Аспаптық зерттеудің жобасы
Зерттеудің түрі |
Зерттеудің мақсаты |
1. Экскрециялық урография |
Урологиялық немесе туа біткен кемістіктерді анықтау |
2. Бүйректің УДЗ-І |
Бүйрек қуыстарының патологиясын, көлемдік құрылымдарды анықтау |
3.j131 гиппуранмен радио-ренография |
Бүйректің жалпы функциялық жағдайын бағалау |
4. Пункциялық биопсия |
Гломерулонефриттің морфологиялық түрін анықтау |
Өршудің диагностикалық белгілері :
1.зәр анализіндегі гломерулонефритке тән өзгерістердің 5 есе жоғарылауы; 2.бұрыннан келе жатқан гипертонияның биіктеуі, ісінудің ұлғаюы немесе олардың жаңадан пайда болуы;
3. нефротикалық синдромның пайда болуы.
Емі.Емнің негізгі мақсаттары:
гломерулонефриттің өрістеуін тоқтату, ең кемінде баяулату;
бүйрек зақымдануын қайтаруға тырысу.
Тәртіптің ерекшеліктері.Науқастар суықтаудан қатаң сақтануы тиіс. Жазғы маусымда жылы және ашық күндерде күннің көзінде 3-4 сағаттан шамалы қыздырынуға болады, бірақ ұзақ инсоляциядан бас тарту қажет. Науқас суда жүзетін болса, судың температурасы 21-22° төмен болмауы тиіс. Бұларға ауыр дене қызметімен шұғылдануға болмайды.
Емдік дәм.Диетаньң құрамын нефриттің клиникалық ерекшелігіне сәйкес келтіреді. Витаминдерге бай, калориялық құнарлығы жеткілікті тағамдарды қолданады.
Созылмалы гломерулонефриттің емінде диетанықұрастырудың жобасы
Клиникалық белгілер |
Мөлшері |
||
Сұйықтықтың |
Ac тұзының |
Белоктың |
|
Дара несеп синдромы |
Шектелмейді |
Қосымша тұздамайды |
1 г/кг дене массасының |
Гипертониялық |
Шектелмейді |
Артериялық қысым-ның деңгейіне қарай тәулігіне 2-8 г дейін шектейді |
1 г/кг дене массасының |
ісіну, нефротикалық синдром |
Өткен күнгі тәуліктік диурез + 300 мл |
Таулігіне 2-6 г шектейді |
1,5 г/кг дене массасының |
Бүйрек шама сьздығының (терминальді сатысы) |
Өткен күнгі тәуліктік диурез + 300 мл |
Тәулігіне 2-6 г (науқастың қолына ұстатып) |
Тәуліктік мөлшерін 25-40 г азайтады |
.
Патогенездік ем.I. Глюкокортикоидтармен емдеу.Көрсетпелері:
ұзақтығы 2 жылдан аспаған нефротикалық типті созылмалы гломерулонефрит; нефротикалық синдром сирек қайталанса емнің нәтижесі тәуірлеу;
ұзақтығы 2 жылдан аспаған, өршу фазасындағы латентті созылмалы гломерулонефрит (егер нефротикалық синдромның дамуына бет алса).
И.Е.Тарееваның ұсынысы бойынша, глюкокортикоидтар процесстің биік активтілігінде, гематуриясы немесе гипертониясы жоқ нефротикалықсиндромда қолданылуы тиіс.
Преднизолонды 0,8-1 мг/кг дозада 8 апта береді, содан кейін 8 апта бойы дозасын біртіндеп азайта отырып 10 мг/тәул сүйемелдеуші дозаға әкеледі, әрі қарай емді осы дозада 6 ай жалғастырады.
Нефриттің биік активтілігінде глюкокортикоидтық "пульс-терапияны" жасайды (метилпреднизолон 1000 мг вена ішіне 3 күн қатарынан тамшылатып).
Гломерулонефриттің гипертониялық, аралас түрлерінде және бүйректің созылмалы шамасыздығында глюкокортикоидтарды қолданбайды.
2. Цитостатиктермен емдеу.Көрсетпелері:
- созылмалы гломерулонефриттің нефротикалық түрі, егерде глю-кокортикоидтар әсер етпесе немесе стероидтық емнің асқынулары пайда болса; бұл жағдайда цитостатиктерді емге қосу преднизолонның дозасын азайтуға мүмкіндік береді;
Емге цитостатиктердің біреуін қосады (азатиоприн, меркаптопурин, циклофосфан) тәулігіне 150-200 мг 4-8-10 апта, кейін дозасын сүйемелдеуші деңгейге келтіріп емді 6-12 ай жалғастырады. Сүйемелдеуші доза негізгі дозаның 1/2 немесе 1/3 кұрайды.
Цитостатиктік емнің асқынулары жиі байқалады. Негізгі асқынулары: лейкопения, тромбоцитопения, анемия, агранулоцитоз, геморрагиялық цистит. Цитостатиктердің жанама әсерлерін азайту мақсатымен бұларды преднизолонның аз дозасымен (20-30 мг/тәул) қосарлап қолданады.
Соңғы кезде нефротикалық типті созылмалы гломерулонефриттің емінде иммунодепрессант — сандиммун (циклоспорин-А) қолданылуда, 5-7 мг/кг тәуліктік дозада. Бүйрек шамасыздығы дамыған кезде циклоспоринді қолдануға болмайды.
