Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ревматоидт.остеоартраз.подагра555.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.82 Mб
Скачать

Гиперурикемияны төмендететін (антиподагралық) дәрмектерді қолданудың жалпы ережелері:

  • бұл дәрмектер ұстама кезінде емес, ұстама басылғаннан кейін қолданылады;

  • дәрмектерді ұзақ уақыт (жылдап) қабылдау қажет, тек зәр қышқылы қалыпты деңгейге келгенде ғана 2-4 апталық үзілістер жасайды;

  • пурин алмасу бұзылысының түрін ескеру керек (метаболизмдік, бүйректік, аралас); егер түрі белгісіз болса, тек урикоингибиторларды қолданып, урикозуриялық дәріден бас тартқан жөн;

  • тәуліктік диурез 2 л көлемінде ұсталуы тиіс (күніне 2,5 л сұйықтық ішкізіп) және несепті сілтілендіретін заттарды қолдану қажет (натрий гидрокарбонатын, уралитті, магурлитті, солуранды);

  • антиподагралық дәрмектерді қолданудың алғашқы күндерінде, подагралық кризді болдырмау үшін аз уақыт колхицинді (1 мг тәулікке) немесе индометацинді (75 мг тәулікке) қабылдаған жөн.

Антиподагралық дәрмектер үш топқа бөлінеді:

  • урикодепрессиялық (ксантиноксидазаны тежеу арқылы зәр қышқылының синтезін азайтатын);

  • урикозуриялық (бүйрек түтікшелерінде ураттардың секрециясын күшейтуі, реабсорбциясын азайтуы арқылы, зәр қышқылының

экскрециясын арттыратын);

  • аралас әсерлі (урикодепрессиялық және урикозуриялық қасиеттерге ие).

Дәрмектерді пурин алмасу бұзылысының түрін анықтағаннан кейін қолданады (кестеде).

Подаграның аралас түрінің, екі патогенездік механизммен дамуынан, барысы ауыр. Подаграның түрін мына сынамамен шамалап анықтайды. Науқасты 7 күн пуринсіз диетада ұстап, ішімдікті тоқтатады, Сынаманың 6-шы, 7-ші күндерінде тәуліктік несебін бөлек жинап. ондағы зәр қышқылының тәуліктік мөлшерін зерттейді. Егер 24 сағатта шығарылған несеп қышқылының мөлшері 600 мг (3,6 ммоль немесе одан артық болса, бұл метаболизмдік подагра болғаны (зәр қышқылының гиперпродукциясынан дамыған), ал оның мөлшері 30 мг (1,8 ммоль) немесе одан кем болса, бұл бүйректік экскрецияның төмендеуін мәлімдейді, яғни бүйректік подаграның болуын дәлелдейді.

Гипоэкскрециялық подаграда урикозуриялық дәрмектерді, ал гипер-продукциялық подаграда пурин синтезінің антагонистерін қолданады. Несеп қышқылының экскрециясы қалыпты (1,8-3,6 ммоль немесе 300-600 мг тәулігіне) жағдайда дамыған подагра аралас типті болады-мыс. Мұндайда несеп қышқылының тәуліктік экскрециясы 450 мг (2,7 ммоль) кем болса — урикозуриялық, ал 450 мг (2,7 ммоль) деңгейінде немесе одан артық болса - урикодепрессиялық дәрмектерді қолданады.

Пурин алмасу бұзылыстырының түрлері

Белгілері

Метаболизмдік тип

(гиперпродукциялық

подагра)

Бүйректік тип (гипоэкскрециялық подагра)

Басты патогенездік механизм

Зәр қышқылының шамадан артық синтезі

Зәр қышқылы эскре-циясының азаюы

Жиілігі

Жиі кездеседі

Сирек кездеседі

Зәр қышқылының нессптегі мөлшері

Жоғары урикозурия (тәулігіпе 3,6 ммоль-ден артық)

Нормадан төмен (тәулігіне 1,8 ммоль-ден аз)

Зәр қышқылының қандағы мөлшері

Биік (кейде 0,8-0,9 ммоль/л шамасында)

Шамалы биіктейді

Зәр қышқылының клиренсі

Қалыпты

Төмен

(минутына 3,0-3,5 мл)

Ураттардың бүйректе жинақталу және түтікшелерінде шөгу қаупі

Аса жоғары

Шамалы

Емдеу ерекшелігі

Урикодепрессорлық дәрмектер

Урикозуриялық дәрмектер