- •Ішкі факторлар:
- •Клиникалық көрінісі.
- •Остеартроздың кейбір зақымдау түрлері
- •Зақымданған буындарға күш түсуді азайту.
- •Шеміршек метаболизмін және сүйек тінінің микроциркуляциясын арттыру.
- •Буын ішіне протеолиздік ферменттер ингибиторларын енгізу.
- •Подагра
- •Клиникалық. Көрінісі.
- •Біріншілік подаграның емі
- •Гиперурикемияны төмендететін (антиподагралық) дәрмектерді қолданудың жалпы ережелері:
- •Пурин алмасу бұзылыстырының түрлері
- •Урикодепрессиялық дәрмектер
- •Ревматоидтық артриттің жіктемесі, 1980.
- •1.Тез әсерлі қабынуға қарсы дәрмектер.
- •Иммундық жүйені реттейтін дәрмектер мен ем шаралары.
- •Дәрмектерді буын ішіне енгізу және жергілікті ем.
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Жүйелі қызыл жегідегі таңдайдың бетіндегі энантемалар(сурет)
- •Дерматомиозит
Зақымданған буындарға күш түсуді азайту.
Зақымданған буынға күш түсуін азайтса, дегенерация процессі баяуланады. Ұзақ жүруге, тұруға (жүргеннен гөрі тұрған қиындау), жүк көтеруге, баспалдақпен жиі көтеріліп, түсуге тыйым салынады (мүмкіндік болса лифтті қолдану қажет). Жүріс арасында 5 -10 минут тынығу және таяққа немесе балдаққа сүйеніп жүру қажет. Егер қызмет көп жүруге, аяқта тұруға байланыста болса, онда жұмыс орнын ауыстырған жөн. Буынға түсетін салмақты азайтудың келесі бір жолы – дене массасын қалыпқа келтіру. Остеоартрозбен сырқаттанған науқастардың көбінде дене массасы қалыптыдан артық. Дене массасын жеңілдету шеміршекке түсетін салмақты азайтып, деструкция процессінің меңдеуін тоқтатады. Арықтау үшін гипокалориялық диета ( №8), жалпы массаж,ашығу күндерін қолданады.
Шеміршек метаболизмін және сүйек тінінің микроциркуляциясын арттыру.
Хондропротекторларды қолдану. Хондропротекторлар шеміршектің биологиялық белсенді заттары болғандықтан, оның метаболизмін күшейтеді және деструкциясын тоқтатады.
Румалон – жас малдың шеміршегі мен сүйек миынан алынатын экстракт. Құрамында шеміршек құрылымының биологиялық активті заттары – пептидтер, протеогликандар, аминоқышқылдар, нуклеотидтер, хендроциттер және сүйек миының жасушалары бар. Бұл зақымданған шеміршекте хондроциттердің белсенділігін арттырып,гликоаминогликандар, гиалурон қышқылының синтезін күшейтеді, синовий сұйықтығының сапасын арттырып, буын бетінің майлануын жақсартады. Румалон 1 мл күнара б/е салынады. Ем курсы 25 инъе кция. Жылына 2 рет қайталайды. Румалонды І –ІІ клиникалық – рентгендік сатыларда қолданады, ІІІ сатыда қолдануға жатпайды.
Артрон ( хондроитинсульфат)- әсері румалонға ұқсас, 1 мл б/е күнара салынады. Ем курсы 25 инъекция, жылына 2 рет қайталайды.
Артепарон - сульфатталған мукополисахаридтер комплексі ( протеогликандар, гликозаминогликандардың). Дәрінің 1 мл –де 50 мг мукополисахарид бар. Тегі шеміршекке жақын болғандықтан шеміршектің арасына тез өтіп, протеолиздік ферменттерді тежейді, дегенерация процессін бөгейді. Дәрі әртүрлі жолмен енгізіледі: б/е, буын ішіне және ішуге беріледі. Бұлшықетке 1 мл аптасына 2 реттен 8 апта салып, кейін айына 2 реттен 4 ай енгізеді. Ем курсы 25 – 30 инъекция. Буын ішіне алғашқы 2- 4 аптада 1 мл, арасына 3күннен үзіліс жасайды. Ішуге 1 таблеткадан 3 рет 6-8 апта беріледі.
Мукартин мукополисахаридтердің күкіртқышқылды эфирі, әсері артепаронмен бірдей. Алғашқы 10 инъекциясы 2 мл күн ара б/е салынады, кейін 4 апта – аптасына 2 реттен, ал ең соңында 4 апта аптасына 1 реттен салынады. Ем курсы 25 – 30 инъекция, жылына 2 рет.
Структум ( хондроитин сульфат) – жоғары молекулалы мукополисахарид, шеміршектің дегенерациясын тежейді, синтезін арттырады, басым синовиялық сұйықтықта жиналып, ондағы гиалурон қышқылының концентрациясын көбейтеді. Бір капсуласында 250 немесе 500 мг. Күніне 500 мг 2 рет беріледі. Ем курсы 3- 6 ай.
« Артрозамин - Био» - бір таблеткасында 500мг глюкозамин сульфаты, 500 мг хондроитин сульфаты, 100 мг метилсульфанилметан, 60 мг аскорбин қышқылы бар күрделі құрамды препарат. 1 таблеткадан күніне 1 – 2 рет беріледі.
«Кондро» - 1 капсулада 250 мг глюкозамин сульфаты және 200 мг хондроитин сульфаты бар дәрі, 2 капсуладан күніне 2-3 рет беріледі.
