Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аритмия,кардомиопатия,кардионевноз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
388.46 Кб
Скачать

Экстрасистолия.

Этиологиясы:

  1. функциялық неврогендік күйлер, мәселен НЦД, вегетодистония. Тыныш күйде пайда болатын экстрасистолия — ваготонияның, ал эмоция кезіндегі немесе күштемеден соң болатын экстрасистолия — симпатикотонияның белгісі болып табылады;

  2. экстракардиальдық рефлекторлық әсерлер (жүректің керіле толған асқазанмен немесе биіктеген диафрагмамен басылуы, немесе нефро-птоздың, гастроптоздың, перивисцериттің рефлекторлық ықпалдары);

  3. жүректің органикалық зақымданулары (ақаулар, миокардит, ги-пертрофия, ЖИА, кардиомиопатиялар т.б.);

4) уытты әсерлер (кофеин, алкоголь, дигиталис, никотин, бензол т.б.);

5) механикалық тітіркендіру (катетер енгізу немесе жарақаттар). Экстрасистолия салдарынан туындайтын гемодинамикалық бұзылыстар.

Жүректің кезектен тыс ерте қозуынан қарыншалар қанға толып үлгермейді. Кейде қарыншалар ішіндегі қанның соншама аздығынан аортаның қақпағы ашылмайды. Жүректің бостан-бос жиырылуы кезінде артериялық пульс түзілмейді, содан пульс дефициті пайда болады. Гемодинамикалық бұзылыстың деңгейі экстрасистолияның жиілігіне тәуелді. Жиі, топталып түскен экстрасистолияда тәж, бүйрек қанайналымы жетіспейді және АҚтөмендейді, соңдықтан осындай экстрасистолия салдарынан стенокардия ұстамасы дамуы мүмкін. Компенсациялық паузаның ұзақтығынан жүректің экстрасистолиядан кейін бірінші соғуының, айдау көлемі мол болады. Сол кезде көзге көрінетін тамырлар бүлк ете қалады.

Клиникалық көрікісі.Экстрасистолалардың сезілу—сезілмеуі нерв жүйесінің сезімталдығына тәуелді. Әдетте, функциялық экстрасистолалар сезіледі, органикалықтар сезілмейді. Экстрасистоладан кейінгі үзіліс жүрек "тоқтап калғандай", ал одан кейінгі бірінші соғуы "жүрек түртіп қалғандай" сезіледі. Жүрекшелер мен қарыншалардың аса толу кезінде жүрек "шаншып кеткендей" болады. Бигемения болса — жүрек соғуы, қысылуы тәрізді сезінулер байқалады. Тексеруде табылатын белгілер: экстрасистоладан кейін мойын веналарының бүлк ете түсуі; пульс дефициті; жүректі тыңдағанда -ырғақ бұзылысы болуы, экстрасистолалық тонның әлсіздігі (шаққа естілуі), ал одан кейінгі соғудаIтонының ерекше қаттылығы.

Экстрасистолияның жіктемесі:

  1. Қарыншаүстілік (эктопиялык ошақ Гис будасынан жоғары ор- наласқан):

  • синустық;

  • жүрекшелік;

  • түйіндік;

  • Гис будасының.

  1. Қарыншалық (эктопиялық ошақ Гис будасынан төмен орналасқан):

  • сол қарыншалық;

  • оң қарыншалық;

  • жүрек ұшының;

/ • базальдық (қарыншалардың жоғарғы аймақтарынан).

Синустық экстрасистолия.Сирек кездеседі. ЭКГ сипаттамасы: экстрасистоланың алдындағы R-Rаралық қысқа, артындағысы қалыпты; экстрасистоланың Р тісшесі мен QRSTкомплексі кәдімгідей, еш бір өзгерссіз.

Жүрекшелік экстрасистолия және оның ЭКГ сипаттамалары.

экстрасистоланың алдындағы R-Rаралык қысқа, артындағысы ұзындау (толык емес компенсациялық пауза);

экстрасистоланың Р тісшесі сәл деформацияланған (жалпақтау, биіктеу, төмендеу, қос өркешті немесе ұшты); жүрекшелердің төменгі аймақтарынан шықкан экстрасистоланың Р тісшесі әрдайым теріс;

QRSTкомплекс қалыпты; эктопиялық ошақ АВ түйінінен неғұрлым қашық, орналасса, соғұрлым PQаралығы ұзақ.

Жүрекшелік экстрасистола.

Түйіндік және Гис будасынан шыққан экстрасистолалар (түсініктемесі мәтінде).

Жоғары түйіндік экстрасистолияда теріс Р тісше QRSкомплексінің алдында тұрады (а-сурет). Ортаңғы түйіндік экстрасистолияда жүрекшелер мен қарыншалар бір уақытта қозады, сондықтан экстрасистоланың теріс Ртісшесі QRSкомплексімен қабаттасып, визуальді айыруға келмейді (ә-сурет). Төменгі түйіндік экстрасистолияда қарыншалар жүрекшелерден бұрын қозады да, теріс Р тісше қарыншалық комплекстен кейін орналасады (б-сурет).

Гис будасьшың экапрасисіполиясы сирек кездеседі, оның ЭКГ-лық белгілері (в-сурет):

  1. Р тісшенің болмауы, өйткені АВ түйіні өзінен шықпаған бөтен импульсті жоғары өткізбейді;

2) импульстің қарыншаларға антеградты келуінен қалыпты QRSTкомплекс;

3) толықкомпенсациялық пауза. Қарыншалық экстрасистолия.

Эктопиялық ошақ қарыншалардың өткізу жүйесінде орналасады (Пуркинье талшықтарында, Гис будасының аяқшаларында, тармақтарында).

Жалпы ЭКГ-лық белгілері:

1) импульстің қарыншаларда бұрыс жолмен тарауынан QRS комплекстің жалпақтығы (0,1с артық) және деформациясы - экстра- систолалық комплекстің STаралығы мен Т тісшесінің ең ірі тісшеге (Rнемесе S) дискорданттылығы. QRSкомплексте ең үлкені Rтісше болса — STаралығы төмендейді, Т тісшесі теріс болады, ал үлкен S тісшеде, керісінше ~ STаралығы жоғарылайды, Т тісше оң және биік;

2) экстрасистолалық комплексте Р тісшенің болмауы, өйткені импульс А-В түйінінен ретраградты өткізілмейді. Синус түйінінің функциясы бұзылмайды, оң Р тісше экстрасистолалықQRSкомплексіне қабаттасуынан көрінбейді;

3) толық компенсациялық паузаның болуы, өйткені СА түйініне өткізілмеген эктопиялық импульс оның зарядын жоймайды, ал СА түйінінен шыққан әдеттегі импульс қарыншаларға рефрактерлік фазасында түседі, осыдан екі жүрек циклы бір-біріне қосылады да, пауза ұзарады.