Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ревматоидт.остеоартраз.подагра555.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.82 Mб
Скачать

Иммундық жүйені реттейтін дәрмектер мен ем шаралары.

Бұларды шартты түрде екі топқа бөледі.

А. Иммундыдепрессиялық әсері басым дәрмектер мен шаралар:

  • Антилимфоциттік глобулин.

  • Кеуделік лимфа түтігінің дренажы.

  • Лимфоцитоферез.

  • Лимфа тінін сәулелеу.

Б. Иммундымодуляциялық әсері басым дәрмектер мен шаралар:

  • Гемосорбция.

  • Плазмаферез.

  • Каскадты плазмофильтрация.

  • Криоферез.

  • Иммундық стимуляторлар.

  • Қанды тамыр ішінен лазер сәулесімен сәулелеу.

  • Гипербариялық оксигенация.

  • Бұл ем әдістерін базистік ем әсер етпегенде қолданады.

Иммундыдепрессиялық әсері басым ем шаралары.

Антилимфоциттік глобулин

Ем әдісі: дәрмектің 0,1 мл алдымен бір қолдың, 40 минуттан кейін 0,1 мл екінші қолдың терісінің астына енгізеді, тағы 40 минуттан кейін 0,8 мл бұлшықетке, кейіннен күн сайын немесе күн ара 1-3 мл бұлшықетке салады. Ем курсы - 10-50 мл. Емнің әсері 7 айға дейін сақталады. Жанама әсерлері: қызба, есекжем, қабыну көрсеткіштерінің жоғарылауы.

Кеуделік лимфа түтігіне дренаж салу. Кеуделік лимфа түтігінен катетермен алынған лимфаны центрифугада айналдырып, жасушалық шөгіндісін алып тастайды, сұйықтығын кеуделік лимфа түтігіне қайтарып құяды. Әсері 2 аптадан кейін білінеді, бірақ тез жойылады. Әсерінің механизмі - лимфоциттердің санын азайтуы.

Лимфоцитоферез — шеттік қаннан лимфоциттерді алып тастау әдісі.

Қанның жасушалары жасушалық фракционатор аспабында автоматтық түрде айырылады, лимфоциттер бөлек алынып тасталған соң қалған жасушалар қан арнасына қайтарылады. Емдік әсері қысқа, бірак,цитостатиктермен қатар қолданса ұзарады.

Иммундымодуляция әсері басым ем шаралары: Гемосорбция - қанды түрлі көмір сорбенттерінен өткізу тәсілі. Ревматоидтық артриттің ауыр барысында (буын-висцеральдік түрлерінде) гемосорбцияның (2-3 күнде бір) 5-6 сеансы жүргізіледі.

Плазмаферез — қанның плазмасын алып тастап, жасушасын қайтарып құю.

Дәрмектерді буын ішіне енгізу және жергілікті ем.

Бұл емнің артықшылығы:

  • емнің патологиялык ошаққа тікелей әсер етуі;

  • жалпы әсерлі дәрмектерді үнемдеуге мүмкіндік беруі;

  • дәрмектер жағымдылығының жақсаруы;

  • дәрмектердің жанама және бір-бірімен әрекеттесуінен болатын зиянды әсерлерін төмендетуі.

Дәріні буын қуысына енгізу. Глюкокортикоидтарды буын ішіне енгізу.

Физиотерапия. Ревматоидтық артриттің емінде физиотерапияға көп мән берілуі тиіс. Ең жиі қолданатын әдістер: парафиннің, бишофиттің аппликациялары, түрлі дәрмектерді буынға фонофорез немесе электрофорез әдісімен енгізу т.б.

Емдік дене шынықтыру және массаж. Бұл емді кеселдің өткір белгілері басылғаннан кейін бастайды. Негізгі максаттары:

1.зақымданған буын маңындағы бұлшықеттердің қуатын арттыру;

2.буын қабының, буын маңы тіндерінің бүрісуіне, тартылуына

жол бермеу;

3.жаттығулар көмегімен буындардың деформациясына жол бер-

меу, шинаны, лонгетаны пайдалануды үйрету.

Бұл емнін басты ережесі - буындарды үнемі қимылдату.

Санаторлық-курорттық ем. Бұл ем ревматоидтық артриттің буындық түрінде, активтілігі минимальді немесе активті емес кезінде ғана жүргізіледі.

Хирургиялык ем. Оның түрлері:

  • бұзылған буынды протезге ауыстыру; бұл ем ірі буындардың (тізенің, ұршықтың) жарамсыздығында қолданылады;

  • ұсақ буындарға (қол ұшының, аяқ басының, білезіктің) синовиэктомия, артродез және артропластика жасалады. Иммундық қабынудың көзін алып тастау мақсатымен моноолигоартритте синовиэктомия ертелеу жасалынуы тиіс.