Созылмалы гломерулонефрит
Созылмалы гломерулонефрит — шумақтардың, түтікшелердің, интерстицийлік тіннің иммундық қабынуымен сипатталатын, біртіндеп нефросклероз мен бүйрек шамасыздығына әкеліп соқтыратын бүйректің диффузды созылмалы ауруы. Бұл гломерулонефриттің ең жиі кездесетін түрі, 10-20% жедел гломерулонефриттен кейін пайда болады, қалған жағдайларда байқаусыз басталып, біртіндеп өрістейді.
Этиологиясы(науқастардың 10%-да ғана анықталады). Гломерулонефриттердің этиологиясы туралы жоғарыда айтылып өткен. Өзге ықпалдармен қатар созылмалы гломерулонефрттің дамуында соңғы кезде екі басты факторға көңіл бөлінген: біріншіден - организмде ұзақ сақталатын вирустарға, мәселен гепатиттің, герпестің вирустарына; екіншіден - дәрмектік және химиялық заттардың әсеріне (купренил, вакциналар, сульфаниламидтер, наркотиктік емес анальгетиктер, алкоголь, органикалық еріткіштер т.б.). Созылмалы гломерулонефритке шалдыққан адамдардың анамнезінде органикалық еріткіштермен жанасу жиі байқалады. Созылмалы гломерулонефриттің клиникалық және морфологиялық жіктемелері қолданылуда.
Клиникалық тұрғыдан созылмалы гломерулонефриттіңлатентті, нефротикалық, гипертониялық, аралас, гематуриялықтүрлерін айырады.
Латентті гломерулонефрит — нефриттің бұл түрінің екі сатысын айырады (бүркемелі және клиникалық белгілерінің көріну).
Көбіне (80%) жедел нефриттік синдромнан басталады, қалған жағдайлардағы бастамасы байқаусыз. Бүркемелі сатысында зәр синдромы (протеинурия + микрогематурия) байқалады, гипертония мен ісіну болмайды. Жаңа басталған кезінде зәр анализінде протеинурия бірде болады, бірде болмайды. Жүре-бара протеинурия тұрақтыға айналып, ұлғаяды. Диагноз көбіне зәрді кездейсоқ тексергенде анықталады. Клиникалық, белгілердің айқын көріну сатысында ісіну, гипертония синдромдары пайда болады. Гломерулонефриттің бұл түрі орта шамамен 10-20 жылға созылады, кейбір мәліметтер бойынша 25-31 жылға дейін созылған жағдайлар болған. 10 жылдан кейін тірі қалғандардың саны 85-90% құрайды.
Гипертониялық гломерулонефрит — созылмалы гломерулонефриттің 20% құрайды. Зәрдегі өзгерістер минимальді, протеинурия 1 г/тәул. аспайды, эритроцитурия болмашы. Көріністегі басты белгі — сол қарыншаның гипертрофиясымен, көз түбінің өзгерісімен жүретін артериялық гипертензия. Науқастардың көбі артериялық гипертензиясын ұзақ уақыт сезбей жүре береді. Алғашқы кездерде артериялық гипертензия тұрақсыз (транзиторлы), кейін тұрақтыға айналады. Артериялық қысымды төмендетіп, нормотония немесе оған жақын деңгейде ұстағанда нефриттің өрістеуі баяуланады. Бүйректің шамасыздығы дамыған кезде, науқастардың 23%-дa гипертония биіктеп, қатерліге айналады. Артериялық қысым биіктеген кезде бас қатты ауырады, бас айналады, көздің көруі нашарлайды, көз алдын "тұман" басады, ентікпе мазалайды. Көз түбінен гипертонияға тән ретинопатияның белгілері табылады. Науқастардың басым көпшілігі жас болуынан, артериялық гипертензияның асқынулары (инсульт, миокард инфаркты) сирек кездеседі, көбіне сол қарыншаның шамасыздығы байқалады (жүректік астмамен және шоқырық ырғағымен жүретін).Нефриттің бұл түрі баяу меңдейді, кейде 30 жылға дейін созылады, бірақ бүйректің шамасыздығымен аяқталады.
Нефротикалық гломерулонефрит - созылмалы гломерулонефритпен сырқаттанатындардың 20%-да кездеседі. Көрінісінде басты орын алатын — нефротикалық синдром: протеинурия, тұрақты ісіну, диурездің азаюы, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия, гиповолемия.Нефротикалық синдром аурудың басталу кезінен болады немесе латентті келе жатқан нефритке біраз жылдардан кейін қосылады, кейде алғаш рет гломерулонефриттің терминальды сатысында пайда болады.Нефротикалық синдром емнің көмегінен, кейде (өте сирек) өз-өзінен жойылады, бірақ протеинурия ремиссия кезінде де сақталады. Нефротикалық синдром бір жойылып, бір қайталанады немесе тұрақты болады. Бүйректің созылмалы шамасыздығы дамыған кезде нефротикалық синдромның белгілері біршама бәсеңсиді (несептік синдром, ісінулер), бірақ оған гипертензия синдромы қосылады. Нефротикалық синдромның аса ауыр түрінде, плазма көлемінің күрт азаюынан (кейде 1,5 л дейін), өмірге қауіп төндіретін нефротикалық криздер дамуы мүмкін. Нефротикалық гломерулонефрит оншалықты тез өрістемейді, бірақ науқастардың көпшілігі уремияға жетпестен, өкпенің ісінуінен өлімге ұшырайды.
Аралас гломерулонефрит — нефротикалық және гипертониялық синдромдардың қосарлануымен сипатталады. Бұл нефриттің классикалық түрі. Оның көрінісіне мол мөлшерлі протеинурия, олигурия, анасарка деңгейіне дейін баратын ісіну, биік гипертензия тән. Аралас гломерулонефрит науқастардың 10%-да байқалады, тез өрістейді, ұзақтығы 3-5 жылдан артпайды.
Гематуриялық гломерулонефрит- созылмалы гломерулонефрипің 6-10% құрайды. Көрінісінің ерекшелігі - гематурияның үнемі сақталуы және оқта-текте макрогематурия эпизодтарының болып тұруы; ісіну мен гипертония болмайды.Гематуриялық нефриттердің жеке түрінің бірі - Берже ауруы немесе IgA- нефропатия. IgA- нефропатия көбіне респирациялық инфекциялардан (фарингиттен) кейін пайда болады. Әдетте, барысы тұрақты (бір күйде), бірақ протеинурияның мөлшері мол болса өрістеуі мүмкін. Аурудың басталуынан 10 жылдан кейін науқастардың 10-20%-да терминалдық уремия дамиды.
Диагностикасы.Зәрдің өзгерісі, гипертония, ісіну және нефротикалық синдром болса, гломерулонефриттің диагностикасы қиын емес, бірақ оның түрін (жедел, жеделдеу немесе созылмалы) айыру үшін биопсия жасалады. Нефриттің алғаш пайда болып тез өрістеуі созылмалы гломерулонефритте де бола береді. Сондықтан ауру бір қарағанда жедел гломерулонефритке ұқсаса, нефробиопсияның мәліметтері анықталғанға дейін диагноздың орнына "жедел нефриттік сиңдром" терминін уақытша қолданады.Созылмалы гломерулонефриттің диагностикасында дерттің ұзақ уақыт жасырын жүру мүмкіндігі есте болуы тиіс. Науқастардың 55-88%-да ауру алғаш рет зәрді немесе артериялық қысымды кездейсоқ тексергенде анықталады. Ремиссия кезінде, несептік синдром азаяды, кейде толық жасырынады, мұндайда бұрын өткізілген зерттеулердің мәліметтерімен мұкият танысқан жөн. Мүмкіндігінше дертің басталуына немесе өршуіне түрткі болған себепті анықтаған жөн. Көбіне баспамен немесе респирациялық жедел вирустық инфекциямен ауру және суықтау түрткі болады. Кейде гломерулонефрит вакцинациядан немесе сарысуды, немесе дәрмекті енгізгеннен кейін басталады, мұндайда күнәлі дәрмекті бірден тоқтату кажет.
Гломерулонефриттен күдіктенгенде міндеттітүрде жүргізілетін зерттеулер.
Зерттеудің мақсаты |
Қажетті зерттеулер |
Гломерулонефритте анықталатынөзгерістер және олардың диагности-калық маңыздары |
Диагнозды анықтау |
Зәрдің жалпы анализі |
Протеинурия, гематурия, цилиндрурия, кейде болмашы лейкоцитурия |
Нефротикалық синдромды анықтау |
1.Тәуліктік протеинурияның мөлшері |
3,0 г-нан артық тәуліктік протеин-урия- нефротикалық синдромның белгісі |
2. Жалпы белок, белок фракция-лары |
Гипопротеинемия; гипоальбуминемия. |
|
3 Қанның холесте-рині, липидтері |
Гиперлипидемия; гиперхолестеринемия |
|
Бүйректің функциялық күйін зерттеу (БСШ анықтау) |
1.Зимницкийдің сынамасы 2. Реберг-Тареев сынамасы 3. Қанның креатинині 4. Мочевина 5. Қанның элек- тролиттері 6.қанның қышқыл- сілтілік күйі |
Бүйрек функциясы төмендегенде зәрдің салыстырмалы тығыз дығының 1012 төмендеуі. Шумақтық фильтрацияның 80 мл/мин төмендеуі. Өзгермейді иемесе жоғарылайды Өзгермейді немесе жоғарылайды Натрий мен кальцийдің концен-трациясы төмендеуге, ал калий, фосфор, магнийдікі жоғарылауға бейім. Метаболизмдік ацидоз-дың дамуы (гломерулалық немесе түтікшелік) |
