипатталынады: “Олар өздерiнiң қол күшiне сенедi, бейiмiне қарай өз iсiнiң шеберлерi” деген мiнездеме бередi. Олардың қажымай-талмай жасаған еңбектерi адамдар қоғамына қажет, бiрақ Бен-Сираның топшылауынша кедейлердiң балалары және олардың әкелерi ақыл-парасатты ұғынуға қабiлетсiз, дүние мен қоғамдағы құбылыстарды толық қабылдай алмайды делiнедi.
Сонымен бiлiм саласындағы кейбiр өзгерiстер ежелгi Таяу Шығыс қоғамының әлеуметтiк эволюциялық жолмен дамығандығын көрсетедi. Б.з.д. екiншi мыңжылдықта Египет пен Месопотамиядағы ескi мәдени-тарихи негiздегi экономикалық-саяси және мәдени даму көршiлес елдер Сирия, Палестина және Финикияға ықпал жасаған. Сирия, Палестина аумағы Египет пен Месопотамия өркениетiнiң қиылысында орналасқандықтан, ұзақ жылдар бойы олардың әсерi болғандығы анық. Италия археологтары тапқан жәдiгерлерi Сирияның Эбле қаласында мемлекеттiк басқару жүйесiнде – бұл әсердiң елеулi болғандығын көрсетедi. Патша әкiмшiлiгiнiң қызметiн анықтайтын сансыз құжаттарды (Эбле мұрағатында он мыңдаған құжаттар бар) толтыру хатшылардың қолынан өткенiн көрсетедi. Түптеп келгенде, Эбледе (б.з.д. екiншi мыңжылдықтың екiншi жартысы) мектеп тақталарына жазылған суреттер, жазулар, шумер және аккад тiлдерiндегi грамматикалық жаттығулар, сөздiктер, оларды тексерген мұғалiмнiң қойған қолы ұшырасады. Мұндай материалдар Сирияның басқа қалаларынан, соның бiрi Угарит қаласынан да (б.з.д. бiрiншi мыңжылдық) табылған. Содан кейiнгi б.з.д. екiншi мыңжылдықта Сирия мен Финикиядан табылған 29 жүйелi әрiптерден кейiн, мектеп практикасында 22 белгi-әрiптер пайдаланылды. Соның арқасында жазу үрдiсi жеңiлдеп, жазу мен оқуға талаптанушылар саны көбейiп, бiлiм алу ауқымы кеңейе түскен.
Палестина мемлекетiнiң эллиндiк ықпалға қарсылық көрсетуiнiң басты себебi дiни ұстанымдардың ішкі қайшылығында болды. Эллиндiк бiлiм беру мектептерiнiң дербестiгi храмдық қауымдастықтардың дәстүрлi жеке билiгiн ескермейтiн болды, оның үстiне қарапайым халық пен билiк басындағы адамдар арасындағы қайшылықты күшейттi, екi мәдениеттiң бiр-бiрiне қарсы тұруына жағдай жасады. Эллиндiктерге және оны қолдаушы Сирия патшасы Антиоха IV Эпифаннаға қарсы Маккавей көтерiлiсi (б.з.д. 166 ж.) басталып, 20 жылға созылған көтерiлiстiң ақырында елдiң тәуелсiздiк алуына қол жеткiздi. Сөйтiп, Палестинада эллиндiк тәрбиенiң ошағы жойылды.
Мектептегi оқытуда оқу материалдары төңiрегiнде пiкiр-талас туғызу, мұғалiм мен оқушылар күнделiктi өмiр-тiршiлiк жайлы өзара әңгiмелесу әдiстерi мұғалiм тарапынан дидактикалық сипат алып, оқу үрдiсiнiң маңызды бiр құрылымы ретiнде қаралып, бұл ұстаным мектеп практикасына толықтай енген.
Жоғары сатыдағы оқу ауызша жүргiзiлген, өйткенi өкiм шығару және оның мазмұны тек ауызша баяндалған, оларды жазбаша қалдыруға рұқсат берiлмеген. Соттың шешiмдерi, пiкiрталас тудыратын мәселелер ауызша айтылып, бiрiнен-екiншiсiне ауызша таратылған.
Сонымен Ежелгi Шығысқа тән бiлiм берудегi дәстүрлі оқыту әдiстерi көпке дейiн сол қалпында сақталып, одан әрi жетiлдiрiле түскен. Оқушыларға бiлiм беру түгелдей ауызша баяндаумен шектелген жоқ, дәстүрлi оқытуда шығармашылық жазу элементтерi де орын алған.
Әрбiр мұғалiм мазмұнына қарай топталған аңыздарды, белгiлi авторлардың шығармаларын дидактикалық сипатына қарай жүйелеп, оқушыларға оқыту әдiстерiн (әңгiмелесу, сұрақ-жауап, т.б.) қолдана отырып ауызша баяндайды. Ал оқушылар болса өз сезiмдерiне, қабiлеттерiне қарай аңыздардан өзiне керегiн таңдап алып отырған.
Қытайда б.з.д. бiрінші мыңжылдықтың ортасында педагогикалық бiлiмнiң көлемi арта түскен. Ежелгi Қытай қоғамы шаруашылығының бұл тұста дағдарысқа ұшырауы бала тәрбиелеуге деген ықыластың артуына ұйытқы болған. Себебi қоғамның тұрмыс-тiршiлiгiн жөнге келтiрудегi таптырмайтын құралдың бiрi – бiлiм деп саналды. Сондықтан балаларды тәрбиелеуде рухани iзденiстiң ұстайтын бағыты – оқытуда және тәрбиелеуде үлгi тұтуға болатын құбылыстар мен материалдарды мектептерде жүйемен беруге бағдар алу талап етiлдi. Отбасында, мектептердегi тәрбие үрдiсiнiң деңгейiн көтеру, оның мәнiн, заңдылықтарын ашу жолында Конфуций ерекше тер төктi.
Ежелгi Қытайдағы мыңдаған жылдардағы тәрбие дәстүрлерiн және өзiнiң жеке меншiктi мектебiндегi педагогикалық тәжiрибесiн талдай келiп, Конфуций адамның мiнез-құлқын жөндеу, оны ақыл-ой жағынан кемелденген қоғамдық тәрбиенiң басты мұраты деп белгiлейдi. Конфуцийдiң этикалық-саяси iлiмiн зерттеушi Л.С.Переломовтың пiкiрiнше, Конфуций адамның табиғи қасиетiн қалыптастыру, яғни мемлекеттiң, қоғамның үлгiсiне сай тәрбиелеу үшiн алдымен адамның табиғатын бағдарлап алып, содан кейiн белгiлi бағытта оған нәтижелi ықпал жасау қажет деп есептеген.
Адамның табиғи ұмтылысын iске асыруға жағдайлар жасау, оның мұратқа жетуге өзiнен-өзi талпынып, дамуына мүмкiндiк туғызады. Конфуций әлеуметтiк-саяси iлiмiнде “Дао” ұғымын қолданған, оның мәндiк мағынасы: “адамды шындыққа, адалдыққа бағыттай басқару, мақсатты ықпал жасап тәрбиелеуде “Дао”- ны меңгеру, бұл адалдыққа, шындыққа, мақсаттылыққа, талаптылыққа апаратын басты жол” деп санаған.
Конфуций дәлелдегендей, адамдар табиғаты бiр-бiрiне жақын, бiрақ әдет-дағдылары мен мiнез-құлықтары жағынан айырмашылықтары бар. Ал, адамдардың мiнез-құлықтарындағы айырмашылықтарға тәрбиелiк тұрғыдан ықпал жасағанда, барлығына бiрдей бiркелкi тәрбиелiк iс-шаралар жүргiзiлуi керек.
Сонда да болса кей адам өз қабiлетiне қарай “Дао” ұстанымын толықтай игерсе, кейбiреулерi “Дао” адамгершiлiк нормаларын бойларына қалыптастыра алмайды. Конфуций адамдарды бiлiмдiлiгiне (даналығы), бiлiмдi алғаны мен қолданудағы жеткiлiксiздiгiне, бiлiмдi игеруге қабiлетсiздiгiне қарай адамдарды төрт санатқа бөлген. Бiрiншi санатқа ерекше ақылдылығымен, даналылығымен бiлiмдi менгерген және тыңдаушыларына жүйелей жеткiзе алатындар кіреді. Бұл қасиет аспанның құдiретiнен жаралған. Екiншi санаттағы адамдар тиянақты оқу, iздену арқылы бiлiмдi игеретiндер: бұлар жетi терiн төгiп, еңбегi арқылы бiлiм алатын аспан балалары туа бiткен ақылдылығымен мiнезделедi. Үшiншi санатқа жататындар оқудың қиындығына қарамай оқиды. Төртiншi санатқа кiретiндер оқуды қиындық көретiн бiлiм алуға қабiлетсiз адамдар деп бөлген.
Конфуцийдің айтуынша, соңғы санатқа жататын адамдар оқудан қиындық көрген соң оқуды жалғастырмайды, яғни, олардың оқуға бейiмi болғанымен, ынтасы жоқ немесе тiптен оқығысы келмейтiн жандар. Конфуций адамдарды төрт санатқа бөлудегi алдына қойған
Дравидтiк-арилiк дәуiрде тәрбие мен оқытуда, әрбiр оқушы өзiнiң адамгершiлiк ақыл-ой және дене күштер мен қасиеттерiн дамытулары тиiс. Мәселен, брахмандар интеллектiлiк қабiлеттерiн дамытса, кшатрлар - күшi мен жау жүректiлiгiн, вайшылар - еңбексүйгiштiк пен төзiмдiлiгiн, шудлер - бағыныштылығын тәрбиелеген.
Осы типтес идеалдық тәрбиелер үндiстердiң ертедегi эпостарында да ұшырасады. “Бхагават – пуран” аңызында құдайшыл және ақыл-парасатты Кришна бейнесі арқылы үндiарилық тәрбиенiң үлгiлерi берiлген. Эпикалық патша - әскери және шопан - қатар-құрбыларымен ойын-сауықта және еңбекте бiрге ойнап, бiрге еңбектенiп өседi.
Идеалдық тәрбие алған Рамаға ерте үндiлердiң “Махабхарата” эпосы кейiпкерiнiң адами қасиетi бiлiмдiлiгiне, ақыл-ойына, күштiлiгi мен ерлiгiне ешқандай адам сәйкес келмейдi. Ол адамдармен қарым-қатынастарында адал, үлкен-кiшiнi сыйлай бiлетiн, бос уақытында әскери өнермен айналысатын, заңдар мен салт-дәстүрлердi ұстайтын, шешендiк өнердi игерген, толық қалыптасқан адам ретiнде саналады. Сонымен қатар қасиеттi және оқу құралы мiндетiн атқарған “Бхагавадгит” кiтабында оқушыларды тәрбиелеу мен бiлiм берудiң мазмұндары мен жолдары анықталған Ұстаз бейнесінде құдайшыл Кришна болса, оқушы бейнесінде – патшаның баласы Арджун алынған. Қиындық жағдайға ұшыраған Арджун ұстазы Кришнадан кеңес сұрап, танымның бiр сатысынан екiншi сатысына көтерiлiп, бiлiмiн толықтырды. Бiлiм алудың алгоритмдiк жолы, мұғалiм жаңа бiлiмдi түсiндiредi, содан кейiн көлемдi бiлiм материалдарын бөлшектеп ұғындырады. Кришна Арджунның алдына айқын мақсаттар қойып, оны өздiгiнен бiлiм алуға ынталандырып, оқудың әдiс-тәсiлдерiмен қаруландырады.
Үндістанда б.з.д. бiрiншi мыңжылдықтың орта шенiнде отбасы – қоғамдық тәрбие дәстүрi қалыптасып, жоғары үш кастаның балаларын есею рәсiмiнен өткеннен кейiн мектепке қабылдайтын. Брахман баласы 8 жаста, кшатр 11 жаста, вайшы 12 жастан бастап бiр-бiрiнен айырмашылығы бар бағдарламалармен оқытылды.
Мысалы, Брахман оқушылары толық бiлiм алу бағдарламасымен оқыса, кшатрлар әскери өнерге, вайшылар ауылшаруашылық жұмыстар мен қолөнерге бағдарланған толық емес бағдарламалармен оқыды. Оқу мезгiлi сегiз жылдан аспай, оқығандарын ауызша айтып беру, оқу мен жазуға үйретiлдi. Толық бағдарламамен оқыған брахман балалары поэзия мен әдебиет, грамматика мен философия, математика, астрономия пәндерiнен сабақтар алды. Мұғалiмнiң үйiндегi оқу отбасылық қарым-қатынас түрiнде ұйымдастырылып, оқушылар мұғалiмнiң отбасы мүшесi ретiнде есептелiп, отбасыаралық қарым-қатынастар ережесiне дағдыланды.
Бiрiншi мыңжылдықтың ортасында (б.з.д.) ежелгi үндi өркениетiнде жаңа дәуiр басталды. Үндi мемлекетiнiң экономикалық, рухани өмiрлерiндегi өзгерiстер тәрбие мен оқытуға ықпалын тигiздi. Жаңа дiн – буддизм ежелгi үндi халықтарының өмiр-тiршiлiктерiне ауқымды өзгерiстер әкелдi.
Буддистiк оқу дәстүрiнiң басында Будда немесе Шакия - Муни (б.з.д. 623-544 ж.ж.) тұрды. Ол жоғары рухани жетiстiкке жеткен тұлға, буддизм касталардың теңсiздiк ұстанымын жоққа шығарып, адам дүниеге келгенде бiрдей болып келедi, олай болса адам тең құқықты, сол себептен буддистiк қауымдастыққа әрбiр адамды ниетiне қарай қабылдаған.
Буддистiк iлiм бойынша тәрбиенiң басты мақсаты – адам жанын жетiлдiру, өзiн-өзi танып, өзiн-өзi дамытуға тиiс. Буддистiк дәуiрде оқу бағдарламаларына өзгерiстер енгiзiлiп, грамматикаға ерекше көңiл бөлiндi. Сол кездерде ежелгi үндi елiнде буынды әлiппе - брахми мектептерге енгiзiлiп, әлiппе – буынды жазу бiлiм сапасын көтерген. Элементарлық бiлiмдер дiни мектептерде және зайырлы оқу орындарында берiлдi. Дiни мектептерде бiлiм сословиелiк сипатта болса, зайырлы мектептерде оқушыларды кастасына, дiнiне қарамай оқытатын.
№4 Тақырыбы:Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие.
Жоспар:
1.Византияда мәдениет пен ағарту дамуының негізгі кезеңдері
2.Орта ғасырда Индиядағы оқыту мен тәрбие.
3.Орта ғасырда Қытайдағы білім беру мен мектеп, мемлекеттік емтихандар жүйесі.
1.Негізгі ұғымдар: ағарту, Византиядағы ағарту, византиялық ықпал ету, педагогикалық ой-пікірлер.
Құлдық қоғамның ыдырауы және құлауы оны жаңа феодальдық құрылыспен өзгертуге алып келді. Ал, сөзсіз оның алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болды (себебі негізгі өндіргіш күш-шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте құлдарға қарағанда кейбір ынталылық танытты), бірақ феодальдық құрылыстың негізіне феодалдардың, діниелерінің жерге жекеменшігі жатты. Феодалдық құрылыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік шіркеу болды. Ол орта ғасырлық батысевропалық қоғам өмірінде ерекше роль атқарды. Шіркеу бұқара халықты басты-даншуды жақтап отырды. Католиктік діниелері ертедегі мәдениетке қарсы болды: ғылымға, өнерге, мектепке; Манастырлардың жанында манастырлық мектептер, шіркеулердің – приходтық мектептер ашылды. Ең алдымен ол мектептер діни адамдарды дайындады. Бұл мектептердің мұғалімдері – монахтар мен діниелері оқитын ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында тәрбиелеуді, оларды оқуға және жазуға олар үшін жат латын тілінде оқытты, құдайға құлшылық ету латын тілінде жүргізілді. Бұл мектептерде оқыту өте қиын, әрі ұзақ болды. Балаларды үлгермегені және аз-кем тәртіпті бұзғаны үшін шәкірттерді өте ауыр дене жазасын беріп отырды.
2. Ертедегі Индия тарихы ені дәуірге бөлінеді: дравид-арийлік және будда дәуірі. Индия жартыаралының б.э.2-мыңыншы жылдықтың бірінші жартысына дейін жергілікті халықтың давид тайпаларының өркениеті Екі өзеннің арасындағы алғашқы мемлекеттердің мәдени деңгейіне сәйкес келеді. Тәрбие мен оқыту жанұялық-тектілік сипатта болды, жанұяның ролі ерекше болды. Ертедегі Индиядағы тәрбие мен оқытудың дамуына касталық құрылыс өзіндік із қалдырды. Тәрбие мен оқытудың инезисінің екінші негізгі жағдайларының біріне діни идеологияның (буддизмнің) әсері болды. Индияда әлеуметтік жағынан үстемдік еткен каста-брахмандар болды. Әрбір адам өзінің адамгершілік, ақыл-ой және дене сапаларын дамыту қажет болды. Брахмандарда ең негізгі сапалар интеллеутуалдық артықшылыққа, екінші каста – кшатрийлер – мықтылық пен ерлікке, вайшьилер – еңбек сүйгіштікке және шыдамдылыққа, ал шудралар – құлшылық етуге ерекше мән беріледі. Идеялық тәрбие беруге тек ғана жоғарғы касталардың мүмкіндігі болды. Тәрбиенің мақсаты - ақыл-ой дамуы, рухани тәрбие, дене жағынан жетілу, табиғатқа, сұлулыққа сүйіспеншілік, өзін-өзі меңгеру және ұстамдылық. Ертедегі Индияда ерекше қасеитті және сонымен бірге оқу кітабі болып табылатын “Бхагавадгита” (б.э.д. 1-мыңжылдықта) ерекше атауға болады, шәкірттерді тәрбиелеу және оқыту мазмұны мен жолдарының үлгілері ұсынылды.
3.Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.
Басқа да алғашқы адамзат өркениеттері сияқты Ертедегі Қытайдың бай және өзіндік педагогикалық дәстүрінің негізіне түбірімен алғашқы қауымдық құрылысқа кететін жанұялық-қоғамдық тәрбие тәжірибесі жатады.
Әрбір жанұядағы өмір ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен түсініктердің белгісімен іске асты. Барлық жанұя мүшелері белгілі ережелерді және шектеушіліктерді сақтау қажет болды, мәселен, жаман сөздер айтуға, үлкендерге және басқа да туысқандарға зиянды қылықтарға тиым салу.
Қытайда ғасырлар бойы педагогикалық идеал қалыптасты, ол көп білетін, “өзінің жандүниесінде бейбітшілік пен үйлесілімділікті қалыптастыратын адамды тәрбиелеу” мақсатын қойды. Тәрбиелік қатынастардың негізіне жастардың үлкендерді сыйлай білуін жатқызды.
Ертедегі кітаптар бойынша, бірінші мектептер Қытайда б.э.д. 3-мыңжылдықта пайда болды. Олар сян және су сюй деп аталды. Оқытудың негізгі мақсаты пероглифті жазуды меңгеру болды. Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына 6 өнердің түрі кіреді: мораль, жазу, санау, саз, садақ ату, атқа міне білу.
Қытай – ертедегі өркениеттің негізін қалаған мемлекеттің бірі ретінде тәрбие мен білім беруді теориялық тұрғыдан пайымдауға алғашқы қадамдар жасалды. Ертедегі Қытайда педагогикалық ой-пікірдің дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті.
Конфуций (551-479жж. б.э.д.) өзінің мектебін құрды, онда 3 мыңға тарта шәкірт даярлады. Конфуций Ертедегі Қытайда тәрбиелеу және оқыту тәрбиесін жинақтады және өзінің тамаша ойлары мен идеяларын ұсынды. Конфуцийдің айтуынша, идеялдық тәрбиеленген адам адамгершілігі жоғары, шындыққа ұмтылу, әділдік, рухани мәдениеті бай адам болу керектігін ерекше жоғары бағалады.
№5 дәріс
Тақырыбы: Таяу Шығыста, Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VІ-ХVғ.ғ.)
Мұсылман әлеміндегі мәдениеттің, білім берудің және педагогикалық ойдың дамуы. Ғалым-энциклопедистер еңбектеріндегі тұлғаны үйлесімді дамыту бағдарламасы: әл-Киндидің (801-873) жоғары интеллект тұжырымдамасы, гуманист ғалым Ибн-Синаның (980-1037) жалпыны оқыту идеясы, әл-Газали (1056-59-1111) іліміндегі баланың өзін-өзі тәрбиелеуі. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж.) педагогикалық тұжырымдамасы. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатында қайырымды қоғамды тәрбиелеу мен бақытқа жетудің жолдары.
Орталық Азия мен Қазақстан территориясындағы Ренессанс. Әлемдік өркениет аясындағы «Қайта өрлеу» дәуірінің озық маңызы. Реснессанстық құбылыстардың алғышарттары: Орхон-Енисей жазуы. Орхон мен Таластың тасты қабырғаларында бостандықты сүю мен патриотизм идеялары. Ежелгі түркілер – сақтар мен ғұн елдерінің мұрагерлері. Тәрбиені ұйымдастыру формалары.
Сырдария жеріндегі прогрессивті тәрбиелік идеялардың пайда болуы. Қорқыт Атаның (IX ғ.) ізгілік сипаттағы көзқарастары. Жүсіп Баласағұнның (XI ғ) педагогикалық көзқарастар жүйесі. Ойшылдың түркі тілінде алғаш жазылған «Құтты білік» еңбегіндегі «Толық адам» ізгілік тұжырымдамасындағы дүниетанымдық ұстанымы. Махмуд Қашғаридің «Диуани лугат-ат-турки» алғашқы филологиялық еңбектеріндегі «Жеті Ата» қағидасы. Қожа Ахмет Йасауи Хазрет Сұлтан (1105-1166) мұрасындағы әділдік пен адамгершілік-сопылық ілімнің негізі. Омар Хайямның педагогикалық көзқарастары. Берунидің (973-1048) тәрбие туралы «Канон Масуда» монументалды еңбегі. Абулхасан Рудакидің (884-954) адамгершілікті жетілдіру бағдарламасы. Насыр Хосров, Саади, Кей-Каус және т.б. ойшылдар шығармашылығындағы тәрбиелік идеялар. Ислам әлеміндегі білім беру жүйесі: китаб мектебі, мешіттердің рөлі, ағартушылық кружка-фикха және қалам, мектептер мен медреселердің дамушылық маңызы.
Алтын Ордадағы тәрбиелік дәстүрлер. Шыңғысханның ағартушылық іс-әрекеті. Ойшылдар Сайф Сараи мен Ахмед Иугнекидің педагогикалық идеялары. Рабгузи мен Жамал Каршидің тәрбиелік көзқарастары. Осман империясы кезеңіндегі педагогикалық ой-пікірлер. Осман империясындағы ағартушылыққа антикалық және Ислам мәдениетінің ықпалы. Ибн Рушд, Газали философиялық ілімдеріндегі тәрбие жөніндегі тұжырымдық идеялар. Дж.Руми, Хамза, Низами әдеби ескерткіштеріндегі тәрбиелік ойлар.
Негізгі ұғымдар: Ренессанс, Орталық-Азиялық Ренессанс, педагогикалық тұжырымдама, ізгілік көзқарастары, тәрбиелік дәсүрлер, ағартушылық іс-әрекет, гуманист-ғалым, педагогикалық ой-пікірлер, педагогикалық көзқарастар жүйесі.
Шығыс немесе Мұсылман ренессансы
Мен жанбасам жалындап,
Сен жанбасаң жалындап,
Ол жанбаса жалындап,
Аспан қалай ашылмақ.
Назым Хикмет
Орта Азия мен Қазақстан жері VIII ғасырдан бастап, араб халифатының құрамына кіріп, онда өмір сүретін халықтар ислам дінін қабылдай бастады. Сол кезден бастап түркі халықтарының жүз мыңдаған томдық рухани мұрасы мың жылдан астам уақыт бойы араб әріпімен жазылды. Сол дәуір туралы академик Әлкей Марғұлан: “Бұл саяси, мәдени тіршілікті айқын түрде суреттейтін, араб әрпімен тасқа жазылған сөздер Бетпақдала сахарада XI ғасырдан XIX ғасырға дейінгі дәуірдің таңбалары кездесіп отырады” деп жазған102.
Британ энциклопедиясында “Түркі халықтарын біріктіріп тұрған ең басты күш, тарихи және тілдік байланыстармен қоса Исламият” дейді230.
Түркілер исламға дейін әртүрлі діндерді қабылдағанымен Тәңір дінінен басқа ешқайсысы олардың менталитетіне сай келе берген жоқ. Академик Н.Трубецкой арабтар мен түркілер сенімдерінің ерекшеліктері туралы: “Вера, попавшая в тюркскую среду, неминуемо застывает и кристаллизуется, ибо она там призвана играть роль незыблемого центра тяжести-главного условия устойчивого равновесия. На этой особенности тюркской психологии основано странное явление: притяжение между психикой тюркской и семитской (арабской). Трудно найти более различные прямо противоположные друг другу психики. Но в этой противоположности и причина притяжения.
“Туранская“ (тюркская) психика сообщает нации культурную устойчивость и силу, утверждает культурно-историческую преемственность и создает условия экономии национальных сил, благоприятствующие всякому строительству” дейді151.
Ислам дінін қабылдаған түркілер X ғасырдың соңында Ауғаныстан, Шығыс Иран және Солтүстік Үндістанда Шығыстағы ең күшті империя Газнавидтердің мамлюктік сұлтандығын құрып, сол елдерде сауданы өсіріп, экономиканы дамытып және қала құрылысын өркендетті. Ол туралы К.Э.Босворт: «Қорытындысында XI ғасырдың басына дейін түркілер Египеттің шығысынан Үндістанға дейінгі жердегі барлық мұсылман елдерінің әскери және мемлекеттік мекемелеріне терең еніп кетті» дейді38.
Ол кездегі араб халифатында ғылым мен өнердің барлық салалары дамып, соңынан латындық еуропаның ұстазы болған “Мұсылман ренессансының” отанына айналды.
Ғұмыры қысқа болған “Мұсылман ренессансы” кезеңінде және одан кейінгі бірнеше ғасыр бойы түркінің ғалымдары, ойшылдары және ақындары адамзат өркениетінің дамуында өшпес із қалдырды. Сонымен қатар, осы кезең “түркі елі идеясының” негізінде мәдениеттің дамуы, түркі әлемі дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырды.
Осы кезде түркіден шыққан ұлы ғұламалар – энциклопедист - ойшыл Әл-Фараби185, «түркі сөздері жинағының» жүйесін жасаған Махмуд Қашқари, алгебраның негізін салған Әл-Хорезми, Әбу Райхан әл-Бируни, қасиетті «Құранды» түркіше тәржімалап, исламды түркі халықтарының ішіне таратушы Қожа Ахмет Иассауи... соңынан астроном Ұлықбек, Ұлы түркі поэзиясының негізін салғандар – Жүсіп Баласағұн, Әлішер Науаи, Физули, Жалаледдин Руми, Гянжеви Низамилардың75 дәстүрі Алтын Орда кезінде жалғасты.
Дүниежүзілік ғылым, әдебиет және Шығыс Ренесансын дамытудағы Ұлы түркілердің еңбектерін толық баяндау біздің міндетіміз емес. Сондықтан біз оларға қысқаша шолу жасаумен шектелеміз.
Әл - Фараби мен Әбу Райхан Бируни, Ибн Синамен бірге шығыстағы Қайта өрлеудің (Ренессанс) философиялық көзқарасын қалыптастырып, оның идеологиялық негізін қалады. Шіркеу догмасы мен сословиелік құрылымға оппозициядағы осы идеологияның негізін қалаған олардың философиялық көзқарастары мен мистик-күпірлік ойлары әлеуметтік бір бағытта дамыды173. Олай дейтініміз В.К.Чалоян «Армянский Ренессанс» деген еңбегінде: “Шығыс мәдениеті, өз кезегінде одан кейін жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастар жағдайында пайда болған, мәдениеттің жаңа сатысын қалыптастыруға дайын Батыстың Қайта өрлеуінің ізашары болды. Шығыстың жетістіктері батыс әлеміне таяу шығыс халықтары мен елдері және византия-кавказ өркениеті арқылы берілгені тарихи дәлелденген. Сондықтан, феодалдық қоғамнан буржуазиялық қоғамға өту мәселесін зерттегенде оған Шығыстың әсері болмады деп, оның рөлін ескермеу дұрыс емес. Осындай өзгерістің алғышарты шығыс болды” деп дәлелдеген172. Сонымен қатар, Әл-Фараби мен Ибн Сина Шығыс Ренессансын қалыптастырған парсы-түркі поэзиясының ареопагиттік негізінің идеологиялық концепциясын жасады. Бұл мәселені зерттеген Ш.И.Нуцубидзе: “Махаббат дегеніміз әлемнің баспалдақтарымен ең жоғарғы бастауға ұмтылған, жоғары сатыға жету идеалы. Ол баспалдақтардың (сеира, немесе сира) өзі жетілгендіктің бейнесі, яғни сұлулық пен махаббат және жердегі махаббат пен сұлулық осы қатарларға, немесе “сеирлерге” жетумен, яғни жоғарғы бастауларға жақындау немесе ұқсаумен өлшенеді. Махаббат пен сұлулықты ақтаған осы концепция б.д. V ғасырында Сирияда жетіліп Шығыс пен Батыстағы Ренессанстың идеологиялық негізі болды. Қайырымдылық және ақиқат идеясымен ынталанған махаббат пен сұлулық идеясы көркем философиялық идеяның іске асуына ықпал етті. Мұсылмандық Шығыста әртүрлі қабылданған осы идея олардың көркемөнерінде іске асты”123. Омар Хайямның мол мұрасындағы махаббат пен сұлулық идеясы, одан әрі орта ғасырлардағы Орта Азия поэзиясының классиктері Низами мен Науаидың поэзиясының арқауы болды.
Яғни, философиялық (Әл-Фараби, Ибн Сина) және түпкілікті ғылыми өрлеу (Бируни) поэзияның (Хайям) негізін салды және жаңа гуманизм рухымен қаруланған Орта ғасырдағы шіркеудің догмасын бұзып, мұсылман және христиан діндерінің ортодосальдық шеңберінен шыққан парсы, түркі және араб тілді әдебиеттің ерекше шарықтау жолын дайындады.
Әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни және Әбу Әли Ибн Синалар Орта Азиядағы Ренессанс мәдениетінің философиялық негізін салды және шығыс Ренессансының поэзиялық мәдениетінің ұлы ғимаратын құрды. Олардың дүниежүзі мәдениетінің дамуындағы рөлі мен адамзат дамуы тарихындағы өшпес іздері осындай өлшеммен бағалануы тиіс.
Орта ғасырлардағы музыка дәстүрін жалғастырған Әл-Фарабидің “Музыка туралы” трактаты XVII ғасырға дейін еуропадағы музыка теориясындағы ең үздік шығарма болып саналса201, оның христиан дінін дамытудағы шығармасы XVIII ғасырға дейін батыстың және ресейдің шіркеулерінде қолданылғаны белгілі. Егер Әл - Фараби мұсылман болмағанда, ол Августин, Аквинскийлер сияқты христиан дінінің пайғамбары болар еді. Сонымен қатар, Әл - Фараби мемлекет басқару өнерінің негізін салған ұлы ғалым. Ал, XX ғасырдағы немістің ұлы ойшылы, “Закат Европаның” авторы О.Шпенглер Әл-Фарабидің философиялық туындыларын ұлы неміс философтары Гегель мен Канттардан жоғары қойды. Жаңа дәуірдегі батыс ойының биік шыңы немістің классикалық философиясы екені белгілі. Ал, Гегель мен Канттар осы шыңның төбесіне шығып тұрған алыптар. Ұлы Шпенглердің біздің жерлесімізді осы алыптардан жоғары қоюы – ол түркінің ғылымы мен мәдениетінің жетістіктеріне берген жоғары баға179. Әл-Фарабидің “Екінші ұстаз” немесе “Шығыстың Аристотелі” аталуы Стагирит Аристотельден дәреже жағынан кейін болғанынан емес, дүниеге тарихи кезек жағынан кейін келгенінен. Әл-Фараби энциклопедист ойшыл ретінде заманындағы ғылым, философия және өнердің барлық салаларына атсалысып, өшпес із қалдырды. Оның философиялық шығармалары осы уақытқа дейін толық зерттеліп болған жоқ. Осы ұлы бабамыз туралы біздің білетініміз – ол алдағы мыңжылдықта да адамзатқа жол көрсететін жарық жұлдыз - Темірқазықтай болатыны.
Адамзат тарихында мәдениет қатынастарының дамып, өзара бірігуіне және интеграциялануына жол ашқан Ислам діні болды. Мұсылман ренессансы бір жағынан ертедегі гректердің ғылымы мен мәдениетін тәржімалау арқылы шығыс пен батыстың мәдениеттерін қосып, еуропадағы ренессансқа жол ашса, екінші жағынан оған дейінгі бір мәдениетке ғана тән болып келген жетістіктер мұсылмандар арқасында бүкіл әлемге тарады. Мысалы араб цифры деп атағы шыққан сандардың ежелгі дәуірде Үндістанда ғана мәлім болғаны белгілі. Мұсылмандар осы цифрларды жетілдірумен қатар оларды құр символдықтан шығарып, мағыналы белгілерге айналдырды. Нөлді (арабша: сыфыр) алғаш рет ойлап тауып, сан ретінде қолданған, Арал теңізі маңында дүниеге келген түркі ғалымы Мұхаммед Мұсаұлы әл-Хорезми болды221. Осы бабамыз сонымен қатар 1-ден төменгі – ондық, жүздік, мыңдықтарды жүйелеп жазуды алғаш көрсетті. Бұл жаңалықтарсыз қазіргі ғылымның жетістіктерін елестету мүмкін емес. Латынша “cipher”, орыс тіліндегі “цифр” деген сөздер арабша нөл дегенді білдіретін “сыфыр” сөзінен алынған. Араб сандары рим сандарымен салыстырғанда қолданымы жағынан өте икемді, оңай болғандықтан ғылым, экономика, сауда мен өмірде кеңінен қолданылатын қазіргі адамдардың дүниетанымын өзгерткен ұлы құбылыс болды. Әл-Хорезмидің “Kитаб әл-жәбір уә-л Мұқабала” (Алгебра мен теңдіктер кітабы) атты еңбегі ХІІ ғасырда латын тіліне аударылғанда “әл-жәбір” сөзі “алгебра” деп аударылғандықтан осы сөз термин ретінде қалыптасты. Оның екінші кітабы латыншаға “Aigorithmi de numero Indorum” деп аударылғандықтан, “алгоритм” сөзі де терминге айналды. Бұл жерде Бертран Рассел және т.б. философтар мен ғалымдардың “орта ғасырлардағы мұсылман реннесансы ертедегі Греция мен орта ғасырлардағы Еуропаны қосқан көпір қызметін атқарды” деген пікірлерінің толық зерттеліп дәлелденбеген теріс тұжырым екенін айту керек. Себебі, мұсылман философтары көптеген ойша құрылған тұжырымдарын қорғайтын дәлелдер ұсынғандықтан, ислам философиясын мойындамау Батыстың өз дәстүріне сенімсіздік тудырады48a.
Батыс ойшылдары мен ғалымдарының арасында кең тараған ондай атүсті пікірлердің Шығысты зерттеуде пайдасынан көрі зияны көп. Олардан гөрі жалпы ғылым мен философия үшін Шығысты зерттеп түсінуге талпынған Г.В.Ф.Гегель, А.Шопенгауер, Т. де Шарден, Р.Генон және т.б. еңбектері құнды.
Ұлықбек Шаhрұхұлы Самарқандағы әйгілі расатханасындағы (обсерватория) зерттеулерінде сол күнге дейін қолданылып келген Птоломей есебіндегі қателіктерді анықтады және ол жасаған ғарыш кестесі Шығыс пен Батыста бірнеше ғасыр пайдаланылды.
Махмуд Қашқари “Түркі тілдерінің лұғатын” (“Диуану луғат ит-турк”) жазуды былай деп негіздейді: “Мен Тәңірдің гүлденген мемлекетті түркілердің топырағында жаратқанын, өмір біліктерімен сол топырақты ғажайып өрнектегенін көрдім. Тәңір оларды түркілер деп атап, асқан сән-салтанатқа ие қылды. Дәуіріміздің хақандарын солардан таңдап, замана құбылысының еркін тізгінін қолдарына ұстатты. Сан мыңдаған адамды басқартып, адалдық істерін қолдады. Олармен бір сапта күрескендерді бек құрметтеді.
Түркілер өздерінің қатарына қосылғандарды барлық игі тілектеріне ортақтастырып, залымдардың зорлық-зомбылықтарынан сақтады. Олардың қаhарынан сақтану үшін түркілердің салты мен жолын ұстау сол заманның ақыл иелеріне дәстүр болып қалыптасты. Қасірет-мұңын түсіндіріп, шағыну үшін түркілерге өз тілінде сөйлеуден басқа жол жоқ. Өзінің ортасындағы жауларынан жерініп, сыйынып келгендерді түркілер әрқашан қамқор қанатының астына алып, төнген қауіп-қатерден құтқарды. Олармен бірге басқалар да пана тапты. Сол себепті түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдеді”85. Ұлы бабамыздың осыдан мың жыл бұрын жазған бұл мұрасы қазіргі түркі халықтары, оның ішінде қазақтар үшін де маңызын жоймаған дүние. Академик А.Н.Кононовтың дәлелдеуі бойынша, “оны жазудағы Махмудтың негізгі мақсаты түркі тілінің мәртебесін жоғары көтеріп, оның араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ екендігін дәлелдеу болған”.
“7500 сөзден тұратын “Диуан...” жай сөздіктің шеңберінен шыққан туынды. Оның салыстырмалы - тарихи әдіс ретіндегі қолданылуының қарапайым формасының өзі үндіеуропалықтардың тілтануынан бірнеше ғасырға озып кетті” дейді белгілі тіл маманы А.Д.Демирчизаде.
Бір ғажабы ұлы данышпанның “Диуанға” енген 875 сөзі мен 60 мақал-мәтелі қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылып келеді.
Түркі халықтарының бірлігі мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуде, ел басқару мен мемлекет жүйесін қалыптастыруда және түркі тілінің мол мүмкіндіктерін ашуда орта ғасырлардағы ұлы философиялық шығарма - Ж.Баласағұнның “Құтты білігінің” маңызы зор.
...Бұл кітапты қабыл алып, қарарсың,
Түркі тілі ғажабына қанарсың.
...Байқап көрсем, жеңілдеді жүгім де,
Айтсам дедім сөзімді ана тілімде,
деп аяқталатын осы дастанның маңызы А.Дантенің “Құдайдың комедиясы” мен Н.Макиавеллидің “Государларымен” қатар тұрған дүние.
Түркі тілінің байлығын көрсетіп, оның поэзиясының дамуында Әлішер Науаи шығармаларының маңызы ерекше. Оқып көрейік:
............................................................................
Бірақ, бірақ қалың ру, қалың қауым түркілер,
Менің ғана сөзімді естіп іркілер.
...Шираз бенен түркіменнің даласы,
Хорасан мен Қытай шебі арасы.
Қайда жүрсін, түркі сөзін ту етіп,
Сап түзеуге түркілерде бар ерік.
Бұл қиссаны шетсіз, шексіз мұң толы,
Жан азабы, биік сезім, сыр толы.
Жаздым үлкен шабытпенен күніге,
Жанға жылы түркі ана тілімде,
деп “Фархад пен Шырын” поэмасында жазғандай, сол кездегі түркілердің ана тілін ардақтайтын, іргесі бұзылмаған біртұтас ел екенін аңғарамыз. Ал, ұлы ақынның тілдер туралы трактатындағы: “Қалыптасқан ...дәстүр бойынша мен парсы тіліне назар аудардым. Бірақ, есейіп ақыл-есім толысқанда және жаратқан маған табиғи бейімділігімді ерекше дүниелерге талпыну мен күрделі және нәзік құбылыстарды түсіну қабілетін берген кезде түркі тілінде ойлау қажеттілігі пайда болды. Сол кезде менің алдымда он сегіз мың ғаламнан да көп әлем ашылды. ...Сонда мен інжу маржаны жұлдыздардың бриллиантынан да жарқын, асқар да мол байлыққа тап болдым” деген тұжырымынан түркі тілінің дүниедегі ең бай тілдердің бірі екенін көреміз.
Бұны батыс мәдениетінің рухы – “Фаустың” авторы И.В.Гетенің, “Рудаки, Фирдоуси, Низами, Саади, Хафиз, Хайям, Руми, Физули, Науаи, содан кейін мен” деп түркі мен парсы әдебиетінің ғұламаларын өзіне ұстаз санап, оларға бас игені де дәлелдейді76.
Батыстағы ренессанстың алғышарты және ұстазы болған “араб тілі басты тіл, парсы тілі тәтті тіл, түркі тілі өнерлі тіл” еді десе, М.Барманқұлов “Түркілер арабтардан Исламды, ирандықтардан көркем әдебиетті ала тұра, өздері мемлекеттің іргетасы бола білді” деп толықтырады24.
Орта ғасырдағы түркі мен қазақ әдебиетіне қысқаша тоқталғанда А.С.Пушкиннің Орал қаласында болған кезінде “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” эпосын жазып алып, оның сюжетін У.Шекспир шығармаларынан жоғары бағалағанын ұмытпағанымыз дұрыс.
Мұсылман ренессансының дәуірі адам табиғатына сай, жан-жақты мәдениеттің немесе адамзат өркениетінің шарықтау кезеңі болып табылады232.
Батыстың көптеген ойшылдары (Хартман т.б.) құдайдың жалғыз екені сенімді түрде исламда ғана іске асқанын дәлелдесе, неміс ғалымы Карл Беккер, “біздің орта ғасыр дегеніміз, Батыстың Шығысқа еліктеуі” десе194, оны Осфальд Шпенглер осыдан сегіз ғасыр бұрын “араб өркениеті шығыс қалаларынан күн сияқты шығып батыс елдерінің үстінен өтті” дейді227. Академик Н.И.Конрадтың пайымдауынша, “Қайта өрлеу (ренессанс) дегеніміз әлемдік гуманизмнің дәуірі. Ол VIII-XII ғасырларда Қытайда басталып, IX-XV ғасырларда Орта Азия мен Иран және оған іргелес жатқан Үндістан жерінде жалғасып, XIV-XVI ғасырларда Еуропада аяқталды”93.
Шығыс ренессансының Атланттары болған түркі халықтары данышпандарының есімдері адамзат өркениеті тарихында мәңгі ескерткіш болып қалды.
Дешті Қыпшақта негізі қаланған Түркі мемлекеті - Алтын Орда мен мәмлүктік Египет мемлекеті XIII-XV ғасырларда өзара тығыз байланыста болған. Кезінде Египетке кеткен қыпшақ жасақтары - мәмлүктер өздерінің ежелгі отаны Дешті Қыпшақпен туыстық байланыстарын үзбей Мысыр әмірлері Алтын Ордамен қарым-қатынас жасап, құда-жекжат болып жүрген. Мәселен, өзі Еділ бойында туып, кейінірек Мысыр елінің әмірі болған сұлтан әл-Мәлік әз-Захар Бейбарыс (1217-1277) Алтын Орданың ханы Беркенің қызына үйленеді. Ол екі ел арасындағы түрлі байланыстарды жақсарта түсуге зор ықпал етті226. Каир мен Алтын Орда екі ғасырда елу рет өзара елшілермен алмасты.
Ол кезде Алтын Орда мен Египеттегі негізгі қолданылатын тіл – қыпшақ тілі болды.
Сұлтан Бейбарыстың ықпалымен Алтын Ордада мұсылман дінін қабылдау Беркенің кезінде басталып Өзбектің хандық құрған кезінде аяқталды.
Араб тарихшысы ибн-Тагри-барди өзінің “Мысыр елі мен Каир үстіндегі жарқыраған жұлдыздар” атты кітабында: “Египетті мәмлүктер билеп тұрған кезде біздің елде қыпшақ тілі басым болды. Ел билеген әмірлер, әскери адамдар, елшілер, әкімдер, өнер және әдебиет қайраткерлері негізінен қыпшақ тілінде сөйледі. Мәмлүктерге жағыну үшін тіпті қарапайым арабтар да қыпшақ тілінде сөйлейтін еді. Ал, Египет пен Сирияны билеген кейбір мәмлүк сұлтандары араб тілін білмейтін. Мәселен, Сұлтан Бейбарыс, атақты Хаджіб Алмас айналасындағы арабтармен тәржімән-тілмәш арқылы сөйлесетін” деп жазды71.
Сол кезде мәмлүктік Египетте қыпшақ тілінде тамаша туындылар қалдырған шайырлар туралы белгілі араб ақыны:
Көзі менен кірпігіне түркілердің қарашы;
Таңдандырған, тамсандырған сиқыршыға санашы.
Түркілердің бар сиқыры - көзінде емес сөзінде,
Намаз оқып тұрғандай ғой жыр жазатын кезінде, - дейді71.
“Сол кездегі Мысырдағы түркілерден шыққан дарынды ақындар Ат-Танбага әл-Жавали мен Әмір ақын Ала ал-Дин ибн Абдаллах. Олармен қатар Каир қаласында Шәхаб ад-Дин Сараи, Махмұд ибн Фаттаһ ас-Сараи, Абдуллах әбу т-Тина ас-Сараи сияқты Алтын Орда астанасы Еділдің бойындағы Сарай қаласынан шыққан (сондықтан лақап аттары “Сараи” болып келетін) ақындар, философтар, тарихшылар, дін қайраткерлері және т.б. еңбек етсе, Сарай қаласында Аргун наиб, Халиль ибн Никлади аль-Алаи, Махмұд ибн Ахмед ибн Мұса, Мұхтар ибн Махмұд әз-Зәкиди сияқты арабтың ғалымдары өздерінің мәңгі өлмес шығармаларын жазды” дейді профессор Н.Келімбетов86.
Сол замандағы Каир мен Сарай қалаларының арасы бір айлық жер болғанымен ағайындардың арасындағы саяси, әлеуметтік, рухани байланыстар интернет заманындағы іргелес отырған Қазақстан және Орта Азиядағы республикалар арасындағы байланыстардан гөрі жақын және тұрақты болғанын көреміз. “Бармасаң, келмесең жат боласың” дейді қазақ мақалы.
Орта ғасырдағы Таяу Шығыс пен Египеттің дамуына египеттегі қыпшақ-мәмлүктердің маңызы зор болды. Олардың орта ғасырдағы мұсылман әлеміндегі рөлі туралы Ибн Халдун: “күрес пен ерлікке жігерсіз, қайғы – қамсыз жатқан мұсылмандарға қарсы крест жорығы мен монғол-татарлардың шапқыншылығы басталған кезде Алла көптеген түркі тайпаларынан тұратын күшті мәмүліктер басқарған Египетті кәпірлерден қорғайтын бастионға айналдырды. Мұсылмандар арасында енжарлық пен бейғам өмір әдетке айналып кетпес үшін Алла өзінің құдіретімен түркінің ұрпақтарын бірінен кейін бірі, лек-легімен мұсылман әлеміне келетін қылды”29.
Әлемді осы уақытқа дейін таңқалдырып келе жатқан Египеттегі мұсылманның сәулет өнері осы елді қыпшақ-мәмлүктер билеген кезде салынды. Cол кезде Египет пен Сирияда салынған Ибн Тұлұн, Қайтбай және Қалаун мешіттері, Ихуан Жүсіп мазары және т.б. ерекше атауға болады. Сол кезде салынған мұсылманның тамаша мешіттері мен сарайларын Виктор Гюго “сазды әуенге толы алтын түс” деп бағалаған216. Қыпшақ-мәмлүктер билеген екі ғасырдан астам уақытта Египет мемлекеті жан-жақты дамып осы ел тарихында фараондар дәуірінен бергі кезеңдегі екінші өрлеуді басынан кешірді.
Алтын Орда мен мамлүктік Египет мемлекеттерінің арақатынасы түркі халықтарында және халықаралық саясатта сирек кездесетін ынтымақтастықтың классикалық үлгісі. Оны қазіргі кездегі АҚШ пен Британия арасындағы байланыспен салыстыруға болады.
XIV ғасырдың екінші жартысындағы Алтын Орданың ханы Тоқтамыс пен Мауранахрдің билеушісі Ақсақ Темір және Осман мемлекетінің сұлтаны Баязид, осы үшеуі Қытай мен Византияның айдап салғанына ермей, түркі халықтарын біріктіре білгенде бүгінгі Еуразияның демографиялық жағдайы мен саяси картасы басқаша болар еді – ау. Түркі тайпалары мен олардың басшылары арасында бірлік анау айтқандай бола қойған жоқ. Көп жағдайларда олар бастары бірікпей, өзара жиі соғысып, басқаларға жем болып отырған. Адамзат тарихында белгілі із қалдырған ел бастайтын қаған-хандарға, қол бастайтын қолбасшылар мен батырларға, сөз бастайтын ұлы ойшылдар мен ақын-шешендерге кенде болмағанымен, түркілердің ұлттық идеясы мен біртұтас мемлекеттік институтының қалыптаспауы, бір ұлттан тұратын әртүрлі тайпалар арасында бірлікті қамтамасыз ете алмады. Сондықтан да олар “ағайын алтау болса, ауыздағы кетер” деген жайды ұдайы бастан кешіре берді.
Орта ғасырдағы түркі сәулет өнерінің тамаша үлгілері Агр, Самарқан, Бұхара, Түркістан, Каир, Стамбул сықылды ежелгі мәдениет орталықтарында салынған мешіттер, мазарлар, медресселер, сарайлар, кітапханалар және расатханалар еді.
Мазар салу идеясы дәстүрлі исламда болмаған. Мазардың кірпіштен қаланып, күмбезбен аяқталатын порталды-күмбездік типінің архитектуралық пішіні түркілердің әуелі өлген адамды жерлейтін қорғанынан, одан соң киіз үйдің құрылымынан ауысып мазар-мавзолейлерде пайдаланғанын көрсетеді.
Киіз үйдің цилиндрлік негізі мен сфералық күмбезі (ол Үндістандағы будданың Мирандағы әйгілі Санчи келісінде \ступа\ және басқа келілерде қолданылған) 122 және Қарахан дәуірінде Орта Азия мен Жетісудағы түркі тайпаларында пайда болып “түркі рухы” аталған портал-күмбез қыш кірпіштегі ою-өрнек, орнаментальдық кірпіш қалау, жонылған тас, құйылған көк кірпіш т.б. алдымен Жетісудағы соғдылықтарға, сосын Мауранахрға, одан кейін Орта және Таяу Шығысқа тарап дамыды34. Портал-күмбезді архитектура, көшпенділердің тұрағы – киіз үйдің “тасқа айналған нұсқасы” болып тарихқа енді.
Түркілер батысқа өздерімен бірге “жануарлар стилін” таратса115, арабтар қыпшақ-мәмлүктерді “күмбез салушылар”163 деп атады.
Белгілі тарихшы В.Н.Татищев Владимирдегі және Юрьев-Польскийдегі православ храмдарын бұлғарлар \түркілер\ Еділ Бұлгариясынан әкелінген тасты пайдаланып салғанын жазса, ғалым М.Худяков Қызыл алаңдағы Василий Блаженный соборының храмындағы сегіз мұнара Қазанның Құл-Шариф мешіті минареттерінің бейнесін қайталайтынын айтады145. Сол ғалым татар архитектурасының басқа халықтардың сәулетін дамытудағы маңызын: “Отголоски татарской архитектурной традиции, нашедшие выражение в декоративных формах и стилевых чертах так называемого восточного барокко, видны в пестрой раскраске русских церквей и теремов, росписях, изразцах и надписях на фасадах в сталактитах, подковообразных формах, килевидных и стрельчатых арках. Строительно-конструктивные традиции татар были заимствованы в ярусных сооружениях с шатровыми завершениями” деп пайымдалды145.
Дәстүрлі орыс архитектурасына тән “романдық стильде” кездесетін күмбез-кресті византия типтес храм жобасын византиялықтар Шығыстан алған. Ол Орта Азиядағы түркі халықтарының бізге жеткен көне архитектураларында кездеседі.
Түркілердің Үндістандағы Ұлы Моғол мемлекетін құрған Барлас руынан шыққан Захириддин Бабыр мен оның ұрпақтары сол елді түркі тілінде сөйлетіп, оларды мұсылман дініне енгізді. Бабырдың әулеті Ұлы моғол мемлекетін үш ғасырдан астам (1526-1858 жж.) уақыт билеп тұрды. Сонда үнділермен қатар ағылшындар да Бабыр әулетін “Ұлы моғолдар” деп олардың ұлы істерін мойындап, салық төлеп тұрған. Шет жерде жүрген Бабыр өзінің туған жерге деген сезімін бір өлеңінде былайша жеткізіпті.
Бөтен елде, жат жерде қаңғып жүрміз,
Жемтік іздеп, қасқырдай аңдып жүрміз.
Төбемізден сары алтын құйса дағы,
Туған жерді сағынып, мәңгіп жүрміз.
Ол одан әрі:
Аллаға жүз мәрте “тәуба” дегін,
Құдай саған сыйлады Үнді жерін.
Ыстыққа шыдай алмай қиналғанда,
Күтемін туған жердің салқын желін,
деп туған жердің қасиетті әрі қадірлі екенін аңғартады.
Орта ғасырдағы түркі және адамзат өнерінің шыңы - әлемдегі неше кереметтің бірі Агр қаласындағы “Таж-Махал” мазарын Бабырдың шөбересі, Ақбар сұлтанның немересі Жақан шах салды. Үндістандағы бір мұсылман ханымының өмірі мен өлімі және оған деген махаббаттан пайда болған, ақ мәрмәрдан салынған осы ескерткіш жөнінде белгілі өнертанушысы Дюрант Вилдің: “Егер уақыттың ақыл-есі болса, ол басқаның барлығын қиратып, мүмкін Таж-Махалды, адамзат рухының ұлылығын көрсететін осы баға жетпес ескерткішті адамдардың қайғысы үшін сақтар еді” деген сөзі еріксіз көп ойға көз жеткізеді62.
Ұлы Моғол патшалығы кезінде Үндістанның астанасы Агрде “Таж-Mахалдан” басқа “Інжу Мешіт”, Хайдарабадтағы минарет, Делиде “Жамиғ Месжид”, “Диуан-и ғам” және “Диуан-и Хас” деген қайталанбас сәулет туындылары жасалды.
Бабыр негізін қалаған мемлекет - Үндістанның қоғамдық-саяси және экономикалық мәдениетінің дамып, өркендеп өсуіне айтарлықтай ықпал етті. Үнді елінде бір орталыққа бағынатын мемлекет құрылған соң ғана жергілікті феодалдардың ғасырлар бойы жалғасқан өзара бақталас соғыстары тоқтатылды. Халық бейбіт еңбекке көшіп, жаңадан арықтар қазды. Егіншілік дамыды. Бабырдың әмірімен жаңа қалалар, ғылым және мәдениет орталықтары салынды. Джавахарлал Неру Бабыр билеген дәуір жөнінде айта келіп, “бұл кезде Үндістанда игілікті өзгерістер өмірге келді. Жаңа бір леп есіп, мұның өзі өнер, архитектура, тағы басқа мәдениет салаларын құлпыртып, жасартып жіберген еді” деп жазды121.
Біздің дәуірдегі барлық өркениеттердің сәулет өнеріне қосқан үлесін айтатын болсақ, оның шыңы түркілер салған қалалар, мазарлар мен сарайлар болып саналады. Бұлар түркілердің сәулет өнеріндегі тамаша жетістіктері. Демек, батыстың кейбір тарихшыларының “түркілер көшпенді болып қалалар салмады” деуі ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген теріс ұғым, оның үстіне жалған сөз екен. Керісінше, түркі елі әлемдегі ең сұлу сәулетті тудырумен қатар, батыстың сәулет өнерінің классикалық үлгісі – “Готика өнерінің” тарихи отаны болып саналады6.
Орта ғасырда түркі халқының батырлық эпостарымен қатар тарихи, ғылыми еңбектер мен түркі тілінің байлығын шебер пайдаланып жазған көптеген көркем туындылар пайда болды. Алтын Орда дәуіріндегі түркі тіліндегі ұлы шығармаларға әлем әдебиетінде теңдесі жоқ дүние - Хорезмидің “Мұхаббат-намесі”, Сайф Сараидың “Гүлістан бит-түркиі”, Құтбтың “Хұсрау-шырын”, Мысыр (Египет) мемлекетінде өмір сүрген қыпшақ ақыны Дүрбектің “Жүсіп пен Зылиха” дастаны жатады. Бұл сол заманнан бізге жеткен ұлы түркі әдебиетінің шағын ғана бөлігі. Немістің ұлы ақыны И.В.Гете өзінің “Поэзия және шындық” деген кітабында Жүсіп пен Зылиха хикаясының мөлдір тазалығына сүйсіне келіп: “Мұндай аңызды қандай құдіретті күш-қуат жаратты десеңізші! Адам жаны жақсылық үшін жаратылған ғой!” дейді.
Осы кезеңде қазақтың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди”, Қадырғали Жалаиридің “Жамиғ-ат-тауарих” \”Шежірелер жинағы”\, Захариддин Бабырдың “Бабыр-наме” атты шығармалары мен атақты тарихшы Әбілғазы Бахадүрханның “Шежіре-и түрк” \”Түрік шежіресі”\ және “Шежіре-и терекіме” \”Түркімен шежіресі”\ сияқты тарихи шығармалары дүниеге келді.
Академик Х.Френ “Түрік шежіресін” аса жоғары ғылыми еңбек ретінде бағалай келіп, бұл шежіре “ресей мұсылмандарына өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймай, олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятуға тиіс” деп жазды18.
Дүниенің қай түкпірінде жүрсе де туған жерден қол үзбей, жолында кездескен барлық халықты түркі тілінде сөйлетіп, өнердегі мол мұрасынан өздеріне ескерткіш орнатып кеткен рухы биік Ұлы моғолдар мен қыпшақ-мәмлүк бабаларымыздың істері бүгінгі ұрпаққа үлгі және бүгінгі Түркістанның немесе түркі халықтарының болашағын анықтайтын сара жол болмақ.
Орта ғасырдағы Еуразия тарихында түрік-селжүктер құрған Осман империясының орыны ерекше. Орта Азиядан шыққан Санжар сұлтан бастаған түркілердің селжүк тайпасы XI ғасырда алдымен Иранның, одан кейін қазіргі Түркияның жерін басып алып өздерінің жеке мемлекетін құрды. Осман түріктері XV ғасырдың ортасында Византия астанасы Константинопольді басып алғаннан кейін Еуропаның тәуелсіздігіне тікелей қауіп төндіріп, Бұлғария, Молдавия, Венгрия, Албания жерлерін ғасырлар бойы бодандықта ұстады, Қара және Азов теңіздерінің солтүстігіндегі қамалдарды өздеріне қаратып, Италия мен Австрияның біраз бөлігіне билік жүргізді. Таяу Шығыстағы елдерді империяның құрамына күшпен кіргізіп, соғыста Египетті жеңгеннен кейін солтүстік Африканы биледі. Осман империясы Азия, Еуропа және Африкаға ғасырлар бойы үстемдік еткен бірден-бір мемлекет.
Осы ұлы мемлекеттен 1282 жылы оның негізін салған сұлтан Осман Ер Тоғрұл-оғлы, одан кейін Сүлеймен, Баязит, Мехмед сияқты ұлы қолбасшылар мен мемлекет қайраткерлері шықты. Осман империясы Шығыс пен Батысты құрлық арқылы байланыстырып тұрған “Жібек жолын” және Қара теңіз арқылы жүретін тауар жолдарын өз қолына алған соң еуропалықтар Үндістан мен Қытайға шығатын су жолдарын іздестіре бастады. Христофор Колумбтың мұхитта адасып жүріп Америка құрылығына тап болуы соның бір мысалы. Одан басқа саяхатшылардың да жаңа жерлерді табу тарихы дәл осыған ұқсас.
Х.Колумбтан 35,0-36,0 мың жыл бұрын Америка құрлығына Азиядан алғаш бара бастаған көне түркі тайпалары екені тарихтан белгілі180. Сондықтан Батыс үшін көне құрлық болып саналатын Еуропа, Азия үшін қай жағынан да жас құрлық екенін осыдан-ақ біле беріңіз.
Жаңа су жолдарының табылып, географиялық жаңалықтардың ашылуы, соған байланысты жаңа елдерді отарлау Батыс елдерінде тауар айналымын күшейтіп, өнеркәсібін дамытты. Феодалдық қатынастардың орнына капиталистік қатынастар қалыптасты. Ол кейін қоғамның барлық салаларын дамытқан ғылыми-техникалық төңкеріске ұласты. Сонымен қатар, Осман мемлекетінен төнген қауіп Еуропадағы бір-бірімен қырғиқабақ боп, басы қосылмай жатқан князьдықтардың бірігіп, осы құрлықтағы мемлекеттердің одақ құруына себеп болды.
Осман түріктерінің осыдан үш ғасырдан астам уақыт бұрын Суэц каналымен қатар Еділ мен Донды қосатын каналды салуды бастағаны, олардың инженерлік білім жағынан заманынан үш ғасырға озық тұрғанын және Еуразияның болашақ геосаясатын дұрыс болжаған көрегендігін көрсетеді.
Түркі халықтарының тарихында X-XVІІI ғасырлар, ғылым мен мәдениеттің шарықтап, адамзат өркениетінің дамуында зор үлес қосқан кезеңі болды.
Адамзаттың бай қазынасы “Оғыз наме”, “Гесер”, “Манас”, “Алпамыс” және осы сияқты ондаған мың, жүздеген мың жолдан тұратын әлемдегі ең көлемді эпикалық дастандарды тудырып, оны түгелдей жатқа айту тек түркі шайырларының ғана қолынан келеді. Жиырма екі мың жолдан тұратын “Манас” дастанын бізге жеткізген сондай ұлы шайырдың бірі - қытайда тұрып жатқан жырау Жүсіп Мамай. Кезінде Янушкевич “даланың Цицерондары мен Демосфендері” деп атаған Ұлы даланың Көроғұлы, Марабай сияқты т.б. ұлы ақын-жыраулар түркі халықтарының, қала берді адамзаттың асыл қазынасы. Олар көшпенділер өркениетінің мұрасы – ондаған батырлық эпостармен қатар “Қырық қыз”, “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”, “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан” сияқты т.б. махаббат дастандарын жеткізді.
Соңғы жылдары Қазақстан жеріндегі археологиялық қазбаларда “Алтын адам” көптеп табылуда. Оған Есік қорғанынан табылған әлемге әйгілі “Алтын адамнан” басқа, 1999 жылы Алтайдағы Берел қорымынан табылған киімдері мен сауыт-сайманы түгелдей алтындалған б.д.д. VI-IV ғасырларда өмір сүрген батырдың, Жайықтың оң жағынан табылған Алтын Орда дәуіріндегі сауыты түгелдей алтындалған жауынгердің және Жайықтың сол бетіндегі орта ғасырдағы қаладан табылған алтындалған бекзаданың табылуы біздің бабаларымыз өздерінің құнын біліп, мәңгілікке “Алтын адам” болып кеткенін көреміз. Қазақ жерінен болашақта алтын адамдар әлі көптеп табылады. Себебі, Алтайдан алғаш алтынды тауып, басқаларға таныстырған және одан жасаған бұйымдарын өнердің шыңына шығарып, інжу - маржанына айналдырған басқа емес, тұрандықтар болатын.
Түркі халықтарының біртұтас ұлт ретінде қалыптасып дамуы Алтын Орда мен Ақсақ Темір империясының ыдырауынан кейін аяқталып, олардың әрқайсысы жеке мемлекеттер құрып өз беттерімен дами бастады.
Әлемнің қай түкпірінде жүрсе де Ер түркінің ұл-қыздары атамекені - Тұран немесе Түркістанды ұмытпай, Ана тілдерін ардақтап жүрген. Қасиетті Түркістан туралы ақын Мағжан Жұмабаев былай деп жырлайды:
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
………………………………………
Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,
Шалқыған шегі-шетсіз Теңіз, Арал.
Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің,
Бауырында дүние көрген түрік көкжал.
Ертеде Оқыс, Яқсарт –Жейхун,Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында,
Табасың қасиетті бабаң бейітін.
Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,
Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!
Еріксіз ер түрікті ойға аларсың,
Көкке асқан Хантәңіріге қарай-қарай.
Балқашта бауырына алған Тарбағатай,
Жоталы, жер кіндігі – Памир, Алтай.
Қазықұрт қасиетті тау болмаса,
Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай?
Тұранның жері де жат, елі де жат,
Құйындай бастан кешкен күні де жат!
Тұранды түгелімен билеп тұрған
Ертеде ертегі хан Афрасияб.
Ежелден жер емес ол қарапайым,
Білесің тарихты ашсаң Тұран жайын.
Тұранға қасиетті құмар болған,
Ертеде Қысырау мен Зұлқарнайын.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
..................................................................
Түріктің кім кеміткен музыкасын,
Фараби тоғыз шекті домбырасын?
Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,
Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!
Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?
Арыстан елге отан болған Тұран,
Тұранда қазағым да хандық құрған.
Қазақтың қасқа жолды Қасым ханы,
Тұранның талай жерін билеп тұрған.
Әділ хан аз болады Назардайын,
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен,
Басында Күлтөбенің Құрылтайын.
Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан,
Алаштың арыстаны –Абылай ері.
Шер батса кім іздемес туған елін,
Тұлпар да көксемей ме туған жерін?
Арқаның ардагері – қалың алаш,
Алаштың да, біле білсең, сенің жерің!
Ертеде Оқыс, Яқсарт- Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі-сол екі су жағасына,
Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін!
Тұтас педагогикалық үрдіс
1. . Білім – жалпыадамзаттық құбылыс
2. Білім - əлеуметтік қажеттілік
3. Білімнің жүйелілігі
4. Білім-педагогикалық процесс
5. Қазіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
Білім – жалпыадамзаттық құбылыс
Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім - жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже.
Категориялық тұрғыдан білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде танылады. XX- ғасырдың 60-жылдарынан адам, мораль, гуманизмге, жалпы субъектив жағдаяттар (фактор) проблемасына қызығушылық артудан, бұл категория философиялық деңгейде қарастырыла бастады. Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орнын аксиология ғылымы зерттейді.
«Құндылық» термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларды белгілеу, əрі сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан жəне субъектив болып ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатынастардың өнімі жəне олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына кіреді. Ал субъектив құндылықтар – бұлар бағалау –баға негізіне алынған өлшем-шектері (критерий), өрнек үлгілер, əлеуметтік стандарттар. Бұлардың бəрі идеялар, принциптер, мұраттар, іс-əрекет мақсаттары ретінде қоғамдық санада бекіп, ол сананың бағыт-бағдарын айқындап отырады.
Құндылық ретінде əлеуметтік ілгерілеумен (прогресс) байланысты ұнамды мəн-мағыналы оқиғалар мен құбылыстар ғана танылады. Əрқандай тарихи нақты қоғамдық формация əлеуметтік реттілікті қамтамасыз етуші, өзіне ғана тəн құндылықтар жиынтығына ие. Сол құндылықтарды танып меңгеру негізінде тұлға қалыптасады, қоғамда қабылданған тəртіптер жүйесі қолдау табады.
Адамзат дамуының əрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей, тұрақты қалпында сақталатын құндылықтар болады. Мұндай құндылықтар: өмір, бейбітшілік, еңбек, денсаулық, махаббат, əсемдік, шығармашылық жəне т.б. – адамзат қауымының гуманистік бастауы болған бұл категориялар мəңгілік, ешбір төңкеріс не идеология, саясат оларды жоюы мүмкін емес. Əр тарих кезеңде олар мəні қайта қарастырылып, жаңа көзқараспен басқаша бағалануы ықтимал.
Жалпы құндылықтар арасында педагогикалық құндылықтар өз алдына дербес топ құрайды. Олардың мəні тəрбиелеу жəне білім беру қызметінің ерекшелігі, оның əлеуметтік ролі жəне жасампаздық мүмкіншіліктерімен анықталады.
Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық дүниетаным, көзқарастар мен педагог қызметтері арасында жанама жəне тікелей байланыстырушы ретінде, əрі педагогикалық іс-əрекетті реттеуші талаптар (нормы) ретінде қабылданған.
Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы əлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарға тəуелді. Олар тарих желісінде қалыптасып, ерекше танымдық бейне жəне ұғымдар түрінде қоғамдық сана формасына енеді. Өмірдің əлеуметтік шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға, қоғам қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтар да ауысып барады.
Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дəлелі – көпшілік елдер Ата заңында келтірілген əрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл құқық əртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сəйкестендірілген нақты дəуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие.
Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі- мемлекеттің адами-инабаттық, ақыл-парасаттық, ғылыми-техникалық, рухани-мəдени жəне экономикалық мүмкіндіктерінің негізі – білімде. Осыдан, білімді ел- мықты, мызғымас ел.
Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен анықталады. Алайда, мемлекет жəне қоғам тарапынан болатын білім дамуына орай түсіністік пен ұмтылыс əрқашан сəйкес бола бермейді. Мысалы, осы күнгі ҚР он екі жылдық оқуға өту – мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан түсінбеушілікке ұшырауда.
Білім - əлеуметтік қажеттілік
Əрқандай адамзат қауымдастығының шарты – оның мүшелігін мойындаған əр тұлға сол қауымның нақты табиғи жəне əлеуметтік-тарихи жағдайларына байланысты қалыптасып, қабылдаған құндылықтарын мойындап, қылық-əрекет талаптарына бой ұсынады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім - өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық –тарихи құбылыс, оның мəн-жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым аз-ақ.
Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің “Bildung”-”бейне” сөзі негізінде пайда болған əрі оның бұл күндегі көпшілік таныған анықтамасы келесідей: кейбір идеалды бейнелерге саналы бағытталған, тарихи шарттарға тəуелді қоғамдық санада түбегейлі əлеуметтік өрнек – эталонға сай бекіп, жүзеге келетін тұлғалық жəне рухани қалыптасу мен əлеуметтену процесі.
Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен жеке индивидтер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасады. Осыдан да ол ең алдымен əлеуметтік құбылыс.
Білімнің əлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен əлеуметтік тəжірибені ұрпақтан-ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік əрекеттерінен өз алдына бөлініп жəне тəрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кəсіби адамдардың пайда болу дəуірінен басталады. Дегенмен, мəдениетке мұралық ету əлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал-тəсілі ретінде білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек əрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өркениет жолында өз өрісін тауып келеді.
Алғашқы қауым сатысында балалардың қоғам өміріне бастапқы араласу заңдылықтарын зерттеген ғалымдардың топшылауынша, ол дəуірдегі білім игеру процесі қоғамдық өндірістің нақты іс-əрекетіне тікелей араласу нəтижесінде атқарылатын болған. Оқу мен тəрбие, мəдени құндылықтарды əулеттен əулетке жеткізу қызметтерін орындау əрбір ересектің борышты міндеті есептелген де, ол міндет балалардың еңбек жəне əлеуметтік іс-əрекеттерге тікелей араласып отыруының арқасында шешімін тауып отырған.
Қоғамның əрбір ересек мүшесі күнделікті тіршілік процесінде педагог қызметін атқаратын болған, ал кейбір дамыған қауымдарда (Колумбия, ягу тайпасында) бұл жүктемені, яғни жас балаларды тəрбиелеу негізінен жасөспірімдерге тапсырылған. Қандай жағдайда да білім қоғам өмірінен ажыралмай, оның ажыралмас бірлігіне айналған. Балалар үлкендермен бірге қорек тауып, ошақ-отбасын қорып, еңбек құралдарын жасай отырып, білік,өнеге үйренген. Əйелдер қыздарын үй шаруашылығына үйретіп, бала бағуға баулыған, ал ер адамдар ұлдарын аңшылыққа, қару-жарақ ұстауға, пайдалануға тəрбиелеген. Жастар аға ұрпақ өкілдерімен бірге жүріп, жануарларды қолға үйреткен, көкөніс өсірген, сонымен бірге бұлттар мен аспан денелерінің қозғалысына ден қойып, табиғат сырларын таныған, табысты аңшылық, əскери жеңістерге қуана асыр сала билеп, əн шырқаған, тайпаластарының бақытсыздығы мен ашаршылығын, жеңілістері мен күйреулерін бірге басынан өткізіп, налыған да жабырқаған. Осыдан адам білімденуі комплексті іске асып, өмір бойы үздіксіз дамуда.
Қоғамдық қатынастар шеңберінің өрістеуі, тіл мен жалпы мəдениеттің дамуы жас ұрпаққа өткізілуі тиіс ақпарат пен тəжірибенің молыға түсуіне жол ашты. Бірақ оны игеру мүмкіндіктері шектеулі болды. Осы қарама-қарсылықтың үйлесімді шешімі білім топтау мен көпшілік арасында таратуға арналған арнайы əлеуметтік құрылымдар мен əлеуметтік (институт) мекемелердің түзілуіне байланысты болды.
Əлеуметтік құбылыс ретінде танылған білім – ең алдымен шынайы қоғамдық құндылық. Əрқандай қоғамның адамгершілік, интеллектуал, ғылыми-техникалық, рухани-мəдени жəне экономикалық мүмкіндіктері білім беру саласының даму деңгейіне тəуелді. Алайда білім қоғамдық - тарихи сипатта бола тұрып, өз кезегінде, əлеуметтің білімдену функциясын іске асырушы қоғамның тарихи типіне байланысты. Əр дəуір білімі сол кезеңдегі əлеуметтік даму міндеттерін, қоғамдағы экономика мен мəдениет деңгейін, саяси жəне идеологиялық талаптар сипатын аңдатады. Себебі аталған факторлардың ортасында қоғамдық қатынастар субъекті болған педагогтар мен оқушылар тұр.
Сонымен, білім – салыстырмалы дербес жүйе. Оның қызметі – нақты ғылыми біліктерді, идеялық-ізгілік құндылықтарды, ептіліктер мен дағдыларды, əрекет-қылық нормаларын игеруге бағытталған қоғам мүшелерінің тəрбиесі мен оқуын іске асыру. Ал бұлардың бəрінің астарында болатын мазмұн нақты қоғамның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси құрылымы мен оның материалды –техникалық деңгейімен айқындалып барады.
Білімнің жеке тұлғалық құндылығы əрбір адам үшін өз алдына бөлек. Əсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді.
Білім, əлеуметтік-қажеттілік болумен бірге біршама қызметтер атқарады. Ғалымдардың пайымдауында (Н. В. Берковский, А.А. Реан) білім қызметтері төмендегідей:
адамның ғылым жəне мəдениет əлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел жолы. Бүкіл дүние қазіргі таңда əлем жəне барша планета азаматын тəрбиелеуге ұмтылыс жасап, білім аймағында барлық күш- қуатын топтастыруда. Дүниежүзілік білім кеңістігі жедел дамуда. Сондықтан да əлем қауымдастығы адамның жасайтын орны не елі, білім игеру типі не деңгейіне тəуелсіз жаhандық білім стратегиясын қалыптастыру талаптарын алға тартып отыр;
тұлғаның əлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тəсілі. Адамдардың идеологиялық көзқарасы мен талғамдарының, əлеуметтік танымдарының, мұраттары мен тіршілік климаттарының түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан заманда білім қайта жаңғырту мен тарихи жəне əлеуметтік тəжірибені əулеттен əулетке өткізу процесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа саяси жəне экономикалық жағдайларды, қоғам жəне мəдениет дамуын жаңа бағыттарын жас ұрпақ санасына ендіріп, бекітуге жəрдемдеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтандыру қызметіне бола , адам жаңа өмір салттары мен тіршілік шарттарына икемделіп, бейімделеді.
адамның қоғамдық жəне рухани өмірін , сонымен бірге жалпы халықтық рухани сана қалыптастыру тетіктері: Білім беру жəне тəрбиелеу мекемелері белгілі дəуір адамының əлеуметтік- мəдени іс-əрекеттерінің ең жоғары өрнек - үлгілерін шоғырландырады. Осыдан білімнің əлеуметтік құндылығы білімді де ізгілікті қоғам адамының маңыздылығымен өлшенеді. Білімнің адамилық (гуманистік) құндылығы əрбір жеке тұлғаның танымдық жəне рухани қажеттерінің даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Біртұтас білім жүйесінің барша түрлері мен деңгейлерінде елдің интеллектуал жəне рухани- инабаттық мүмкіндіктері жинақталып, даму жолына түседі.
мəдени қалыпқа енген жеке мінез-құлық жəне қимыл- əрекет үлгілері мен қоғамдық өмірдің бекіген формаларының ауысып (трансляция) баруы. Оқу жəне тəрбие барысында адам өркениет дамуына қажет əрі мəдени-тарихи маңызы бар əлеуметтік- мəдени нормаларды игереді, атап айтсақ, олар: адамның əлеуметтік топтар мен өндірістегі, отбасы мен қоғамдық орындардағы, сонымен бірге ортақтасу, жеке тұлғалық жəне іскерлік қатынастардағы моральдық жəне ізгілік талап өлшемдері.
аймақтық жүйелер мен ұлттық салт-дəстүрлердің даму əдісі. Кейбір аудан тұрғындарының ерекшелігі педогогикалық міндеттерге өзіндік өң береді. Жастардың қала не ауылдың рухани өміріне енуі осы білімнің арнасында өтіп жатады. Аймақтық білім жүйесінде бұқара халық арасындағы əрқилы əлеуметтік топтардың сұраныстары ескеріледі.
тұғырлы мəдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттарын бірден бірге өткізіп тұрушы жəне іске асырушы əлеуметтік институт (ресми құрылым, мекеме). Əлеуметтік институттар жас ұрпақты бүгінгі қоғамда дербес жасауға мақсат бағдарлы дайындау жұмыстарын іске асырып барады.
жеке адам мен қоғамдық өмірдегі мəдени ауысулар мен қайта түрленудің белсенді үдеткіш күші.
Білімнің жүйелілігі
Жүйе ретінде білім – бұл өзара ұштасқан білімдену бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандартының жиынтығы əрі оларды іске асырушы білім мекемелері мен білімді басқару органдарының торабы.
Еліміздегі осы заманғы білімдену жүйесі Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған « Білім туралы заңына» сəйкес құрылады. Бұл Заң білім саласындағы келесідей мемлекеттік саясат принциптерін белгілеп берді. Олар:
білімнің адамилық (гуманистік) сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың , адам өмірі мен салауаттылығының, тұлғаның еркін дамуы, азаматтық сезім жəне Отанға деген сүйіспеншілік тəрбиесінің басымдылығы принципі;
аймақтық мəдени жəне білім кеңістіктерінің бірлігі, білім жүйесі арқылы көп ұлтты мемлекет жағдайында ұлттық мəдени құрылымдар мен аймақтық мəдени салт-дəстүрді қорғау принципі;
жалпы халықтың білімге теңдей қол жеткізе алуы, білім жүйесін оқушы-тəрбиеленушілердің даму деңгейлері мен ерекшеліктері жəне дайындығына икемдестіру принципі;
мемлекеттік, жеке меншік білім мекемелеріндегі оқудың зайырлылық (светский) сипаты;
білім жүйесіндегі еркіндік пен əрқилы пікірлер сиыстығы (плюрализм) принципі;
білім басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты, білім мекемелерінің дербестігі принципі.
Заң өзіндік сипаттарымен, əсіресе, деңгейі жəне кəсіби бағыттарымен ажыралатын білім мекемелерінің құрылымын анықтап береді.
Қазіргі қалыптасып жатқан білім жүйесінде білім мекемелерінің төменде көрсетілген типтері белгіленген:
- мектепке дейінгі: ясли, бала бақшалар;
- жалпы білімдік (бастауыш, жалпы, негізгі жалпы, орта(толық) жалпы білім) : мектептер, гимназиялар, лицейлер, т.б.
- бастауыш кəсіби (училищелер), орта кəсіби (техникумдар, колледждер), жоғары кəсіби (институттар,университеттер,академиялар) жəне ЖОО-дан соңғы кəсіби (аспирантура жəне докторантура, курс-тар, біліктілік көтеру жəне қайта дайындау институттары) білім мекемелері;
- дамуында ауытқуы бар оқушыларға арналған арнайы (түзету –коррекциялық) оқу мекемелері; көруі мүкісті жəне зағиптар, естуі мүкісті жəне кереңдер , ақыл- ес дамуы кемістер, есі ауысқандар жəне т.б. мектептері:
- қосымша білім мектептері: əн-күй, өнер, спорт мектептері, шығармашылық орталықтары, жас техниктер мен туристер станциялары жəне т.б.;
- жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларға арналған мекемелер: интернаттар, балалар үйі;
- білімдену процесін іске асырушы басқа да мекемелер.
Ұйымдасу – құқықтық формалары бойынша білім мекемелері мемлекеттік, мунициалды жəне мемлекеттік емес (жеке меншік, қоғамдық мекемелер мен діни ұжым оқу орындары) болуы мүмкін.
Жеке тұлға қажеттері мен мүмкіндіктерін ескеруге орай əрқилы білім алу формалары: оқу орнында (күндізгі, күндізгі-сырттай(кешкі), сырттай оқу формалары), отбасылық оқу формасында, өзіндік оқу, экстерін оқуы.
ҚР «Білім туралы Заңына» орай білім жүйесіне оқу мекемелері мен олардың іске асырып баруы тиіс білімдік бағдарламалар жəне стандарттар кіреді. Бағдарламалар қажетті деңгейдегі жəне бағыттағы білім мазмұнын анықтайды. Қазақстан Республикасында жалпы білімдік (негізгі жəне қосымша) жəне кəсіптік (негізгі жəне қосымша) болып ажыралған жалпы білім бағдарламалары бойынша оқу, білім процестері жүргізіледі.
Жалпы білімдік бағдарламалардың міндеті тұлғаның жалпы мəдениетін қалыптастыру, жеке адамды қоғам өміріне бейімдеу, кəсіби білім бағдарламаларын саналы таңдау мен игеру негіздерін қалау.
Кəсіби білім бағдарламалары кəсіби жəне жалпы білімдік деңгейлерді бірізді көтеру міндеттерін іске асыруға , белгілі талаптарға сəйкес мамандар дайындауға бағытталады.
Осы заманғы білім жүйесінің аса бір көзге түсетін ерекшелігі –білім жүйесін басқарудың мемлекеттік формасының мемлекеттік – қоғамдық формаға біртіндеп ауысуы, мұндай басқарымның мəні- білім проблемасын мемлекет пен қоғам мүдделерін үйлестіре жасау үшін осы екі жүйенің бірлікті күш- қуат жұмсау қажеттігі.
Білімнің мемлекеттік сипатын елде ҚР «Білім туралы Заңына» сай жүріп жатқан білім саласындағы біртекті мемлекеттік саясат айқындайды. Оның ұйымдасу негізі- нақты уақытқа арналған жоғары заң шығарушы билік қабылдаған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама мазмұны, бір жағынан, мемлекеттік саясаттың жалпы принциптерімен анықталса, екінші жағынан, замандық бағыт-бағдар жəне болашақ даму жағдайларын ескерумен білім жүйесіне жасалатын объектив талдаулар нəтижелерімен белгіленеді.
Білім кеңістігінде мемлекет саясатын бірізді асырып бару үшін мемлекеттің білім басқару- республикалық, облыстық, аудандық - органдары түзіледі. Елдегі басқару құрылымдары- білім жəне ғылым министрлігі , облыстық оқу департаменттері жəне аудандық оқу бөлімдеріне бөлінген.
Білім жүйесін басқарудың мемлекеттік органдары құзырына төмендегідей міндеттер жүктеледі:
- білім бағдарламалары мен стандарттарын дайындау, стандарттар негізі білім бағдарламаларын міндетті білімнің ең аз педагогикалық ықшамдалған (минимум) көлемін, оқушыларға арналған оқу жүктемесінің ең жоғары (максимум) ауқымын, түлектер дайындығына қойылатын талаптарды белгілейді;
- оқу мекемелері мен оқушыларды аккредитациялайды жəне аттестациялайды;
- білімдік құрылым бірліктерін қалыптастырады;
- білім мекемелері торабының дамуын қамтамасыз етеді жəне болжастырады;
- білім жүйесіндегі бюджеттік жəне қаржылық қызметтерде ҚР заңдарының орындалуын қадағалайды.;
- бүгінгі таңда білімді басқару жүйесі бір орталыққа тəуелділігінен босатылған, яғни республикалық органдар дамудың стратегиялық бағыттарын береді де, ал жергілікті мекемелер нақты ұйымдастыру, қаржылық, мамандар жəне материалдық қамтамасыз ету мəселелерін шешеді. Мемлекеттік басқару көздерімен бірқатар мұғалімдер мен оқушылар ұжымдарының өкілдері, ата-аналар мен əлеумет белсенділерінен жасақталған қоғамдық басқару органдары да жұмыс алып барады.
Білім- педагогикалық процесс
Білім –бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.
Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық процесс – бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.
Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-əлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты- қоғамның əлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске əлеуметтік тəжірибе ұсынылады, əрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат бағдарлы ұйымдастырылған іс-əрекеттер жəрдемімен, тəрбиелеуші жəне тəрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шəкірттер санасына, еркі мен көңіл-күйіне жүйелі əсер етумен орындалып жатады.
Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері- бұл оқу жəне тəрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі, тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады. Өз кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-əрекет процестерінен құралады: оқу-оқыту жəне бұдан туындайтын өзіндік тəрбие.
Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:
- ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру);
- тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі);
- дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі);
- аксиологиялық (тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру);
- əлеуметті икемдестіру (тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу).
Педагогикалық процестің құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады: 1) педагогикалық процеске қатысушылардың субъективті құрамы, 2) іс-əрекеттік құрамы.
Педагогикалық процестің субъекттері - тəрбиеленуші жəне тəрбиелеушілер. Бұлардың құрамы сан қилы. Мысалы , тəрбиеленушілер қатарында алты жастан алпыс жасқа дейінгі сəбилер мен қариялар; ал тəрбиелеушілер сапында ата-аналарды, кəсіби педагогтарды тікелей тəрбиеші субъекттер деп білсек, бұқаралық ақпарат құралдарын, салт-дəстүр, дін, тіл, табиғат жəне с.с балаға ықпал жасайтын барша əлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың бəрін жанама да, тікелей де тəрбиеші деп танығанымыз жөн.
Педагогикалық процесс субъекттерінің өзара байланысты іс-əрекеттерінің соңғы нəтижесі – тəрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тəжірибені игеруі.
Педагогикалық процестің іс-əрекеттік (процессуалды) құрылымында төмендегідей бірліктер ажыралады:
Педагогикалық процесс қозғалысы (динамика) педагогикалық процестегі кейінгі өзгерістердің мөлшері алдағы кезеңдердің өзгерістер өлшеміне тəуелді. Қолға түскен жетістіктер неғұрлым жоғары болса, нəтиже де соғұрлым салмақты келеді. Бұдан шығатын қорытынды - педагогикалық процесс педагог пен тəрбиеленуші арасындағы дамып барушы ықпалдастық ретінде бірізді «сатылық» сипатқа ие. Осы заңдылық салдары: аралық нəтижесі жақсы болған оқушы жалпы жетістіктерінде де жоғарылау көрсеткіштерге ие болады;
- педагогикалық процесте тұлғаның дамуы педагогикалық процесс, тұлға дамуының арқауы. Тұлғаның даму қарқыны мен жетілген деңгейі нəсілділікке, тəрбие жəне оқу ортасына, оқу-тəрбиелік іс-əрекеттерге жегілуіне, қолданымдағы педагогикалық ықпал жабдықтары мен тəсілдеріне тəуелді;
- оқу-тəрбие процесін басқару педагогикалық процестің тиімділігі тəрбиеленушілер мен тəрбиешілердің арасындағы кері байланыстың жеделдігіне, сондай-ақ тəрбиеленушілерге жасалған реттеуші ықпал əсердің шамасы, сипаты жəне негізділігіне орайлас келеді;
- ынталандыру: Педагогикалық процестің өнімді болуы оқу-тəрбие қызметтерінің ішкі ықпалдарына (стимулдарына) жəне сыртқы (қоғамдық, педагогикалық, моральдық, материалдық) жəне т. б. ықпалдардың əсеріне байланысты болады;
- педагогикалық процестегі сезімдік, логикалық жəне іс-тəжірибелік элементердің бірлігі. Оқу-тəрбие процесінің тиімділігі сезімдік қабылдау, қабылдағанды қисынды тоқу, тоқығанды іс-тəжірибеде қолдана білу шарттарына тəуелді;
- сыртқы (педагогикалық) жəне ішкі (танымдық) іс-əрекеттің бірлігі. Педагогикалық ықпал нəтижелілігі педагог қызметінің сапасына қалай байланысты болса, тəрбиеленушінің өзіндік оқу танымдық іс-əрекеттерінің сапасына да соншалықты тəуелді келеді;
- педагогикалық процестің себептілік негізінің болуы. Оқу тəрбие процесінің жүрісі мен нəтижесін алдын ала анықтап отыратын жағдаят- қажеттілік, сондай-ақ тұлға мен қоғам мүмкіндіктері (материалды-техикалық, экономикалық жəне т.б.), процестің оқыту, орындалу (моральдық-психологиялық, санитар-гигиеналық жəне т.б.) шарттары.
Жоғарыда аталған жəне басқа да заңдылықтар негізінде педагогикалық процесс принциптері- (яғни, кейбір ереже, ұсыныстарға орай) нақтыланып баратын оқу мен тəрбиеге бастау, жетекші талаптар анықталады (оқу мен тəрбие принциптері кітаптың келесі бөлімінде қарастырылады).
Қай педагогикалық процесс болмасын, -өз дамуының белгілі бір ізділігіне сəйкес кезеңдерге бөлінеді. Олар :
- дайындық кезеңі,
- орындау (негізгі) кезеңі;
- нəтижелер талдауы(қорытынды) кезеңі.
Қазіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында əлем қауымдастығының басқа да елдеріндегідей білім жүйесін жаңарту жəне дамыту мақсаттарында ұланғайыр реформалау шаралары қолға алынып жатыр. Осы заманның білім жүйесін реформалаудың басты бағыттары төмендегідей:
- білімді адамиластыру(гуманизациялау);
- оқуды үздіксіз жүргізу бағыт-бағдары;
- білім технологиясындағы пəн аралық бірігім-байланыстарды (инеграция)іске асыру;
- оқу процесін компьютерлестіру жəне технологизациялау;
- білім берудің ақпараттандыру формасынан проблемдік, ғылыми ізденіс, оқушылардың өзіндік жұмыстарын кең қамтитын оқудың белсенді əдістері мен формаларына өту;
- оқу желісінде мұғалімнің оқыту жұмыстарынан гөрі оқушылардың танымдық іс-əрекеттеріне көбірек мəн беру;
- оқу-танымдық процесін ұйымдастыру мен сол процесті басқаруда жоспарлы қадағалау, қатаң бағдарластыру тəсілдері орнына оқудың дамытушылық, белсенділік көтеру, жеделдестіру мүмкіндіктерін мейлінше тиімді пайдалану;
- білімнің дамытушылық жəне азаматтық баулу қызметтерін назарда ұстау. Қазақстан мектебінің 2005-2010 жылдардағы даму бағдарламаларында белгіленген аса маңызды мəселе- азаматтық, дербестік, жеке жауапкершілік, қоғамға қызмет ету құндылығын түсіну, демократиялық қоғам құру проблемаларын шешуде ынтымақ сезімін тəрбиелеу.
Қазақстан білім кеңістігінде қалыптасып жатқан осы заман білімін реформалау бағыттары жалпы əлемдік бағдар мен үндес келіп, іске асырылуда.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Білім» түсінігінің мазмұндық тұрғыдан негізгі мағыналары қандай?
2. Мəдениет адамның бейімделуіне алғы шарт əрі нəтиже деген пікірді қалай түсіндірер едіңіз?
3. Білімге əлеуметтік құбылыс ретінде сипаттама беріңіз.
4. Осы заман білімінің негізгі қызметтерінің мəнін ашып беріңіз.
5. Біртұтас педагогикалық процесс түзілуінің негізгі кезеңдері қандай?
№6 дәріс
Тақырыбы: Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
Жоспары:
1.Ерте ортағасырда Еуропадағы білім берудің ерекшеліктері. Катехумендер мектептері. Кафедралды немесе собор мектептері. Монастырлар.
2.Ортағасырдың (XI-XIII ғғ.) даму кезеңіндегі тәрбие мен білім беру. Ортағасырдың дамуындағы әр түрлі деңгейдегі оқу мекемелерінің өзіндік жүйесі.
3. Қайта өрлеу (ХIV-XVI) дәуіріндегі педагогикалық ойлар: Л.Бруни, Л.Валла, Л.Альберти – «азаматтық ізгілік» өкілдері; Томас Мор, Томмазо Кампанелла – утопис-ойшылдар. В.Фильтре, Г.Гуарини және т.б. педагогтардың педагогикалық іс-әрекеттері.
4. XVII-XVIII ғғ. еуропалық елдердегі ағартушылық XIX-XX ғғ. мектеп және ағартушылық.
5. XIX жүз жылдықтағы классикалық педагогика: И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистервег және т.б. Шетелдегі білім берудің қазіргі тенденциялары.
Ортағасырлық дәуiрдiң басы Батыс Еуропадағы Рим империясының құлауымен байланыстырылады. Оның өрбу кезеңдерi V ғасырдан бастап Х ғасыр – ерте ортағасыр, ХI-ХIII ғ. ғ. – дамыған орта ғасыр, яғни Қайта өрлеу дәуiрi деп бөлiнедi. Ерте ортағасырдағы шiркеу мәдениетiнiң дамуы жүйелi бiлiм беру iсiне, мектептiң пайда болуына тiкелей ықпал жасады. Бұл кезеңдегi бiлiмнiң ұстаған бағыты – шiркеудiң догмалық идеяларын тарату болды. Бiрiншi рет шiркеу оқу бағдарламасын дайындау қажеттiлiгiн, онда христиан дiнiнiң қағидаларын оқыту мәселесiн көтерген философ және кейiнгi антикалық дiнтанушы Аврелий Августин (Блаженный Августин (353-430 ж.ж.)) едi. VII ғасырдың басында Ұлыбритания мен Ирландияда монахтардың белсендiлiгi арқасында алғашқы шiркеу мектептерi ашылды. Монастырлық мектептерде бiлiм мазмұны Августиннiң шығармалары негiзiнде құрылды. Сонымен бiрге монастырь жанындағы мектептерде ежелгi қолжазбалар сақталғандықтан, олар оқу құралдары ретiнде пайдаланылды. Оның бiлiм бағдарламалары әлемдiк бiлiмдермен толықтырылып, христиан дiнiн уағыздауға көмегi тиетiн пәндер: тiлдердi игеру, тарих, диалектика, риторика, математика негiздерi оқытылды.
Мектептерде А.Августиннiң философиялық iлiмдерiмен қатар, христиан дiнiне сай келетiн Платон және оның шәкiрттерiнiң шығармалары оқытылды.
Ерте ортағасырдағы монастырлық және кафедралық мектептердегi адамгершiлiк тәрбиеге ерекше назар аударылды. Дiни тақырыптарға байланысты сұрақ-жауап түрiнде әңгiмелесу, дiни шығармаларды оқу, дiндi уағыздау басты орын алды.
Ерте ортағасыр мектептерiндегi оқыту үш түрлi негiзгi деңгейге бөлiндi: бес жыл бойы бастапқы деңгейде оқу, жазу, есептеу, ән айту пәндерi оқытылды; орта деңгейде – латын грамматикасы, риторика және диалектика; жоғары деңгейде – “жетi ерiктi өнер” және арифметика, геометрия, астрономия, музыка пәндерi оқытылды.
Монастырлық мектептердiң шарықтау шегi IХ ғасырдағы франк королi ұлы Карлдың басқару кезеңiмен ұласады, оның жарлығымен әр шiркеу жанынан мектептер ашылды.
Франк королi ұлы Карлдың мектеп реформасын iс-жүзiне асыруға үлес қосқан қайраткерлердiң бiрi – ағылшын-саксон ғалымы Туре Коласнидағы (Франция) монастыр мектебiнiң жетекшi қызметкерi Альбин Алкуин (735-804 ж.ж.) болатын.
Жазған еңбектерi iшiнен “Ғылымды зерттеу жайлы хат” шығармасында жалпыға бiлiм беру және оған мұғалiмдер даярлау мәселелерiн көтерiп, антикалық бiлiм беру жүйесiнiң ұмытылып бара жатқанын, алдыңғы қатарлы елдердiң мәдени жетiстiктерiн бiлуге, олардан үлгi алуға талпыну қажеттiлiгiн дәлелдедi.
Монастырлық мектептерде антикалық, эллиндiк, римдiк дәуiрлердегi классикалық шығармалар оқылды. Сөйтiп, ұлы Карлдың басқару кезеңi тарихқа Каролингтiк Ренессанс кезеңi деп ендi.
Каролингтер ұрпақтарының соңғы ел басқаруының дәуіріндегі мектеп жұмыстарына көңiл аудармаудан барып ағарту iсi төмендеп кеттi. Ерте ортағасырдағы мектептердiң ХI-ХIII ғасырларда антикалық даму бағытының өзгеруi дамыған ортағасыр кезеңiнде Батыс Еуропада саяси ортақталынған билiк монахтардың қолдарында шоғырлануына байланысты болды. Қоғамның саяси және рухани өмiр тiршiлiгiнде дiни философияның жаңа түрi – схоластика өмiрге ендi. Схоластика Аристотельдiң формалды логикасына және құдайға табынуға бағдарланған мәдениеттiң жаңа типiн жасауға ұйтқы болды. Бұл бағдардың тұрақтануында басты рөл атқарған белгiлi философ және дiндар Фома Аквинский (1225-1274 ж.ж.) болатын.
Ол өзiнiң шығармаларында шiркеу дәстүрiне жаңаша сипаттама беруде, бiлiмдi құдайға сенумен ұштастырғанда Аристотельдiң этикасына сүйендi. Көптеген жылдар бойы Ф.Аквинскийдiң шығармалары жоғары типтi еуропалық мектептерде құдайға құлшылық ету пәнiн оқытуда негiзгi құрал ретiнде пайдаланылды.
Схоластиканың дамуы және оған оқу орындарының бейiмделуi ескi шiркеу мектептеріндегi бiлiм беру деңгейiн әлсiреттi, оларда оқылатын грамматика мен риторика пәндерi формалды логикамен, жаңа латын тiлдерiмен алмастырылып, сабақ кестесiнен ығыстырылды.
Мектептердегi оқу 6-8 жылдарға созылып, алғашқы екi жылда оқушылар аздап философияны оқыса, келесi екi жылда құдайға құлшылық ету, шiркеу тарихы мен құқығы, қалған екi жылда құдайға табыну тереңдетiле оқытылады. Тыңдаушылар 13 жыл оқудан кейiн бакалавр дәрежесiн алып, одан әрi құдайға табыну магистрында оқуларын жалғастырады.
Ортағасырлық университеттер бiрнеше заң, медициналық және құдайға табыну сияқты факультеттерден құралды, жоғары бiлiмдi ғалымдарды даярлап, оларды өздiктерiнен бiлiмдерiн жетiлдiруге, ғылымды дамытуға үлес қосуға талаптандырды.
Дүниежүзi мәдениетi мен педагогикалық ойлардың тарихында ерекше орын алатын кезең – кейiнгi Еуропалық ортағасыр, яғни гуманистiк идеяларды дәрiптеген Қайта өрлеу дәуiрi (ХIҮ ғ. аяғы ХҮII ғ. басы) деймiз.
Еуропаның зиялы қауымы жер бетiндегi басты құндылық – адам, адамның бойындағы жақсы қасиеттердi дамыту үшiн тәрбиенiң жаңа формалары мен әдiстерiн пайдалану қажет деп есептедi. Қайта өрлеу дәуiрiнiң жаңа идеологиясы әрбiр адам өзiне сенiп, өзiнiң күш-қуатына, ақыл-парасатына сүйенуi тиiс деген пiкiрдi ұстанды.
Гуманистiк педагогика көптеген мемлекеттердiң ұлттық сана-сезiмдерiнiң оянуына байланысты тамырын кең жая бастады. Педагогикалық ойлардың жандануына объективтiк жағдай - өнер, әдебиет, ғылыми бiлiмдердiң қарқынды дамуы бiрден-бiр себепшi болды. Мәдениет пен бiлiмнiң кеңiнен тарауы ХҮ ғасырдың орта шенiнде қоғамды кiтап басуға, өнертапқыштыққа бет бұрғызды.
Гуманистер антикалық Греция мен Римнiң мәдениетi мен бiлiм беру дәстүрлерiн қайта жандандыруға, оларға ұқсап бағуға ұмтылған гуманистер өз мезгiлiн “Қайта өрлеу” деп атады. Сондықтан да Италияның өзiн де еуропалық қайта өрлеу бесiгiне жатқызамыз .
Х-ХI ғасырлардағы Италияндық гуманистер Л.Альберти (1404-1472), А.Бруни (1370-1444), В. да Фельтре (1378-1446), Б.Гуарини (1374-1460), т.б. азаматтық тәрбие идеясын, денесi мен рухы дамыған, еңбектану iс-әрекетiнде тәрбиеленген жастарды қалыптастыруды ұсынды. Олар грек-рим классикалық мәдениетiн тыңғылықты зерттеп, құнды педагогикалық идеяларды жастарды тәрбиелеуге пайдалануды алдарына мақсат етiп қойды.
Италияндық ойшылдар Квинтиллианның педагогикалық идеяларын үлгi ретiнде қабылдады. Қайта өрлеу дәуiрiндегi италияндық гуманистер арасындағы римдiк педагогикалық идеяларды қолданушылардың бiрi – Томазо Кампанелла (1568-1639) болды. Ол жазған бiрнеше трактаттарының iшiндегi педагогикалық мәселелердi көтерген еңбегi – “Күн қаласы” атты шығарма болатын. Оның трактаттарындағы басты педагогикалық идея – кiтапты жаттау емес, кең энциклопедиялық бiлiмдiк, баланың табиғи ерекшелiгiн ескеру, бейiмiн арттыру.
Күн балалары ғылыммен айналысып, тарихты зерттеп, дәстүр мен әдет-ғұрыпты ұстаулары тиiс. Күн қаласы балаларды әсемдiктi, адамдағы табиғи сұлулықты, өнерге деген сүйспеншiлiктi тәрбиелеуге бағыттайды. Мақсатты тәрбиелеудiң арқасында күн балалары дене-күшi мығым, сырт пiшiнi сымбатты болды. Мемлекеттi басқару iсiне Кампанелла өте бiлiмдi, алғыр, алдын болжай алатын азаматты тартуды ұсынды.
Ол мектепте қыздар мен ұлдарды бiрге оқыту, оқу, жазу, математика, тарих, география және жаратылыстану пәндерiн меңгерту, оларды қолөнерiне үйретумен қатар гимнастика, жүгiру, диск лақтыру, әртүрлi қимыл-қозғалыс ойындарымен шұғылдану қажет дедi. Мәселен, бала жетi жасқа дейiн ана тiлi мен гимнастикамен айналысса, 7-10 жас аралықтарында жаратылыстану ғылымымен, ал 10 жастан бастап математика, медицина және басқа ғылымдармен танысуға тиiс.
Оқу құралы ретiнде ол ғылыми танымдар қысқаша және түсiнiктi байымдалған “Даналық” оқулығын пайдаланды.
Кампанелла балаларды мiндеттi түрде қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру қажет, олардың шеберханаларда және егiс даласындағы алған практикалық әдет-дағдылары, еңбек құралдарымен жасалған жұмыс нәтижелерi, оларды өмiрге дайындайды деп тұжырымдайды.
Италиядағы қайта өрлеу идеялары көршiлес Франция мемлекетiндегi мектептерде пайдаланыла бастады. Париж университетi гуманизм идеясын таратушы орталыққа айналды. Сөйтiп гуманизм идеясы Орталық және Солтүстiк Еуропада жайыла бастады.
Француздардың қайта өрлеу дәуiрi өкiлдерi арасынан шыққан белгiлi ағартушылар Франсуа Рабле (1494-1553 ж.ж.) және Мишель Монтень (1553-1592 ж.ж.) педагогикалық ойлар мен мектеп практикасын дамытуға мол үлес қосты. Мысалы, Ф.Рабле ортағасырлық тәрбие және бiлiм жүйесiн сынады, гуманистiк тәрбиенiң мұратын жоғары бағалай келiп, оның мақсаты – жеке тұлғаны рухани және дене күшiн дамыту жағынан жан-жақты болуы керек деп есептедi.
Ф.Рабленiң “Гаргантюа” романындағы кейiпкерi – Гаргантюаны күштi, жан-жақты тәрбиеленген және бiлiмдi адам ретiнде қалыптастыруға тәрбиешiсi мүмкiндiктердiң бәрiн қолдануға ұмтылады, кiтап оқытып, оның мазмұнын талдау әңгiме түрiнде жүргiзiлiп, Гаргантюаның адамгершiлiк сана-сезiмiн оятуға талаптанады. Ол латын тiлiн, арифметика, геометрия, астрономия, музыканы оқытуды ойын түрiнде ұйымдастырады. Оқу сабақтары ойынмен алмастырылып, роман кейiпкерi таза ауада дене шынықтырумен және гимнастикамен айналысады. Сонымен бiрге ол атқа мiну, қылыштасу, күресу, жүзу және салмақ көтерумен арнайы жасалған кесте бойынша шұғылданады, кешкi мезгiлде аспан әлемiн қадағалап, жұлдыздардың орналасу тәртiбiне көз салады. Жауын-шашынды күндерi отын жарып, үй шаруашылығымен айналысып немесе қолөнершiлердiң еңбегiмен және саудагерлердiң тiршiлiгiмен танысады.
Ал Мишель Монтень “Тәжiрибе” деген еңбегiнде адамды ең жоғары құндылық және өзiндiк жеке-дара табиғи ерекшелiгiмен сипатталынатын тiршiлiк иесi деп санаған. Ол тәрбие мен оқыту қалай ұйымдастырылуы керек? деген сұраққа жауап iздеп, мектепте оқушы көп сөйлесiн, ал мұғалiмнiң көп тыңдағаны дұрыс дейдi. Оқушы айналасын, қоршаған дүниенi зерттеп тексерсiн, тек тыңдаумен тынбасын қоршаған ортамен байланысын кеңейтiп, оқыту барысында рухани құндылықтармен танысып, мiнез-құлқын тәрбиелеуге ынталы болсын деген пiкiрдi ұсынады. Қайта өрлеудегi гуманистiк-педагогикалық қозғалыстар Италия мен Франциядан басқа Еуропалық елдерге тарады.
Гуманистiк қозғалыстың өкiлдерi Эразм Роттердамский (1467-1536),Томас Мор (1478-1533), Жуан Луис Вивес (1492-1540), Александр Гегиус (1468-1489), Яков Вимпфелинг (1450-1522) т.б. жастарды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерiне байланысты көптеген құнды кеңестер бередi. Сөйтіп педагогика тарихына өз үлестерін қосты.
Солардың iшiндегi халықтар санасында қалған ерекше тұлға – ағылшын ойшылы Томас Мор. Оның жасаған утопиялық тапсыз қоғам орнату жобасында барлық азаматтарды мiндеттi түрде өндiрiстiк еңбекке қатыстыру және оны жалпыға бiрдей бiлiм берумен ұштастыруы ұсынылды. Өндiрiстiк еңбек мамандықтарға бөлiнiп, жастар балалық шақтан таңдаған кәсiбiне байланысты бiлiм алып, еңбек дағдыларын игеруге тиiс делiнедi.
Т.Мор “Утопия” шығармасында жеке тұлғаны жан-жақты дамыту теориясын ұсынып, қоғамдағы әлеуметтiк мекемелердi құру мақсаты әрбiр жасөспiрiмнiң рухани күш-қуатын дамытуға жағдай жасау, ғылымдарды және өнердi игеруге бағыттау деген пiкiр айтады. Ол жастардың бойында мейiрiмдiлiк, еңбексүйгiштiк, ұстамдылық, адамгершiлiк сияқты биiк әлеуметтiк және жеке үлгiлi қасиеттер болуы қажет. Ақыл адамның бүкiл өмiрi бойында әрбiр iс-әрекетiне басшылық жасайды. Тек бiлiмдi адам ғана бақытты болмақ, еңбектену бақытқа апаратын басты жол деп есептейдi. Еңбектену, утопиялықтардың пiкiрiнше, оқуға, музыка тыңдауға, ғылыми iзденіске кесiрiн тигiзбейдi.
“Утопияда” ер және әйел адамдар жынысына қарамай бiрдей бiлiм алғанда, қоғамда тұрақтылық орнайды делiнедi. Бiлiм берудiң мемлекеттiк мектептерде жүргiзiлуi, мектеп бiлiмi практикалық тәжiрибелерге негiзделуi талап етiлдi.
ХI ғасырда Батыс және Орталық Еуропада реформациялау қоғамдық қозғалысы кең етек жайды, бұл қозғалыс римдiк-католик шiркеу идеологиясына қарсы күрес жүргiздi. Реформаторлар ұстанған бағытта әсiресе адам табиғаты мен оны тәрбиелеу жолдарын қарастыруда қайта өрлеу гуманистерiнің қөзқарастарынан елеулi өзгешелiктер болды.
Реформаторлар адамның жеке-даралығын, дербестену ұстанымын дәрiптедi, оның “өзiндiк” қасиетiн дамытуға, соның iшiнде құдай алдындағы жеке жауапкершiлiк мiндетiн тәрбиелеуге назар аударуды талап еттi. Реформаторлардың қайта өрлеу өкiлдерiне жақындығы, адамның жеке болып тәрбиелеудегi талпыныстарының бiрегейлiгiнде – бұл жастардың ұлттық мәдениетке, тiлге, әдебиетке сүйспеншiлiктерiн көтеру және әлемдiк деңгейде бiлiм алуына қолдау талаптарынан байқалды.
Реформациялық қозғалыстың көшбасшысы Томас Мюнцер (1490-1525) ескi мектептiң орнына жаңа мектептi құрудың және оның халық ағарту саласындағы дәрежесiн көтерудiң арнайы оқу бағдарламасының жобасын жасады. Реформацияның педагогикалық көзқарасының қалыптасуына ерекше еңбек еткен ойшылдар Жан Кальвин (1509-1564), Мартин Лютер (1483-1546), Филипп Меланхтон (1497-1560) және т.б. болды.
Француз реформациясының басты идеологы Ж.Кальвин католик шiркеуiне қарсы тұрып, адамдардың дiни санасын шiркеуге бармай-ақ Библияны өздiктерiнен оқып, ой елегiнен өткiзiп қалыптастыруға болады деп есептейдi.
Германиядағы реформацияның “әкесi” аталған Мартин Лютер қайта өрлеу кезiндегi гуманитарлық бiлiмнiң қажеттiлiгiн мойындағанымен, қоғамның бай және орта ауқатты адамдары, толық бiлiм беретiн болашақ дiни қызметкерлер, мұғалiмдер, соттар және т.б. протестанттық толық бiлiм беретiн мектептерде оқуы тиiс, қалған адамдардың элементарлық бiлiмдер алуларына жағдай туғызуымыз керек деп есептедi. “Балаларды мектепке апарудың қажеттiлiгi туралы” трактатында Лютер билiк басындағы шенеунiктер баласын мектепке бермеген ата-аналарды тәртiпке шақыруды, мектепке баласын жiберуге жауапты болуын талап еткен.
ХII ғасырдан бастап жаңа заман дәуiрi бастау алғанымен, әлеуметтiк-экономикалық құрылым және орта ғасырдың рухани өмiр ерекшелiктерi негiзiнен сақталды. Сондықтан кейiнгi орта ғасыр дәуiрi халық тұрмысына небiр қиындықтар туғызды.
Жаңа заман дәуiрiнiң тууына бiрден бiр себепшi болған көлемдi тарихи жағдай католиктер мен протестанттардың дiни қарама-қайшылықтарының нәтижесiнде 30 жылдық соғыстың (1618-1648) басталуы әлеуметтiк-саяси жағдайды одан да бетер ушықтыра түстi. Жаңа заман дәуiрiнiң басында мектеп жұмыстарының ахуалы реформация дәуiрi кезеңiнен айырмашылығы шамалы болып, ХII-ХIII ғ.ғ. бұрыннан қалыптасқан латын мектептерiнде оқу тұрақтанып жетiлдiрiлдi. Латын мектептерiнiң аттары да әрқалай: гимназия (протестанттық елдердегi немiс тiлi); коллегия (Франция); грамматикалық мектептер (Англия) деп аталды. Бұл мектептердегi оқушылар гуманитарлық және нақты бiлiмдердi антикалық, оның iшiнде Римдiк әдеби мұраларынан алуымен қатар, латын тiлiн оқуға ерекше орын берiлдi. Католик және протестанттардың латын мектептерiндегi оқу үрдiстерiн ұйымдастыруда ұстанған дiни бағыттарына қарай айырмашылықтары болды. Латын мектептерiнiң бiлiм мазмұндарында оқушылардың сөйлеу мәнерiн дұрыс қисынды ойластыра бiлуде және латын тiлiн құрал ретiнде пайдалану барысында латын тiлiнiң грамматикасы ана тiлiмен байланыстырыла оқытылды. Жоғары типтi мектептердiң оқу бағдарламаларында ана тiлi және француз тiлдерi енгiзiлсе, соңғы тiл халықаралық тiл ретiнде есептелiндi. Жоғары типтегi мектептердiң оқу үрдiстерiне жаңа пәндер – математика, тарих, жаратылыстану, астрономия, жағрапия және т.б. жүргiзiлдi.
ХII-ХIII ғасырларда бiлiм берудi ұйымдастыруда рыцарлар мен ақсүйектердiң балаларын оқытатын академиялар көбейе бастады. Батыс Еуропа елдерiнде 30 жылдық соғыстан кейiн көптеген қалалар мен қалалық сословиелердың тұрмыс-тiршiлiк дәрежелерiнiң төмендеуi, дворяндардың қоғамдағы рөлiнің жоғарылауы, олардың латын мектептерiндегi балаларының қала тұрғындарының балаларымен бiрге оқуларына қарсылық туғызды.
Ақсүйектерге арналған оқу орындарындағы бiлiм мазмұндарының алдындағы мақсат – “бiлiмдi адамдар” даярлау және оқылатын пәндер: француз, шамалы италия және испан, кейiннен қосылған ағылшын тiлдерi; жалпы тарих, құқық тарихы, мораль және логика; сәулет, құрылыс және әскери дайындықта математика мен механиканы практикалық тұрғыда пайдалану болды.
“Рыцарлық өнерге” ерекше назар аударылып, атқа мiну, қылыштасу, би, доп ойындары және т.б. дене шынықтыру жаттығулары пайдаланылды. Отыз жылдық соғыс кезiнде, одан кейiн де ауылдық жерлер мен кiшi қалалар қатты зардап шеккендiктен, кейбiр халық мектептерi жабылып қалған болатын. Олардың жұмысын жалғастырған немiс протестанттық халық мектептерi қиындыққа қарамай, балаларды оқытуды жалғастырып, құнды-құнды тәжiрибелердi жинақтап, жалпыға бiрдей және ана тiлiнде оқыту, оқушыларды нақты бiлiмдермен қаруландыру, оқу үрдiсiн тәртiпке келтiру мәселелерiн алға тартып, мұғалiмдер мен оқушыларға арнап дидактикалық оқулықтар жазды.
Германияда жаңа заман педагогикасының негiзiн қалаушылардың бiрi ретiнде Вольфганг Ратке (Ратихий) (1571-1635) саналады. Немiс жерiнде бiлiм беру жүйесiне реформа жасауда мектептегi тiлдi оқытуды реформалау, мектептi басқару жүйесiн реформалау, саяси және дiни бағыт-бағдарламаларды реформалау мәселелерiне басты көңiл бөлiндi.
В. Ратке мектептерде ана тiлiн және басқа пәндердi де ана тiлiнде оқытуды қажет деп санап, оқушылар шетел тiлдерiн өз ана тiлiн игергеннен кейiн ғана оқытуды талап еттi. Өзiнiң жалпы дидактикалық және әдiстемелiк идеяларын В.Ратке “Ратихия амалы бойынша жалпыға бiрдей оқыту” деген еңбегiнде дәлелдеп, оған қоса мектептi басқару iсiн қарастырып, көптеген еуропалық тiлдер, логика мен метафизикаға байланысты оқулықтар жазды. Оның дидактикалық идеялары негізінен материалистік сипатта болды. Ол бала санасы- қажет нәрсені жазатын таза тақта деп санады. В. Раткенің пайымдауынша, таным екі сатыдан тұрады: сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдау және осы құбылыстарды ақылмен өңдеу. Оқытуда индукция мен тәжірибеге сүйену қажет деп есептеді. Әрбір адамға бақытты өмір сүру үшін педагогикалық білімдер керек деп қорытты. Ана тілінде сауаттылыққа үйретуде дыбыстық әдісті қолдады. Халық үшін мектепті көбейтуге тырысты. Ана тіліндегі бастауыш мектепті жақтады. Оқытудың негізі- дін дей отырып, мектепті ашу құқығының тек шіркеуде болуына қарсы шықты. Мұғалімдердің жақсы материалдық және қоғамдық жағдайымен қамтамасыз етілуі қажет деп білді.
В.Ратке ана тiлi мен шетел тiлдерiн оқытудың жаңа әдiстерiн практикада қолданудан жинақтаған тәжiрибелерi негiзiнде жалпы оқыту ұстанымдарын ұсынды. Ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдің педагогикалық жүйесiн жасауда В.Раткенiң педагогикалық қағидалары себепшi болғандығын айтуымыз парыз. Оның мұғалiмдер басшылыққа алуға тиiстi оқытудың жалпы ұстанымдары:
- оқыту жүйелiлiкпен жүргiзiлiп, бiр мезгiлде бiрнеше пәндердi оқытуға болмайды;
- оқытуда қайталауды қолданып отыру;
- оқушыларды алғашқы оқытуды ана тiлiнде жүргiзу;
- оқытуда оқушының табиғи ерекшелiктерiн ескеру;
- оқытуда оқушыларды зорлықпен оқытуға болмайды;
- оқушыға оқу материалы түсiнiктi болуын қадағалау;
- оқытуды жекеден жалпыға, оқу мазмұнын белгiлiден белгiсiзге қарай игеру;
- оқытуда оқушының тәжiрибесiне және индукциялық тәсiлiне сүйену.
В.Раткенiң педагогикалық идеялары ол өлгеннен соң ХIХ ғасырда мектептерде пайдаланыла бастады да, ХХ ғасырдың орта шеңiнде ең жоғары бағасын алды.
Тақырыбы: Оқушы тұлғасы-тәрбиенің объекті және субъекті
Жоспары:
І. Жеке тұлға туралы түсінік.
2. Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері.
1. Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан -жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалык, пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г, Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, 3. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э, И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)
Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесіндё де пайда болады.
Жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Бұл орайда "адам", "жеке тұлға" деген ұғымдардың қатары "даралық" деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет іс-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - "индивид". Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы - "жекелік". Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. "Жеке тұлға" ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиралды өрлеу процесі.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеғе келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі тығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдык біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы - оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдык, сезім, моральдық-жігерлік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның "қалыптасуы" термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз - бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор - баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым куалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің (біздін жағдайымызда - адамның) өмірінің тарихы анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі нәрселерден тұрады:
- морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері);
- функционалды ерекшеліктер (мысалы, қан тобы);
- адамға тән бейімділіктер (тік жүріп-қозғалу, сөйлеу қабілетінің дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті т.б.):
- жүйке қызметінің, түрі (жүйке процестерінін, күші, олардың қозуы мен тежелуі, шапшаңдық-ширақтылық);
- әрекеттіліктің қандай да бір түрінің анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер;
- есту мүшелері, ойлау құрылымы, сезім мүшелері құрылысындағы ерекшеліктер т.б.
Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен катар, қоршаған орта да әсер етеді - адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта дегеніміз - адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орталық дегеніміз -баланың ең жақын карым-қатынас ортасы, ол - адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылыктарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
2. Ғылымда бұрыңғы заманнан бері келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы пікірталас бітер емес. Осы бір көпғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі көзкарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бірін жақтаушылар адамның дамуын, негізінен, табиғи ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің маңызы аз деп есептелінеді. Жеке тұлғаның дамуын түсіндіретін осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.) өз кездерінде-ақ адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше, туылған сәтінен бастап-ақ кейбір адамдар бағыну үшін, ал кейбіреулері билік ету үшін жаралған.
XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша - кайта қүру, өзгерту) деген философиялық, Ол биология саласында үстемдік еткен, адамның жамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Бұл бағыт төмендегідей ойды ұстанған: адамның ұрығында-ақ болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық, бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдык психолог және педагог Э.Торндайктің (1874-1949 ж.ж.) пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін (соның ішінде сана-сезімін, қабілеттілігін) тек тектілік, тұқымқуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға «көздері, тістері және саусақтары» сияқты дүниеге келгенінен-ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтап ұрпаққа сол қалпында берілетін және жеке тұлғаның барлық қасиеттері мен келешегін толығымен анықтайтын «гендердің жинағы немесе батареясы» ғана деп санаған.
Жеке тұлғанның дамуын биологизаторлық жағынан түсіндіру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм (грекше-прагма) дегеніміз - іс-әрекет, тәжірибе. Бұл бағыттың негізін салушы - Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.). Америка философы, педагогы Джон Дьюи өзінің даму теориясын баладан туа пайда болған инстинкт және қабілеттерімен дәлелдейді. Дьюидің пікірі бойынша, адамда туысымен-ақ дайын талаптар мен қабілеттер және эмоциялар болады. Сондықтан Дьюи адам табиғатын тәрбие арқылы өзгерту мүмкін емес дейді. Австрия дәрігері Зигмунд Фрей адам-мінез құлқының қозғаушы күштері оның биологиялық тегіне байланысты деп түсіндіреді.
Ендігі бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы болып есептелінген. Д. Локктің белгілі бір пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас (tаbula rаsа) болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші болады. Осыдан кейін бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортанын әсерін бірінші орынға қойып, оның дамуының ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның маңыздылығын кемсітеді.
Прагматиктік педагогика апологеттері және осы уақыттағы түрлі философиялық ағымдар экзистенциализм, неотомизм т.б. жоғарыда айтылған көзқарастарды қуаттай келіп, адамды әлеуметтік жағдайдан бөліп жеке қарастырады. Экзистенциализм жеке адамның дамуын, оның өзін-өзі жетілдіруі, бұған әлеуметтік ортаның қатысы жоқ деп түсіндірсе, ал неотомизм даму процесін діни идеалистік тұрғыдан, демек, құдай жаратқан адам жанының дамуы діни тәрбиенің ықпалымен аяқталады деп сендіреді.
Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын бірінші орынға қойып, тәрбиенің күшін жоққа шығаратын бүл теориялар XIX ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір бағыттың пайда болуына себепші болды, бұл бағыт "педология", яғни тура аударғанда ''балалар туралы ғылым", "балатану" деген атқа ие болды. Қазіргі уақытта ғалымдардың көбісі педологияны индивидтің сәби, жас өспірім, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады. Социалистік құрылыс жағдайларында біздің елімізде педология өкілдері баланың дамуының биогенетикалык заңын белсенді түрде насихаттаған және соған сүйене отырып балалардың әлеуметтік теңсіздігін түсіндіруге тырысқан.
Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және оның бір бағытында - материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды тереңірек зерттеп қана қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысы мен олардың адамның даму процесіне ықпал ету механизмдерін де ашып керсетті. Коғамның тарихын талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық - қайта құру әрекеті өндірістің дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына, ғылыми білімнің молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-эстетикалық мәдениеттің баюына себепші болды деп көрсетті.
Осылайша қоғамдық игілікке ие болып және оны дамыта отырып, адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының мәні зор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік иесі, сондықтан ол бойына біткен бейімділіктер ретінде көрініс тапқан табиғи күштерге ие деп сенді. Алайда ол бейімділіктер оның бойында тек лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.
Сонымен қатар, адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп қарастыра отырып, философ-материалистер түқымқуалауылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ индивидтің "әлеуметтік тұқымқуалаушылығы" туралы ойды ұстанады. Егер биологиялық бейімділіктер адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтік тұқымқуалаушылық тек адамға ғана тән.
Материалистік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайдың бірі - материалистік түсінікте жеке тұлға тек объект ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта құру қызмет-әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.
№7 дәріс
Тақырыбы: Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы
Жоспары:
1. Ежелгі Рустегі мәдениет пен білім беру.
2. Ежелгі славян халықтарының тәрбие мен білім беруі. Киевтік Рустегі (Х-ХIII ғғ.) тәрбие мен оқыту.
3. XVIII ғғ. Ресейдегі жетекші педагогтар – И.И. Бецкой, Ф.И.Янкович де Мириево, Н.И.Новиков, А.Н.Радищев т.б.
4. К.Д.Ушинский – ғылыми педагогиканың негізін салушы.
1687 жылы Мәскеудегі ең бірінші жоғары оқу орны - эллин-гректік, кейіннен славян - грек - латын академиясы болып ашылды. Академияны ашуда білімді ағайынды Лихудылар үлкен еңбек сіңірді. Олар жоғары сыныптарда риторика және философиядан сабақ берді, грек, латын тілінде грамматика мен риторикадан оқулықтар құрастырды. Кейіннен олар Новгородта славян-грек-латын училищесін ашты. Осының үлгісімен XVIII ғасырдың басында Новгород жерінде 14 грамматикалық мектеп ашылды.
Мәскеу академиясы Киев академиясының үлгісімен құрылды. Оның ашылуына еңбек сіңірген Симеон Полоцкий (1629-1680) болды. Ол латын тілді мектепті қолдады. С.Полоцкий өзінен кейін бірнеше оқу кітаптарын “Псалтырь”, “Славян тілінің әліппесі”, т.б. қалдырды. Ол табиғатқа сәйкестік ұстанымын қолдады. Адамды тәрбиелеудің үш кезеңін ұсынды: туғаннан 7 жасқа дейін- адамгершілік тәрбиесі кезеңі, 7 жастан 14 жасқа дейін- практикалық оқыту кезеңі, 14 жастан 21 жасқа дейін- ақыл-ойдың даму және азаматтық тәрбие кезеңі. Жақсы ата-анада жаман баланың болу себебі шектен тыс баланы сүю деп есептеді. Баланың ең алғашқы дағдыларына жете мән берді. Симеон Полоцкий І Петрді тәрбиелеуді қадағалаған.
Полоцкий әлемді құдайдың жазған кітабы ретінде қабылдайды. Мұғалім оқушыны осы кітапты оқуға үйретуі қажет деп көрсетті. Ол оқытуды латын, грек және орыс тілінде жүргізу керектігін айтты.
Бұлардан кейін білім берудің таза шіркеулік-діни кезеңі аяқталып, оқу орнында дінмен қатар, ғылым да оқытыла бастады. Дегенмен ғылыми пәндерді оқытудың өзі де дінге тәуелді болды, барлық ғылым православиелік дін тұрғысынан түсіндірілді.
Мәскеу академиясы XVIII ғасырдың соңына дейін жалғыз жоғары оқу орны болса, кейіннен ол тек діни мекемеге - діни семинарияға айналды.
Бұл академияның қабырғасында М.В.Ломоносов, көрнекті жазушы А.Д.Кантемир, архитектор В.И.Баженов және т.б. мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер оқыған еді.
XVII ғасырдың екінші жартысында Ресейде оқыту мен тәрбиенің латын тілді, византия-ресейлік, славян-грек-латын, ескі салттық есептік - төрт бағыты сарапталды.
Бұлар Ресейдің алдағы қоғамдық даму жолын бағалау жағынан екі бағытты ұстанды. ХIХ ғасырда олар батыстық бағытты және славяндық бағытты ұстанушылар деп аталды.
Сол кезеңдегі педагогикалық ой-пікірдің жетістігін бейнелейтін белгілі қайраткер Сильвестрдің тілі көркем, мазмұны қызықты жазылған «Домострой» шығармасын атауға болады. «Домострой» үш бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімінде өмірге байланысты діни ақыл-кеңес берілді. Мұнда ата-аналардың басты міндеті балаларына адамгершілік-діни тәрбие беру керек делінді.
Кітаптың екінші бөлімі отбасылық қарым-қатынасқа арналды. Күнделікті тұрмысқа қажетті еңбекке, сауаттылыққа және кітап «ғылымын» үйрену жөнінде кеңес берілді.
«Домостройдың» үшінші бөлімінде үйді жабдықтауға, шаруашылық жұмыстарға қатысты кеңестер берілді.
Ресей XVIII ғасырдың басында ортағасырлық тығырықтан шығып, өзінің экономикасын, саясатын, мәдениетін дамытуды көздеді. Оған білімді мамандар - офицерлер, теңізшілер, артиллеристер, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар, үкімет қызметкерлері, мұғалімдер қажет болды. Осыдан білім саласын жетілдіру қажеттігі пайда болды. Петр I-ші мемлекетті дамыту мақсатымен шіркеуді өз билігіне көндірді. Шіркеу бірден-бір білім бақылау құқынан айырылды. Бұдан былай білімді бақылау мемлекет қарамағына алынды. Сонымен Ресейдегі оқу-ағарту жұмысы үкімет мүддесіне қызмет етуге бағытталды. 1721 жылы Петр I-нің тікелей қатысуымен Феофан Прокопович «Рухани регламент» жасады. Онда мемлекеттің шіркеуге үстемдік етуі бекітілгенмен де, халықты адамгершілікке тәрбиелеп, ақыл-кеңес беру үшін шіркеудің білім деңгейін жетілдіру көзделді. «Рухани регламентте» мемлекеттің мүддесі басым болды. Ф.Прокопович жаңа мектепке ғылыми сипат беруді көздеді, онда түрлі пәндерді оқыту, оқытуды көрнекілікке негіздеу, кітапхананың болуы міндеттелді, өйткені «кітапсыз академияның жаны жоқ» деп көрсетілді.
Академияның оқу жоспарындағы пәндер:
- грамматика тарихпен және жағрафиямен бірге;
- арифметика геометриямен бірге;
- логика мен диалектика бірге;
- риторика мен тақпақ шығаруға жаттығумен бірге;
- физика қысқаша метафизикамен бірге;
- қысқартылған саясат;
- діни оқу (мерзімі 4 жылдан 2 жылға қысқартылды).
Шет тілдері (латын тілін міндетті түрде оқыту, егер мұғалім табылса, грек және еврей тілін оқыту) сабақ уақытындағы екі пәннің арасында оқытылуы тиіс болды.
Оқу мерзіміне 8 жыл бөлінді. Оқуды бітіргендерге дін немесе ғылым жолына түсуге мүмкіндіктер берілді.
“Регламентте” элементарлық мектеп жайы атап өтілді, әр епископ өз үйінде дін иелерінің балаларын оқытып, дін жолына түсетін қызметкерлер даярлауға міндеттелді. Ең бастысы Ф.Прокоповичті толғандырып, мазасыздық тудырған мәселенің бірі - мұғалімдердің саны мен сапасын көтеру болатын. Өкінішке орай Ф.Прокоповичтің идеясы мен пікірлері дін иелері тарапынан қолдау тапқан жоқ, өйткені олар Петр I-нің білімді қайта құруына қарсы болды.
I Петр заманындағы мектептің жайы.Петрдің қолындағы «Рухани регламент», білімді қайта құру жобасын толықтай жүзеге асырмады. Дегенмен сол жобаның ықпалынан Петрге дейінгі қалыптасқан бір типті білім екі бағытқа бөлінді - шіркеулік және дүнияуи, соңғысының аясында түрлі кәсіби мектептер пайда болды. Петр заманындағы жаңадан ұйымдастырылған білім сипатына тоқталсақ, біріншіден, ол кәсіби бағыт алса, екіншіден, сословиелік жіктелуді күшейтті, өйткені бұл тұста дворяндарды қолдау саясаты күшті жүргізілді.
Петрдің алғашқы бастамасы мемлекеттік мектепте бұқара халықтардың балаларын оқыту үшін - цифирлік мектептер ашуынан басталды. Ол мектеп патша жарлығымен 1714 жылы 10-15 жас аралығындағы бұқара халықтың балаларынан мемлекеттік қызметтің төменгі деңгейіне қызметкер даярлауды көздеді. Негізінен онда әскери қызметке, завод және кеме жасайтын жұмысшылар даярланды. Цифирлік мектептер кәсіби мамандыққа арналған даярлық кезеңі болып саналды.
Оқу мазмұнында сауат ашу, арифметика, бастапқы геометрия қамтылды. Ондағы мұғалімдік қызметке мәскеулік математика мектебі мен кеме жүргізу (навигация) мектептерінің шәкірттері тартылды. Бірақ цифирлік мектептің ғұмыры қысқа болды, себебі ондағы оқуға төленетін қаржыны бұқара халықтың жағдайы көтермеді. Алайда, бұл мектептің жұмысы педагогикалық тәжірибені дамытты.
XVIII ғасырдың басында әскери адамдар мен теңіз мамандарының балаларын оқытатын армия мен флоттың төменгі басшылық құрамына қызметкерлер, кеме жасау және жүргізу мамандарын даярлау қажеттігі туды. 1698 жылы Преображенск полкінің жанынан артиллерия мектебі ашылды. Онда сауат ашу, есепке үйрету, артиллериялық іске баулу жүргізілді. 1721 жылы ондай мектептерді әр әскери полкте ашу жайлы бұйрық берілді.
Кәсіби жұмысшыларды даярлау үшін кен-заводтық мектептер ашылды. Мұндай мектеп 1716 жылы алғаш Карелияда ашылды. Ол мектепке кедейленген дворян отбасыларының 20 шақты баласы алынып, оларға оқу-жазу, арифметика, геометрия, кен және артилерия ісін меңгертті. 1701 жылы Мәскеуде артиллерия-инженер мектебі, 1703 жылы Мәскеу инженер мектебі, 1719 жылы Петербург артиллерия мектептері ашылды.
1707 жылы Мәскеудегі әскери госпиталь жанынан хирургия мектебі ашылды.
Мәскеудегі математика және навигация ғылымдары мектебі сол кезеңдегі алдыңғы қатарлы мектеп саналды. 1707 жылы Петр I-нің жарлығымен түрлі келеңсіз жағдайларды болдырмау, оқу сапасын арттыру мақсатында оқушыларды қатаң жазалау шарасы енгізілді. 1715 жылы бұл мектеп Петербургке көшіріліп, Теңіз академиясы деп аталды.
1725 жылы Санкт-Петербургте Ғылымдар Академиясы құрылды. Оның жарғысы Петр I-нің тұсында жарияланды. Академия үшін Батыс Еуропа елдерінен ғалымдар шақырылып, керекті жабдықтар сатып алынды. Петр I-нің жобасы бойынша академия жанынан университет, гимназия ашылды. Академияның жұмысына М.В.Ломоносов белсене араласты.
Петр I-ден кейінгі кезеңде таққа келген оның мұрагерлері, ата-бабасының бастаған істерін қолдағандай болды. Сөйтіп, Петр заманындағы оқу-ағартудағы белгілі жетістіктер біртіндеп өзгеріске түсіп, дворяндық тәрбиеге назар аударыла бастады.
Дворян иеліктеріндегі отбасында білім беру үшін шетелдерден мамандар шақырыла бастады. Дворян иеліктеріндегі отбасы тәрбиесіне түрлі жағдайлар ықпал етті: отбасының қаражаты, қоғамдағы әлеуметтік орны. Үй иесінің негізгі іс-әрекетіне қарай бала тәрбиелейтін гувернерлер мен мұғалімдерді жалдау қажет саналды.
Дворяндардың балалары 7 жасқа толғанда Петербургке әкелініп, бірінші байқаудан өткізіліп, арнайы тіркеуден өтуі керек болса, ал Мәскеу мен губерниялық қалаларда губернаторларда тіркелу керек болды. Екінші байқау5 жылдан кейін өткізілді. Ол кездегі жеткіншек («недоросль») өз оқу дағдысын жақсы меңгеріп, есеп шығара білуі тиісті болды.
Оқудың келесі сатысы үйде немесе мемлекеттік мектепте жалғасуы қажет еді. Онда олар арифметика мен геометрияны, Құдай заңын оқыды. Сөйтіп, дворяндық тәрбие (7-16 жас ) дворяндық иеліктердегі үйде жүзеге асырылды. 16 жасқа толғаннан кейін оның білімін сенат тексерді. Дворян баласы оқуын онан соң үйде немесе мемлекеттік мектепте жалғастырып, жағрафия мен тарихты, фортифкациянымеңгеруі тиісті еді.
Инженерлік, артиллериялық, гарнизондық мектептердің оқушылары Петербургтегі Әскери коллегия мүшелерінің немесе гарнизондар мен қала губернаторы, коменданты, «ғылым адамдары» алдында емтихан тапсырды.
Дворян балаларына болашақ офицерге керекті білім беретін арнаулы әскери оқу орындары – кадет корпустары ашылды. Бұл оқу орындары Қазан төңкерісіне дейін сақталды.
1731 жылы Санкт-Петербургте дворян балаларын әскери және мемлекеттік қызметке даярлайтын алғашқы кадет корпусы ашылды. Бұл мектепте әскери даярлықпен бірге жалпы білім берілді. Онда 4 сынып болды. Әр сыныпта оқу екі жылдан төрт жылға созылды (барлығы 10-12 жыл) Алғашқы екі сыныпта жалпы дәрежелі білім берілді (әдебиет, математика, тарих, жағрафия оқытылды). Жоғары сыныптарда арнаулы пәндер оқытылды. Сонымен қатар атқа салт мініп жүру, қылыштасу, би, музыка өнерін үйренуге көңіл бөлінді. Кадет корпусында оқыған жастар не әскери қызметке, не мемлекеттік қызметке қажетті мамандық алатын болды. Бұл типті оқу орындарында эстетикалық және дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. Кадет корпустарының кітапханасы, театры болды және журнал басып шығарып тұрды.
М.В.Ломоносовтың педагогикалық идеясы.Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) – орыстың алғашқы жаратылыстанушы ғалымы, ақын, философ, суретші, тарихшы, ағартушы, әлемдік ғылымда аты қалған орыстың алғашқы академигі. Ол Ресейдің ғылымы мен мәдениетінің барлық саласының негізін қалаған біртуар ғалым: әдебиетші, ақын, түрлі тілдерді меңгерген тарихшы, жағрафияны жетік білген, кен зерттеуші, темір қорытушы, физик, химик, суретші, ұстаз болды. Ол барлық ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді, мемлекеттің байлығын арттыруды көздеді. М.В.Ломоносов ағартушы ретінде Ресей мемлекетінің мүддесіне, ғылым және оқу-ағарту саласында қажырлы еңбек етті.
Мәскеу университетінің (1755) құрылуы М.В.Ломоносов атымен тығыз байланысты. Ол қазіргі кезеңдегі әлемдегі жетекші университеттердің бірі болып саналады. Ломоносов осы университетті құру жобасы мен оқу бағдарламасын жасады. Ғалымның ұсынысы бойынша университет қабырғасында гимназия ұйымдастырылып, ол 1812 жылға дейін өз қызметін жалғастырып келді.
Университеттің жанынан екі гимназия ашылды. Бірі дворян балалары үшін, екіншісі - крепостной шаруалардың балаларынан өзге, әр түрлі шендегі сословиелердің балаларына арналды. Бұдан кейін Мәскеу гимназиясының үлгісімен Қазанда да гимназия ашылды.
Мәскеу университетінің жанында орыс архитекторлары Казаков пен Баженовтың мектептері жұмыс істеді. Бұл университеттің профессорлары ірі педагогикалық зерттеулермен айналысты. Олар оқыту әдістемелерін зерттеді. Жеке пәндерді оқыту туралы бағалы құрал жасап ұсынды. Ол құрал “Университетке түсушілерді оқытудың әдістері” (1771) орыс, латын, неміс, француз тілінде шықты.
Мәскеу университетінің жанында Ресейдегі алғашқы оқытушылар семинариясы жұмыс істей бастады. Бұл семинария гимназиялар мен басқа мектептер үшін мұғалімдер даярлады.
Мәскеу университетінің ашылуы М.В.Ломоносовтың жоғары демократиялық мектеп жайлы арманын іске асырды. Онда барлық сословиенің өкілдері оқуға мүмкіндік алды.
Мәскеу университеті қиындықтарға қарамастан өз қызметінің аясын кеңейте бастады. Онда әдеби және ғылыми бірлестіктер құрылды. Сонымен бірге “Баспаханалық бірлестік” те бой көтеріп, баспадан кітаптар шығарып, оны сататын дүкендер ашты.
60-жылдары М.В.Ломоносов Санкт-Петербугтегі академиялық гимназия мен университетті басқарды. Ол жалпы жұмыс жоспары, оқу жоспары, ондағы жұмыс тәртібі жайлы “Академиялық гимназия регламентін” жасады. Ломоносов алғаш рет Санкт-Петербург университетінде дәрісті орыс тілінде оқыды, бұрынғы ғылым тілі Еуропа мен Ресейде латын тілі еді.
М.В.Ломоносовтың ағартушылық қызметінің бірі - орыс тілінде қажетті оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазуы. Мәселен, оның “Риторика” (1748) және “Орыс тілінің грамматикасы” (1758) жарты ғасыр бойындағы ең жақсы оқулық болып саналды. Тарихқа байланысты кітаппен бірге “Кен ғылымын алғашқы негіздеу” кітабын жазды. “Студенттерге арналған физика кітабын” латын тілінен орыс тіліне аударды.
М.В.Ломоносовтың ең ірі педагогикалық жетістігі - чех педагогы Ян Амос Коменскийдің “Суретті әлем” деген шығармасын мейілінше насихаттап, гимназия оқулығы ретінде пайдалануға ұсынуы.
М.В.Ломоносовтың педагогикалық жетістігінің екінші бір қыры - Ресейде ең алғаш рет академия мен университеттерге сыныптық-сабақ жүйесін енгізуі, кейіннен сол үлгі бойынша, кадет корпустарына да сыныптық-сабақ жүйесі енгізілді.
М.В.Ломоносовтың біліктілігі мен парасаты оның жасаған бағдарламалары мен ғылыми еңбектерінде көрініс тапты.
Сондай-ақ, І-Петр тұсындағы мектепті ұйымдастыру ұстанымдары: мектептердің мемлекеттілігі, кәсібиліктің энциклопедиялық біліммен ұштасуы, оқу жоспарларында математика, навигация және теңіз ғылымдарына ерекше орын берілді, зорлықпен оқыту және қатаң режим орнатылды.
XVII ғасырдағы білім беру мекемелері жүйесіне жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары (математика және навигация ғылымдары мектебі (1701) .математика, астрономия, география, геодезия, теңізде жүзу; Теңіз академиясы (1715); цифирлік училищелер (1714 жылдан бастап шаруалар үшін басқа оқу, жазу, арифметика).
Арнайы оқу орындары: таукен - заводтық мектебі, инженерлік мектеп; артиллериялық мектеп; қарапайым бұқара халық үшін халық училищелер жүйесі; кіші- 2 курстық, негізгі-4 курстық; Петербургтік басты халық училищесі - мұғалімдік семинария және жабық сословиелік оқу орындары (шетелдік пансиондар, теңіздік кадеттік корпус (1752), артиллериялық дворяндық корпус, бастауыш архиерей мектептері, рухани семинарлар мен рухани академия, Смольныйдағы ізгілікті қыздар институты) және ғалымдар Академиясы (1725), Мәскеудегі университет (1755) т.б.бүкіл білім беру жүйесінің негізгі белгісі - анық көрініп тұратын сословиелік болды.
Александр Николаевич Радищев (1749-1802) – ХVIII ғ. екінші жартысындағы Ресейдегі революцияшыл педагогикалық ойдың көрнекті өкілі болды. Ол крепостнойлық тәртіптің күшті кезінде халықты қанауға батыл қарсы шыққан орыс дворяндарының бірі еді.
А.Н.Радищев табиғат, адамның пайда болуы және оның санасы жөнінде орыстың философиялық материализмінің алдыңғы қатарлы идеяларын жақтады.
А.Н.Радищев тәрбиенің негізгі міндеті азаматтық санасы және жоғары моральдық қасиеттері бар, мейлінше Отанын сүйетін патриот адамды қалыптастыру деп санады. Ол шын мәніндегі патриот деп қаналушы халықтың мүддесі үшін патшамен белсенді күрес жүргізген адамды ғана санауға болады дегенді айтты. Бұл пікір оның “Отанының шын ұлы кім екендігі туралы әңгіме” деген еңбегінде көрініс тапты.
Оның “Петербургтен Мәскеуге саяхат” атты негізгі шығармасында шаруа балаларының помещиктің қанауынан тартып отырған азабын ашып көрсетті. Шаруа балаларының рухани дамуына крепостнойлық тәртіптің кедергі жасап отырғанын, олардың табиғи қабілеттерінің дамуына үкімет тарапынан қамқорлықтың жоқтығын сынады. Жас ұрпақтың тиісті тәрбие алуы мемлекеттің міндеті деп атап көрсетті, тәрбие беру арқылы жас ұрпақтан Отанының азаматын, шын мәніндегі патриотты тәрбиелеу қажет деп санады.
Отбасы тәрбиесіне байланысты балаларды қатаң тәртіппен бағындыруға болмайды, отбасындағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы олардың жеке басының ғана ісі емес, ол қоғамдық мәселе деп көрсетті.
№8 дәріс
Тақырыбы:Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы
Жоспары:
1. 1917-1980 жж. Кеңестік мектеп және педагогика.
2.Кеңес педагогтарының іс-әрекеттері: Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, А.С.Макаренко және т.б.
3.1980-1990 жж. кеңестік мектеп және педагогика ғылымының дамуы.
4.Жаңашыл-мұғалімдер – В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н. Лысенкова, И.П.Иванов, Т.И.Гончарова, Г.И.Ильин және т.б.
1917-1940 жылдар аралығындағы Қазақстандағы халыққа білім беру ісі. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда көптеген өзгерістер болды. Соның ішінде, республикада халықтың сауатсыздығын жою жөніндегі, жалпы білім беретін мектептердің кең жүйесін құру, яғни бастауыш, орталау, орта мектептерді және арнаулы орта, жоғары оқу орындары бойынша атқарылған көптеген жұмыстарды атап өтуге болады. Халыққа білім беру ісіндегі ең маңыздысы біртұтас жүйенің құрылуы және дамуы, сондай-ақ мектеп жасындағы балаларды оқуға қамту болды. Үкіметтің және халыққа білім беру органдарының ұдайы қамқорлығы арқасында қысқа мерзімде мектептер, мектептен тыс ұйымдар, балалар мекемелерін құруда үлкен табыстарға қол жетті. Мектеп ашудың қиындығы оқулықтардың жоқтығына, оқу бағдарламаларының, мектеп ғимараттарының, мұғалімдердің аздығына, әсіресе ұлттық педагогтік кадрлардың тапшылығына байланысты болды. Сауатсыздықты жою, бастауыш мектептерді ұйымдастыру, бір жылдық және екі жылдық мектептерді төртсыныптыққа ауыстыру жөніндегі жұмыстар төтенше күрделі жағдайда өріс алды. Мектептер тұрғызылды, алыс аудандардағы оқушыларды оқыту үшін тиісті жағдайлар жасалды. Балаларды оқытудың күрделі жағдайларын есепке ала отырып, әртүрлі үлгідегі мектептер коммуна-мектептер интернаты құрылды. Кейін ол жоғары үлгідегі мектепке айналдырылды. Оның ұлт жастарын техникумға түсуге дайындауда маңызы ерекше болды. Кеңес үкіметі құрамындағы ұлт республикаларының комиссариаты, губерниялар мен облыстардағы Халком жанындағы бөлімдерімен халық ағарту комиссариаты құрылды. Ағарту халкомы болып А.В.Луначарский тағайындалды. 1918 жылы қаңтарда Петроградта елдегі ағарту ісін түбегейлі қайта құруды көздеген Кеңестердің бүкілресейлік ІІІ съезі өтті. Күйзеліс, аштық, басталған соғыс интервенциясы мен азамат соғысына қарамастан, халық бұқарасының мәдениетін көтерудегі бірінші жағдай ретінде сауатсыздықты жою міндеті қойылды. 1918 жылы наурызда Түркістан өлкесінің Халком кеңесі өзінің декретін жариялады. Онда «ағарту жөніндегі халық коммиссариаты А.В.Луначарскийдің жарлығына сәйкес, ұсынылған жоспарға байланысты Түркістан өлкесінде халыққа білім берудің өлкелік кеңесі ұйымдастырылады» деп айтылған. 1918 жылы маусымның ортасында халыққа білім беру жөніндегі Өлкелік кеңестің орнына Түркістан ағарту комиссариаты құрылды. Ағарту комиссариатына көпұлтты халқы бар өлкенің ұланғайыр аумағында мәдени-ағарту мекемелері, ана тілінде сабақ беретін және ғылым талаптарына жауап беретін жаңа бағдарламалар бойынша оқытатын мектептер жүйесін құру жүктелді. Мектептерді бастауыш, гимназия, реальды училище және т.б. бөлу қысқартылды. Оның орнына екі сатылы мектеп енгізілді: бірінші – 8 жастан 13 жасқа дейінгі балалар үшін 5 жыл оқу және екінші – 13 жас пен 17 жас арасындағы балалар үшін 4 жылдық оқу. Қазақстандағы халыққа біліс беру жүйесіндегі түбірлі өзгерістерді барлық жастағы жұртшылықты қамтыған ағартушылық және мәдени-тәрбие жұмысының жаңа түрлері құрады. Жер-жерде курстар, кешкі мектептер, өз бетімен білім алу үйірмелері ұйымдастырыла бастады.
Кеңес өкіметінің мәдениет мәселелері жөніндегі бірінші маңызды декреттерінің арасында РСФСР Халық ағарту комитетінің «Аз ұлттардың мектептері туралы» қаулысы болды. Осыған сәйкес 1918 жылы тамызда Қазақ респуликасының ОАК (ЦИК) мектептерде оқытуды ана тіліне көшіру туралы декрет жарияланды. Қазақ мектептерінде ана тілінен басқа орыс тілін, сондай-ақ арифметика, география, тарих, жаратылыстану, сурет, ән-күй сабақтарын оқи бастады. Қазақ, орыс мектептері құрылды. Ал Қазақстанның Оңтүстік облыстарында басқа мектептермен қатар өзбек, ұйғыр мектептері дүниеге келді. 1918 жылдың 23 қаңтарындағы «Шіркеуді мемлекеттен және мектептерді шіркеуден бөлу туралы» декрет мектептердің еркін демуының бастауы болды. Халыққа білім берудегі қайта құрулармен қатар басқа да шаралар аса үлкен маңызға ие болды. Елдің барлық оқу орындары Ағарту жөніндегі халық комиссариатының қарамағына берілуі, ұлдар мен қыздарды бірге оқытуды ұйғару ерекше маңызды болды. Үлкен адамдардың арасында сауатсыздықты жою жөнінде көп жұмыстар атқарылды. Осы жылдары халыққа білім беру жұмысының табысы негізінен мұғалім туралы мәселені шешуге қатысты еді. 1920 жылдың соңына қарай 17 кәсіби-техникалық оқу орындары Орал, Семей, Торғай, Верный, Петропавлда ашылды. Сонымен қатар осы жылы Оралда, Петропавлда музыка мектептері; сондай-ақ Оралда педагог-суретшілерді дайындайтын мектеп ашылды. Техникумдар мен жоғары оқу орындарының жұмысшы факультеттері арқылы жергілікті ұлттан кадрлар дайындауға баса назар аударылды. Мектеп жүйесінің жылдам өсуі педагогтарды да көп талап етті. 1921 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда халыққа білім беретін төрт институт жұмыс істей бастады. Орынборда жалпы саны 130 адамдық орысша, татарша – 223 адамдық, қазақша – 140 адамдық, Семейде аралас – 90 адамдық. Олар бар болғаны 593 адамды қамтыды.
1920-21 жылдары қыздарға білім беруді өркендетуге ерекше назар аударылды. Ең масқарасы қалыңдықты қалың малға сатып алу түрі болды. Бұл барлық құқықтардан, тіпті білім алу құқынан айрылып біреудің екінші немесе үшінші әйелі болуына мәжбүр етті. Сондықтан 1920 жылдың 28 желтоқсанында Қазақ Орталық Атқару Комитеті ҚАКСР Халық комиссариаты кеңесі қалың малға тиым салу туралы декрет қабылдады. Қалың мал туралы келісім, баталасу дұрыс емес деп танылды. Декретті бұзу қалыңмалға берілген малды және басқа да дүние мүліктерді алған адамнан екі есе көлемде тәркілеуді және екі жақты да бір жылға дейін бас бостандығынан айыруды талап етті. Өздерінің еркіндікке деген құқын сезінген қазақ қыздары қоғамдық өмірге белсенді араласып, білім ала бастады.
1920-1921 жылдары азамат соғысы жүріп, халық шаруашылығы күйзеліп, көптеген аудандарды аштық жайлаған кезеңде мектеп ісінің жағдайы өте ауыр болды.
1923 жылы мұғалімдер дайындайтын қысқа мерзімді курстар ашылды. Курстарда жалпы білім, арнайы педагогтік және әдістемелік пәндерді оқып үйренді.
1924 жылдың ақпанында «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Ол оқуға үгіт-насихат жүргізу, білім берудегі кенже қалудың себептерін түсіндіру мәселелерімен шұғылданды.
1924-1925 жылдары мектепті қаржыландыру біршама жақсарып, одан әрі қарай қазақ мектептерінің өсуіне ықпал етті. Қазақстанда 4 жылдық білім беретін мектептер, 7 жылдық мектептер ұйымдастырылды.
1930 жылы 27 тамызда ҚАКСР үкіметі жалпыға бірдей міндетті оқу туралы Декрет қабылдады. Декретте республикадағы барлық балаларды жалпыға бірдей оқуға тарту міндеті қойылды. Жергілікті өкімет, жергілікті жердегі халыққа білім беру органдары осы бағытта сан қырлы күрделі жұмыстар жүргізді.
1930-1931 оқу жылынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізілді. Бастауыш мектеп 8 бен 11 жас арасындағы барлық балаларды қамтыды.
Жалпы білім беретін мектептерді түп тамырымен жақсарту үшін Үкіметтің 1933 жылы ақпанда «Бастауыш және орта мектеп оқушылары үшін оқулықтар туралы», 1934 жылы мамырда «Бастауыш және орта мектептің құрылымы туралы», 1935 жылы «Оқу жұмысы және бастауыш, орталау, орта мектептің ішкі тәртібін ұйымдастыру туралы» және 1934 жылғы «КСРО мектептерінде азаматтық тарихын оқыту туралы» қабылданған қаулысының мәні ерекше болды. Осы каулылар негізінде жалпы білім беру жүйесінің толық құрылымы аяқталды. Мектептерді жеке типтері айқындалды: бастауыш – 4 сыныптық, орталау – 7 сыныптық, орта – 10 сыныптық. Оқу үрдісінің негізгі түрі болып сабақ танылды. Мектептегі мұғалімнің рөлі артты.
1934 жылы ережеге сай педагогтік институттар жанынан екі жылдық мұғалімдер институты құрылды. Онда орта және орталау білімі бар адамдар қабылданып, жеті жылдық мектептер үшін мұғалімдер дайындады. Осындай екі жылдық институттың бітірушілеріне аяқталмаған жоғары білімді деген диплом берілді. Осы кезеңде педагогтік институттар мен мұғалімдер институттары Алматы, Орал, Қарағанды, Петропавл, Семей, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында жұмыс істеді. 1938 жылы 6 сәуірде халыққа білім беру органдары КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі «Республиканың қазақ мектептерінде орыс тілін оқытудың міндеттілігі туралы» қаулысын қабылдады. Қаулыда Қазақстанның қазақ, өзбек, ұйғыр, татар және басқа мектептерінде орыс тілін оқытудың қатаң тәртібі бекітілді.
1931 жылы тамызда ҚазКСР ХКК жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық оқуды енгізу туралы қаулы қабылдады. Осы қаулыны орындау үшін 1931-1932 оқу жылынан бастап республиканың барлық қалаларында, 26 ауданында жетіжылдық жалпыға бірдей міндетті оқу енгізілді.
1935 жылы республика үкіметі «Мектеп құрылымдарын ретке келтіру және қазақ орта мектептерін көбейту туралы» маңызды шешім қабылдады.
1940-41 оқу жылында қазақ орта мектептерінің жанынан 29 мыңға жуық бала тәрбиеленетін 250 бюджеттік интернат ашылды.
Жоғарғы оқу орындар саны өсті, ғалымдар саны ұлғайды. Қаз Хал Ағарту комиссариаты жүйесінде 1940-41 оқу жылының басында 13 педагогтік және мұғалімдік институт жұмыс істеді.
1940 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы өз Жарлығымен ең озық және еңбегі сіңген мұғалімдерге берілетін «Республиканың еңбек сіңірген мұғалімі» атағын бекітті.
Осы жылдар ішінде Қазақстан тұтас сауатты республикаға айналды, жүздеген, мыңдаған мектептер, балалар бақшалары, орта арнаулы және жоғары оқу орындары құрылды. Республикада Қазақстан аумағында тұратын барлық ұлттар тілінде жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жүзеге асырылды. Сондай-ақ біртіндеп жалпыға бірдей жетіжылдық, сегізжылдық, сол секілді кейінірек орта білім беруге көшу жүзеге асырыла бастады.
2.1917-1940 жылдар аралығындағы Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы. Кеңестік педагогиканың негізін қалаған халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері – Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, М.Н.Покровский және басқалары болды. Кеңес педагогикасында алғашқы жылдары тәрбиенің жалпы мақсаты тұжырымдалды. Тәрбиенің мәнін жаңаша тұжырымдау «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары» атты декларацияда анық та айқын көрініс тапты. Декларация революцияға дейінгі мектептерге тән тәрбиенің милитаристік және ұлтшылдық бағыттарын қатты сынға алды. Кеңестік педагогика өнерді баланың танымдық қабілеттіліктерін дамытудың, рухани бейнесін қалыптастырудың, жоғары идеал мен дүниеге эстетикалық қатынастардың ең күшті құралы ретінде жоғары бағалады.
Кеңес педагогикасын дамытуда Павел Петрович Блонский ерекше орын алды. Ол «Педагогика» (1922) және «Педагогика негіздері» (1925) оқулықтарын жазды. Осы жылдары А.П.Пинкевичтің «Педагогика» оқулығы жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары ескі педагогикалық мұраны қайта қарауға және тәрбие мен білім беру мәселелерін жаңаша шешуге талпынды. Кеңестік дидактиканың негіздерін қалауда Н.К.Крупскаяның еңбегі ерекше болды. Ол тек қана педагогиканың бұл саласының жалпы мәселелерін қарастырып қана қойған жоқ, сонымен қатар жеке әдістеме мәселелерін, әрбір оқу пәнінің білімдік және тәрбиелік мәнін қарастырды.
20-жылдары өзінің жан-жақты педагогикалық және ғылыми қызметімен белгілі болған кеңес педагогикасының көрнекті өкілі Станислав Теофилович Шацкий. Шацкий еңбек тәрбиесіне, оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы еңбекпен ұштастыруға ерекше мән берді. 1932 жылы техникумдар үшін «Педагогика» оқулығы (редакциясын басқарған А.Африканов пен П.Н.Груздев); 1934 жылы М.М.Пистрактың педагогикалық институттарға арналған «Педагогикасы»; П.Н.Шимбировтың педагогикалық училищелерге арналған «Педагогика» оқулығы; 1939 жылы И.А.Каировтың басқаруымен «Педагогика» оқу құралы жарық көрді; 1940 жылы П.Н.Груздевтің басқаруымен «Педагогика» оқу құралы баспадан шықты.
30-жылдары дидактика және тәрбие теориясы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. 20-30 жылдары балалар ұжымы мәселесіне ерекше қызығу аңғартқан көрнекті кеңес педагогтары мен психологтары Н.М.Шульман, С.М.Ривес, П.П.Блонский, А.С.Залужный, М.М.Пистрак, С.П.Щацкий, А.С.Макаренко, Ф.Ф.Каролев. Ұжым мәселесін зерттеуге А.С.Макаренко елеулі үлес қосты.
30-жылдардың орта кезінде педагогика тарихының саласында ғылыми-зерттеу жұмысы елеулі жандана бастады.
3. 1940-1960 жылдардағы Қазақстандағы білім беру. 1941 жылы фашистік Германия Кеңестер Одағына соғыс ашты. 1940-1942 оқу жылдары қазақша орталау мектептердің жанынан 250 интернат ашылды. Онда 29 мыңға жуық бала тәрбиеленді. Олардың арасында сол кезде қиян-кескі соғыс жүріп жатқан еліміздің батыс аудандарынан көшірілгендер де аз емес еді. 1943 жылдан бастап өндіріске араласқан жастар үшін жұмысшы жастардың жетіжылдық және орта мектептері ашылды. Соғыс кезіндегі жағдайдың өзінде де оқуды қоғамдық еңбекпен байланыстыру ісіне ерекше назар аударыла бастады. 8-10 сыныптарға міндетті түрде тракторды, автомашинаны үйрену жүктелді. Ал 4-7 сыныптарға ауыл шаруашылығының қарапайым негіздерін және қарапайым ауыл шаруашылығы мәшинелерін үйрену енгізілді. Соғыс уақытында барлық мектептер өз жұмыстарын әскери кезеңге сәйкес қайта құрды. Көптеген мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары майданға аттанды. Халықтың өмірінде жас ұрпақты оқытуға және тәрбиелеуге байланысты әртүрлі қиындықтар пайда болды, мұғалімдер жетіспеді.
1942-1944 жылдар республика мектептері үшін жетіжылдық жалпыға бірдей міндетті білім беру заңын жүзеге асыру туралы балалар мен жасөспірімдерге қалаларда, жұмысшы поселкелерінде және жергілікті жерлерде білім беруде аса ауыр кезең болды. Осындай жағдайда маусым айында КСР Одағы Халық комиссарлар кеңесі «1943-1944 оқу жылында облыстық, өлкелік қалаларда, одақты және автономиялық республикалардың орталықтарында және ірі өндірісті қалалардағы орта және орталау мектептерде ұлдар мен қыздарды бөлек оқыту туралы» қаулы қабылдады. Бөлек оқыту соғыс уақытындағы жағдайда тәжірибедегі іс-әрекетке сай оқушыларды арнайы дайындау мақсатымен ұлдар мен қыздардың денесінің даму ерекшелігін ескеруге қатысты болды. Соғыс кезеңінің қиындығына қарамастан Қазақстан үкіметі халыққа білім беру мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге тұрақты назар аударып отырды. Үкімет 1942 жылы 30 шілдеде өкім шығарып, онда мектеп жасындағы балалардың бәрін мектепке тарту және мектеп ғимараттарын дұрыс пайдалануға қатысты шаралар көрсетілді. 1943 жылғы 8 қыркүйектегі КСРО ХКК-нің қаулысымен 1944-1945 оқу жылынан 7 жастан бастап балаларды бастауыш, орталау, орта мектептерде міндетті түрде оқыту енгізілді. «Жеті жастағы балаларды мектепке қабылдау туралы» үкіметтің шешімі үлкен мемлекеттік және халықаралық маңызы бар акт болды. 1944 жылы «8 жас пен 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді есепке алуды ұйымдастыру және жалпыға бірдей міндетті білім беру жөніндегі заңның орындалуын бақылаудың тәртібі туралы» міндетті нұсқау жарық көрді. Жаңа нұсқауға сәйкес, әрбір бастауыш, орталау және орта мектеп мектеп жасындағы балалардың сауатын ашуды қамту бойынша өзінің учаскесі болуы тиіс. Оның орындалуын жергілікті кеңестердің атқару комитеттері бақылауға алды. Соғыс жағдайы мектеп, орта және жоғарғы оқу орындарының жұмысында үлкен қиындықтар туғызды. Оқу орындары ғимаратының бір бөлігі госпитальдарға берілді. 1940-41 оқу жылында тарих, жағрафия, әдебиет, дарвинизм негіздері, химия бойынша мектеп оқулықтары дайындалып, практика жүзінде тексерілді. Россияда тұрақты деңгейде шыққан оқулықтар КСРО халықтарының ұлт тілдеріне аударылды. 1941 жылы оқушылардың дене тәрбиесін жақсартуға ерекше көңіл бөлінді. Мектептен тыс мекемелер – жас техниктер станциясы, пионерлер үйі, туристік балалар станциялары үлкен жұмыстар жүргізді. Көркемөнер үйірмелері кең қанат жайды, әртүрлі драмалық үйірмелер, балалар студиясының хоры пайда бола бастады. Осы жылдарғы ең маңызды мәселелердің бірі мұғалімдерді дайындау және олардың мамандығын арттыру мәселесі болды. Мұғалімдер сырттай білім алу жүйесіне кеңінен тартылды. Республиканың барлық облыстарында кәсіби дайындығын жетілдіру бойынша мұғалімдермен әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мәселесі үлкен маңызға ие болды. Халыққа білім беру органдары мәжілістер, конференциялар, мұғалімдер дайындайтын және қайта дайындайтын қысқа курстар жүргізу бойынша белсенді жұмыс атқарды. Соғыстың қиын жылдары жоғарғы оқу орындарының саны қысқарып және соған сәйкес онда оқитын студенттердің саны да азайды. Елімізде жоғарғы оқу орындарының жүйесі қысқарғанына қарамастан кейбір республикаларда жаңа жоғарғы оқу орындары ұйымдастырылды. Қазақстанда төрт жоғарғы оқу орны пайда болды: 1943 жылы Шымкентте – құрылыс материалдары технологиялық институты, 1944 жылы – Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік консерваториясы, Қазақ Мемлекеттік дене тәрбиесі институты, республиканың ауыл, село аудандарындағы мектептер үшін қазақ қыздары арасынан педагог кадрлар дайындауға арналған Мемлекеттік Қыздар педагогтік институты ашылды. Республиканың жоғары оқу орындарында оқу және ғылыми жұмыс сапасын көтеруге және оның нығаюына Қазақстанға орталықтан көшірілген жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылар ұжымы жоғары деңгейде ықпал етті. Қазақстанның әртүрлі қалаларына 8 мыңнан аса студенті, 545 оқытушысы, оның ішінде 98 ғылым докторы, профессоры, 210 ғылым кандидаты, доценті бар 22 институт көшірілді. Республика астанасында 12 жоғары оқу орны – москвадан, ленинградтан, киевтен, воронежден және т.б. орналасты. Осы жоғарғы оқу орындары қазақстандық ғалымдарға, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарына, олардың оқу-өндірістік үрдісіне, ғылыми-зерттеу және саяси тәрбиелік жұмысына жоғары деңгейде көмек көрсетті. 1945-1946 оқу жылында Қазақ КСР-інде 24 жоғарғы оқу орны болып, онда 15 мыңнан астам студент оқыды. 1947 жылдың аяғына қарай елімізде жоғары оқу орындарының саны соғысқа дейінгі кезеңге жетті. 1947-1950 жылдары Қазақстанда жаңадан 6 институт ашылды. 1956 жылдары халыққа білім беру саласында үлкен өзгерістер болды. Жалпыға бірдей 7 жылдық оқу орнына 8 жылдық жалпыға бірдей міндетті білім беру енгізілді. Жан-жақты дамыған және сауатты адамдарды дайындауды жоғары деңгейде шешетін жаңа үлгідегі мектеп-интернаттарды ұйымдастыруға кірісу мақсатты мәселе деп танылды. Қазақстанда мектеп-интернаттарды құруға халыққа білім беру органдары 1956 жылдың наурызында кірісті. Шамамен 1700 адамға арналған сегіз жылдық мектеп-интернаттарАқмола облысының Сандықтау ауданында, Қарағанды облысының Қарағанды, Долын аудандарында, Талдықорғанның Панфилов, сондай-ақ Ақтөбе, Гурьв, Семей, Шымкент облыстарында ашылды. Олардың барлығы да жұмыс істеп тұрған мектептер базасында ұйымдастырылды. 1956-1960 жылдары оқушылар арасында оқу-тәрбие жұмысы оның шығармашылық бастамада жан-жақты өркендетуіне бағытталды. Мектептерде тәрбие жұмысының бағдарламасын жасау бірнеше жылдар бойы жүргізілді. 1958 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және КСРО-дағы халыққа білім беру жүйесін одан әрі қарай өркендету туралы» заңды қабылдады. Ол заң еліміздегі жалпыға бірдей міндетті 8 жылдық білімді бекітті. 1950-1960 жылдары мектепке дейінгі балалар мекемелерінің саны күрт өсті. Балалар бақшасы ұжымшарларда, кеңшарларда құрылды. Бұл кезеңде мектепке дейінгі мекемелердің материалдық базасы әлдеқайда нығайды, тәрбие жұмысында жақсы жағынан өзгерістер болды, мектепке дейінгі балалар мекемелері қызметкерлерінің білімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды. 60-ыншы жылдарғы мектепке дейінгі мекемелердің негізгі түрі «Бала бақша» болды. Онда бала-бақша мен мектепке дейінгі жас аралығындағы тәрбие үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету міндеті қойылды.
60-ыншы жылдардың аяғында Қазақ Мемлекеттік педагогика институты және Орал педагогика институты жанынан мектепке дейінгі бөлімдер ашылды. Ол кейін тиісті дайындықпен нағыз мамандарды әзірлей бастады.
№9 дәріс
Тақырыбы: Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (ХV-ХVІІІғ.ғ. Қазақ хандығы кезеңі)
Жоспары:
1. Қазақстан территориясындағы тәрбие мен қоғамдық дамудың ежелгі көздері.
2. Қазақ хандығы кезіндегі білім беру. Этносаяси және мәдени жағдайлар, олардың халық ағартушылығына ықпалы.
3. Қазақ даласындағы философтар мен ақындардың тәрбие бағыттары.
4. Жыраулардың ағартушылық қызметтері.
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды. Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Сыр өңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында "жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді. "Қасым ханның қасқа жолы" деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.
Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты. Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтірді. Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті. 1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза болды. Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді. Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. МСондықтан ол қанға қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын "Есім хан салған ескі жол» деп атады. 16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталыпы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті. Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес "Сібір татарлары" деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды. 1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді. 17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашарлады. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді. 1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында "Жеті жарғы" деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады.
Феодалдық салт көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды Қазақ поэзиясының бұл кезеңдегі аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет, Ақтамберді (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды.
№10 дәріс
Тақырыбы: Қазақстандағы ХІХ-ХХғ. Білім беру мен педдагогика ғылымы. Ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесі
Жоспары:
1. Білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.
3. Жалпы орта білім беру.
4. Жоғары кәсіптік білім беру.
5. Жоғары оқу орынан кейінгі кәсіптік білім.
Білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы.Білім беру жүйесі дегеніміз қазіргі тарихи кезеңде әлеуметтік-экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне және еліміздің негізгі саяси-экономикалық міндеттеріне жауап беретін принциптер негізінде құрылған оқу-тәрбие мекемелері мен оны басқару органдарының жүйесін айтады. Өзіндік ұйымдастырушылық-құқықтық түрлеріне қарай білім беру мекемелері мемлекеттік, мемлекеттік емес (жекеменшік) болып бөлінеді. Бірақ заңдылықтың білім беру саласындағы күші белгілі бір мемлекеттің территориясында олардың ұйымдастырушылық-құқықтық түрлері мен бағыныштылығына қарамастан бірдей таратылады. Қазіргі кезде Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық нарықтық экономика елі ретінде мойындап отыр. Тәуелсіздігін алған тарихи қысқа мерзімнің ішінде Қазақстан экономикада, әлемдік өркениетке интеграциялауда,жаңа алдыңғы қатарлы технологияны қолдануда өте күшті қарқымен дамып келеді. Ұсынылып отырылған білім беру жүйесінің тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық ретінде айқындайды және Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік мемлекет тарапынан тұтас білім беру саясатын жасау үшін негізін қалайды. Қазіргі тұжырымдамада білім беру жүйесінің ішкі ерекшеліктерін ескере отырып, құрылымдық өзгерістер ұсынылады, оның түпкі мақсаты білім беру жүйесін әлемдік тенденцияға сәйкестендіру, икемдік, бейімделушілік сипат беру, соған сәйкес бүгінгі мен болашақта және ЮНЕСКОның ұсыныстарына бағытталған талаптарға жауап бере алады. “Орта білім беруді дамытудың әлемдік тенденциясы, ең бастысы, мектептің дәстүрлі репродуктивті үлгіден нәтижеге бағытталған, оның дамытушылық, конструктивтік үлгісіне өтуімен сипатталады. Жалпы білім беретін мектептердің түлектерімен соңғы 4 жылда жүргізілген сауалнаманың нәтижесін талдау көрсеткендей, орта есеппен оқушылардың 25% пайызы қажетті деңгейден төмен білім көрсетті. Оның негізгі себебі: білім берудің мазмұнын айқындауда білімді негізгі нысанаға алуда фактологиялық тұрғыдан қарау, ол негізінен тұлғалық-бағдарлы, дамытушылық оқытуға қайшы келеді” Жоғары білім беру жүйесі кәсіпкерлік саласына айналды. Білім беру қызметіне бағаның жасанды өсуінің негізінде қолайсыз бәсекелестікті қалыптастыру жоғары оқу орындарының дамуына мүмкіншілік бермейді, оларды жетілдіруге кедергі келтіреді, халықаралық нарықта бәсекелесу мүмкіншілігінен айырады. Интелектуалдық, кадрлық, материалдық-техникалық мүмкіншіліктердің болмауына қарамастан, жоғары оқу орындары сымақтар мен олардың филиалдарының есігінің ашық болуы маман даярлаудың деңгейі мен сапасын төмендетуге, кадрларды шамадан тыс даярлауға, еңбек нарқын қажетсіз кадрлармен толтыруға әкеліп соқтырды, жоғары білім беруді диплом беру жүйесіне айналдырды. Халық ағарту жүйесіндегі қалыптасқан қиын жағдай мен келеңсіз құбылыстарды болдырмаудың түбірлі ұйымдастырушылық-құрылымдық өзгерістердің қажеттілігін көрсетті. Жалпы білім берумен қатар, элитарлық білім беруді қалыптастыру, білім берудің мазмұнын жаңарту, қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайға сәйкес маман даярлаудың сапасын жетілдіру. Сонымен, “Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2004-2015 жж. арналған тұжырымдамасында” білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторларына:
- білім беру парадигмасын өзгерту;
- оқытудың, тәрбиенің және білім беру сапасын арттыру;
- оқшылардың денсаулығын сақтау;
- оқушылардың әлеуметтенуі;
- білім беру үйымдарының материалдық базасын нығайту, Қазақстанда заңнамаларға сәйкес білім беру бағдарламаларының сабақтастығы мен үздіксіздігінің принциптеріне негізделеген білім жүйесінің ұлттық үлгісі білім берудің 4 деңгейін қамтиды:
1. мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
1. жалпы орта білім беру;
2. жоғары білім беру;
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.Білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік мектептерде, кәсіптік лицейлерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады. Сонымен қатар дамуында ауытқушылығы бар арнаулы мекемелер түрлері, жетім балалар мен ата-анасынан айырылған балаларға арналған мекемелер т.б. білім беру үрдісін іске асыратын басқа да мекемелер жатады. Білім беру ұйымдарының саны 1990 жылға дейін тұрақты түрде өсіп отырады. Алайда, 1991 жылдан бастап, білім ұйымдарының желісі қысқара бастады, бұл, әсіресе, балалар бақшаларына қатысты болды. Осы кезде жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелері бойынша желіні елеусіз қысқарту жүрді, ал жоғары оқу орындары бойынша, керісінше, олардың санының өсуі байқалды. Бұл өсу мемлекеттік емес жоғары оқу орындары санының артуы есебінен болды. Бастауыш және орта кәсіптік білім беруде жеке лицейлер мен колледждер санының өсуі желісінің жаппай құлдырауына жол бермеді. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, азамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеу, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейін даму бағытына тікелей байланысты. Ел Президенті Н. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” атты халыққа жолдауында мемлекеттің мерейін өсіріп, іргесін бекітерлік ұзақ мерзімді басымдықтар қатарында, ерекше орынды білімнің аталуы да сондықтан. Өйткені, адамзат тарихы, тағылымы осыны дәлелдеп отыр. Әлемге әйгілі “Жапон кереметі” құпиясының да бір ұшығы білімде жатқаны сөзсіз. Осынау әрбір күні жылдың жүгін арқалаған өзгерістер заманында, Қазақстан тәуелсіз мемлекеттігінің негізі қаланып, қуат-күші нығайтылып, жатқан тұста өмірдің өзі дамудың жаңа бағдарын айқындауды талап етуде. Осы орайда, қазіргі күші бар білім жөніндегі заңдар уақыт талаптарына сай келмегендіктен және ұлттың білім жүйесінің ең басты мақсаттарын жүзеге асыруда дәрменсіз болғандықтан,белгілі ғалым, педагогтардың, білікті мамандардың қатысуымен жаңа бірыңғай “Білім туралы” Заң қабылданды (1999ж).
Бұл заңда ұлттық білім жүйесінің бүгінгі күн талаптарына жауап бере алатын және нарықтық экономика қажеттіліктерін қамтамасыз ете аларлық жаңа үлгісін құру мәселесі өз шешімін тапты. Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңы білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі;
- әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық-физиологиялық және дара ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жетуі;
- білім берудің зайырлы сипаты;
- жеке адамның білімділігін ынталадыру және дарындылыгын дамыту;
- білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру үрдісінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі;
- білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
- білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандығы мен өкілеттілігін кеңейту;
- білім берудің ізгілікті және демократиялық сипаты;
- білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
- оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
- білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Білім беру жүйесінің міндеттері:
1. Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және азаматтың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жеке кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
1. Білім беру жүйесінің басты міндеттері мыналар болып табылады:
- білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасау;
- жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту.
- азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйішпеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
- әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру;
- білім беру ұйымдарының еркіндігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыруды және орталықсыздандыру;
- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық жаһандық қатынас желілерге шығу;
- еңбек рыноғында бәсекелесуге қабілетті, білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау, біліктілігін арттыру.
Жалпы, әр мемлекеттің ұлттық білім жүйесінің өзіне тән үлгісі, сол елдің экономикалық дамуына, халқының тарихи тағылымына, мәдениеттің деңгейіне сәйкес жасалады. Елімізде демократиялық қоғам құрылып, республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуіне байланысты әзірленген ұлттық білім жүйесінің жаңа үлгісінде осы саладағы өз тәжірибеміз бен жалпы әлемдік үрдістер ескерілген.
Бұл үлгіде білімнің төрт деңгейі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі білім деңгейлері белгіленді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балалар бақшасы бұл күндері де үздіксіз білім берудің бірінші сатысының және балалардың ерте бастан әлеметтенуінің тиімді ұлгісі болып қалып отыр.
Балалардың мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу құқығын қамтамасыз ету мақсатында 5-6 жасар бүлдіршіндердің балабақшадағы екі жылдық міндетті әрі тегін мектепке дейінгі даярлығы енгізілді. Бәрімізге белгілі соңғы жылдары білім мекемелерін орынсыз оңтайландыру үрдісінің нәтижесінде елімізде 3320 балабақша жабылып, олардың контингенті 1,0 млн балаға азайды, мектепке дейінгі мекемелерге сәбилердің тек 10 ғана пайызы баратын жағдайға тап болдық. Осылайша балалардың көбі мектепке дейінгі мекемелерден тыс қалғандықтан, олардың бастауыш мектептің оқу жоспарларын меңгерудегі мүмкіндіктерін теңестіру мақсатында білім беру үрдісінің үздіксіздік және сабақтастық 5 жастағылардың міндеті, әрі тегін ұстанымдарына сәйкес мектепалды даярлығы енгізілді. Бұл тәжірибе басқа елдерде ертеден, 1920 жылдардан бері бар. Мысалы, Ұлыбританиядағы бастауыш мектептердің жанынан құрылатын “Балдырғандар” мектебін, АҚШ пен Франциядағы 5 жастағылардың балабақшадағы арнайы дайындық бөлімін атауға болады. Кезінде бұл тәжірибе әр жылдарда біздің елімізде де жүзеге асырылған болатынды. Ең бастысы, мектепке дейінгі бұл міндетті даярлық бастауыш мектептің құрылымын өзгертіп, үшжылдық мерзімге көшіруге мүмкіндік берді. Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі сапалы білім бағдарламаларына қол жететіндігін арттыру нысандарының бірі мектепалды институт болады, ол балаларды балалар бақшасында, жалпы білім беретін мектепте және отбасында мектепалды даярлануды барлық жерде ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мектепалды институт-бұл мектепке дейінгі ересек жастағы, негізінен бұрын балалар бақшаларына бармаған балалар үшін оқу-тәрбиелі үрдісті мақсатты бағытта ұйымдастыру институты.
Мектепалды даярланудың қызметі мыналар:
- балалардың тән сұлулығы мен психикалық саулығын
- сақтау әрі нығайту;
- балалардың интеллектуалдық және тұлға ретіндегі дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоционалдық салауаттылығы жөнінде қамқорлық;
- балалардың дамуындағы кемістіктерді түзету;
- баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін от
басымен өзара қимыл жасау.
Отбасына да үлкен жауапкершілік жүктеледі. Онда баланы мектепалды даярлауды-дербес, мектепке дейінгі ұйыммен немесе мектеппен бірлесіп ұйымдастыруды таңдауға хақылы. Отбасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген білімді, дағдылар мен қарым-қатынастарды баланың меңгеруін, сондай-ақ күш-жігері мен психологиялық жағынан мектеп бағдарламасын игеруін қамтамасыз етуге міндетті.
Жалпы орта білім беру.Үздіксіз білім беру жүйесінің ең негізгі буыны Қазақстан Республикасы Конституациясының 30-бабына сәйкес барлық азаматтар үшін міндетті болып саналатын орта білім жүйесінде елеулі өзгерістер бар. Бұрынғы үлгідегі кәсіптік-техникалық білім саласы мен арнаулы орта білім ретінде енгізілді. Осыған орай колледждерге түсу базасы өзгертілді. Егер осы уақытқа дейін қолданылып келген білім үлгісі бойынша колледждерге тек 11-сынып бітіргендер ғана түсе алатын болса, енді жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбын бітіргендер қабылданатын болады. Колледжге қабылданған 11-сынып бітіргендердің оқу мерзімі олардың жалпы білім беретін немесе кәсіптік мектептердегі алған білімдеріне сәйкес қысқартылады. Жалпы бұл деңгей жаңа үлгіде үш сатыдан: бастауыш мектеп (1-4-сыныптар), негізгі мектеп (5-10-сыныптар) және орта мектеп (11-12 сыныптар) сатыларынан тұрады. Әлем мектептерінің құрылымына зер салсақ, міндетті оқу көлемі әр елде әр түрлі. Міндетті білім Англия, Швеция, АҚШ,Жапония секілді елдерде тоғыз жылдық орталау мектеп, Эстонияда он жылдық, Венгрия, Румыния,Чехияда сегіз жылдық болып саналады. Ал, Ресейде 8 немесе 9 жылдық орталау мектеп бітіру міндеттелген. Жалпы білім беретін орта мектеп аталған елдердің бәрінде 12 жылдық болып құрылған. Тек Ресейде үш жылдық бастауыш мектепке негізделген он жылдық мектептермен қатар төрт жылдық бастауыш мектеп бітірген оқушылар 11 жылдық немесе 12 жылдық мектепті тамамдайды. Жаңадан қабылданған білім беру жүйесінің тұжырымдамасында 1997 жылғы қабылданған Лиссабон конвенциясы бойынша әлемдік білім кеңістігіне интеграциялау, біздің дипломдарымыз бен аттесттарымызды мойындау үшін, отандық білім жүйесі білім берудің ұзақтығы факторын орындауы қажет, демек жаңа білім мен ақпаратты алу жағдайында интеллектуалдық мүмкіндіктерді дамытуда 12 жылдық орта білім беруге кезеңмен көшуді іске асыру қажеттілігін ерекше күн тәртібіне қойып отыр 12 жылдықоқытуға көшу: - жоғары сыныптарда оқыту үрдісін мамандықтарға бағыттау арқылы шәкірттердің дара қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіншілік береді;
- шәкірттердің даралық қажеттіліктерін өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды ескере отырып, оқу бағдарламаларын тиімді ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды; Лиссабон конвенцияларының ұсыныстарына сәйкес халықаралық деңгейде оқытудың және білімдік бағдарламалардың ұзақтығы бойынша университетке дейінгі білім беруді салыстыруды қамтамасыз етеді;
Сонымен қатар Қазақстандық қоғамның дамуының ерекшелігін ескеруді қажет еді, оның ішінде жастарды қалыптастырудың білімдік, тұлғалық тұрғыдан жоғары қарқыны, өз тарихы, мәдениеті, менталитеті мен білімдік базасы, 12 жылдық оқытудың балалар мен жосөспірімдердің әлеуметтену үрдістеріне әсері. Қазіргі кезде отандық 4+5+2 құрылымы қолданылады, оның жоғары деңгейінде мамандыққа саралау, даралау жеткіліксіз іске асады, шын мәнінде оның өте аз тиімділігінің көрсеткіші болып табылады. Жаңа тұжырымдамада өзіміздің отандық және әлемдік тәжірибені ескере отырып, жалпы орта білім берудің өте тиімді және қолайлы құрылымының варианты ұсынылды, яғни, 4+6+2 құрылымы жоғары сыныптарда 1 жылға оқытудың ұзақтығын арттыру есебінен.
Болашақта төмендегідей құрылымға өту жоспарланған:
1. Базалық орта білім беру - 10 жыл;
2. Мамандыққа оқыту - 2 жыл 3 бағыт бойынша:
- техникалық;
- ғылыми - жаратылыстану;
- әлеуметтік- гуманитарлық.
Ұсынылып отырған деңгейлер және орта білім берудің мазмұны 12 жылдық білім беруге жеңіл де, ешқандай қиындық көрмей өтуге, оған бейімделуге мүмкіншілік жасайды. Осындай құрылым мен мазмұн қазіргі жағдайға сәйкес келеді және ЮНЕСКОның ұсыныстарын іске асыруға бағытталған.
Жалпы білім беретін мекемелернегізінен мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер болып табылады, сонымен қатар жаңа тұрпатты оқу орындары-гимназиялардаң лицейлерден тұрады.
Бастауыш мектеп - жалпы білім беретін мектептің бірінші басқышы. Бастауыш мектеп жеке тұлға ретінде баланың қалыптасуы мен қабілетінің дамуын, оқушылардың оқуға деген ептілігі мен бейімділігін қамтамасыз етеді. Бастауыш мектептің міндеті-оқушыларды оқуға, жаза білуге, есеп шығаруға үйрету, қоғам және табиғат туралы бастауыш білім беру, мәдениеттілік пен әдепті мінез-құлықтарға дағдыландыру. Білімнің берік негізі бастауышта қаланады. Оқу пәндері мектептің бұл басқышында кірік тірілген курстардың сипатында болады. Ол курстар негізінен табиғат, қоғам, адам, оның еңбегі туралы алғашқы түсініктердің негізін қалайды. Бастауыш мектепте дене, эстетикалық және еңбек тәрбиесі, шет тілдер бойынша факультативтік сабақтар енгізілуі мүмкін. Оқыту 6 жастан басталады. Бастауыш мектепте жаңа тұжырымдамаға сәйкес шет тілі және информатика негіздері ерте оқытыла бастайды. Бастауыш мектеп ең алдымен оқуға үйретуі тиіс екенін тәжірибе көз жеткізе дәлелдеп берді. Бұл туралы аса көрнекті педагогтар - Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Ф.А.Дистервег, Ы.Алтынсарин жазған болатын.
Негізгі мектепмектеп бітірушіге білімін жалғастыру үшін, оның қоғамдық өмірге жан-жақты араласуға қажетті жалпы даярлықтың берік фундаментін қалайды. Негізгі мектеп оқушының жеке тұлғасының дамуын оның әлеуметтік өзін-өзін анықтауға бейімділігі мен қабілетін, ғылым негіздерін терең меңгеруді және ғылыми көзқарасты қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Оқытудың бұл кезеңінде таңдауы бойынша қосымша пәндерді (міндетті пәндерден басқа), факультативтік курстарды, сыныптан тыс сабақтардың жүйесін енгізу оқушылардың бейімділігі мен қабілеттілігін жан-жақты дамытуға бағытталған. Негізгі мектепте оқыту әртүрлі деңгейдегі бағдарламалар бойынша іске асады.
Негізгі мектеп міндетті болып табылады. Негізгі мектептің түлектері орта мектепте өз білімін жалғастырады. Олар сонымен қатар әртүрлі кәсіптік оқу орындарында, кешкі, сырттай жалпы білім беретін орта мектептерде білімін жалғастыруға құқықы бар.
Орта мектеп оқытуды жан-жақты және тереңдетілген саралап оқытудың негізінде оқушылардың жалпы білім беретін даярлығын аяқтауды қамтамасыз етеді, оқушылардың қызығуын толық ескеру, қоғамдық өмірге белсенді қатысуы үшін жағдай жасайды.
Жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сатысы мына үлгіде дамиды: жоғары сатысы 2 жылдық орта мектеп (11-12 сыныптар). Ол біріктірілген оқу жоспарымен жұмыс істейді. Даралап оқыту факультатив сабақтары арқылы іске асады. Еңбекке баулу сабақтарының апталық жүктемесі көбейтілуі мүмкін. Соның нәтижесінде бұл мектептен жасөспірімдер білім алумен қатар мамандық туралы куәлік алып шығарды. Оқушы қаласа, кейінен оқуын колледжде жалғастыра алады. Жоғары сатысы 3 жылдық арнаулы мектеп-гимназия (9,10,11 сыныптар). Онда оқыту бағдар бойынша даярланған: гумантарлық, физико-математикалық, химия биологиялық т.б. Гимназияда жастарды оқу бағдарларына сәйкес мамандыққа бейімдейді. Бітірушілер жоғары оқу орындарына немесе колледждерде оқуын жалғастырады.
Үшжылдық кәсіптік мектеп. Ол жаппай кең ауқымды жұмысшы кадрларын даярлайды. Төрт жылдық орта мектеп-кәсіптік лицей. Оқуын кейін университетте жалғастыратын, өзінің дамуын бағытын нақтылап алған жеткіншектер лицейге түседі. Оның құрамында бірнеше бағытты бөлімдер болады: лингвистикалық,техникалық, педагогикалық, экономикалық және т.б. Лицейдің оқу бағдарымен орта буын мамандыққа ие бола алады.
1999 жылғы қабылданған ҚР “Білім туралы”заңында гимназияға былай деп анықтама береді:
“Гимназия-негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын оқушыларды олардың берілетін бейімділігі мен қабілетінt сәйкес тереңдеп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін жалпы орта білім беретін оқу орны”.
“Лицей-негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлай отыруды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін орны.
Жалпы орта білім беру саласында оның мазмұнын білім беруді демократияландыру және ізгілікті ету бағытында айтарлықтай жаңарту қажет. Оқушылардың сапалы білім, білік дағды алуының жоғары негіздеріне қол жеткізген жөн. Мазмұнды жаңарту білім берудің жетілдірілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеумен және енгізумен қамтамасыз етіледі. Мазмұны, тілі, жағдайы мен оқыту нысандары бойынша әр алуан ауыл мектебі өзіне ерекше мән беруді қажет етеді. Деңгейлік әрі бейімділік саралауды және оқытуды дербестендіруді, соның ішінде сыныптардың шағын толымдылығы жағдайында жүзеге асырудың қажеттілігі оқу үрдісін принципті түрде өзгеше ұйымдастыруды және педагог қызметкерлердің даярлық деңгейін айтарлықтай жақсартуды талап етеді. Шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды басқару мен оның ерекшелігі бұл саладағы қатынастарды реттеуші нормативтік құжаттар жасауды талап етеді.
Дамуында ауытқушылығы бар балаларды оқыту үшін коррекциялық сипаттағы арнаулы білім беру мекемелері (сыныптар, топтар) ұйымдасады. Ондай арнаулы мекемелер қоғамда осындай балаларды емдеу, тәрбиелеу мен оқытуды, әлеуметтік бейімделуді қамтамасыз етеді. Осындай арнаулы білім беретін мекемелерге балалар мен жасөспірімдер білім беруді басқару органдары балалардың ата-аналарының немесе ауыстыра алатындардың тек ғана келісімімен, психологиялық - дәрігерлік - педагогикалық консультациялық қорытындысымен жіберіледі. Қоғамға қауыпты, девианттық сипаттағы мінез-құлқы бар, жасы онбірге жеткен, ерекше жағдайға оқытуды және тәрбиелеуді қажет ететін және арнайы педагогикалық әсер етеуді талап ететін жеткіншектер үшін оларды дәрігерлік-әлеуметтік қалпына келтіру, білім беру және кәсіби даярлықты қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер ұйымдасады. Осындай білім беру мекемелеріне оқушылар соттың шешімімен жіберіледі. Тәрбие - еңбек және түзеу-еңбек мекемелеріндегі азаматтар үшін осы мекемелердің әкімшіліктерімен, білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарымен негізгі жалпы және бастауыш кәсіби білім алу, кәсіптік даярлау, сонымен қатар өз бетімен білім алу үшін жағдай жасалады. Балалардың денсаулығын қалпына келтіру-сауықтыру және санаториялық мектептер мен мекемелерде іске асады.
Кәсіптік білім беру мекемелері бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру кәсіптік білім бағдарламаларын іске асыру үшін құрылады. Бастауыш кәсіптік білім берудің мақсаты-негізгі жалпы білім беру базасында қоғамдық пайдалы қызметтің барлық негізгі бағыттары бойынша жан-жақты маман еңбек қызметкерлерін даярлау. Кейбір мамандықтар бойынша орта (толық) жалпы білім беруге негізделеді. Бастауыш кәсіптік білім беру кәсіптік-техникалық және басқа да училищелерде беріледі. Орта кәсіптік білім беру негізгі жалпы, орта (толық) жалпы немесе бастауыш кәсіптік білм берудің базасында орта буын мамандарын даярлау, жеке тұлғаның білімін тереңдету және кеңейту қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Ондай білім орта кәсіптік білім беру мекемелерінде (арнаулы оқу орындарында-техникумдарда училищелерде, колледжлерде) немесе жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің бірінші сатысында беріледі.
Жоғары кәсіптік білім беру.Жоғары кәсіптік білім берудің мақсаты-жоғары білімді мамандарды даярлау және қайта даярлау, жеке тұлғаның білімін орта (толық) жалпы, орта кәсіптік білім берудің базасында тереңдету және кеңейту қажеттілігін қамтамасыз ету. Жоғары білімді жоғары кәсіби білім беру мекемелерінде (жоғары оқу орындарында, университеттерде, академияларда, институттарда, колледждерде) алуға болады. Бастауыш және орта кәсіптік білімі бар жастар мамандықтарына сәйкес жоғары кәсіптік білімді қысқартылған, жеделдетірілген бағдарлама бойынша ала алады. Жоғары білім беруді дамытудың негізгі тенденциясы мамандарды даярлаудың сапасын арттыру, инновациялық білім беруді дамыту, жоғары оқу орындарындағы ғылыми зерттеулердің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысына, білімдік және ақпараттық технологияны жетілдіруге алып келеді. Қазіргі жағдайда жоғары білім беру жүйесіне жаңа сапалық және қоғамдық мәртебе беру қажет. Оның бірінші кезектегі міндеті жоғары сапалы мамандарды жеделдете дайындау, икемділік және бейімділік.
Жоғары білім берудің мақсаты – сапалы жоғары білім алуда қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның қызығуын қамтамасыз ету, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, түрлерін және мерзімін таңдауға жан-жақты мүмкіншіліктер жасау.
Жоғары білім берудің міндеттері:
- жан-жақты іргелі білім негіздерімен қаруланған, белсенді, еңбек нарқы мен технологияның өзгермелі талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін және формациядағы мамандарды даярлау;
- жоғары оқу орындарын халықаралық аккредитациядан өтуге даярлау. Таңдаулы жоғары оқу орындарын дамыту үшін объективтік жағдай жасау;
- жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен тәжірибесін қалыптастыру, стратегиялық жоспарлаудың жүйесін енгізу;
- сапалы білім алуға студенттердің құқығын нығайту.
Жоғары базалық білім беру(бакалавриат) арқылы іске асады.
Бакалавр дипломы барлық мамандықтар үшін ортақ даярлық бағыты бойынша терең де іргелі, жан-жақты кәсіптік даярлықтың аяқталғандығын білдіреді. Осындай даярлық жас маман - бакалаврларға бағыты көлемінде көптеген ғылым саласында және қосымша мамандықтар бойынша және еңбек нарқының қажеттілігіне байланысты еркін бағдарлауға мүмкіншілік береді.
Жоғары базалық білім берудің білімдік бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағандарға, төрт жыл оқыту мерзімінде қорытынды аттестациядан ойдағыдай өткен жоғары білім туралы мамандық және “бакалавр” академиялық дәреже беріледі. Оны бітіргендер берілген мамандығы бойынша барлық жекеменшік түріне және ведомостволық бағыныштығына қарамастан жұмыс істей алады. Одан әрі магистратурада оқуын жалғастыра алады. Бакалаврларды пайдаланудың негізгі бағыттары төмендегі салалар болып табылады: мамандығы бойынша мекемелерде, ұйымдарда, өндіріс орындарында, фирмаларда жұмыс істей алады; сонымен қатар арнаулы орта кәсіптік-техникалық оқу орындарында, колледждерде оқытушылық қызмет атқарады; ғылыми-зерттеу ұйымдарында, институттарда ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді; мемлекеттік қызметте т.б. жерлерде жұмыс істей алады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үздіксіз білім беру жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады және оның құрамына магистратура және докторантура (Р&D) кіреді.
Бұл деңгейдің мақсаты қоғамды, экономиканы, өндірісті, ғылымды, жетілдірудің проблемаларын шешуге қабілетті білім мен ғылымның интеграциясы негізінде ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін жасау болып табылады.
Міндеттері:
- магистратураны жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейге ауыстыру және докторлық бағдарламаны (Р&D)енгізу;
- жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің базасында жұмыс істейтін магистратурада ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың жаңа үлгісін енгізудің механизмін жасау;
- оқытудың кредиттік технологиясына негізделген Болон үрдісіне сәйкес кәсіптік кадрларды даярлаудың біртұтас жүйесін ендіру (бакалавр – магистр - (Р&D));
- еңбек нарқы сұраныстарына сәйкес жаңартылған білім бағдарламасы негізінде мамандарды мақсатты даярлауды қамтамасыз ету;
- шетелдің белгілі жоғары оқу орындарымен байланыста бірнеше Қазақстандық университеттердің базасында докторлар (Р&D)даярлау бойынша орталықтар ұйымдастыру.
Магистратурада даярлық 3 бағытта жүргізіледі:
1) іскерлік басқару – менеджмент және т.б. салада мамандарды тереңдетілген бейімдік даярлық;
2) ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет үшін ғылыми-зерттеу даярлығы;
3) аралас бейімдік даярлық.
Магистрларды даярлау оқытудың ғылыми-әдіснамалық бағыттылығын және белгілі салада тереңдетілген арнайы даярлықты қамтитын білімдік бағдарламаларға негізделеді.
Магистратураны бітіргендерге магистр академиялық дәрежесі беріледі, олардың докторантурада оқуын жалғастыруға құқы бар.
Докторантура Қазақстан білім беру жүйесінде ең соңғы білімдік деңгей болып есептеледі.
Докторлық бағдарламаның негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- оқыту мен ғылыми-зерттеу жұмысының арасында тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету;
- кең көлемде ғылыми, білімдік және әдіснамалық даярлықты меңгеру.
Докторлық бағдарламаны және докторлық диссертация қорғаған ғалымдарға философия докторы (Р&D)академиялық дәрежесі беріледі, ал бейімдік докторантураны меңгергендерге бейімдік бағыты бойынша доктор дәрежесін береді.
Докторлық бағдарлама бойынша оқу мерзімі 3 жылдан кем болмайды.
Әлемдік білім кеңістігіне интеграциялау талаптарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру құрылымын халықаралық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында кадр даярлауды болашақта үш деңгейлі жүйеге толық көшу қарастырлып отыр: бакалавриат – жоғары базалық білім беру; магистратура, докторантура (Р&D) – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура мен бакалавриатта оқу үрдісін ұйымдастыру кредиттік технология негізінде іске асуы тиіс. Бұрынғы аспирантура жүйесі халықаралық стандартқа жауап бермегендіктен, болашақта жойылады. Бұл тұжырымдаманың орындалуы болашақта кезең-кезеңмен іске асады.
№11дәріс
Тақырыбы: Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінде
Жоспары:
1.Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік- экономикалық факторлары
2. Педагогиканың арнайы ғылым-білім саласына бөлініп шығуы және оның көрнекті өкілдері
3. Педагогиканың объекті, пәні және категориялары
4. Педагогика ғылымының негізгі салалары
5. Педагогиканың басқы ғылымдармен байланысы
1. Әр саладағы ғылымды меңгеру, әдетте, сол ғылымның пайда болуы мен дамуы, оның зерттейтін проблемаларын анықтап, түсінуден басталады. Шынында да, әр ғылым саласы өз тарихына, зерттелуі тиіс және сол ғылымның теориялық негізін түсінуге жәрдемдесетін табиғи немесе қоғамдық құбылыстардың нақты аймағына ие.
Бұл тұрғыдан көпке мәлім «Барша заттың бастауын тапсаң, көп нәрсе түсінерсің» -деген қанатты сөзде терең мағына бар. Осыдан педагогика пәнімен танысуды да оның қысқаша болса да туындау және даму тарихымен, ол зерттейтін проблемаларды анықтап, түсінуден бастаған жөн.
Адамзат дамуының барысында білімдік педагогиканың саласы ең ежелгілерден, әрі қоғам дамуынан ажырап көрген емес. Бұл тұжырым түсінікті болу үшін мәнді де маңызды жағдайға назар аударған жөн. Педагогикалық білім өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс-әрекетінің ерекше бір саласына кіреді. Шынында да, педагогика жөнінде сөз болғанда, әдетте, бұл термин оқу-тәрбие, адамды қалыптастыру түсініктерімен балаламас қолданылады. Ал, тәрбиенің өзі жас әулетті тұрмысқа дайындау құралы ретінде, адамзат қоғамының іргетасы қалануымен бірге пайда болады. Еңбек құралдарын жасау, табиғат өнімдерін меншіктеуге байланысты өндірістік және бірлікті іс-әрекет пен қызметтік тәжірибелерді жинақтай келе, адамдар оларды келер ұрпаққа өткізуді мақсат-мүдддесіне айналдырды. Қоғамдық ілгерілеудің өзі осы өмірге жаңадан енген әрбір әулеттің өз ата-бабаларының өндірістік, әлеуметтік және рухани құндылықтарын игерумен бірге, оларды жаңа, жоғары деңгейде байытып, өзінен соңғыларға жеткізіп беруі арқылы іске асып отырады және әрі қарай дамиды. Сонымен жинақталған өндірістік, әлеуметтік және рухани тәжірибені келесі әулетке жеткізіп отыру, адамзат қоғамының жасалуы мен дамуының алғышарттары және маңызды қызметіне айналады. Міне, сондықтан да тәрбие адамзат қоғамының дамуынан ажырамайды және оған ежелден-ақ тән құбылыс, демек, тәрбие жастарды тұрмысқа дайындауға бағытталған ерекше іс-әрекет ретінде қоғам дамуының барлық кезеңдерінде де өз маңыздылығын жоймаған.
Ал әрқандай қоғамдық құбылыс ретінде тәрбиелік қызмет пен оның сипаты бір қалыпта тұрып қалған емес, қоғамдық жағдайлардың ықпалымен ол үздіксіз жетіліп дамуда болады. Мысалға, ұзақ уақыт балалар өндірістік және адамгершілік тәжірибені, бірлікті еңбек әрекетінде, үлкендермен араласа жүріп игеріп отырды. Осылайша жағдай тайпалық қауымға дейін де, тайпалық қауым кезінде де күнделікті іс-әрекеттін қарапайымдылығынан болған еді. Сондықтан да бұл дәуірде тәрбие адамдардың арнайы кәсіби қызметі бола алмады, яғни арнайы тәрбиелік мекемелер болмады, тәрбиені кәсіпке айналдырған адамдардың да қажеттегі әлі туындамаған кез еді. Құл иеленушілік қоғамда да бұл жағдай ұзақ уақыт сақталды.
Бірақ уақыт өткен сайын тәрбие саласындағы бұл жағдай өзгере бастады. Жер өңдеу мен мал шаруашылығы, қолөнершілік бірте-бірте дамып, күрделенеді. Адамдардың қоршаған дүние жөніндегі ілімдері қордаланып, келе-келе ғылымның дамуына бастау берді. Жаңарған қоғамдық жағдайда өндірістік тәжірибе мен ғылыми біліктерді игеру енді арнайы және ұзақ мерзімді үйренусіз мүмкін болмай қалды.
Өндірістік даму мен күрделену өріс алып, ғылым-білім қоры жинақталған сайын, өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа арнайы дайындаудың қажеттігі арта түсті де, оларды арнайы ұйымдастырылған тәрбиеге тартудың маңызы барған сайын күшейіп отырды. Осылайша, білім беру мен тәрбие қоғамның объективті қажеттігіне айналды және оның бұдан былай дамуының ең маңызды алғышарты болды.
Міне осыдан бастап, адамзат қоғамының белгілі кезеңінде, дәлерек құл иеленуші дәуірдің аяғына таман, өндіріс пен ғылым едәуір дамыған шақта ерекше қоғамдық қызметке айналды, арнайы тәрбиелік мекемелер пайда болып, кәсіби мамандыққа балаларды оқытып, тәрбиелейтін адамдар шыға бастады.
Тәрбиенің дербес қоғамдық қызметі сипат ала бастауы адамдарда тәрбиелік қызмет тәжірибесін жинақтап, қорытындылауды ойластыру қажеттігін туындатты. Тәрбиенің кең өріс алып күрделенуі тәрбие қызметімен байланысты теориялық білімдердің ерекше саласының қарқыны мен дамуына жол ашты. Қоғам мен табиғат жөніндегі барша білімдер секілді тәрбиелік білім де философия аясында нақтыланып, зерттелді. Бұл жағдай ежелгі грек дүниесінен басталып, ХVІ ғасырдың аяғына дейін сақталды.
2. Тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан, ХVІІ ғасырдың басына дейін педагогика философияның бір бөлігі ретінде қарастырылып келді. Шынында, осы күннің өзінде да атақты философтардың қай-қайсысы да тәрбие мәселесін айналып өтпейді, осының өзі педагогикалық проблемалардың қоғам мен ғылым үшін аса маңызды екенінің кепілі.
Педагогика ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен ХVІІ ғасырдың басында бөлектеніп шықты. Ағылшын жаратылыстанушысы және философы Фрэнсис Бэкон (1561-1626) 1623 жылы өзінің «Ғылымның қадір-қасиеті және жетілуі» атты трактатын жария етті. Бұл еңбегінде ол ғылымдарды сарапқа сала отырып, олардың арасында педагогиканы білімдердің дербес саласы деп бөлектеді.
Осы ғасырда-ақ педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті чех педагогі Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінде беки түсті. Оның теориялық идеялары дүние жүзіне кең танымал да, әрі осы күнге дейін өз маңызын жойған емес. Коменскийдің әйгілі «Ұлы дидактика» атты еңбегінде балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндалды. Өз еңбектерінде Я.А.Коменский балалардың адамгершілік тәрбиесіне өте үлкен мән берді, ол «Аналар мектебі» атты кітабында отбасы тәрбиесіне байланысты өз көзқарастарын паш етті.
Коменский ізімен батыс еуропалық педагогика тарихында елеулі еңбегімен көрінген ғылым өкілдері келіп шықты. Олардың ішінде аса көрнектілері Англияда Джон Локк (1632-1704), Францияда Жан-Жак Руссо (1712-1781), Швейцарияда Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), Германияда Иоганн Гербарт (1776-1841) және Адольф Дистерверг (1790-1866) т.б. болды.
ХVІІІ ғ. Германияда алғашқы рет мұғалімдерді дайындайтын арнайы оқу орны ашылып, онда ерекше ғылыми пән ретінде педагогика оқытыла бастады. Осының бәрі педагогикалық теорияның жедел дамуына себепші болып, ірі-ірі оқымысты педагогтардың қалптасуына мүмкіндік берді.
Сонымен , ХVІІ ғ. мен ХІХ ғасырдың аралығы педагогикалық теорияның үлкен қарқын ала дамыған, аса құнды тәрбиелік идеялардың өрбіген заманы болды. Педагогикалық ойдың аса кемелденген орталығы ресейде К.Д.Ушинский (1824-1870), Н.И.Пирогов (1810-1881), В.И.Водовозов (1825-1886), А.Ф.Лесгафт (1837-1909), Л.Н.Толстой (1828-1910), Н.К.Крупская (1869-1939), А.С.Макаренко (1888-1939), В.А.Сухомлинский (1918-1970) және т.б. еңбектері үлкен маңызға ие болды.
Ұлттық педагогикалық теориямыз бен тәрбие мәселелері Ы.Алтынсарин (1841-1889), А.Байтұрсынов (1873-1937), М.Жұмабаев (1893-1938), М.Дулатов (1885-1935), Ж.Аймауытов (1889-1931), Ә.Сембайұлы (1905-1989), С.Қожахметұлы (1910-1945), Қ.Бержанұлы (1924-1976), Р.Қоянбаев (1939-2007) сынды және т.б. кемеңгер ағартушы-педагогтардың еңбектерінде өз көрінісін тауып, біздің дәуірімізге дейін жетіп, егеменді ел ұрпағын тәрбиелеуде таптырмас құралға айналып отыр.
3. Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas»- баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды.
Тәрбие- қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның тәрбиенің қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін-делдал-ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана- ақиқаттың нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән- бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет объективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.
Ал педагогика пәні- индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табылады.
Бір элементтен көп элементтер қосылу барысында жүйе пайда болады. Педагогикалық шындықта бұл «ұстаздар- оқушылар» жүйесі, ол сол жетекші (бөлігі) (элементі) ұстаздар бойынша педагогикалық жүйе деп аталады.
Қандай да болмасын жүйе жағдайының өзгеруі процесс деп аталады. «Ұстаздар-оқушылар» жүйесі жағдайының өзгеруі педагогикалық процесс деп аталады.Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекетіндегі тұлғаның қайта өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық педагогиканың категориялары арқылы бейнелене алады.
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда- қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада – тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар)- объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогиканың негізгі ұғымдары- тәрбие, білім беру, оқыту.
Білім беру- бұл ұғымды ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
Білім беру деп- табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырларда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеген. Қазіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру дәуіріндегі білім беру ғылыми-техникалық үдеудің құдіретті факторы болып отыр. Білім беру өте күрделі ұғым, оны педагогикалық ғылым тұрғысынан түсіндірудің әр түрлі мәні бар. Егер әңгіме білім берудің сатылары жөнінде айтылса, онда бастауыш, тоғыз жылдық, ота және жоғары білім беру ұғымдары пайдаланылады. Ал білім беру мамандыққа байланысты сөз етілсе, онда педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық т.б. сияқты ұғымдар қолданылады.
Оқыту-білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты біртекті процесс; біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Педагогикада тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні бар. Оқыту барсында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі.
Педагогикалық ұғымдардың бірі- тәрбие. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.
Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан бір жақты жалаң тәжірибеге сүйеніп түсіндірмекші. Мұндай пікірді қуаттаушылар прагматистер. Олардың айтуынша тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейімдейді, сондықтан ол өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруі қажет. Осы жағдайда бала жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді.
Педагогика ғылыми тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, өйткені тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді деді В.И.Ленин. Сондықтанда Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп тұжырымдайды.
Тәрбие жайында К.Д.Ушинский:»... мектеп, тәрбиеші және ұстаздар-адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлде қайда күшті тәрбиешілері: табиғат, қоғам, халық... және оның тілі болады»,-деді.
Ушинскийдің түсінуі бойынша бұл факторлардың әсері педагогикалық талаптардан басқа себептерге байлнысты.
«Тәрбие» терминін әрдайым тар мағынада «тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада өмір тәрбиелейді» деп қолданады. Мұның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тар мағынада тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие-көптің ісі. Сондықтан тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық болып айналысады. Олай болса тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.
Тәрбие арқылы жеке адамның дүниеге ғылыми-материалистік көзқарасы, мінез-құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттері қалыптасады, ол еңбек етуге ынталы қоғамның белсенді мүшесіне айналады.
4. Педагогика өзінің даму кезеңінде тәрбие мен білім беру жайлы жалпы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, оларға педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, оқыту және білім беру теориясы- дидактика т.б. жатады.
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, мәдени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы пайда болды.
Мектепке дейінгі педагогикада үйелмендегі, балалар бақшасындағы, демек, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді.
Мектеп педагогикасы кіші, орта және жоғары жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін зерттейді.
Педагогика тарихы- педагогиканың өз бетінше жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан біздің заманымыздағы педагогикалық теория мен практиканы дамыту үшін өткен кезеңдердегі педагогикалық бай мұраларды терең зерттеп, шығармашылықпен қолданудың маңызы өте зор. Міне, осы жағдайда болашақ ұстаздар оқыту мен тәрбие мәселелерін озат педагогтардың мұраларымен байланыстыра шешетін болады.
Дефектология- педагогика ғылымының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелеріне және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика-саңырау, мылқау және керең балаларға, тифлопедагогика- соқыр балаларға, олигофренопедагогика- ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия- тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді.
Педагогикалық ғылымдар жүйесінде бастауыш мектептегі оқыту, жоғары сыныптарда жеке пәндерді оқыту әдістемесі едәуір жетіле түсті. Педагогика ғылымдарының бұл саласы оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, принциптері мен мазмұнын зерттейді. Пәндерді оқытудың әдістемесі- оқыту мен білім беру теориясына- жалпы дидактикаға сүйенеді. Дидактика- педагогиканың негізгі тарауларының бірі.
Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол «нені оқыту керек», «қалай оқыту керек», «не үшін оқыту керек» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері- бұл оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасын қалыптастыру, оларды өмір практикасына дайындау проблемаларын зерттеп шешу.
Педагогикалық ғылымдар жүйесінде пайда болған жоғары оқу орындарының педагогикасы. Жоғары мектептерде жастарды оқыту мен тәрбиелеу проблемасы жайында ғылыми еңбектер, оқу құралдары шыға бастады. 1969 жылы аспиранттар және жоғары мектеп оқытушылары үшін «Педагогика высшей школы» кітабы, ал 1972 жылы «Основы вузовской педагогики» оқу құралдары баспадан шықты. Әрине жоғары мектеп педагогикасы жаңа және жас ғылым. Ол келешек мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеу, оларды жоғары дәрежелі мамандыққа даярлаудың тиімді жолдарын іздестіріп зерттейді.
Педагогикалық ғылымдар салалары өзара бірыңғай байланысып, қисынды бір ізділікпен дамиды.
5. Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Өйткені, адамды жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олардың бірі- философия ғылымы. Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті иедялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
Тәрбиенің мақсаттары, халыққа білім берудің мазмұны, педагогикалық процесті ұйымдастыру сияқты проблемаларды зерттеудің барысында, педагогика ғылымы алдын-ала болған нақтылы әдіснамалық жағдайлардың негізіне сүйенеді.
Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді. Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау және т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі- жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Балалар организміндегі жоғары нерв қызметін, тыныс алу, қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін мұғалімнің жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас организмнің даму барысында болып отырған анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, әсіресе жоғары нерв қызметінің негізгі заңдылықтарына (қозу, тежелу т.б.) жете түсіну жалпы педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудың негізі болады.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы- жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимараиында, сынып бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек, түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етеді, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр болады. Олардың зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай сөзсіз үлгермеушілікті тудырады.
Мектеп гигиенасы мектеп ғимаратындағы жылу және ауа режимдерін, мектеп жабдықтары мен оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптарды және оқу мен тәрбие жұмысының гигиеналық негіздерін зерттейді. Сондықтан мұғадімнің осы мәселелерді терең түсініп, меңгермейінше, педагогикалық процесті ойдағыдай ұйымдастырып, басқауы мүмкін емес.
Педагогикалық нақты мәселелерді зерттеп, жинақтауға социология ғылымының маңызы бар. Социология ғылыми әлеуметтік ортаның адамға ықпалын, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты қарастырады.жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемалырын зерттеу барысында пдагогика ғылымы әлеуметтік орта мен тәрбие жайындағы мәліметтерді социология ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.
Педагогика ғылыми тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді. Археология- өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттейді. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияда оқу мен тәрбиенің мақсатын, міндеттерін және мазмұнын анықтау үшін педагогика сол формациядағы халықтардың мәдениеті, дәстүрі мен экономикасы жайындағы белгілі ғылыми еңбектер мен құжаттарды басшылыққа алады. Әсіресе, мұндай жинақталған материалдар алғашқы қауымдағы тәрбиенің шығуын және оның кейбір жақтарын дәлелдеуге көмектеседі.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін да пайдалана бастады. Кибернетика- грек сөзі, бұл басқару өнері деген мағына береді. Кибернетика жас ғылым, ол ХХ ғасырдың 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика-күрделі машиналардағы, тірі организмдегі және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зерттеп басқаратын, олардағы акпараттарды беретін ғылым. Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар териясы, бағдарламалау теориясы.
Педагогикалық әдебиет беттерінде кибернетикалық педагогика деген ұғым жиі жазылып жүр. Оның себебі- кибернетика бірте-бірте педагогикалық құбылыстарға еніп, оларды зерттеуде зор тірекке айнала бастады.
№12дәріс
Тақырыбы: Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
Жоспары:
1. Жас кезеңдері
2. Бастауыш мектеп жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы.
3. Жасөспірім кез және оның ерекшеліктері.
4. Жоғары сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық сипаттама.
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі.
1. Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікір жазылып жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты. Ал кейбіреулер адам жасын тіс аттарына қарап, топтастырады.
1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында Бүкіл Дүниежүзілік симпозиум болды. Симпозиум жұмысына КСРО, Англия, Болгария, Польша, Чехославакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.
1. Жаңа туған бала 1 күннен 10 күнге дейін
2. Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін
3. Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін
4. Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін
5. Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін (ер балалар)
8 жастан 11 жасқа дейін (қыз балалар)
6. Жеткіншектік жас 13 жастан 16 жасқа дейін (ер балалар)
12 жастан 15 жасқа дейін (қыз балалар)
7. Жасөспірімдік шақ 17 жастан 21 жасқа дейін (ер балалар)
16 жастан 20 жасқа дейін (қыз балалар)
8. Кәмелеттік жастың 22-ден 35 жасқа дейін (ерлер)
бірінші кезеңі 21 ден 35 жасқа дейін (әйелдер)
9. Кәмелеттік жастың 36-дан 60 жасқа дейін (ерлер)
екінші кезеңі 36-дан 56 жасқа дейін (әйелдер)
10. Кексе жас 60-тан 74 жасқа дейін (ерлер)
56-дан 74 жасқа дейін (әйелдер)
11. Қарттық жас 75-тен 90 жасқа дейін
12. Ұзақ жасау 90 жас одан жоғарылар
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің схемасына, яғни туған баладан бастап жас өспірімдік шаққа дейін өзгерістер кірді. Олар жеті сатыдан тұрады.
Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін)
Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)
Мектепке дейінгі балалық шақ (3 жастан 6 жасқа дейін)
Бастауыш мектеп шағы (6-7 жастан 10-11 жасқа дейін)
Жеткіншектік шағы (11 жастан 15 жасқа дейін)
Жасөспірімдік шақ (15 жастан 18 жасқа дейін)
2. Бастауыш мектеп жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2.7 кг өседі, 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограмнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін камтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипулияцилық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.
Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін - өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді;
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын. сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып кала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастан, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан) себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады.
Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен, шын көңілмен назар аударып, өзін-өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларына кұлқы болса да, болмаса да оны калайда орындауы керектігін білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып қалмауы тиіс. Балаға онын енді "үлкен" екендігін, кішкентай балалар сияқты ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сездерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналысып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардын қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте-бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір құштарлықпен ойнайтын болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды калыптастырады. "Балалар қоғамының" рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының қалыптасқан ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал әділеттілік пен әділетсіздікке көзжеткізу, теңдік, лидерлік бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.
Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі - танып-білуге деген белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады.
Бала қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігімен өзі зерттей бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді. Егер 6-7 жастағы бала өзі үшін аса маңызды ойын ойнап жатса, ол одан екі немесе үш сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол өнімді жұмыс жасауда да, мысалы, сурет салуға, ойыншықтарды құрастыруға, өзіне қажетті әлденелерді жасауға да осындай ынтамен кірісе алады. Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ қадалуы, оның сол өзі жасап отырған іс-әрекетіне деген ерекше ынтасымен көрсетеді. Егер бала өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт назарын салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршайды, көңілі басқа жаққа алаңдай береді, тіпті ол өзін соншалықты бақытсыз сезінеді.
Алайда, бала төменгі сыныпта жүрген кезінде-ақ өзінің мінез-құлқын өзі үйлестіре алады десек те, оның назарының өз еркінен тыс басқа жаққа тез ауып кету жағдайлары көбірек болады. Балаларды біртектес, тез жалықтыратын немесе қызғылықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін жүмыстар тез жалықтырады. Ал бала назарының анда-санда басқа жаққа ауып отыруы оны тез шаршаудан сақтайды. Бұл ерекшелік ойынның сабаққа кірісуге мүмкіндік беретін маңызды элемент екендігін көрсетеді және іс-әрекетті онымен жиі алмастырып отыру керек болатынын дәлелдейді. Төменгі сыныпта оқитын балалар интеллектуальды тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік-жігерді және үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын өз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мүғалім сабақта балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына елестетіп көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және т.б. болуы мүмкін.
Әртүрлі оқиғалар, "өлендер" ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі кейіпкерлерді бейнелеу арқылы бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын, графикалық бейнелерді өзі де байқамастан айта бастауы мүмкін. Баланың өзіне белгілі оқиғаларды әдейі бір-біріне қосып, өз кейіпкерінің сапалық жақтары арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі.
3. Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.
Жасөспірімдердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жасөспірім шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тағамы, еңбек, спорт. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір заңдылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндегі осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарында да көрініс береді, мысалы сүйек етке қарағанда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. Соның әсерімен баланың мінезінде ашушаңдық, қызбалық пайда болады.
Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын болады.
Бала жасөспірім шаққа өткен кезде оның нерв жүйесінің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күшейтеді. Балалық жастан өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді. Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір қалыпты болмауы нерв жүйесінің өзара байланысы мен өзара қарым-катынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жасөспірім өзін қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасын орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол-айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін қиналады. Кез келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.
Біз өз алдына жеке қарастыратын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі аса маңызды әрі ықпал ету күші басымы - қоғамның алғашқы ұжымы болатын - отбасы, бала оның ықпалын бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып түрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айкындайды. Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады. Жасөспірімдік өтпелі кезеңнің ең басты үрдісінің бірі - жасөспірімнің өз ата-аналарымен, мүғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасында қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жасөспірім үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді.
Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға дегеы қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Кұрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке түлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жасөспірімдердің мінез-қүлықтары мен іс-әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық-топтық болып табылады.
Жасөспірімдерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен қарым-қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспірімнің алдына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен қүмарлық-қүштарлықтарының дүрыстығына жауап іздейді. Ал музыка - адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жасөспірімдердің тындайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.
Жасөспірімдер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім жасөспірім үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жасөспірімдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен жасөспірімдерге тән.
Жасөспірім өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жасөспірімнің досы-ол тек бірге ойнайтын, жанжалдасып қалатын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес. Ол - жасөспірімнің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жасөспірімдік шақтың орта түсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы достық қалыптасады, осыдан келіп жастықшақтың алғашкы махаббаты да оянуы мүмкін.
Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-әрекет турлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез-құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады.
Жасөспірімдер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді. Жасөспірімдердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жасөспірімнің жеке тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді.
Демек, осы жастағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, педагогикалық үстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дүрыс үйымдастыру болып табылады. Жасөспірімдер өмірінде, әсіресе, 9 сыныпта, яғни, толық орта білім алу жолына таңдау жасайтын кезде, олардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады.
4. Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін тандау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтіқ жауапкершілікті сезінеді.
Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен - бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шақтың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына байланысты. Әлеуметік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыптасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.
10 жастағы бала салмақты, әрі өмірдің өзі үшін жаңа тұстарын жеңіл қабылдайды, сенгіш, ата-ананың айтқанынан шықпайды, сыртқы сипатына да көп мән бере қоймайды. Ал 15 жастың мән-мағынасын бір қалыпқа салып айтып беру мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың өзіндік ерекшеліктері тез айқындалып келе жатады. Бұл 15 жастағы жаңа өзгерістер, яғни, отбасындағы да, мектептегі де қарым-қатынастарында қиыншылық туғызатын тәуелсіз болуға ұмтылу рухының айқындалуы, өзін сырттай бақылап отырғандардан бостандыққа шығуға деген құштарлығы өзін-өзі алып жүре алатындай өзін-өзі тәрбиелей алудың бастауы.
Осының барлығы жасөспірімнің жан дүниесінің тез жараланып қалғыштығына және сыртқы зиянды әсерлерге тез бой алдырғыш болуына себеп болады. Ал 16 жасқа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне- өзі ие бола алу қабілеті де артады, әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі, болашаққа деген зор сенімі аңғарылады.
Бозбалалық шақ деген ұғым әрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан жетілу болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз байланысты.
Жоғары сынып окушылары "Неге" деген сүраққа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардың ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процес -өзіндік ақыл-ойдың және өзіндік "Меннің" бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың психологиялық құндылығына ие болу деген сөз - өзінің ішкі әлемін ашу деген сөз. Өзінің ішкі әлемін ашу - бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді аландататын және қақгығысқа толы шақтарды да бастан кешіру деген сөз. Сананың толығуымен бірге өзінің ғайыптылығымен, қайталанбастығымен, басқа сезімдерден өзгешелігімен ерекшеленіп жалғыздық сезімі пайда болады. Жастық шақтағы "мен" әлі толық анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста болудың да таңдалуы пайда болып, оңаша болуды қалайды.
Үлкендермен қарым-қатынас жастық шақтың ең маңызды мәселесі болып табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым-қатынаста болатын, бірақ әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы айырмашылықты шектеуді қажетсінеді.
Тәрбиеде әр балаға жеке қарау-бұл оқушыны басқалардан айырып тұрған жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Бұл, бәрінен де бұрын, оқушыға әр уақытта және барлық қарым-қатынастарда жеке тұлға ретінде, іс-әрекеттің жауапты да өзін-өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау. Жастық шақ - жеке түлғаның қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғары сыныптағылардың бірдең көзге түсетін ерекше жеке түлға екендігін ұмытпауымыз керек.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән құштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алуы үшін көмектесу.
Бұл кезенде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының өз мамандығын тандауына көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болмақ.
Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бүл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсенділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін жене өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.
5. Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік - бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардың қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады, яғни, типология жүргізуге болады. Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:
- қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері,
- дарынды балалар мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.
Дарындьлық-адамның интеллектуалдық мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттілік -бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.
Психологиялық жағынан қараусыз қалған деген сөз ортаның келеңсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен рухани көзқарасының дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамдық мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын әрі үнемі байқалып тұруын айтады. Мұндай балаларды девианттар деп атайды.
Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз- оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке түлғалық қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс-бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзділікті жеңу және оның алдын ала іс-әрекет ұйымдастыру.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу - бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең үрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану. Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент-бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-қүұқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. /Сангвиник-еті тірі; флегматик-жәй, салмақты; холерик - қызба, шапшаң; меланхолик-ойлы, терең толғанысты./
Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:
- отанына берілгендігі, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
- ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;
- адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
- еңбекте адал қарым- қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;
- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;
- денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен /спортпен/ үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
- табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелеу, т.с.с.
Әрбір мектеп мұғалімінің алдында, міне осындай оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару міндеттері тұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның балалық, жастық және жасөспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы ерекше.
Оны жүзеге асырудың қандай жолдары мен шарттары бар.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл – ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады... Соған сәйкес мектеп тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
Тәрбие мақсатына сай бұл мәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге асыру тәрбиенің салалары: ақыл – ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық және дене, экологиялық т.б көптеген тәрбие міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады.
Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.
№13 дәріс
Тақырыбы:Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті-оқутәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты
Қай ғасырда болмасын, «мұғалім-өзініңбілімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылатындығы» (К.Д.Ушинский) дәлелдеуді қажет етпейтінаксиоима болды. Сондықтан да ұстазтұлғасына, оның оқыту үдерісіндегі рөліне барлық уақытта ерекше мән берілді. Халқымыздың көрнекті қайраткері А.Байтұрсынов өз сөзінде: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»-деп, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі-ұстаз екендігін атап көрсетеді.
Оқытудың озық технологияларын сараптап, жаңашыл педагогтердің іс-тәжірибесін зерттеп, мектеп өміріне енгізуді көздейтін жаңа үлгідегі Жобаны қазақстандық білім беру жүйесіне көшбасшылық етіп отырған» Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ2012 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асыра бастады.800 жылдан артық тарихы бар Кембридж Университетінің іс-тәжірибесіне негізделген бұл жоба мұғалім біліктілігін халықаралық стандарттарға сай арттыруды мақсат етеді.
«Бұл бағдарламада түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды.бұл теория бойынша оқушылардың ойлауын дамыту бұрынғы алған білімдерінің сыныптағы түрлі дереккөздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүргізуге негізделген.»
Мемлекетіміздің өзіне және тәрбиеленушісіне тұлғалық-гумандық көзқарасты ұстауға қабілетті мұғалімге деген сұранысы оның кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілетін, құзіреттілігін көтеру мәселесінің өзектілігін байқатады. Атап айтқанда 2005 жылғы Қазақстан Ресбуликасының Жоғары педагогикалық білім беру концепциясында жоғары педагогикалық білім берудің басты мақсаты оқушының жеке басының қалыптасуы мен даму мәселесін шығармашылықпен шешуге қабілетті кәсіби жағынан компетентті жаңа формацияның педагогын даярлау деген. Концепцияда педагогтың құзыреттілігі үш тұрғыдан, яғни, жалпы мәдени (дүниеге көзқарас), әдіснамалық (психологиялық-педагогикалық) және пәндік-бағыттылық деп атап көрсетілген. (1,3) Демек, мұғалімнің, педагогтың, тәлімгердің, оқытушының кәсіби шеберлігін, құзіреттілігін жетілдіру бүгінгі педагогика және психология ғылымдарының ең өзекті мәселесі болып табылады. Олай болса, мұғалім өзінің педагогикалық әрекетінде шеберлік, кәсібилік, құзырлылық сияқты сатылардан өту арқылы жетеді. С.И.Ожегов сөздігінде «шеберлік белгілі саладағы өнер ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман»- деп анықтама берілген. Жалпы, педагогикалық шеберлік-кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен біліктілік жүйесі. Педагогикалық шеберлік-педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі; педагогтың, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсатты педагогикалық әсермен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін нақты, арнаулы білімдердің, біліктілік пен дағдыларының тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені. Олай болса, педагогикалық шеберлік іскерліктен, педагогикалық қабілеттен, кәсіби білім мен біліктіліктен, кәсіби сапалар жиынтығынан, педагогикалық техникадан тұратыны сөзсіз. Педагогикалық іс-әрекеттің биік шыңына апаратын баспалдақ-кәсібилік. Мұғалімдердің кәсібилік мәселесімен айналысқан белігілі ғалым А.К.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған:
Объективті критерийлер: Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес, әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әр түрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктілігі.
Субъективті критерийлер: Адамның мамандығының қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкестігі; өз ісіне қанағаттануы және кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарасының болуы.
Нәтижелі критерийлер: Мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған талаптарға сәйкестігі жағынан қарастырылады.
Шығармашылық критерийлер: Мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесінің еңбегін өзгерте алады. Сонымен қоса мұғалімнің ғалым-зерттеуші сапаларына төмендегідей сапаларды жатқызуға болады:
-педагогикалық эрудиция (білімдарлық);
-ғылым салаларын тереңірек меңгеру;
-педагогикалық мақсат қоя білушілік;
-педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау;
- педагогикалық сезімталдық; (интуиция);
- педагогикалық тез шешім қабылдау суырып салмалық өз жанынан жедел шешім шығару; (импровизация)
- педагогикалық байқағыштық және көрегендік; (2,39-42)
Ал кәсіби сапаларға мыналар жатады: әдептілік, сыпайылық, сезімталдық, тәрбиелілік, зейінділік, ізденімпаздық, шыдамдылық, адамгершілік, тәртіптілік, белсенділік, іскерлік, саяси сауаттылық, шыншылдық, сыншылдық, болжағыштық, патриоттық, өзбеттілік, принципшылдық, кешірімділік, батырлық, кішіпейілділік, балаға деген сүйіспеншілік, баланы құрметтеу.
Жалпы мұғалімдерде ең бастысы педагогикалық-психологиялық білімділік қажет - деп ойлаймын. Психологиялық-педагогикалық білімділік мұғалімнің кәсіби білімімен тығыз байланысты болатын білім. Ол дефференциялды-психологиялық, яғни оқу материалдарын балалардың жас және дербес ерекшеліктері сипатына қарай меңгерту ерекшеліктері туралы білім; Әлеуметтік психологиялық-топтық және жеке мүшесінің оқу-танымдық және коммуникативтік әрекет ерекшелігі туралы және мұғалімнің білім алушылармен өзара қарым-қатынасы, қарым-қатынас заңдылығы туралы білім; Аутопсихологиялық-ол өз іс-әрекетінің жетістігі мен кемшілігі және жеке басына тән сапалардың жиынтығынан тұрады. Сондықтан мұғалімдардың психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін (ППҚ) диагностикалау мен дамытуға байланысты 4 топқа бөлуге болады. (3,42-44-б)
Шебер мұғалім |
Жаңашыл мұғалім |
Зерттеуші мұғалім |
Кәсіби-шығармашылық деңгейіне көтерілген мұғалім |
Ғылым мен практикаға белігілі тәсілдерін үлгілерін жоғары деңгейде меңгерген. Қалыптан тыс педагогикалық міндеттерді шеше алады. (өзі үшін жаңалық ашады) Оқушылардың дамуын ескеруге талпынады. Мұғалімдерге өз тәжірибесін жеткізіп тарата алады. |
Тұтас педагогикалық жүйелер немесе өзі жеке тапқырлық таныта алады және қолдана біледі. Басқалар үшін жаңалық болып табылатын шығармашылық жұмысын көрсете алады. Еңбектің негізгі нәтижесі –психикалық дамуына байланыстылығын түсінеді. Жаңалыққа жаны құштар. |
Оқушыларды ғылыми –зерттеушілікке бағыттай алады, тапқыр –зерттеуші, басқа мұғалімдердің іздемпаздығын бағалай алады. Мұғалімнің кәсіби сапалары қалыптасқан. |
Психикалық-педагогикалық жағынан қалыптасқан үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылады. Кәсіби дәрежесі жетілген, жаңашыл зерттеушілік ерекшелігі дамыған ұстаз. |
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік педагогика мен психологияны толық меңгерсе әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса онда өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі. Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе-білім беру, ғылымды дамыту, өркениет бітеннің өзегі, білім, ғылым тәрбие екендігінде ешкімнің таласы жоқ. Осы арада білім ордасы- мектеп, ал мектептің жаны-мұғалім болып табылатыны баршаға мәлім. А.Байтұрсыновтың «мектеп керектері» еңбегінде былай деп көрсетілген: «мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді педагогикадан, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім... » Ұстаз қолында адам тағдыры, ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс атқарады. Мұғалім сөзі мен іс-әрекетімен мәдениетімен, білікті біліммен, ұйымдастырушылық қабілеті мен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтың мәртебесін биік ұстай алады. Қазіргі қоғамға қажетті де осындай ұстаздар. Кез-келген елді әлемге танытатын – білімі мен ғылымы. «Мектеп-әлеуметтік мәселенің ең өзектісі» деп Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев үкіметпен жұртшылық назарын жалпы білім беретін мектептің қызметін көтеруге аударып отырған жағдайда жаңа заман мұғалімінің жауапкершілігі арта түсуде. (6,176-177-б). «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» деп қазақтың ұлы педагог ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай: қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті және кәсіби шеберлігі басты шарт екені аян. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді, қоғамдық қасиеттер, ата-ана мен бала психологиясы өзгерді. Қазіргі балалардың көпшілігі ешнәрседен қорқа қоймайтын, өзінің өміріне тек тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик қиялшыл емес жауапкершілікті жете қабылдамайтын, көп нәрсеге сене бермейтін жанашырлығы бауырмалдығы аз адамдар. Сондықтан кез-келген мұғалімдерді олардың жан дүниесі қабылдамайды. Олардың сұранысы өте биік. Бүгінгі күнгі мектеп мұғалімі жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматты бар болғанда ғана жаңа формациядағы ұстаз бола алады.
XXI -ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс. Ол сонымен бірге ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгерген, ғаламдасуға байланысты «Интернет» жүйесін меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу керек. XXI -ғасыр ақпараттық-қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына байланысты, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалім - қоғам айнасы. Бүгінгі мұғалім кім ? Бүгінгі мұғалім –ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері, оқытушы, ұстаз, оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріптеуші, таратушы. Педагогикалық еңбекті ұйымдастырудың моделін жасау –қоғамдық-экономикалық сферадағы өзгерістерге сай шығармашылық жағашылдық білім беру жолдарын талап етеді. Сондықтан мектептерде мұғалімнің кәсіби шеберлігі, мәдениеті, жоғары болып, шығармашылықпен жұмыс атқарып, өз білімін үнемі көтеру қажеттігі туындайды.
Ұлттық мемлекеттің дамуы, өркениетті негізгі үш шешуші кезеңнен тұрады.
1. Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі.
2. Білім деңгейін көтеруі.
3. Мамандардың кәсіби білімімен айқындауы.
Белгілі педагог К.Ушинский «мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»-деген. Сондықтан ұстаз –шәкірт-ұстаз болуы қажет. Мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын анықтауға төмендегідей талаптар қойылады:
Мұғалімнің сыртқы келбетінің мәдениеті;
Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі;
Мұғалімнің кәсіби мәдениеті, әдептілігі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, өзін қоғамдық орындарда ұстауы, дауыс ырғағы, өнері, жан-жақтылығы.
Ілтипаттылығы, сенімі, әділдігі, төзімділігі. (5,112-113-б).
Инновациялық оқыту – сапалы білім берудің кепілі
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парагдимасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталған халқына Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» - деп атап көрсеткені белгілі. ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау тақырыбы – Жолдаудың басты бөлімдерінің бірі «Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Әрбір мемлекеттің интелектуалдық, экономикалық, парасаттық және мәдени қарымы білім сапасының күйін, оның прогрессивтік даму тарихын айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда, егемен қазақ елінің білім мен ғылымының стратегиясы, білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігіне кірігуімен анықталады. Қазіргі мектептердегі оқушылардың бойындағы функционалды сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға әзір, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.
Қазіргі талаптың басты міндеті – педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әідстерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Осы мақсатта республикамызда бұрын-соңды болмаған мектеп мұғалімдері біліктілігін арттырудың 3-ші деңгейі бойынша 3 айлық курс іске асырылды.
Бағдарламаның мақсаты – оқушылар өздерінің қалай оқу керектіліне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс.
Оқытудағы «Кембридж бағдарламасының» теориялық негіздерінде түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, орта білім беру жүйелерінде әлемдік жоғары деңгейде қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту тәсілі басымдылық берілген. Бұл оқытудың басты бағыты – ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдермен біріктіре отырып іске асырады. Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі Джон Дьюи жоғарыдағы «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін жаттап алу әдісі деп сынаған.
Ал осыған дейін біздер қолданып келген «дәстүрлі оқыту» қандай оқыту? Ол – қазіргі мұғалімнің 45 минуттағы іс-әрекеті. Мұғалім кіреді, сабақ сұрайды, сабақ түсіндіреді. 4-5 оқушыны бағалайды, қалғандары сол қалпында қалады. Бұл жердегі мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар өздігінен ары қарай дамыту, іздену, ойласу, атсалысу, салыстыру, пікір алмасу, пікір таластыру т.б. жайлар қолға алынбайды. Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан көбіне санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Ары қарай терең ойлану үрдісі іске асырылмайды. Ал сындарлы («конструктивті») оқытуда керісінше, мұнда басты басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы көп ойланып, көп талқылап, достарымен көп сөйлесіп, әрекеттенуі керек. Ал мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру талап етіледі. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құралады. Бұл жерде «Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін» деген қытай мақаланың түпкі мағынасына терең бойлауға тура келеді. Ғалымдар оқыған, естіген, көрген т.б. әрекеттерден гөрі адамның өзі өзгелерге түсіндірген білім көп есте сақталатынын айтады.
Бағдарламаның басты жаңа бағыты – іс-әрекет арқылы зерттеу болып табылады.
Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгерді. Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады.
Бүгінгі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөзі еске түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі.
Стронг «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалім» деп атап көрсеткендей, егеменді еліміздің алғышарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет етсе, өркениетке жету үшін жан- жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдында жаңа міндеттер қойылып отыр.
Қорыта айтқанда, ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол. Сондықтан да ұстаздар өз ісінің қыр-сырын жетік меңгерген болса, бүгінгі қоғамымызды байтатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуде мол мүмкіндік ашылатыны сөзсіз. Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары –оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша өмірге бет бұрып жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім-ғасыр көшін бастаушы болып табылады. Тәуелсіздігіміз-халқымыздың ғасырлар бойы армандап қол жеткізген бақытты, оның іргетасы мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білім мен тәлімді тәрбиесіне тікелей байланысты. Саналы білім-ел экономикасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті болуға сай мазмұнды білім беру ұйымдастыру- 12 жылдық оқуға тікелей байланысты. 12-жылдық білім берудің негізгі мақсаты –еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұны толықтай өзгерте отырып, жаңа заманға сай мектеп құру. Мектепті бітірген әрбір шәкірттің мақсаты айқын, міндеті нақты, өз қажеттілігін қанағаттандыруды көздейтін білімді іздеуге қабілетті болуы тиіс.
№14 Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерістің мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
Жоспары:
1.Тәрбие - теорияның пәні.
2. Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.
3. Тәрбие түрлері.
4.Тәрбиенің негізгі заңдылықтарына шолу.
5. Тәрбие принциптеріне сипаттама.
1. Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған сай оның теориясы қалыптасқан. «Теория» ұғымы грек тілінде «зерттеймін» деген түсінікті білдіреді. Ол педагогика саласында тәрбие және оқытудың мәні, мақсаты, принциптері, мазмұны жайындағы көзқарастардың жүйесін білдіреді. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.
Теория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әр түрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу жұмыстарында, зертханаларында пайда болады.
2. Тәрбиелеу дегеннің мәнісі не?
«Жас бала- жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді»-дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие- халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.
«Тәрбиелеу- халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл-Фараби).
«Тәрбие- біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие- бізге мәлім адамгершілік әдет-ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі (Л.Н.Толстой).
«Тәрбие-кең мағынасында- бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көп салалы процесс (В.А.Сухомлинский).
«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі (М.Жұмабаев).
«Тәрбие- бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар (Иммануил Кант).
Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.
Сонымен қатар тәрбие- адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процесі.
Н.К.Крупская «Тәрбие» атты мақаласында (1929ж): «Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқына, әдетте, ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы, ал кең мағынасында ... «қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді»-деп түсіндіреді.
Осы жағдайға байланысты К.Д.Ушинский ... «мектеп, тәрбиеші және ұстаздар- адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық ... және оның тілі болады», -деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлелдейді.
Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін-оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Олай болса, тәрбие процесі деп- қоғамның талып-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.
Адамды табиғат жаратса да, әрбір жеке адамның қабілетін дамыту үшін, бәріне бірдей жағдай жасап, ортақ тәрбие беруге тиіс. Кезінде б.э.д.IV ғ. Аристотель тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметінің маңызына айрықша назар аударып, «... заң шығарушының жастар тәрбиесіне айрықша мән беруі тиістігіне ешкімнің де күмәні болмауы тиіс. Себебі мемлекеттің ең негізгі бір мақсаты, барлық адамдарға бір ғана ортақ қамқор болуы тиіс... Тәрбиеге қатысты заң болуы тиіс және ортақ болуы тиіс» деп есептеген. Сондықтан да ол тәрбиені ұлттар мәдениетінің мирасқорлық процесі деп қарастырған.
Платон тәрбиешінің әрекетінде кең түрде және қатаң бақылаудың болуы қажет дей отыра, «Бізде заңды қорғаушы қырағы болуы тиіс; ол балалардың тәрбиесіне өте қамқор болуы тиіс; олардың мінез-құлқын түзетуі және әркезде оларды заңға сәйкес игілікке бағыттап отыруы тиіс» деп есептеген.
Ертедегі Римде ұжымдық оқу б.э.д. ІІІ ғасырда жүргізіле бастаған. Ондағы антикалық педагогиканың теориясы мен практикасының негізін жасаған Квинтилиан Римде бірінші рет мемлекеттік тұрғыдағы мектептің іргесін қалап, жылма-жыл мемлекеттен сыйақы алып тұрған. Соған сәйкес Римдік қауымдастықта оқытудың мазмұны және оны ұйымдастыру мәселелері ғана талқыланып қоймай, сонымен бірге көбінесе тәрбие әдістеріне де үлкен маңыз беріліп, тәрбиені мемлекеттік басқару әрекетінде маңызды сала ретінде қарастырған.
1758 жылы М.В.Ломоносовтың «Академиялық гимназия тәртібінің үлгісі» атты педагогикалық тұрғыдан құнды еңбегі жарық көріп, гимназистер арасында үлкен сұранысқа ие болды.
Қазіргі кезде біздің қоғамда өркениеттілікке бағытталған «Білім беру» заңы бар. Онда азаматтық қоғам орнатуда өскелең ұрпақтың оқу және тәрбие мекемелерінің сұрыпталған қатаң ғылыми негіздегі тың жүйесі қалыптасқан. Бүгінде оны тәрбие процесінде басшылыққа алу барлық әлеуметтік мекемелерінің міндетті ортақ ісіне айналып отыр.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады. Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Ал қоғам дегеніміз- адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі, тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады.
Тәрбие- біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке-дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болады. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие- көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықтың бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата-аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт-бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол- ұстаздар тобы. Оның орталығы-мектеп.
3. Тәрбиенің түрлерін анықтау оның басым көрінетін негізіне сүйенеді:
1. Мақсатына қарай - адамгершілік, азаматтық, экологиялық, экономикалық, құқықтық, дене, ақыл-ой т.б. тәрбие түрлері анықталады.
2. Тәрбиеленушілер санына қарай – жеке, ұжымдық тәрбие түрлері бөлінеді.
3. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынас ерекшелігіне орай – авторитарлық, демократиялық, либералды тәрбие түрлерін атауға болады.
І. Авторитарлық (императивтік) стиль мұғалімнің оқушыларға өз еркін зорлап міндеттеп және оған өздерінің инициативаларын көрсетуге мүмкіндік бермеуімен сипатталады. Оқушылар үшін мұғалім беделді адам екенін пайдаланып, ол олармен қарым-қатынасында тәрбие ықпалының тәсілі ретінде бұйрық, сөгіс беру, қорқыту және жазалау, жиі дауыс көтеруді қолданады.
ІІ. Демократиялық стиль мұғалімнің оқушымен өзара қарым-қатынасындағы талап қоюшылық пен тілектестік қатынасын сипаттайды, сонымен қатар оқу және оқудан тыс әртүрлі іс-әрекетке белсенділігін ынталандыру мен ықпал ету әдісі ретінде сендіруді қолданады. Мұндай қарым-қатынас стилі бар сынып мұғалімі төзімділігімен, педагогикалық тактісімен, жоғары эмоционалды тұрақтылығымен, оқушыларды фамилиясымен сирек атауымен және сирек дауыс көтеруімен ерекшеленеді.
ІІІ. Либералды стильдің басқалардан айырмашылығы: мұғалім көбінесе өзінің міндеттерін орындауға формалды түрде қарайды, оқушыларға толық еркіндік береді, олардың тәртіпті бұзушылығына еш мән бермейді және осылайша сынып ұжымында жағымды қарым-қатынас орнатуға тырысады.
4. Құндылық ерекшелігіне сәйкес - прагматикалық, діни, аксиологиялық тәрбие түрлерін бөлуге болады.
4. Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселесін қарастырайық.
Педагогикалық құбылыстар деп- тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады.
Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдылықтар жатады.
Тәрбиенің заңдылықтарына:
1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл- табиғи заңдылық;
2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;
3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
4. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;
6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуаты мен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.
Кезінде К.Д.Ушинский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу тәрбие процесінде оң нәтиже бермейтіндігін, керісінше тәрбиенің ғылыми заңдылықтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген. Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетілдіру, дамыту мүмкін емес.
Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қаарстыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның заңдылықтары ретінде қарастырылады.
5. «Принцип» деген ұғым латын тілінде «бастапқы», «негізгі» деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.
Олай болса, тәрбие принциптері деп- тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса, бұны кейбір педагогикалық әдебиеттерде «негізгі талаптар» немесе «ережелер жүйесі» деп те түсіндіреді.
Тәрбие принциптері тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан:
