- •Дәрістің тақырыбы :Ревматизм (Сокольский-Буйо).Жүрек ақаулары.
- •4) Болып өткен стрептококтық инфекцияның дәлелдемелері (баспа, қызамық, фарингит, және т.Б., антистрептококтық антиденелер -асл-о, аск,а сГтитрінің биіктеуі).
- •Диагностикасы.
- •Жүректің жүре біткен ақаулары.
- •Митральды қақпактың шамасыздығы
- •Патогенезі:
- •Митральді шамасыздықтың даму кезеңдері:
- •Митральды стеноз
Жүректің жүре біткен ақаулары.
Жүректің жүре біткен ақаулары - туылғаннан кейін жүрек құрылымдарының (кақпақтардың, қуысаралық қалқалардың, тесіктердің) түрлі себептерден бұзылыстары.
Жүре біткен ақауларға түрлі аурулар (ревматизм, инфекциялық эндокардит, атерокальциноз, миокард инфаркты) немесе жүрек жарақаттары (зонд салу, кеуденің соғылуы) алып келуі мүмкін. Ең жиі кездесетіні - митральды және аорта қақпақтарының ақаулары.
Митральды кақпақтың ақаулары.
Бұлар бес түрге бөлінеді:
митральды қақпақтың шамасыздығы;
митральды стеноз;
шамасыздығы басым жұптасқан митральды ақау;
стенозы басым жұптасқан митральды ақау;
стенозы немесе шамасыздығының басымдылығы айкын емес жұптасқан митральды ақау.
Митральды қақпактың шамасыздығы
Митральды қақпақтың шамасыздығы (1832 жылы түңғыш суреттеген Hope). Онын екі түрін айырады:
функциялық - сау қақпақтың кеңіген тесікті жабуға шамасы келмеуі, Бұл жүрек қуыстарының аса кеңуінен болады;
органикалық -қақпақ құрылымдарының қайтымсыз бұзылыстары: қақпақтардың бүрісіп қыскаруы немесе тесілуі; шеттерінің мүжілуі немесе ширатылуы, хорданың үзілуі, емізік бұлшықеттің инфаркты, т.б.
Функциялық қақпақ шамасыздығының этиологиясы:
фиброздык сақинаның кеңуіне алып келетін жүрек қуыстарының дилятациясы (миокардиодистрофия, дилятациялық кардиомиопатия, миокардиттер);
митральды қақпақтың пролапсы - жабылғанда бір немесе екі жарманың жүрекшеге қарай қайырылуы;
фиброздық сақинаның жиырылуына кедергі туғызатын атерокальциноз.
Органикалыққақпақ шамасыздығының эгиологиясы:
1) ревматизм (ен жиі себебі);
2) инфекциялық эндокардит;
3) атеросклероз;
4) коллагеноздар;
5) хируриялық әрекеттер (комиссуротомия);
6) кеуде жарақаттары;
7) емізік бұлшықеттің инфаркты, хорданың үзілуі.
Патогенезі:
кақпақтар толық, жабылмай, жармаларының арасында саңылау болуы немесе қақпақтың тесілуі;
систола кезінде қанның біршамасы жабылған қақлақтың арасындағы саңылаулардан немесе тесілген қақпақтан сол жүрекшеге оралуы. Кері оралатын қанның көлемі қақпақ кемістігінің аумағына және митральды тесіктің сақиналық бұлшықетінің жиырылу мүмкіндігіне тәуелді .
Гемодинамикалық бұзылыстар регургитацияның көлеміне тәуелді, мәселен 5 мл шамасындағы регургитация гемодинамикалық бұзылыстарды бермейді; 10 мл - орташа, ал 25-30 мл - ауыр регургитация болып, айқын гемодинамикалық бұзылыстарға әкеледі. Регургитация көлемі неғұрлым көп болса, соғұрлым гемодинамикалық бұзылыстар тез пайда болады.
Ақаудың гемодинамикалық эволюциясы
1. Қанның кері оралуынан сол жүрекшенің сыйымдылығы ұлғаяды, сондықтан сол қарыншаға айдалған қанның көлемі де ұлғаяды. Осыдан сол жүрекше мен қарыншаға көлемдік күш түседі.
2. Көлемдік күш түсуден сол жүрекше мен сол қарынша гипертрофияланады. Гипертрофияланған сол қарыншаның систолалық айдау көлемі ұлғаяды. Айдау көлемінің ұлғаюынан және сол қарыншаның қуаттылығынан, ақау ұзақ компенсация күйінде сақталады.
3. Жүре-бара сол қарыншаның насостық функциясының әлсіреуінен сол жүрекшеде қан іркіледі, ондағы қысым биіктейді. Осыдан кіші шеңберде қан іркіледі.
4. Сол жүрекшедегі қан қысымының биіктеуінен пассивті өкпе гипертензиясы дамиды.
5. Өкпе гипертензиясынан оң қарыншаға күш түсуі онын гиперфункциясы мен гипертрофиясына әкеледі.
6. Оң қарынша шамасыздығы және үлкен шеңберде қан іркілісі.
Митральды қақпақ шамасыздығының клиникалық көрінісі.
Бұл ақаудың көрінісіне тән белгілердің топтары:
қақпақтық;
сол жүрекшелік;
3) пассивті өкпе гипертензиясының;
4)оң қарыншаның гипертрофиясы мен дилятациясының және үлкеншеңбердегі қанайналым шамасыздығының.
І. Қақпақтық белгілер:
1.Жүрек ұшындағы систолалық діріл.
2.Жүрек ұшында I тонның әлсіреуі (арасы ашық жармалар тербелісінің әлсіреуінен).
3.Систолалык шу (кері оралған қанның тар саңылаудан үйіріліп ағуынан). Систолалық шу ең жақсы жүрек ұшында естіледі, ол гипер-трофияланған сол қарыншаның бойымен сол жақ қолтық астына тарайды және қанның кері оралған бағытында (төстің сол жақ шетіндегі III және IV қабырғааралығында) естіледі. Бұл — бүкіл систоланы алатын, бәсеңдей түсетін шу. Шу сол жақ бүйір қалпында және горизонтальды қалыпта күшейеді.
4.ФКГ-да: I тон амплитудасының аласаруы, Q - I тон аралығының ұзаруы және I тонмен тұтасып басталатын систолалық шудың болуы тән. Шудың ұзақтығы қақпақ кемістігіне тәуелді, ал пішіні бәсеңдей түсетін.
5.ЭхоКГ - алдыңғы және артқы жарманың қимыл жылдамдығының артуы, оның фиброзы немесе кальцинозы.
ІІ. Сол жүрекшелік белгілер:
1.Сол қарынша гипертрофиясынан жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, аумағының ұлғаюы, солға және төмен ығысуы.
2.Сол қарынша мен сол жүрекшенің ұлғаюынан жүректің шала түйықтық аймағының солға және жоғары қарай кеңуі.
3.Жүрек ұшында III тонның естілуі (сол қарынша қабырғасының мол құйылған қанның екпінінен еріксіз тербелісінен болатын).
4.ЭКГ - сол жүрекше мен сол қарыншаның гипертрофиялану синдромдары.
5. Рентгендік тексеруде — жүректің митральды пішіні, белінің жойылуы (III және IV доғалардың ұлғаюынан); контрастталған өңештің үлкен радиусты доғаның бойымен (6 см артық) ығысуы.
6. ЭхоКГ - сол жүрекшенің және сол қарыншаның кеңеюі мен
гипертрофиялануы.
///. Пассивті өкпе гипертензиясынын белгілері. Қалыпты жағдайда сол жүрекшедегі систолалық қысым 10 мм сын.бағ., диастолалық қысым - 1 мм сын.бағ. шамасында.
Митральды шамасыздықта сол жүрекшелік қысым 25-30 мм сын.-бағ. дейін өсуі мүмкін. Қысымның көтерілу деңгейі сол қарыншаның компенсациялау мүмкіндігіне тәуелді. Қысымның сол жүрекшеде биіктеуі, кері карай, өкпе веналарына, капиллярларына және өкпе артериясының артериолаларына беріледі. Өкпе артериясы тамырларының түйілуі басталатын шаққа дейін мұндай гипертензия пассивті
аталады.
Пассивті өкпе гипертензиясының екі топ белгілерін айырады:
өкпе жағынан белгілері: горизонтальды қалыпта күшейетін ентікпе мен құрғақ жөтел, жүрек астмасының ұстамалары, қан қақыру, өкпенің төменгі аймақтарындағы ылғалды сырылдар мен крепитация;
жүрек жағынан белгілері: сол жақтаII қабырғааралықтағы пульсация (өкпе артериясы дінгегінің кеңуінен) және үшінші нүктеде II тонның акценті мен жарықшақтануы.
IV. Оң қарыншаның гипертрофиясы мен дилятациясының және үлкен шеңбердегі іркілістің белгілері. Бұл белгілер өкпе гипертензиясы дамығаннан кейін болады:
1)Жүрек түрткісі мен томпағының пайда болуы.
2)Акроцианоз.
3)Мойын веналарының ісінуі.
4)Бауырдын ұлғаюы.
5)Ісінулер.
6)Рентгендік тексеруде - төс арты кеңістігінің тарылуы.
7)ЭКГ — бұрынғы өзгерістерге оң қарынша гипертрофиялану синдромының қосылуы.
Барысына қарай митральды шамасыздықтың созылмалы және жедел түрлерін айырады.
Созылмалы митральды шамасыздық айлап, жылдап баяу қалыптасады, себептері: ревматизм, инфекциялық эндокардит, атерокальциноз, сол қарыншаның дилятациясы, митральдық пролапс.
Жедел митральды шамасыздықтың себептері: хордалардын үзілуі, емізік бұлшықеттің инфаркты, жарманың перфорациясы, комиссуротомия жасағанда қақпақтың жарақаттануы. Жедел митральды шамасыздық аяқ астынан кенет басталады, сол кезде қатты, ұзақ систолалық шу және шоқырық ырғағы пайда болады, өкпеде қанның жіті іркілісінен, өкпе ісінеді. Әдетте барысы қатерлі.
