Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гломерулонефрит-zh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
301.89 Кб
Скачать

3. Шумақішілік микроциркуляцияны жақсарту.

Осы мақсатпен гепарин мен антиагреганттарды қолданады. Гепарин антикоагулянттық әсермен бірге антикомплементік, антилипемиялық әсер етеді және шумақтық фильтрдің теріс зарядын қалпына келтіру арқылы протеинурияны азайтады. Сонымен қатар натрийурезді, диурезді арттырады, альдостеронның түзілуін азайтады және артериялық қысымды төмендетеді. Гепаринді қанның үю уақытын 2-3 есе, тромбиндік уақытты 2 есе ұлғайтатын дозада колданады (тәулігіне 25 000-30 000 Б). Емнің ұзақтығы - 1-1,5 ай. Гепаринмен бірге антиагреганттар қолданылады. Курантил тәулігіне 200-400-600 мг, аспирин - 0,25-0,5 г/тәул беріледі. Бұлардың бір-бірінің антитромбоздық қасиеттерін арттыруынан, соңғы кезде аспиринді курантилмен қосып қолданатын болды. Курантил мен аспириннің комбинациясы созылмалы гломерулонефритте бүйректің "өмірін" 3 есе ұзартатындығы байқалған. Трентал — 0,2-0,3 г/тәулігіне.

4. Стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектер.

Бұлардың ішінде кең қолданылатыны - индометацин. Индометацин шумақтағы перфузиялық қысымды төмендету арқылы протеинурияны азайтады және қабынуға қарсы, жеңіл иммунсупрессиялық әсер етеді. Стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектер созылмалы гломерулонефриттің латентті және нефротикалық түрлерінде қолданады (егер гипертония мен бүйрек шамасыздығы болмаса). Индометацинді басында 25 мг күніне 2 рет ішкізуден бастаіп, әр 4 күн сайын тәулігіне 25 мг көбейтіп, тәуліктік дозаны 150 мг жеткізеді. Гастропатиялық әсерінің алдын алу үшін оны тамақтан кейін сүтпен бірге ішкізеді. Емді аталған дозада 3-6 апта жүргізеді (протеинурия бұрынғыдан 10 есе азайған болса), дәрмекті біртіндеп азайтады (3-6 күнде 1 таблеткадан кемітіп, 25-50 мг/тәуліктік дозаға келтіреді). Егер осы дозада протеинурия ұлғаймаса, онда емді 4-6 айғана созады, ал 4-6 айдан кейін протеинурия сол күйде сақталса, дәрмекті күн ара ішкізеді.

5. Плазмаферез (аптасына 1-2 рет, бір сеанста 1,5-2 плазма алынады). Ем курсы — 7-20 сеанс.

5. Қосарланған (4 компонентті) емнің жобасы.

Созылмалы гломерулонефриттің ауыр түрлерінде 4 компонентті ем жобасын қолданады (цитостатик + преднизолон +гепарин+ курантил). Емнің бұл әдісін алғаш енгізген P.Kincaid-Smith (1968):

  • цитостатик (циклофосфан, имуран) — 2-3 мг/кг тәулігіне;

  • преднизолон 20-40 мг тәулігіне; соңғы кезде 6-8 апта үлкен дозада - 60-100 мг/тәул. беріледі; 6-8 аптадан кейін дозасын біртіндеп азайтады;

  • гепарин — тәулігіне 20 000 Б;

  • курантил — 400-600 мг тәулігіне.

Емді оптимальды дозада 6-8 апта жүргізіп, кейін дәрмектердің дозасын біртіндеп азайтады. Төрткомпонентті ем гипертониялық нефритте әсер етпейді, нефриттің нефротикалық, аралас түрлерінде біршама әсер етеді. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда бұл ем мезангиопролиферативті гломерулонефритте және шумақтарда фибропластикалық өзгерістер дамығанда едәуір жақсы әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]