Клиникалық көрінісі.
Жедел гломерулонефрит әдетте стрептококтық инфекциядан 7-20 күннен кейін пайда болады.Негізгі белгілері: ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның биіктеуі. Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі ісіну. Ісінуден бұрын шөл, әлсіздік, олигурия пайда болады. Ең алдымен бет пен қабақ ісінеді Кейде қабақтар аса ісінгенде көз жасы еріксіз ағады. Денесі толық адамдардың жалпы ісінуі сырттан қарағанда кейде байқалмайды.
Егерде науқастың хал жағдайы оншалықты төмендемей, өз аяғымен жүрсе, онда аяғы мен сандары , ал төсектегі науқастардың белі , іштің бүйірлік аймақтары ісінеді. Кейде анасарка дамуы мүмкін. Ісінудың негізгі себебі - шумақтық фильтрацияның азаюынан судның және натрийдің іркілісі. Науқастардың көбі ентігеді, горизонтальды қалыпта күшейеді.Артериялық қысым оншалықты биіктемейді, орташа деңгейге көтеріледі, әдетте 160/100 мм. с. бағ. шамасында болады. Қабынып ісінген бүйректің капсуласының керілунен , науқастардың көбі бел аймағының ауырсынуына шағынады .
Жедел гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін. Созылмалы гломерулонефриттен айырықша олигурия болғанның өзінде концентрацияланған зәр бөлінеді, оның меншікті салмағы жоғары болады. Гломерулонефритке тән несептік синдромның басты белгісі протеинурия мен гематурия
Жедел гломерулонефриттің жіктемесі:
1.Этиопатогенез:
Инфекциялы-иммундық
Инфекциялы емес иммундық
Клиникалық түрлері:
Классикалық триадалық жайылма түрі (несептік синдром, ісіну, артериялық гипертония).
Бисиндромдық түрі (нефротикалық синдроммен немесе артериялық гипертониямен жұптасқан несептік синдром, ).
Моносиндромдық түрі.( дара несептік синдром )
Нефротикалық түрі.
Жедел гломерулонефриттің асқынулары:
Бүйректің жедел шамасыздығы .
Жедел бүйректік гипертензиялық энцефалопатия.
Журектің жедел шамасыздығы.
Дерттің нәтижесі:
Сауығу.
"Кемісті" сауығу.
Түрі өзіне сәйкес созылмалы гломерулонефритке ауысуы.
Өлімге әкелуі.
Классикалық жайылма түрі симптомлардың үштігімен жүреді несептік синдром, ісіну, артериялық гипертония.
Бисиндромдық түрі екі синдроммен жүреді (нефротикалық синдроммен + несептік немесе артериялық гипертония+ несептік синдром, ).
Моносиндромдық түрінде бір синдром басым болады., оның келесі варианттарын айырады:
Моносимптомды ісінулік,
Моносимптомды гипертониялық.
Гематуриялық
Дара несептік синдром
Нефротикалық түрі.
Емі:
Диетотерапия -су мен тұзды шектеу. Егерде ісіну аса ауыр артериялық гипертония биік , диурез өте аз болса және экламсия алды белгілері байқалса, онда науқасты 2-3 күн аш ұстайды , су ішкізбейді. Қалған жағдайларда алғашқы 2-3 күндерде тұзсыз 7а ем дәм ұсынылады. Ісіну қайтып , артериялық қысым қалпына келген соң ас тұзын біртіндеп көбейтіп 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін 6-12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді.
Этиологиялық ем:
Егер созылмалы инфекцияның көздері болса немесе жедел гло-мерулонефрит белгілі бір инфекцияның салдарынан күмәнсіз дамыса мәселен стрептококтық инфекциядан кейін , онда антибактериялық емді қолданады. Қолданатын антибактериялық дәрмектер бүйрекке уытты әсер етпеуі тиіс. Көбіне қолданылатын -пенициллин 500 000 Б 4 сағат сайын 10-14 күн немесе оның жартылай синтезделген аналогтары, немесе эритромицин. Тонзиллоэктомия жасау үшін оның көрсетпелері айқын болуы тиіс. Егер тонзиллоэктомияны жасау қажет болса, оны жедел гломерулонефриттің басталуынан 12 ай өткен соң жасауға болады.
Патогенездік ем.
Стероидтық гормондар. Жедел гломерулонефритте гормондар аса сақтықпен қолданылады. Егер антикоагулянттық және антиагреганттық емнің әсері жеткіліксіз болса, стероидтық гормондарды жедел гломерулонефриттің басталуынан 1-1,5 ай өткеннен кейін қолданады. Глюкокортикоидтарды мүмкіндігінше биопсия жасап , гломерулонефриттің морфологиялық көрінісін анықтап барып қолданған жөн.
Глюкокортикоидтардың қолдану көрсетпелері:
Жедел гломерулонефриттің созылыңқы барысы, егер 2-3 аптадан кейін ісіну мен гипертензия қайтпаса
бүйректің жедел шамасыздығының дамуы.
Жедел гломерулонефриттің нефротикалық түрі.
Преднизолонның оптимальды дозасы 1 мг/к . Тәуліктік дозаның барлығын 8,00-12,00 сағат аралығында ішкен жөн, бұл дозадағы емнің ұзақтығы 3-4 апта. Осы уақыт мерзім өткен соң екінші күні преднизолонның дозасын бірден 2 есе кемтеді, содан кейін оның дозасын әдеттегі әдіспен , 2-3 күнде 2,5 мг нан азайтып сүйемелдеу дозасына келтіреді (10-5 мг) . Ауруханадан шыққан кездегі преднизолонның дозасы 15-20 мг болуы тиіс.
Антикоагулянттық және антиагрегантттық ем. Гепарин альдостеронның синтезін тежеу арқылы натрийурездік, диурездік және гипотензиялық әсер етеді.Гепаринді 5-10 мың Б әр 4-6 сағат сайын бұлшықетке немесе құрсақ терісінің астына енгізеді 6-8 апта, қанның ұю уақытын қадағалау керек, егер қанның ұю уақыты қалыптыдан 2-3 есе, ал тромбиндік уақыт-2 есе ұзарса гепариннің дозасы тиімді саналады.
Фраксипарин тез және ұзақ антитромбоздық әсер етеді, антикоагулянттық есері шамалы 0,3-0,4-0,6 мл құрсақ терісінің астына тәулігіне 1 рет енгізіледі. Эноксапарин-0,2 -,0,4 мл құрсақ терісінің астына тәулігіне 1 рет салынады.
Гепариндік ем курсын аяқтағаннан кейін 2-3 ай тікелей емес антикоагулянттарды қолданады.
Курантил антипротеинурия мен антигематурия және жеңіл гипотензиялық әсер етеді, шамамен тәулігіне 225-400 мг . емнің ұзақтығы 6-8 апта содан кейін оның дозасын сүйемлдеуші мөлшерге тәулігіне 50-75 мг алып келіп , емді әрі қарай 6-12 ай жалғастырады.
Трентал -антиагрегантттық әсер етеді, қолданылатын дозасы 0,2-0,3 г/ тәул.
Ісіну синдромын емдеу. Ісінудің ауыр түрінде әсіресе олартериялық гипертониямен қосарланса диуретиктерді ішкізеді (гипотиазид -50-100 мг немесе фуросемид 40-60-80 мг тәулігіне) .
Ұзаққа созылған олигурияда фуросемидтің дозасын 240- 480 мг тәул. дейін жеткізеді.
Гипертониялық синдромды емдеу . Артериялық қысым 160, 170 мм. с. бағ. дейін биіктеуінде арнайы ем жүргізілмейді, тұзсыз диета және сұйықтықты шектеу 10-14 күннен артериялық қысымды қалпына келтіреді. Егер гипертензия жоғары болып және бассүйекішілік қысымның биіктеуінің белгілері болса, эклампсия дамуының қаупі болса салуретиктерді қолданады, 300-500 мл қан ағызады, өйткені гипертензия гиперволемиялық болып табылады.
Егерде бұл шаралар әсерет етпесе , онда гипотензиялық дәрмектер (нифедипин 0,02 күніне 3 рет) беріледі.
Жедел гломерулонефритті басынан өткізген науқастар ылғал суықтан , аса қыздырынудан, ауыр дене қызметінен , ұзақ уақыт аяқта тұрудан және бүйрекке әсер ететін дәрмектерді қолданудан сақтануы тиіс. Гломерулонефритпен ауырғандарға вакцинация жасалмайды .
