Емі мен профилактикасы
Науқасты жатқызып, басын бip жағына қаратып, төменгі жағын кұсықпен асфиксия болмау үшін ұстап тұру қажет және аузында протезі болса алып тастау керек.Дәрі егуді жедел тоқтатып, дәрі егілген жердіц жоғары жгут байлау керек.
Иньекция егілген жерге 0,1% адреналин (0,5-1,0 мл) салып, дэр1 аллергеннің сорылуын кемейту үшін қойылады.
Көк тамырға 200,0 изотоникалық натрий хлор немесе 400,0 полиглюкин ерітіндісінде 0,2% - 2,0 мл норадреналин жэне 125 преднизолон қосып тамшылатып жібереді.
Бронхоспазм белгісі өте айқын байқалса — жоғарыда аталған дәрігее 2,4% - 10,0 млэуфиллинді қосамыз.
Егер сол қарынша жетіспеушілігінің симптомдары пайда болса — 0,5 мл 0,05% строфантин дәрісін қосамыз.
Егер науқастың тыныс алуы нашарласа — көк тамырға 1% - 1,0 мл лобелии гидрохлорид дәрісін егеміз, егер асфиксия симптомдары өрістегенде — трахеотомия жасалады.
Науқасты шок кезінде көрпемен жақсылап қымтап, аяқтарына жылытқыш қойып, оттегі беріп түру керек.
Анафилактикалық шок симптомдары кемейгеннен кейін, адреналинді қайта салу кезінде жүрек қан тамырлар жүйесінің көрсеткішін қан қысымын бақылап отыруды ұмытпау керек. Себебі адреналин мөлшері көбейтіліп берілгенде — жүрек қарыншаларының фибрилляциясы дамуы мүмкін.
Жедел жәрдем көрсетіліп болғаннан соң науқасты ауруханаға жатқызу керек. Анафилактикалық шоктың нәтижесі өз уақытысында берілген емге байланысты.
Болжамы: Анафилактикалық шокта өлім 10% - 30% дейін болады. Бұл көрсеткіш науқас ауруының ауырлығына және дұрыс, өз уақытысында берілген емге байланысты. Анафилактикалық шок байқалған науқастар аллергологта "Д" есепте түру керек.
Профилактикасы: 1. Дәріні қажетсіз бермеу керек, әсіресе егер сол берілетін дәріге аллергиясы болса;
2. Аллергологиялық анамнезді толық жинау керек.
3. Дәрілік аллергиясы бар науқастарга дәрі беруден алдын байқау жүргізу керек, яғни тіл астына дәрінің бір мезгілдік мөлшерінің 4-тен бір бөлігін қоямыз. 30 минут ішінде тілінде, ернінде ісік, терісінде қышыма, бөртпе болмаса дәрі беруді әрі қарай жалғастыру керек. Антибиотиктерді егуден алдын антибиотиктің аздаған мөлшерін тері ішіне жіберу керек.
Есекжемжәне Квинке ісігі
Бұлар теріні зақымдайтын аллергиялық аурулар. Аурулардың дамуы қан тамыр қабырғаларының зақымдануымен, өткізгіштігінің бұзылуымен және ісінуімен байланысты. Бұл аллергиялық реакциялар кезінде басқа ағзаларға қарағанда жүрек қан тамырлар жүйесі жиі зақымданады.
Есекжем — бұл аллергиялық ауру. Адам денесінде кенеттен қышитын, күлдіреген бөртпелердің пайда болуымен сипатталады. Бөртпелер терінің шектелген бүртікті қабатының ісігі,
Квинке ісігі: (ангионевротикалық ісік немесе алып есекжем) бұл есекжемнің бір түрі, бұл кезде ісік терінің барлық қабатын қамтиды және кейде тері асты қабаты мен шырыштықабатты да қамтиды. Квинке ісігі мен есекжем жиі 21 жас пен 60 жас аралығында кездеседі, әсіресе әйелдер жиі ауырады.
Себептері: дәрі препараттары, азық-түліктер, ішек паразиттері, шаң тозандар, жәндіктердің шағуы, суық ауа, ультракүлгін сәуле т.б.
Клиникасы:
Есекжем — кенеттен басталады, науқастың барлық денесі қышып, қышыған жерлерде қызарған күлдіреген бөртпелер пайда болады. Бөртпелер көлемі жағынан әр түрлі болып, кейде кішкене бөртпелер бірігіп, үлкен көлемді болады. Науқаста осылармен қатар: бас ауру, сырқаттық температура 39-40 градусқа дейін жоғарылайды. Аурудың жедел кезеңі бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін, егер 5-6 аптаға созылса, онда ауру созылмалы болып саналады.
Квинке ісігі — теріде қышыма болмайды, бірақ науқастың ерні, қабағы, тілі, ұмасы (мошонка), жұмсақ тандайы, бадамша безі (миндалина) ісінеді. Ісік тері асты қабатын қамтығандықтан бүл жерде көлемі жағынан үлкендеу, бозғылт ренді қаттылау инфильтрат пайда болады. Бірақ басып көргенде шұңқыр байқалмайды. Зақымданған дене аймақтарының терісі ұзақ уақытқа дейін пальпациялағанда ауырсынып жүреді. Егер Квинке ісігі көмейде орналасқан болса, организм үшін қауіпті, себебі көмейдің шырышты қабаты ісініп асфиксия дамиды. Бүл кезде алғашқыда науқастың даусы қарлығып, жөтеліп, соң тыныс алуы қиындай түседі. Науқас тынышсызданып, жөтеліп, соң тыныс алуы қиындай түсіп, жүзі көгеріп, тыныс алуы шулы бола бастайды. Науқасқа жедел көмек берілмесе асфиксиядан науқас қайтыс болуы мүмкін. Егер ісік ас қорыту ағзаларының шырышты қабатында орналасқан болса, науқаста көңіл айну, қүсу, күшті ауру құрсақта, метеоризм, перистальтиканың күшеюі байқалады. Ұстама іштің жиі сүйық болып өтуімен аяқталады. Нәжісті тексергенде — эозинофильдер, Шарко-Лейден кристалдары анықталады. Ісік кейде зәр шүгару жолдарында да орналасуы мүмкін. Бұл кезде науқаста «цистит» симптомдары байқалады.
Егер ісік мидың шырышты қабаттарын зақымдаса, науқаста шүйде бұлшық еттерінің таралуы, бас ауру, құсу, тырысулар байқалады.
Емі:
Жалпы шаралар: а) Аллергенді организмнен шығару үшін тазалау клизмасы жасалады.
б) Қысқа уақыт - сүтті өсімдік, тұзсыз тағам беріледі. Кейін егер науқаста ағаштың шаң-тозандарына аллергиясы болса, онда науқасқа алмадан жасалған ішімдік, жаңғақ т.б. берілмейді.
Егер үкіге аллергиясы болса, онда науқасқа жұмыртқа, тауықтан жасалған тағамдар беруге болмайды.
в) Квинке ісігімен науқастарды ауруханаға жатқызу керек, м: көмей ісігінде — ЛОР бөліміне, абдоминальды синдромда — хирургия бөліміне, неврологиялық синдромда — неврология бөліміне.
г) Есекжемнің жеңіл формасы мен амбулаториялық жағдайда емделеді.
д) Патогенетикалық терапия — есекжем және Квинке ісігінің жеңіл түрінің емі:
антигистаминді препараттар (супрастин, димедрол, пипольфен) ішке, б-етке.
қан қысымы төмендегенде 0,1% адреналин — 0,2-0,5 мл тері астына, бұл есекжем кезінде беріледі.
Квинке ісігінде — дегидратациондық терапия жүргізіледі. Организмнен сұйықтықты шығару үшін (2-4 мл 1% фуросемид 20,0 изотоникалық натрий хлор ерітіндісінде).
е) көмей ісінгенде қосымша 60-90 мг преднизолон б-етке немесе көк тамырга 20,0 40% глюкозада. Науқасқа дем алу үшін эуспиран немесе изадрин, алупент немесе сальбутамол беріледі және аяғына ыстық ванна, бұлар көмек бермесе трахеотомия жасалады.
Болжамы: Жедел көмек берілген соң, науқасты аллергологқа толық тексерден өту үшін жебереді.
Профилактикасы: Дәрілік аллергияның алдын-алу үшін — дәріні тері ішіне және тіл астына қою байқауын жүргізу керек. б) организмді ішек құрттарынан тазалау керек; в) созылмалы асқазан ішек ауруларын емдеу керек.
